Журналистика саласына қызықпайтын адам кемде- кем. Себебі, бұл салада барлық қызық та, қиыншылық та, таңғаларлық жағдайлар, күтпеген кездесулер, ел естіп көрмеген шытырман оқиғалар мен әңгімелердің толы ортасы. Дәл осы мамандықты меңгеріп жұмыс жасағысы келетіндер көп- ақ. Ендеше бәрінің көкейіндегі жүрген сұрақтарды талқылап, ашып көрейік!
1) Журналист деген кім?
Журналист- ақпаратқа толы майданның жауынгері. Ғаламдағы болып жатқан жаңалықтар мен оқиғалардың жаршысы. Жақсылық пен жамандықты қатар естіп, қоғамға айна қатесіз жеткізетін тұлға. Қоғам тынысындағы түйткілді мәселерді шешуде ерінбей атсалысып, оң нәтижеге жетпей тынбайтын жан.
2) Журналистиканың түрлері:
- Радио журналистика;
- Теле журналистика;
- Газет, журнал, сайт;
- Баспасөз ісі.
⠀3) Журналистте болу керек қасиеттер?
"Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл- жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе"деп Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай қай салаға болмасын адамның бір қыры, ептілігі қажет. Кез келген жұмысқа таза ниет пен ынта қажет. Ал журналистикаға ерекше дарыны бар, шығармашылыққа жақын, отжанды елгезек жандар керек. Жай ғана көгілдір экраннан шығып көрінсем болды деу өте қате ой. Себебі, экранның арғы бетіндегі журналистің де қарқыны көрерменге белгілі. Ал бар жанын салып, ынта- шынтасымен жұмыс жасайтын журналистер халық арасында белгілі. Оларға сол үшінде сұраныс жоғары. Тіпті өмірден өтсе де мәңгі халық жадында қала бермек. Қоғам үшін жасаған ерен еңбектері мен аққан терлері ғасырлар өтсе де ұрпақтан- ұрпаққа мақтанышпен жете береді. Елі мен жері үшін тынбайтын төртінші билік өкілдеріне патриоттық сезім, халқына жанашарлық, адалдық, көпшілдік, ашық мінезділік, мейірімділік,қайтпас қайсарлық қажет. Сондықтан да журналистке артылар жүк ауыр.
⠀4) Журналистика факультеті немесе Журналистика курсы?
Бұл жерде 4 жылдық бакалаврды оқыған дұрыспа?Әлде 2- 3 айлық курсты оқыған жөн бе деген сұрақты талқылайық. Мектепті бітіріп, шығармашылық қасиеттеріңізді шыңдап өз жүрек қалауыңызбен универсетте оқығаныңыз дұрыс. Бакалаврға мүмкіндік болмаса, магистратура, тіптен болмаса докторантурада оқып кәсіби профессорлардан білім алыңыз. Ең алдымен базалық теориялық білім қажет. Универде жан- жақты шыңдаласыз. Түрлі олимпиадаларда,ғылыми жобаларда, конференцияларда өз- өзіңізді көрсетіп,ізденіс жолында жүресіз. Әрине теориялық білім қай салада да аздық етеді. Универде оқып жүріп- ақ телеарна, газет- журнал редакцияларына барып практикадан өтесіз. Қайсысы ұнайды,қайсысы жаныңызға жақын соны таңдайсыз.
Ал мұны сіз жай ғана курстан біліп шықпайсыз. Курс оқып алып журналистика әлеміне оңай кіріп кетемін деу қате. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүрмей білім алып, тәжірибе жинап қана нағыз маман бола аласыз. Атағы жарып тұрған тележүргізушілердің сабақтарына қатысып журналистиканы толық ұғып ала алмайсыз. Курсқа қатыстым деу бір тілдің әліпбиін ғана үйренумен тең. Қай істе де жоғары біліммен қатар,үлкен тәжірибе керек.
5) Журналистке қойылатын талаптар:
- Жазу стилі. Кез келген журналист жаза білуі міндетті. Өз ойыңызды қағаз бетіне түсіріп, оқырманға жеткізе білу де өнер.
- Нақты әрі дәл сөйлеу. Керемет сөйлеу арқылы көпшіліктің назарын өзіңізге бірден аудара және тыңдата аласыз. Сондықтан жазу мен сөйлеу журналистің басты құралы.
- Өзіндік образ. Өзіндік образды ішкі талғамыңыз қалыптастырады. Яғни, сәнді киіну, жарасымды қылық, жағымды іс- әрекеттер, мимика, дикция, аксессуарлар,әшекей бұйымдар құрайды. Қымбат брендті киім кию міндетті емес. Бастысы жарасымды түсте және стильде болғаны дұрыс.
- Дүниетаным деңгейі. Кез келген тақырыпқа деген білім, ақыл- ой, көзқарас, эмоция дүниетанымыңызды көрсетеді. Журналисттің барлық саладан хабардар болуы керек. Сонда ғана өз ойы мен көзқарасын анық жеткізе алады. Дүниетаным деңгейіңіз біліміңізден, оқыған кітаптардан, көрген кинолардан,әртүрлі адамдармен сұхбаттасудан, саяхаттап барған жерлеріңіз, көрген білген оқиғалардан, тәжірибелерден жинақталады.
6) Қазақстанда журналистиканы оқытатын жоғары оқу орындары:
Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, СДУ, КИМЭП университеті, Букетов атындағы Қарағанды университеті, т. б.
Нұрай Жылқыбай
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі