Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фарабидің діни ілімі

Әбу Насыр Әл Фараби-әлемге әйгілі ойшыл, данышпан, пәлсапашы, лингвист,әлеуматтанушы. Сонымен қатар Аристотельден кейінгі екінші ұстаз болып саналады. Әл-Фараби жетпіске тарта кітаптар мен зерттеу жұмыстарын жазып кетті. Ол кітаптардафилософия, астрономия, логика, геометрия, музыка сынды ғылым түрлерінің мәселелері талқыланған. Дегенмен оның жазған еібектерінің көбі жоғалып кеткен. Бізге Әл-Фараби мұрасының аз бөлігі ғана жеткен. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан мол. Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым. 

Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті.
Сол еңбектерінің ішінде дінге де тоқталып өткен болатын. Әл-Фараби дін философиядан кейін деген. Ал қалам мен мұсылман құқы діннен кейін пайда болады деп есептейді.. Философия мен діннің екінші пайда болғаны Әл-Фараби үшін маңызды болған. Кейде дін мен фиолософияның бір-біріне қарама-қайшы келетін тұстары бар. Сонымен бірге соған тоқталып өткен болатын.  Әл-Фарабидің ойынша адам адами мәнді ғылым, философия, поэзия, музыка арқылы іске асырады. Адам мақсатын Әл-Фараби жаратушыдан берілген шығармашылық әрекеттен көрді. Шындығына келсек ойшыл ұғымын кәміл меңгеру үшін теология бағытын меңгеруге маңызды, сонда ғана оның терең ойларын дін тұрғысынан түсіну жеңілірек болады деп есептеген. 

Әбу Насыр Әл-Фарабидің өзінің «Философияның дінге қатысы» атты еңбегін «Мейірімді, мейірман Алла үшін...» деген сөздермен бастауы да бекер емес. Көп жағдайларда оның Құран мәтіндеріне баса назар аударған. Осы арқылы философ дүниедегінің бәрі түсіндірілуі қажет екенін және түсіндіруге болатынын көрсете алған. Сонымен қатар философ «Қайырымды қалалар» атты еңбегінде періштелер жөніндегі ислам ілімінің барлық жағын қарастыруға тырысқан. Әл-Фараби трактаттарында періштенің аян болуы мен елестеуі туралы бөлім бар. Яғни бұл жерде философ әрекет етуші интеллект бейнесін өңдеуге қабілетті қиялдағы күштер әрекетін қарастырған. Және де Әл-Фараби үшінші сенім негізі болып табылатын қасиетті кітаптарға сенімді жеке дара бөліп қарастырмаған, дегенмен осы  сенім негізі туралы тұтас түсінік қалыптастырған. Пайғамбарларға сенім әл-Фарабидің әділетті әкімдер туралы тұжырымдамасында жарқын көрініске ие. Исламның төртінші сенім негізі бойынша мұсылман адам барлық пайғамбарлардың ақиқаттығына сену керек.

Ислам ілімі мен Фараби мұралары төркіндес, мазмұндас болып келеді. Діннің адамзат баласының ақыл-ойын жаулап алғанына қарамастан, уақыт жағынан алып қарағанда, ол философиядан кеш туғанына көз жеткіземіз. Бір сөзбен айтқанда, діннің көмегімен халықты ағартушылық, яғни білім жолына сала отырып, саналық және тәжірибелік заттарды үнемі іздестіруге мүмкіндік ала аламыз. Және де ұлы данышпан адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептеген. Сонымен бірге Әл-Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі керек оның өзіне ғана байланысты екенін айтқан. Яғни адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, демек, тек ақиқатты, айналадығы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп есептеген болатын.  

Қорытындылайтын болсақ, Әбу Насыр әл-Фараби – соңына баға жетпес мол мұра қалдырған ғалым. Әл-Фараби өз заманында дарынды ақын болған.  Әл-Фараби – бір ұлттың шеңберінен шығып, бүкіл адамзат биігіне көтерілген қайталанбас тарихи тұлға!

Әл –Фараби атындағы ҚазҰУ wwwkaznu.kz, дінтану мамандығы 2 курс Сеитнұр А.Б Филос.ғ.к Кантарбаева Ж.У


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер