Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан №65 мектеп-гимназиясы 2010 жылы 1 қыркүйегінде гимназиялық компонентті және инклюзивті білім беруге арналған сыныптар ашқан алғашқы білім ордасы. Бүгінгі таңда мектебімізде 3108 оқушы бар, оның 114-і инклюзивті және 104 түзету сыныптарында білім алады. Біздің мектеп жалпы ерекше қамқорлықты қажет ететін оқушыларды оқытуы тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар және есту, сөйлеу қабілеттерінде ақаулары бар оқушылар болып екіге бөлінеді. 2010 жылы ерекше қамқорлықты қажет ететін оқушылардың саны бесеу болған болса, бүгінгі таңда олардың саны 200-ден асып отыр. Бұл елімізде денсаулықтарында кінәраттары бар мүгедектердің санының күрт артып отырғанын көрсетеді.
Ерекше қамқорлықты қажет ететін оқушылардың мектепте күнделікті сабақтары мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Әсіресе, қашықтан оқыту кезінде мұғалімдер арнайы оқу жоспарларын құру арқылы инклюзивті білім берудің әдістемелік тәжірибесін қолданып келеді. Осыған орай біздің педагогтар қалалық, республикалық деңгейде авторлық әдістемелік жұмыстарын жазып, тәжірибелерін арттырып келеді. Сондай-ақ, педагогтардың сыни тұрғыда ойлау және өзін-өзі бағалау қабілеттерін дамыту мақсатында инклюзивті білім беру мәселесі бойынша кәсіби біліктіліктерін арттыруды үнемі қамтамасыз етуді ұйымдастырдық.
2019-2020 оқу жылының наурыз айынан бастап елімізде Covid-19 бүкіләлемдік пандемия белең алып, мұғалімдер қашықтан білім беруге көшті. Бұл орайда оқытуда ерекше қажеттілігі бар оқушылардың қашықтан білім алуын ұйымдастыру маңызды мәселе болды. Пандемия салдарынан жаппай жабылған білім ордаларының оқытушылары физикалық қарым-қатынас арқылы, көз алдында оқытып келген дәстүрлі жүйеден қашықтан оқытуға көшу көптеген мәселелердің бетін ашты. Дәстүрлі мектепте оқытудан онлайн білім беруге бірден көшу мұғалім мен оқушы арасындағы субъективтік қарым-қатынасты алыстатқандықтан, ерекше қамқорлықты қажет ететін оқушылардың қажеттіліктерін анықтау мәселесі де қиындықтарға тап болды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» тамыздағы № 345 бұйрығына сәйкес 2020-2021 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатының «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» бөлімінде қазақ тілі пәнін оқытуды ұйымдастыруда әдістемелік нұсқаулықтар берілген. Әр пән мұғалімі өздері сабақ беретін сыныптардағы ерекше қамқорлықты қажет ететін оқушыларға жеке оқыту жоспарын (ИПР-индивидуальный план работы) оқу жылының басында құрастырып бекіттіреді. Мектептегі сабақ кестесі білім алушылардың шамадан тыс жүктемесін болдырмау мақсатында Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына, Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес барлық сыныптар үшін оқу күні мен апта бойы синхронды және асинхронды форматтағы сабақтардың кезектесуін ескере отырып жасалды. Синхронды форматта жүргізілетін қазақ тілі пәні сабақтарында білім алушылардың назарын жаңа материалды оқып үйренуге қажет болуы мүмкін білім мен дағдыларға (оқылым-тыңдалым, айтылым-жазылым) аудару маңызды. Үйде оқитын, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін мұғалім оқу жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын ескере отырып жеке тапсырмалар әзірлейді.
2020-2021 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатындағы қазақ тілі пәні бойынша оқу тапсырмаларының болжалды көлемі
№ |
Пән |
Сынып |
Тапсырмалар көлемі |
1 |
Қазақ тілі |
5-сынып |
- 1 ауызша жаттығу (55-65 сөз), сабақ тақырыбы бойынша 1 жазбаша жаттығу |
2 |
Қазақ тілі |
6-сынып |
- 1 ауызша жаттығу (65-75 сөз), сабақ тақырыбы бойынша 1 жазбаша жаттығу |
3 |
Қазақ тілі |
7-сынып |
- 1 ауызша жаттығу (75-85 сөз), сабақ тақырыбы бойынша 1 жазбаша жаттығу |
4 |
Қазақ тілі |
8-сынып |
- 1 ауызша жаттығу (85-95 сөз), сабақ тақырыбы бойынша 1 жазбаша жаттығу |
5 |
Қазақ тілі |
9-сынып |
- 1 ауызша жаттығу (90-100 сөз), сабақ тақырыбы бойынша 1 жазбаша жаттығу |
6 |
Қазақ тілі |
10-сынып ҚГБ |
- 1 ауызша жаттығу (100-110 сөз), сабақ тақырыбы бойынша 1 жазбаша жаттығу |
7 |
Қазақ тілі |
10-сынып ЖМБ |
- 1 ауызша жаттығу (100-110 сөз), сабақ тақырыбы бойынша 1 жазбаша жаттығу |
8 |
Қазақ тілі |
11-сынып ҚГБ |
- 1 ауызша жаттығу (110-115 сөз), сабақ тақырыбы бойынша 1 жазбаша жаттығу |
9 |
Қазақ тілі |
11-сынып ЖМБ |
- 1 ауызша жаттығу (110-115 сөз), сабақ тақырыбы бойынша 1 жазбаша жаттығу |
Өз кезегінде мұғалімдер электрондық платформалар арқылы қажетті сілтемелерді бере отырып, жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын егжей-тегжейлі сипаттай отырып, білім алушыларға оқу тапсырмасын жібереді. Кейіннен кері байланыс ретінде орындалған жұмыстарды қабылдайды және электрондық журналдарда бағалайды.
Қазақ тілі пәні тақырыптарын меңгеру кезінде білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім алуға қажет ететін балаларға жеке кеңес беру маңызды. Әсіресе, педагог-ассистенттер (тьюторлардың) көмегімен орындайтын жеке тапсырмаларды құрастырады. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың денсаулықтарында ақаулары болғандықтан, инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша ерекше назар аударуды талап етеді. Ерекше бақылауды қажет ететін оқушыларды қашықтан оқыту жағдайында үлгерімінде, пәнді игеруінде, тапсырмаларды өз бетінше орындай алмауы себептерін Lesson Study сабақты зерттеу топтарының жұмыстарында анықталып отырады. Бұл орайда қашықтан оқыту жағдайында көптеген мәселелер орын алып жатты. Мысалы: Қашықтан оқыту кезінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қазақ тілі пәні сабақтарында тыңдалым дағдылары синхронды сабақтарда ақсап жатқаны, ол оқушыларға сабақты педагог-ассистенттер қайталап түсіндіріп отыруға тура келді. Сондықтан инклюзивті оқушылардың синхронды сабақтарға педагог-ассистенттерімен (тьюторлары) бірге қатысу қажеттілігін анықтадық. Мұндай оқушылардың көру, есту қабілеттерінде де ақаулары болғандықтан, онлайн сабақтарда тапсырмаларды тез түсіне алмай, ерекше назар аударуды қажеттілігі артып отырды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білімі мен біліктері критериалды бағалаудың нақты индикаторлары жоқ. /«Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» Әдістемелік құрал, Астана, 2016ж/. Қазақ тілі пәні мұғалімдері қысқа мерзімді жоспардағы мақсаттарға және оқу бағдарламасына сәйкес оқыту нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізулерін өз бетінше талдайды, оқу материалын меңгеру және оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктерді анықтау үшін мұғалім мен оқушы арасында жедел өзара байланысты орнатуды көздейді.
Бүгінгі таңда қашықтан оқыту жағдайында ерекше қамқорлықты қажет ететін оқушыларды оқыту әдістемесі де өзгерістерге ұшырады. Мұғалімдер инклюзивті балалармен жеке оқыту жоспары негізінде жеке деңгейлік тапсырмалар құрастырып, жетелеуші тьюторларымен біргелікте интернет платформаларды қолдану, кері байланыс жұмыстарын әрі қарай жандандыруды жалғастыру маңызды деп есептеймін.
Мырзахметова Майра Айыпханқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі