Жыл мезгілдерінің төрт маусымына сай көшіп-қонып, әр қазаққа қастерлі дархан дала дәстүріне иық тіреген, сондай-ақ виртуалсыз әлемде күн кешіп жүрген біздің ата-бабамыздың бес күндік жалған аталатын дүниеде өткерген өмірін көз алдыңызға елестетіңізші. Байланыс пен қатынас дәл қазіргідей жылдам әрі сапалы болмаса да, адами қатынастардың бүгінгіден көш ілгері тұрғаны сөзсіз. Таразы басына ҒАЛАМТОР мен РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ қатар қойсақ, ә дегеннен-ақ ғаламтор басы сылқ етіп жерге тиері рас дүние. Өкінішті-ақ! Дей тұра, бүгінімізді интернетсіз елестете алмаймыз, пайдалы тұстарын да жоққа шығармаймыз. Ең алдымен ИНТЕРНЕТ адамзаттың өмірін жеңілдетті. Тіпті оның арқасында миллионер атануға да мүмкіндіктер туындады. Ол үшін бірнеше түймені басып, бірнеше секунд күтсең жеткілікті. Желінің құдіреті осы! Бұдан бөлек көптеген ғалымдар ғаламторды «Өрмекші торы» деп есептейді. Оң мағынада, әрине! Яғни сонау Күнбатыс пен Аспан асты елін байланыстырып, қиыр Солтүстік пен Оңтүстікті жақындастырады. Бүкіл адамдар бір арнада араласып, бір орталыққа тоғысады да, қарым-қатынас орнатады.
Енді бір әлеуметтанушылар «Интернет – демократия ошағы» деп жар салады. Меніңше, бұл қате пікір емес. Тегінде «өкіметтің бұл шешімі халық мүддесіне кереғар» десең, қолдамақ түгілі тыңдайтын адам таппайсың. Ал, ғаламторға жіктей қалсаң, өзіміз секілді өз ойын ашық жеткізе алмайтын жандардың көп екеніне көз жеткіземіз. «Жалғыздың үні шықпас» дейді қазақ. Ғаламторда бұл ұғым мүлдем күшсіз, себебі онда көзқарасы бірдей, қызығушылығы ортақ жандар қауышып, ойлаған мақсаттарына қол жеткізеді. Бұл – ғаламтордың адамзатқа сыйлаған ең зор мүмкіндігі.
Кей қоғам белсенділері «Интернетсіз әлем дамуын тоқтатады» деп тұжырым жасап отыр. Мүмкін дұрыс та шығар. Алайда интернет болмаса, қоғам бұзылуын да тоқтатар еді. Айтқым келгені келешек ұрпақтың тәрбиесінде кемшіліктер жылдан-жылға еселенуде. Кей сәттерде адамдардың ойын ғаламтордан басқа дүниеге аудару ғарышқа барып келгеннен де қиынға соғады.
Бір топ интернетті БЕЛСЕНДІ қолданушыларға: «Кезінде ата-бабамыз ғаламторсыз-ақ өмір сүрді ғой» дей қалсаң, бітті... «Жаугершілк заманда интернет болғанда, ата-бабаларымыз «Instagram», «Fasebook», «BK»-ны дәл қазіргі біздердей қолданар еді.Сонда батырлар соғыста жүрген сәттерін историске салып, жоңғарлардың басын шауып алған ерліктерін пост ретінде жариялар ма еді? Тіпті «Қазақ-Қалмақ», «Іле бойындағы шайқас» секілді хэштегтер қаптап, дайректте тыным болмайтын еді. Кеше Семей полигонының кезінде де интернет жоқ болып қалды, әйтпегенде жарылыс салдарынан құбыжық сынды туылған нәрестелердің бейнелері желілерге жүктеліп, «ақырзаман белгісі» деп айды аспаннан бір-ақ шығарар еді» деген ақылға қонбайтын, қисыныз ойлардан құлақ тұнып, басыңның іші азан-қазан болады. Көрдіңіздер ме ойларының таяздығын? Үміт артқан жастардың сиқы осы! Не күлеріңді, не жыларыңды білмейтін заманға тап болдық. Қыл көпірдің үстінде тұрғандай күй кешудеміз, себебі болашаққа артқан үміттіміздің сәулесі күн сайын емес, сағат сайын көмескіленуде. Мұның бәріне себепші даусыз Интернет. Ұрпақ санасы уланып, айықпас дертке шалдыққандай. Талай болашығынан үміті зор жастарымыздың өміріне нүкте қойды. Сөз суицид жайлы өрбіді. Өмірдегі бар қызығын енді көрер шағындағы жастардың, тіпті перзенттері бар ересек адамдардың өмірін жалмаған тажалдың бастауы да сол ИНТЕРНЕТТЕН. Ең өкініштісі суицид бұдан кейін де қалағанын алады, қоғамда, адамдар арасында сайран салады. Ойлаудың өзі қорқынышты. Адам баласын өзіне тартып, екінші шықпастай етіп баурап алатындай интернеттің не құдіреті бар? Тіпті ұлы хакім, Абай, өлеңдерінің де адам санасына мұншалықты әсер ететіндей күші жоқ шығар.
Менің көзқарасым бойынша ең қайғылысы, біз қоршған ортаны бағалауды ұмытудамыз. Табиғаттың самал лебін, күннің алтын нұрын, бұлақтың сылдырын, айналамыздағы әсемдікті сезінуден қалдық. Бойында түйірдей сезімі жоқ, санасыз темірқұлдарға айналып бара жатқандаймыз. Адамдар арасында бір-бірі үшін, әлем үшін уайымдау, щынайы әлемннен ләззат алу, тірі жан екенімізді сезіну, бетпе-бет сұхбат құрып, қолма-қол байланыс орнату дерлік жоғалды. Менің жан күйдіруім негізсіз де, себепсіз де емес, егер түсінетін жан болса! Ел өмірі – ол сенің өмірің. Сол үшін де интернет зардабын біліп қана қоймай, өзгелермен бөлісіп жүр.Тым құрығанда айына бір күніңді виртуалсыз, шынайы әлемге арна. Ғаламторсыз да өмір бар екенін, оның сен ойлағандай қызықсыз емес, көңілді екендігіне көз жеткіз. Ғаламтордың көрінбес қапасында қамалмай,жарқын жақта ӨМІР СҮР!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі