Өлең, жыр, ақындар

Онлайн-сабақ барысында қолдануға тиімді платформалар

Нұратай Айгуль Асхатқызы

Егер де онлайн сабақ жүйесі ішпыстырарлық деп есептесеңіз, оны жоққа шығаруға болады. Төменде онлайн сабақ барысында қолдануға тиімді, оқушы немесе студентке қызықты платформалар көрсетілген. 

1. Пазл, сканворд, "Миллионер болғың келеді ме?", "Адасқан әріптер" секілді тапсырмаларды құруға өте жеңіл бағдарлама https://learningapps.org/. 

2. БЖБ немесе ТЖБ орындауға арналған тиімді платформа https://www.liveworksheets.com/ 

3. Оқушылардан немесе студенттерден тез жауап алу керек болса https://quizizz.com/ бағдарламасын қолдануға болады. Бұл жерде тестілер немесе сұрақтары бар карточкалар құрастыруға болады. 

4. Сілтеме жіберіп немесе дәстүрлі сабақ барысында оқушылар тез қосыла алатын және тест тапсырмаларын орындайтын https://create.kahoot.it/ бағдарламасы. Өте тиімді әрі қызықты.

5. Кері байланыс алуда https://padlet.com/ тақтасын пайдалануға болады. Тек сілтемені оқушыларға жіберу керек, әрі қарай олар өз пікірлерін оңай түрде жаза алады. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз