Қайтер едік, өмірге келмегенде,
Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде?!
Төземіз ғой, қайтеміз төзбегенде,
Көлден тамшы бұйырмас шөлдегенде. . .М. Мақатаев
Өз заманының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев атамызталай қандыкөңіл мүгедектің жан-жарасын осы өлң жолдарымен демеп еді. Ал біздің қазіргі демократиялық қоғам тағдырдың жазуымен тауқыметке тап болған жандарға өз көмегін тигізуде ме?
Бүгінде елімізде 100 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Олардың кейбірі мемлекеттік мектептерде білім алса, қалғаны мамандандырылған ұйымдарда немесе үйде білім алуда. Менің ойымша, ерекше қажеттілігі бар оқушыларға оқу ордаларында мейлінше жағдай жасау қажет. Мәселен, зағип жандарға арналған оқулықтар әзірлеп, мектеп психологтарының білімін арттыру керек.
Алайда мемлекет қоры осындай жандар үшін бүгінде «Аруана» емдеу диагностикалық ұйымын, «Дара» қайырымдылық қорын, «Кедергісіз келешек» жобасын ұйымдастырды. Мысалы, «Аруана» емдеу-диагностикалық орталығында 150 бала тәрбиеленуде. Мұндай жобаға «Аруананың» ата-аналары да риза көрінеді. Расымен, сал ауруына шалдыққан балалары бар отбасылардың анасы көбіне үйінде отырады. Ал осы балабақша ашылғалы ата-аналар еш алаңсыз жұмысқа баратын болған. Себебі, балалары ешкімнен кем емес, балабақшаға барып қана қоймай, логопед, психолог, ЛФК-дәрігері сынды мамандардың жіті бақылауында екендігін олар да біледі.
Ең бастысы қоғам, мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркеп қарауды доғару қажет. Керісінше қолдап, оларда қоғамның бір мүшесі екендігін сезіну қажет. Жақсылық жасап жарысайық!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі