роман
І
ОМИТОНЫҢ ТАРИХЫ
Омито Рай — адвокат. Оның бенгалдық фамилиясы ағылшын тілінің жерінен "Рой" деп айтылатын болғанда, ол өзінің әсемдігінен айырылса да, оның есесіне айбарлы фамилияға айналды. Аты-жөнін ерекше етіп көрсеткісі келген Омито өзін ағылшын достары мен құрбылары "Эмит Раэ" деп атайтын еді.
Омитоның әкесі теңдесі жоқ адвокат болатын. Оның коп ақша қалдырғаны сонша, ол ақша шөбересіне де мол жететін еді, алайда Омито әке байлығын оңды-солды аямай шашты. Калькутта университетіндегі оқу курсын аяқтамай-ақ, ол Оксфордқа кетті, онда бақандай жеті жыл емтихан тапсырды. Ол тым ақылды еді, бірақ тындырымды болған жоқ; айтпақшы оның нақ сол жаратылысынан біткен ақылы білімінің таяздығын білдіре бермейтін. Әкесі Омитоға үлкен үміт арта қойған жоқ, тек жалғыз ұлының Оксфордтан тапқан сырт пішінін туған жерінде жоғалтып алмауын ғана тіледі.
Маған Омито ұнайды. Керемет жігіт! Мен жаңа жаза бастаған жазушымын. Менің шығармаларымда оқушылар мүлде аз, ал Омито — олардың ішіндегі ең құрметті оқушым. О л менің стиліме қайран қалады және әдебиет базарында бүгінгі таңда әйгілі болып жүргендердің бәрі нағыз стиль дегеннің не екенін де білмейтіндігіне сенеді. Олардың туындылары түйе сияқты, — оларда айтылатындардың бәрі қолапайсыз да кескінсіз, — сондықтан, олар түйе сияқты бенгал әдебиетінің бұдырсыз сор даласымен аяғын санап басып, баяу ілбіп келеді. Алайда сыншыларды, мұны өз пікірім емес екендігіне сендіруге асығып отырмын.
Омито стильді көрікті келбетке, ал моданы бетпердеге теңейді. Омитоның пікіріне қарағанда, стиль тек қана өз пікірімен санасатын әдебиет аристократтарына арналған, ал мода — өзгелердің талғамына бейімделетін әдебиет жолбикелерінің еншісі. Егер Бонкимнің стилін бағалайтын болсаңыз, оның "Улы ағашын'" оқыңыз, ал егер сізге Бонкимге еліктеу ұнайтын болса, Ноширамның "Мономохонер мохонбатанын" оқыңыз, — онда Бонкимнен түк те қалмаған. Кәсіпқой биші жұрт алдында кенеп жамылат та билей береді, бірақ қайыңдықтың бетіне бемарес жібегінен тігілген перде жабылып, ол "ынтық жандар" үшін ғана ашылуға тиіс. Сәнқой стильге керегі — кенеп жамылғы да, стильге керегі — бенарес жібегінен тігілген перде, әр беттің өзіне лайық мерзімі болады. Омитоның айтуынша, бізде стильдің еленбейтіндігі сонша, таптаурын болған жолдан бұрылып кетуге де батылымыз баратын көрінеді. Бұл ақиқаттың растығын біз Дакшаға құрбан шалу туралы ежелгі аңыздардан кере аламыз. Ең құрметті көк тәңірілері — Индра, Чандра және Варуна құрбан шалу рәсіміне әрқашан да шақырылып келген. Ал Шиваның өз стилі болды. Және де оның ешкімге ұқсамағандығы соншалық, абыздар оны шақырудың өзін ыңғайсыз деп санаған. Мұндай нәрселерді Оксфорд университеті бакалаврынан есіту менің жаныма жағады, өйткені өз шығармаларымның өзіндік стилі мен ерекше екеніне мен де сенемін. Сірә, менің кітаптарымның бәрі де ғажап болса керек, өйткені олар ғажайып болып кетеді және одан соң қайта туып, қайта басылу дегенді білмейді.
Қайнағам Нобокришно Омитоның пайымдауларын ешқашан да жайбарақат отырып тыңдай алмайтын да: "Сенің сол оксфордтықтарыңды сайтан алсын!" — деп айқай салатын. Оның өзі де ағылшын әдебиеті жөнінен аса ірі маман еді, білгені сұмдық көп болса да, түсінетіні тым аз еді. Жақында ол маған былай деді: "Омито таланттардың қадірін кетіру үшін, ортан қол дүниелерді дәріптейді. Ол дөрекілік даңғырасын қағуға құмар, ал сен оның даңғыра қағатын таяқшасысың". Өкінішке орай, осы әңгіме кезінде менің әйелім де отырған еді. Алайда бір қуаныштысы, оның бұл сөздері тіпті туған қарындасы оған да мүлде ұнамағанын айта кеткен жөн. Әйелімнің білімі тым аз болса да, оның көзқарастары Омитоның көзқарасымен сай келетінін аңғардым. Әйелдің жаратылысынан біткен ақылы деген шынында да ғажап қой!
Ағылшынның атақты жазушыларын Омитоның оп-оңай тас-талқан етуі кейде менің өзімді де абыржытып тастайды. Бұл кітап базарын жаулап алып, әбден "қабылданған" деп айтуға болмайтын авторлар еді. Оларға қайран қалу үшін шығармаларын оқып жатудың өзі де қажет емес. Өз беделіңді сақтағың келсе, оларды мақтаудың өзі-ақ жетіп жатыр. Омито да олардың шығармаларын оқып шығуды қажет деп санамайтын, бірақ бұл оның ол жазушыларды беті бүлк етпестен жерден алып, жерге салуына бөгет болмайтын. Мәселе мынада: атақты авторлар оған тым ресми және вокзалдағы лық толған күтушілер залы сияқты көпшілікке арналған тәрізді болып көрінетін де, Омитоның өзі ашқан авторлар арнаулы пойыздағы жеке салон сияқты, оның өзі үшін ғана өмір сүретін.
Омито өзін тек әдебиетте ғана емес, басқа жақтарының бәріне — киім киісіне, зат ұстауына, жүріс-тұрысына келгенде де оғаш ұстайтын. Оның сырт келбеті де елден ерекше: ол ешқашан да көптің бірі болып көрінбейтін, қайта әрқашан да өзгелерді көлеңкесінде қалдырмайтын бірден-бір ерекше адам болып көрінетін. Оның жылтырата қырынып жүретін толық бетінің өңі қоңыр, көзі аңғарлы, еріндеріне мысқылды күлкі үйіріледі де жүреді; тым әбжіл қимылдайды, бір сот те байыз тауып отыра алмайды. Шақпақ тастан шыққан ұшқындай тапқыр сөздер айтуға келгенде іркілуді білмейді. Ол бенгал көйлегін киіп жүреді, мұны ол өз ортасында ешкім кимейтін болғандықтан ғана киеді. Оның мұқият байланған дхотиі әрдайым аппақ, әдіптелмеген, мұны да өзі құрылпыластар бұлай "киінбейтін" болғандықтан киеді. Омито сол иығынан бастап он бүйіріне дейін түймеленетін жейде киіп, жеңін шынтағына дейін түріп жүреді. Дхотиін ол алтын араластыра тігілген сарғылт түсті жалпақ белбеумен буады да, оған сол жақ бүйірінен қалта сағатын салу үшін вриндаван сисасынан тігілген кішкене қалта байлайды. Ол аяғына Катаккада тігілген қызыл ала сандал киеді. Омито сыртқа шыққанда, әдемілеп оралған матрас шадрасы сол иығынан тізесіне дейін төгіліп тұрады, ал достарына қонаққа барғанында, ол басына әдетте Лакнау мұсылмандары киетін ақ матадан тігілген әсем бөрік киіп алады. Жалпы алғанда, оның киім киісін түп-түгел келемеждеу десе де болады! Тіпті оның ағылшын костюмдерінен де бірдеңе түсіну қиын. Ал мұндай нәрселерден хабары бар адамдар оның костюмдерінің олпы-солпы болуы ерекше сәнқойлық деседі. Омито өзін күлкілі жағдайда көрсету үшін емес, қайта өзі моданы әжуалауға мейлінше құштар болғандығынан осылай киінеді. Көптеген жас жігіттерге өздерінің жас екендігіне дәлел етіп, туу туралы куәлігін көрсетуіне тура келеді. Ал Омитоның жастығы болса, жолында тұрғандардың бәрін жермен-жексен етіп, жайлап кететін тасқын тәрізді қаншалықты шексіз-шетсіз де құдіретті, алып та тежеуді білмес екенін дәлелдеп жатуды ешбір қажет етпейтін жастық.
Омитоның таныс қыздарымен еркін сөйлесуін оның достары көре алмайтын. Ол тамаша жыныс өкілдерінің қайсыбіреуіне ерекше ынтық болмаса да, олардың тартымды болғанын жарататын: ол кіммен болса да сыпайы қарым-қатынас жасайтын. Қысқасы, әйелдер оның назарын аударатын да, ешқайсысын еліттірмейтін деуге болады. Омито той-томалақтардан қалмайды, карта ойнайды, керек етсе ұтыла салады, нашар әншіні таты бір рет ән салғызуға әрқашан да көндіре алады, ал түсі өте нашар сари киген қыз көрсе, қалай да сатушының мекен-жайын сұрап біледі. Кездейсоқ танысқан біреумен әңгімелескенде ол соз сыңайын сырласу сарынына аудара алатын, бірақ бұл сырласудың төркінінде толық немқұрайдылық жатқанын жұрттың бәрі білетін. Көп құдайға табынатын адам дұға оқығанда олардың әрқайсысына "бәрінен де жоғары" деп атайтынын құдайлар әрқашан да біліп тұрады, дегенмен де бұлай атау оларда ұнайды. Рас, шешелері әлі де үміттерін үзбегенімен, қыздары Омитоның көк жиектен көрінген күміс бұлт сияқты екенін әлдеқашан-ақ аңғарған еді: ол жап-жақын, қол созым жерде тұрған тәрізді, бірақ жақындап бар да ұстап көр! Ол талай қызға ілтипат білдірді, ешқайсысына тұрақтамады, сырласа сөйлескенде ол ештеңені де мақсат етпейтін, — сондықтан да ол сондай батыл еді; жарылғыш затқа тым жақын қалтаны оның ойына кіріп те шықпайтын, өйткені Омито бірде-бір ұшқын түсірмесін білетін.
Бір жолы бір бас қосудан кейін Омито Ганганың жағасында Лили Гангулимен оңаша отырып қалды. Тұнжырап, жым-жырт мүлгіген арғы жағалаудан ай көтеріліп келе жатты.
— Лили, Ганганың арғы бетінен туып келе жатқан ай, бергі бетіндегі сен және мен, — бұл енді ешқашан қайталанбас! — деп сыбырлады Омито.
Алғашқы сәтте Лилидің жүрегі дір ете түскен еді, бірақ бұл сөздерде ешқандай құпия сыр да, сабын көбігіне түскен сәуледей жылу да жоқ екенін ол жақсы түсінеді. Ол әзәзіл ойдан арылып, былай деп күле жауап берді:
— Омито, сенің айтқаның сондай дұрыс, тіпті ол жөнінде айтуға да тұрмайтын еді. Әне құрбақа суға шолп етті, бұл да енді ешқашан қайталанбайды.
Омито күліп жіберді.
— Мұнда айырмашылық бар, Лили, айырмашылығы өте зор! Құрбақаның болмауы да мүмкін. Енді, бірақ сен, мен, ай, Ганга толқынының сылқылы және аспандағы жұлдыздар дегеннің үйлесімді туынды екені сондай, Бетховеннің "Ай сонатасы" сияқты ғой. Осы бір қас қағым сәт маған сапфир, алмас, ақық салып әшекейленген таңғажайып алтын сақина аспандағы аңғал зергер Вишвакарманың шеберханасында соғып, сол сәттен теңізге түсіріп алған, енді қайтып ешкім таба алмайтын сақина сияқты болып көрінеді.
— Сонысы-ақ жақсы! Ендеше, Эмит, сенің мазасызданатын жөнің жоқ: зергер сенен ақысын төле деп ақша сұрамайды.
— Бірақ та, Лили, тағдырдың жазуымен біз миллиондаған жылдардан кейін Марс планетасының алқоңыр орманы ішінде әлде қандай үлкен көл жағасында кездесеміз деп ойлаймын! "Шакунталадағы" балықшы балықтың ішін жарып жіберіп екеуімізге осы бүгінгі алтынға бергісіз ғажайып сәтті әпереді де, біз бір-бірімізге қарап абдырып қаламыз деп санашы. Сонда не болады?
— Онда, — деп жауап қатты Лили, Омитоны желпуішімен сипай соғып, — алтынға бергісіз сот қолдан шығып, қайтадан мұхитқа түседі де, енді қайталанбайтын болады. Сен аңғал зергер жасаған осындай сәттерді санап тауыса алмайсың, өйткені сен оларды ұмытып та қалдың.
Лили орнынан тез тұрып, құрбыларына қосылды.
Мұндай сәттер Омито өмірінде аз болған жоқ.
— Оми, сен неге үйленбейсің? — деп қарындастары Сисси мен Лисси отырып алды.
— Үйленуге қажеттінің біріншісі, — деп жауап қайырды Омито, қалындық. Бозбала — екінші дәрежелі фактор.
— Қайран қаламын! — деді Сисси тандана дауыстап. — Дүниеде қалыңдық аз сияқты!
— Көрдің бе, болғанда қалыңдықты жұлдызға қарап таңдаған, ал менің қалыңдығым әдемі болуға тиіс екендігін айтпаса да болады. Өзгелердің арасында өзіне теңдес ешкім жоқ, бірден-бір қалындық болуға тиіс.
— Бірақ ол сенің үйіңе келгеннен кейін, — деп тұрып алды Сисси, бірден-бір қалыңдық болмай қалады: ол сенің есіміңе көшеді де, жұрт оны сатан қарап бағалайтын болады.
— Мен жан-тәніммен ынтық болған қыздың үйі болмайды және ол ешқашан да ешкімнің босағасынан аттамайды. Ол да бір менің жүрегімде аққан жұлдыз сияқты бір жарқ етіп, жер бетінен бірде-бір тұрақ таппай, кеңістікке сіңіп кетер адам.
— Басқаша айтқанда, ол өз қарындастарына ешбір ұқсамайтын болды ғой, — деп ескертті Сисси тұнжырап.
— Басқаша айтқанда, ол біздің отбасымызды толықтырып қана қоймайды, — деді Омито мақұлдаған кейіппен.
— Айтпақшы, — деп қосыла кетті Лисси, — Бимми бос өзіне Омитоның "иә" дегенін ғана күтіп жүргенін біз білмейміз бе? Иек қақсап-ақ болғаны, оның өзі жүгіріп келеді! Бұған оның несі ұнамайды екен? Мүмкін, мәдениеті аздау шығар? Ботаникадан магистр дәрежесін алу үшін емтихан тапсырғанда ол алдына жан салған жоқ! Әлде білгірлік мәдениеттіліктің белгісі емес пе?
— Білгірлік деген кіршіксіз алмас та, мәдениеттілік деген алмастан тарайтын сәуле ғой, — деп жауап берді Омито. — Тастың салмағы, ал сәуленің жарқыраған шұғыласы болады.
— Қарай гөр өзін! — деді Лисси күйініп. — Бұған Бимми Бос ұнамайды екен! Өзі отан лайық адамдай-ақ! Жарайды, мен енді Бимми Босқа отан ғашық болып, ақылыңнан алжассаң да көз қырынды салма деп айтып қояйын.
— Егер мен Бимми Босқа үйленгім келсе, онда менің шынымен-ақ ақылымнан алжасқаным. Бір ғана өтінетінім: құдай үшін, онда мені үйлендіру арқылы емес, дәрі-дәрмек беріп емдегейсіңдер!
Ақыр аяғында Омитоның туыстары мен таныстары оны әйтеуір бір үйленер-ау дегеннен барлық үміттерін үзді. Олар Омитоның үй болып өмір сүрудің ауыртпалықтарын көтере алмайды, сондықтан да құр қиялға беріліп, жұртты ерсі қылықтарымен қайран қалдырып жүр деп түйді. Оның ақылы — жылтырап көрініп, көз алдайтын, бірақ ешқашан да қолға ілінбейтін алдамшы от десті олар.
Ал Омито болса, істің бірін бастап, бірін тастап жүріп жатты, Фирпо ресторанында кездейсоқ танысқан адамдарының кез келгеніне шай әперіп сыйлайтын, неліктен екенін кім білсін, достарын күндіз демей түн демей машинасына мінгізіп алып серуендететін, жер-жерден алуан түрлі зат сатып алып, оларын оңды-солды үлестіретін, ағылшын тіліндегі кітаптарын өзі барған бір үйде қалдырып кетіп, енді қайтып есіне де алмайтын.
Омитоның игі-жақсылар жиналған кез келген жерде жұрт нақ бір теріс айналып кететіндей нәрселерді айтатындығы қарындастарын бәрінен де гөрі ызаландыратын еді.
Бір жолы, әлдебір саясатшы демократияны дәріптей бастағанда, Омито оның сөзін де аяқтатпай былай деп тыйып тастады:
— Шива Сатидің өлі денесінің парша-паршасын шығарғанда, оның денесінің жұқаналары түскен жерлердің бәрінде де жүздеген қасиетті орындар пайда болған. Біздегі демократия бүгінде ескі өлі аристократияның шашылып тасталған жұқаналарына табынумен жүр. Ал жер бетінде ұсақ-түйек аристократ сымақтар жайлап кетті — саясатта да, әдебиетте де, қоғамдық өмірде де сондайлар қаптап жүр. Және олардың бәрі жиіркенішті-ақ, өйткені олар өздеріне өздері де сенбейді.
Тағы бір ретте, әлеуметтік реформалар жасау мен әйелдерді азат етуді жан-тәнімен жақтайтын бір адам әйелдерді езгіге салғаны үшін еркектерді кінәлағанда, Омито тартып отырған сигарын қолына алды да, немқұрайлы кейіппен былай деп ескертті:
— Еркектердің өктемдігі тыйылғанда, әйелдердің өктемдігі басталады. Ал әлсіз адамдардың өктемдігі шынында да қорқынышты.
Әйелдер мен оларды қорғаушылардың бәрі ашуланып қалды.
— Мұнымен не айтпақсыз? — деген сөздер айтылды.
— Былай демекшімін, — деп жауап қайырды Омито. — Кімде-кімнің торы болса, құсты торға қамайды, яғни оған зорлық жасайды. Ал торы жоқ адам өзінің қолына түскен жанның апиынмен миын айналдырады, яғни оны ақыл-есінен айырады. Алғашқылары зорлық жасайды, бірақ ақылынан айырмайды; соңғылары әрі зорлық жасайды, әрі ақылынан айырады. Әйелдердің күші — ақылдан алжастыратын нәрсе, ал оларға табиғаттың мейлінше қараңғы күштері көмектеседі.
Бір жолы Баллиганда әдебиет үйірмесінде Рабиндранат Тагордың поэзиясы талқыланбақшы болды. Омито өмірінде бірінші рет председатель болуға келісті, сөйтіп үйірме жиналысына шайқасқа әзірленіп алып барды. Сөйлеген шешен ескі бағыттың момын өкілі еді, ол Тагордың поэзиясы — нағыз поэзия деп дәлелдеуге тырысты. Колледждің екі профессорынан басқалардың бәрі, сірә, оның дәлелдері әбден иланымды дәлелдер екеніне келіскен тәрізді еді. Бірақ, міне, председатель орнынан тұрды да былай деді:
— Ақын өлеңді бес жылдан артық жазбауға тиіс, жиырма бестен отыз жасқа дейін жазуы керек. Оның ізбасарларынан біз одан жақсы жазылған болмаса да, өзгеге ұқсамайтын, өзіндік туындылар күтуге тиістіміз. Манто маусымы өтіп кеткен кезде бізге мангоның қажеті жоқ болады да, біз атаны қажет етеміз. Піспеген кокос жаңғақтары ұзаққа шыдамайды, оларда шөл қандыратын шырын аз уақыт қана мол болады, ал піскен кокос жаңғақтары әлдеқайда ұзақ сақталады. Дәл сол сияқты ақындықтың да мерзімі қысқа, ал философтар мәңгілік.... Рабиндранат Тагордың басты кемшілігі мынада: баяғыдағы Вордсвортқа еліктей бұл мырза қасарысып өлең жазуын қоймай-ақ келеді. Ажал құдайы Яма оның өмірінің шырағын сөндіру үшін талай рет әзірейіл жіберсе де, осы бір адам өз тағынан әлі де қос қолдап жармасып айырылар емес. Егер оның өзі кете алмайтын болса, оны жападан-жалғыз қалдырып кету біздің борышымыз. Ізашарлары оны өлі тақтан тайған жоқ деп даурығысып, айқай салады, ал олардың өздері де оның табытына мәңгілікке таңылмаған, оған табынушылар біраз уақыт оны жер-көкке тигізбей дәріптейді, мадақтайды, ал содан соң қасиетті құрбан шалу күні келеді. Сол кезде оның ізінен ергендер оған табыну бұғауларынан азат етуді талап етіп ту көтеретін болады. Африкада төрт аяқты құдай дәл осылай құрметтеледі. Екі, үш, төрт және он төрт буынды өлең құдайларын да дәл солай құрметтеу керек. Дінді құрметтеп келген құдайды бір соққымен жоқ қылудан өткен масқаралаудан жаман нәрсе жоқ. Табынудың да өз эволюциясы болады. Егер өзіміз бес жыл бойы табынып келген адам әлі де өзінің тұғырынан түспей жармаса беретін болса, ол бейшараның өз өмірі әлдеқашан сөнгенін түсінбегені. Күйреуік көңілдерінің заңды мұрагерлерді алдауға тырысып, оның жаназасын шығаруды кешеуілдетіп келгені анық екенін дәлелдеу үшін көлденең кісінің ишарат етуі керек. Мен Тагорды қорғаушылардың осы бір лайықсыз әрекетін әшкерелеуге ант етемін.
Осы арада біздің Монибхушон көзілдірігі жалтырап, оның сөзін бөлді:
— Демек, сіз әдебнеттен адалдықты айдап шықпақшы екенсіз ғой?
— Дәл солай! Әдебиеттегі диктаторлыққа табыну сәннен тез шығып қалады. Менің Рабиндранат Тагорға қарсы айтатын екінші бір айыптауым мынандай: оның әдеби шығармалары өзінің қолтаңбасы сияқты аяқталып біткен, жұп-жұмыр және гүл мен айда, арудың ақ жүзін еске салады. Бұл тұрпайылық. Ол табиғатты айнытпай көшіреді. Әдебиеттің жаңа көсемінен біздің күтетініміз — тікелей қадалатын, жебе сияқты, найзаның ұшы сияқты, қатты да өткір туындылар күтеміз: гүл сияқты емес, жанарыңды жарқ еткізетін найзағай жарқылы тәрізді храм партигі сияқты дөп-дөңгелек емес, готикалық шіркеу тәрізді қырлы да өткір туындылар болса дейміз. Оның тіпті дәкут фабрикасына немесе үкімет үйіне ұқсағаны да ештеңе емес... Жаныңды жай таптырып, ақыл-ойыңа көлеңке ғана түсіретін ұйқас бұзуын қирататын кез жетті. Өзіміздің ақыл-ойымызды азат ететін, жанымызға жан бітіріп, Раванның Ситаны әкеткеніндей, оларды босатып алайық! Егер сіздің ақылыңыз тіпті өршеленіп, өктиіп, азап шексе де, бәрібір оның көнуіне тура келеді! Тіпті Джатаю қарт көмек беруге ұмтылса да, ажалына қарсы шапса да бәрібір! Өйткені маймыл жұрты көп ұзамай оянып, Хануман Ланкаға тарпа бас салады, қаланы күл қылып, ақыл-ойды өзінің байырғы мекеніне қайтарады. Сол кезде біз Теннисонмен қайта қосылуымызды құттықтаймыз, Байронның кеудесіне көз жасымызды көл етіп тұрып, Диккенстен кешірім сұраймыз; өзіміздің олардан уақытша ғана бас тартқанымызды, бұл өзіміздің адасушылықтарымыздан айығу үшін қажет болғанын айтып ақталамыз өйткені Тәж Махалдың ғажайыптығы қызықтырған сәулетшілер бүкіл Үндістанда қампитып мәрмәр күмбездер орнататын болса, дені дұрыс адамдардың бәрі осындай сұмдықтан безіп, ормандарға қашар еді. Тәж Махалды бағалай білу үшін оған құр қызығудан арылу керек деп ақталамыз!
Бұл арада шым-шытырық дәлелдердің осыншалықты асып-төгіліп жатқандығынан тілшінің басы шыр-көбелек айналып, Омитоның баяндағанынан да гөрі әлдеқайда түсініксіз болып шыққанын ескере кеткен жөн, өйткені бұл арада мен де өзім әрең дегенде түсінгенімді ғана қайталап отырмын.
Тәж Махал туралы айтылғанда Тагорға табынатындардың біреуі орнынан атып тұрып:
— Жақсы нәрсе көп болса өзімізге жақсы емес пе! — деп абыржыған кейіппен айқайлап жіберді.
— Нақ керісінше, — деп тойтарып тастады оны Омито. — Табиғат жақсы нәрселерді неғұрлым аз жасаса, соғұрлым жақсы, өйткені жақсыға тойымсыздық оның құнын түсіреді. Алпыс, жетпіс жасына дейін ақын болудан ұялмайтындар өз құнын өзі түсіріп, сазайын тартады. Түптеп келгенде олардың айналасына еліктеушілер жиналады да, олардың өздерімен бәсекелесе бастайды. Мұндай ұзақ уақыт өлең жазғанын қоймайтын ақындардың туындыларында өзіндік ерекшеліктен ештеңе де қалмады. Ондай ақындар өздерінің бұрын жазғандарын қайтадан тықпалап, ұрланған нәрселерді сататын адамдардың жағдайына дейін құлдырайды. Мұндай жағдайда оқырман жұртшылықтың міндеті — осы бір қаусаған қарт мүскіндердің бейшаралық тіршілік етіп жүре беруіне адамзаттың игілігі үшін мүмкіндік бермеу мен, әрине, бұл арада физикалық тіршілікті айтып отырмын. Мейлі, олар тәжірибелі қарт профессорлар, алдына жан салмайтын саясатшылар, шебер сыншылар болып өмір сүре берсін.
Оның алдында сөйлеген шешен сұрақ қойды:
— Сіздің әдебиеттегі жаңа диктатор деп санайтыныңыз кім?
— Нибарон Чокроборти, — деп жауап қайырды Омито іркілместен.
— Нибарон Чокроборти? Ол кім? — десті қайран қалған дауыстар жамырай шығып.
— Осы сұрақтың титтей дәнінен алынатын жауап күні ертең-ақ алып ағаш болып өсіп шығады.
— Бірақ біз әзірше оның туындыларынан бірдеңе тыңдасақ деп ек!
— Онда тыңдаңыздар!
Омито қалтасынан кенеп мұқабалы ұзынша қойын кітапша суырып алды да, оқи бастады:
Мың-мыңдап жүрген жандардың Келбетім келмес біріне Мен жеке-дара ғанамын, — тобырға толы жалғанның білмейтін әсте бірі де жаңа Сөз айта аламын.
Есікті аш! — деймін, — мен келдім, батылы барып Заманның үніне құлақ түргендер, Замана сырын түсініп, тек қана өзім білгенге, ынтық боп әбден жүргендер, сендерге айтар адаммын.
Бірақ та көп қой кереңдер, ездіктің есер құлдары: булығып олар ашуға, Қаһарын маған шашуда, өңмендеп бірақ келгендер толқындай тасқа соғылған ентігін бірден басуда.
Сый көріп жұрттан елірмей, сауытсыз шығып сынаққа, жүрсем де мейлі мен жүдеп, Көлденең көзге көрінбей, төбемде тұр ғой бірақ та жеңістің туы желбіреп!
Тілектеріңді білем мен, білемін мақсаттарыңды.
Қабақты ашып түнерген, қалт етпей ұғып алыңдар мен айтқан асқақ бар үнді!
Табан тірер жер таппай, жандарың қатты жанығып, жүректерің де естірте соғып тұр қорқып жалынып: "Есірке бізді, есірке! мейрімсіз, бұзық, арсыз жан: сен салған айқай семсердей тылсымды тіліп өтті де, тәтті ұйқысы бұзылған соғылысты ел сендей!"
Семсерді ап онда, жараңдар! Кеудеме менің қадаңдар! Ажалды ажал жеңген бе: өліп те жатып жағам мен мәңгілік алау сендерге.
Кітапты әкел қастерлі! Арам тер болып дүмшелер өшіре алмас мәңгі үнді! Әдемі сөздер шын сөнер, жым-жылас болып маңайы, аршылар көзден шелдер де, сол кезде жеңіс арайы шұғыла шашар сендерге!
Жағыңдар алау! Қайғырмай, қастерлі заттың баршаға өртеніп бәрі кетсе де, — қаңырап дүние қалса да! Жасасын, деңдер мол алау! Орнаса отқа ескі өмір, бүгінгі күннен жарығы жүз есе жарық болар-ау.
Мен асқақ ұран салғанда, оянған топас жандар да таң қалар мына жалғанға. Жеңілмен жүрген жан бағып, ауырдан аулақ қашқан да, аяғын алдап басқан да, әлжуаз, әлсіз, пәс жан да дел-сал боп қалар дағдарып.
Сонан соң бәрі жабылып, өштіктің құрып өрмегін, қайғырса дағы қаймығып, мойындар қатер төнгенін, — мойындар олар қалай да! ескілік емес ежелгі, жаңалық енді жеңгенін.
Дір етер сонда дүние дүрілдеп соққан дауылдан, жарқырап жасын алауы, келмеске кетер кешегі күндердің қапас қамауы, сөйтіп бір жерге селдетер бостандық деген заманның таппайтын толас нөсері Тагорды жақтаушылардың жұмған ауыздарын ашпай, шығып кетуден басқа лажы қалмады, бірақ олар өздерінің ендігі жерде баспасөз бетінде лайықты жауап беретінін айтып, қоқиланып кетті.
Омито өз қарсыластарын тас-талқан еткен соң көңілі көтеріліп, машинамен үйіне қайтып келе жатқанда, оған Сисси былай деді:
— Сен өзіңнің Нибарон Чокробортиіңді алдын ала әдейі ойластырып алып, әлгі өлеңдерді құрметті адамдарды қолайсыз жағдайда қалдыру үшін қасақана оқып бергенің анық.
— Болашақты бір қадам болса да жақындата түсетін адамдар тағдырдың жаршылары деп аталады, — деп жауап қайырды Омито.
Бүгін мен жаршы болдым. Нибарон Чокроборти жер бетінде майда болды, ендігі жерде оның жолына ешкім де тосқауыл бола алмайды.
Ағасын іштей мақтаныш тұтқан Сисси:
— Айтшы, Омито, өлтіре тиетін пікірлерді сен, мүмкін, күн сайын таңертең бүкіл күн бойына жететіндей етіп мол әзірлеп алатын шығарсың? — деп сұрады.
— Қандай болса да күтпеген жағдайға әзір болу мәдениеттіліктің белгісі. Жабайылар әрқашан да қамсыз қалады. Менің кітапшамда бұл да жазулы.
— Бірақ сенің өз көзқарасың жоқ қой! Сен үнемі бір сәтке дәл тиетін пікірлерді ғана айтасың.
— Меңің ақыл-ойым айна сияқты, егер де мен оның бетіне өзімнің бұлжымас көзқарастарымды біржола баттастырып жағып тастасам, оған өтіп жатқан әрбір сәттің бейнесі түспес еді.
— Оми, сенің өміріңнің көлеңкелі жағы коп болады, — деді Сисси.
СОҚТЫҒЫС
II
Омито ақырында келіп Шиллонгке баруға бел байлады. Оның бұған бел байлауының екі себебі бар еді: біріншіден, Омитоның таныстарынан Шиллонгте болып қайтқан ешкім жоқ, ал оның үстіне ол жақта бойжеткен қыздар аз, әрі онда жабысқақ емес болатын. Омитоның жүрегін нысанаға алған сүрленген, өзіне қажет жебені, әдетте, несібелі қауымнан іздестіретін, ал Шиллонгтің өзге көркемдіктеріне қоса, тағы бір артықшылығы сол — онда әлгі мерген тандап алар нысана коп емес еді. Омитоның қарындастары үзілді-кесілді бас шайқады да:
— Қажет болса, өзің бара бер, біз бармаймыз! — десті.
Парсы шәлісіне еліктеп тігілген киім киіп, әдемі қолшатырлар мен тенис ракеткаларын алған қарындастары Дарджилингке аттанды. Бимми Бос ол жаққа барып та үлгерген еді. Ол апалы-сіңілілердің ағасын ерітпей келгенін көргенде төңірегіне көз жүгіртіп шықты да Даржилингте халықтың қаптап жүргенін, бірақ көңіл көтерерлік жан жоқ екенін аңғарды.
Омито жұрттың бәріне Шиллонгке жалғыз жүріп ләззат алып қайту үшін бара жатырмын деген болатын. Бірақ көп кешікпей-ақ ол төңірегін қоршаған көпшілік жоқта, жалғыздықтың жарасымдылығы болмайтынын білді. Фотоаппарат алып сейілдеуді Омито ұната қоймайтын. Ол өзін турист емеспін, сондықтан да көзге ілінгеннің бәріне таңдау-талғаусыз көз сүзбей, табиғаттан ләззат алғанды ұнатамын дейтін.
Ол тау беткейіндегі модалардың көлеңкесінде отырып кітап оқып бірнеше күнін өткізді. Омито беллетристиканы кім көрінген оқиды. Мұның орнына сол Сунити Чаттерджидің "Бенгал тілінің тегі мен дамуын" оқи бастады — онда да бұл еңбектен олқылықтар тауып, автормен пікір таластыру үшін оқыған еді. Кей кезде, филологиямен айналысу мен зерігіп кеткен кезінің аралығында, оны таудың көркем көріністері кенеттен қайран қалдыратын, бірақ бұл сұлулық, әлдеқандай бір күйдің үнемі қайталана беретін және ешбір таусылып бітпейтін кіріспе әуені сияқты, оның көкейіне толық жетіп ұялған жоқ. Омито алған бас-аяғы бірікпеген, ағыл-тегіл жерлерге тұтастық жетпеді. Осы тұтастықтың Омитоның өз басында жетіспеуі оны қададағы сияқты, мұнда да жанын жеген мазасызданушылық пен қанағаттанбаушылық сезімнен арылта алмады. Бірақ қалада ол бұл сезімнен әр алуан амалдар арқылы сергіп келген болса, бұл жерде оның мазасыздануы өршіп, жол-жөнекей бөгесінге кездескен тау суындай күшейе түскен тәрізді.
Ол барлық ормандар мен тау шыңдарын тұнжыраған жаңбыр пердесі тұмшалап алатын ашарх айы туғанда таулармен қош айтысып, өзі көптеген ынтық болып жүрген Силхет пен Силчар жазығын кезіп кетпекші болып ұйғарып та қойған еді. Хабарларға қарағанда, түйдектеліп келе жатқан бұлт Черрапунджи маңында тау жоталарынан аса алмай қалыпты, бірақ көп ұзамай көк нөсер құйып, тау беткейлерінен көл-көсір су құлдилайтын көрінеді. Сондықтан Омито Черрапунджиде бірнеше күн мейманханаға аялдап, көз көрмес Алакидегі сүйіктісі өз қиялының көтінде жан-тәнісіз жасын сияқты із-түссіз жарқылдайтын "Хабаршы-бұлт" құрып алмақшы болды.
Ол қылшық жүннен тоқылған, таулықтар киетін шұлық, қалың табанды сірі кебіс, шолақ шалбар, белбеулі, көкшіл түсті кең көйлек және жұмсақ қалпақ киіп алды. Мұндай киіммен Омито Дбаниндранат Тагордың аңыздағы кейіпкерінен гөрі, учаске аралауға шыққан жол шеберіне көбірек ұқсайтын еді. Алайда оның қалтасында әр тілде өлеңдер жазылған бірнеше жұқа кітапшалар жатты.
Омитоның қайтар жолы тар әрі бұралаң еді, оң жаты ағаш өсіп кеткен тік жар. Бұл жолмен тағы да біреу-міреу жүре қоюы екіталай болғандықтан, Омито машинасын бейқам жүргізіп келе жатты,
Тіпті дыбыс шығарып, белгі беруді де ескерген жоқ. Оның ойынша, бұл заманда шалғайдағы сүйіктісіне сәлем жолдау үшін мотордың өзі-ақ жақсы хабаршы: онда "түтін де, от та, су да, жел де" бар, ал оның үстіне шоферға тілдей хат беріп жіберсең, айқын болмаған қалмайды. Сондықтан ол келесі жаңбыр маусымында "хабаршы-бұлтта" суреттелген жолмен жүріп өтпекші болды. Кім білсін, тағдыр оны да Гималайдың дегдар өскен ормандарынан пайғамбарлардың бірін кездестірер, бәлкім, оны өз үйінің есігі алдында күтіп тұратын әйтеуір бір Авантиканы немесе Малавиканы жолықтырар!
Ол кенеттен бұрылатын жерде қарама-қарсы шыға келген автомобильді көрді. Омито тежегішті басқан, бірақ автомобильдер соқтығысып қалды. Алайда бұл онша апатқа ұшырата қойған жоқ, қарсы кездескен автомобиль кері қарай лықсып барып, тау беткейіне тіреліп тоқтады.
Машинадан бір қыз шықты. Әлгінде ғана ажал қатерін төндіріп өткен бұлт арасынан ол түнеріп тұрған айналасынан нажағай жарқылы салған сурет сынды жарқырай көрінді. Оның көріп тұрғаны Мандар тауының етегінде әлі де буырқанып жатқан сүт мұхитынан тағы да шыға келген Лакшми сияқты сирек көрініс еді. Лық толы қонақжайға кіргенде бұл қыз осындай таңғажайып сұлу болып көрінбек еді. Жер бетінде көрікті адамдар аз емес, бірақ біз оларды жарасымын тапқан жағдайда сирек көреміз.
Қыз жүннен тоқып, жіңішкелеп көмкерілген аппақ сары оранып, нақ сондай жүн кеудеше киіпті, аяғында ақ былғары сандалы бар. Қою кірпік көмкерген қиық көздерінен жұмсақ нұр төгіліп тұр. Кең маңдайынан шашын кері қайырып жіберген. Иегі дөңгеленген әдемі беті пісіп келе жатқан жеміс тәрізді. Кеудешесінің жеңінен білегі көрінеді, екі қолына да қарапайым жіңішке білезік салған. Бекітілмеген сафиінің бос шетін басына жауып, катонка шеберлерінің қолынан шыққан күміс түйреуішпен шашына қыстырып қойыпты.
Омито дулығасын автомобиліне тастап, жақындап барды да, қыздың алдына тоқтады, жаза күткен адамдай үндемей түр. Оның күлкі келтірерліктей шарасыз тұрысы қыздың көңілін жібіткен тәрізді.
— Кешіріңіз, кінәлімін, — деп міңгірледі Омито ақырында.
Қыз күліп жіберді:
— Бәріне мен кінәлімін!
— Бұл кінә емес, қателік.
Қыздың даусы судың сылдырын еске салғандай. Жасөспірімнің дауысындай мінсіз де әуезді естіледі. Сол кеште үйіне келгеннен кейін Омито қыздың даусы неге ұқсайтынын ұзақ ойланды.
Ақырында ол қойын кітапшасына: "Оның үні су қосып жұмсартылған, никотиннің ащы дәмінен арылтылып, раушан гүлінің жұпар иісі қосылған темекінің қорқордан шыққан түтіні сияқты хош иісі аңқып тұр", — деп жазып қойды.
Қыз кешірім өтінгендей сыңаймен:
— Мен келе жатқан досымды қарсы алмақшы едім. Рас, шофер біздің басқа жолға түсіп кеткенімізді айтты, бірақ біз енді бұрыла алмайтын болдық та, ілгері жүре бердік, сөйтіп сіздің автомобиліңіз біздікімен соқтығысып қалды, — деді.
— Жо-жоқ, бұл арада машиналарда тұрған ештеңе жоқ! — деді Омито — бәріне де мейірімсіз жауыз жұлдыз кінәлі.
Осы сәтте шофер автомобильдің онша бүлінбегенін, бірақ оны жөнге келтіру үшін біраз уақыт керек екенін айтты.
— Егер менің бейшара машинама мейіріміңіз түссе, — деп ұсынды Омито батылдана сөйлеп, — мен сізді қалаған жеріңізге апарамын.
— Рахмет, бірақ оның керегі бола қоймас. Мен тау жолымен жүруге үйренген адаммын.
— Ол маған қажет — сіздің мені кешіргеніңіздің айғағы сияқты болады.
Қыз үнсіз ойланып қалды.
— Байқайсыз ба, — деді содан соң Омито, — машина жүргізу, әрине, үлкен өнер емес, онымен ұрпақтарыңа атақ қалдыра алмайсың. Алайда алғашқы таныстық кезінде мен тіпті бұл жөнінен де өзімді онша жақсы жағымнан көрсете алмадым. Тағдырдың әділетсіздігін қарашы! Менің ең болмаса сіздің шоферыңыздан нашар жүргізбейтінімді дәлелдеуіме мүмкіндік беріңізші!
Мұндай жағдайларда беймәлім қатерден үрейленген қыздар қысылып, бейтаныс адаммен кездескенде күмілжіп қалады. Бірақ қазір әлгіндегі соқтығыстан қорқу қысылып-қымтырылудан күштірек болып шықты. Тағатсыз тағдыр оларды таудың оңаша жолында жан-жүйелерін кенеттен жарқ еткен сәулемен нұр беру үшін кездестірген еді. Түн қараңғылығына үңілген жанарды найзағай жарқылы ұзақ уақыт бойы қалай қарықтырып тастайтын болса, осынау жарқын кездесу олардың сана-сезімінде де бейнебір космостағы әлдеқандай сұрапыл апаттың салдарынан көк жүзінде жаңа күн нар шашқандай болған-ды.
Қыз автомобильге отырды. Ол қайда баратынын айтты, ал үйіне жеткен соң Омитоға:
— Уақытыңыз болса, ертең келіңіз. Мен сізді үй иесі әйелмен таныстырамын, — деп ұсыныс жасады. Омитоның: "Мен қазір де көре аламын, уақытым жетеді!" — дегісі келді. Бірақ оны әдеттен і ыс ұялу сезімі тежеп қалды.
Үйіне келген соң ол қойын кітапшасына былай деп жазды: "Бүгін жолдың не істегенін қара! Бейтаныс екі адамды екі жерден көтеріп алды да, оларды, бәлкім, мәңгілік болар, бір жолға салды.
Астрономдар көрінеу қателеседі. Аспандағы ай Жер орбитасына келіп кіріп, олардың күймелері соқтығысып қалды, сөйтіп осы бір қатерлі сәттен бастап олар бірге, ғасырлар бойы бірге айналып жүретін болды, олар бірін-бірі шұғыласына малады, енді олар ажырамақ емес. Ендігі жерде біз де қол ұстасып бір жолмен жүреміз, жол бойы алтынға бергісіз сәттерді жинап, олардан өз сапарларымыздың гүл тізбегін өреміз — маған мұны жүрегім айтып отыр. Енді біз тағдыр табалдырығының алдында тұрып, шешім күтпейміз. Бұдан былай қарай бізге бәрі де кенеттен және қас қағым сәтте келетін болады. Жаңбыр құйып тұр. Верандада ерсілі-қарсылы жүріп, Омито: "Қайдасың сен, Нибарон Чокроборти? Кел маған, ауызыма соз салып жібер, үн қат маған!" — деп ойша шақырды. Омито жұп-жұқа ұзын қойын кітапшасын суырып алды, сөйтіп Нибарон Чокроборти сөйлеп кетті.
Жол ғой бізді табыстырған мәңгілік, Енді бізді жел айдайды әңгүдік; Жүректерді еліттіріп күй шертер, Шыр көбелек айналдырып билетер. Бұлт біткенді жай ысырып қолымен Төбемізде аспан қызы қалқиды, Алтын сәуле еріп келіп сонымен, Жанымызға жадыратып ән құйды. Жолыққам жоқ мен сенімен аулақта, Алтын нұрға шомып тұрған бау-бақта, Бірақ кенет кездестірген осы кеш Санамыздан ешқашанда өшілмес. Өрттей қызыл бұлттар қалқып аспанда, Жасыл ағаш төбесінен әрі асар, Жерде қызыл гүлдер бүрін ашқанда, Батып бара жатқан күнмен таласар. Керегі жоқ бізге алтын ордаңыз — Біз екеуміз мәңгі-бақи жолдамыз! Top ішінде құсқа еркіндік қала ма — Тамылжытып сайрайды олар далада. Ал біз болсақ шат-шадыман үнменен Махаббатты, еркіндікті ән қылып, Бұл бақытты кеудемізде гүлдеген Шешек атып тұрса дейміз мәңгілік.
Ал енді кейінге қалған кезді шолып шыту қажет. Өткенге оралмайынша, әрі қарай айту қиын.
БІРІНШІ ШЕГІНІС
III
Бенгалияда ағылшын тілінде білім беру енгізіле бастаған алғашқы кезеңге қоғамдық дауыл тұрғандай болды. Мұның өзі жаңа ағылшын мектептері мен колледждерінің және үндіс храмдары жанындағы оқу орталықтарының ахуалы арасындағы қысым айырмашылығының салдарынан туған еді. Бұл дауыл Гянодашонкорды да үйіріп әкетті. Жасы жағынан алғанда ол аға ұрпаққа жататын, кенеттен ол өз тұстастарынан зырылдап алға шықты. Өз уақытынан озып кеткен ол қай жағынан алғанда да: ойлау тұрғысынан, сөз сөйлеуінен де, жүріс-тұрысынан да өз замандастарына ұқсамайтын. Толқынға сүңгіп шыққан шағала сияқты, оған да өзі туғызған ашу-ыза дауылын кеудесін тосып қарсы алу рақат әкелетін.
Мұндай аталардың немерелері күнтізбе қатесін түзетуге тырысқанда, әдетте олар екінші бір ұшқарылыққа ұрынады. Гянодашонкордың немересі Бородашонкор нақ осындай жағдайға ұшырады. Өз әкесі қайтыс болғаннан кейін ол тіпті атасымен салыстырғанның өзінде анахронизмге айналды. Ол жыландар құдайы Манасаға табынып, қара шешек құдайы Шитоладан пана болуды сұрайтын, оны анам деп атайтын, үшкірілген су ішіп, күн сайын таңертең тұтас бір парақ қағазға Дурганың есімін жазып отыратын. Ол өмірінің ақырына дейін брахман болмаса да, білім алуға ұмтылуға батылы барғандарға қарсы шайқасты, сөйтіп алуан түрлі әулие пендийтердің көмегімен индуизмді тылымның құбыжықтарынан қорғап толып жатқан памфлеттер жазып, оларда баяғыдан келе жатқан ескі даналықтың бәрін қазіргі еркін ойлылардың басына үйіп-төкті. Діннің барлық талаптарын мүлтіксіз орындаған ол көп ұзамай-ақ қатып-семген тақуалықтың тас қамалына біржола тығылып тынды. Сөйтіп, жиырма жеті жасында жаны о дүниеге аттанғанда, оған ата-бабалары мен үрім-бұтағы үшін сиырларды, алтын мен жерді сыйға алған сансыз көп брахмандардың қуанышты батасы бірге кетті.
Бородашонкор әкесінің ең жақын досы Рамлочон Банерджидің қызы Джогомайяға үйленген еді. Әкелері бір колледжде оқыған және пісірілген сиыр еті мен котлет сияқты, тыйым салынған шет жерлік тағамдардың дәмін бірге татқан. Тойға дейін Джогомайя өз әкесінің отбасы мен болашақ күйеуінің отбасындағы әдет-ғұрыптың айырмашылығын байқамаған еді. Туған үйінде қыздар оқып, үйінен емін-еркін шығып жүре алатын, олардың кейбіреулері көркем безендірілген журналдарға өз саяхаттары туралы белгілер де басқызатын. Ал тойдан кейін күйеуі Джогомайяны қайта тәрбиелемекші болды. Сол кезден бастап оның мінез-құлқы дәстүрлі кедендік және паспорттық шектеулердің барлық ережелерін сақтап жасалған аса қатаң жарлықтар арқылы белгіленді. Оның бетіне де, ақыл-ойына да бет перде тұтылды. Тіпті шым қамқоршысы әйел құдай Сарасватидің өзіне де оны әйелдер жағына жіберместен бұрын қорлық көрсетіп, тінту жүргізуге тура келді. Ағылшын кітаптарының бәрі бірден алынып қойылатын да, бенгал жазушыларынан Бонкимге дейін көп бұрын жазғандары ғана Джогомайяға жететін, тіпті олардың да бәрі бірдей беріле бермейтін. Оның есесіне "Йогавасиштхи Рамаянаның" бенгал тіліне аударылған тамаша басылымы оның сөресінде ұзақ уақыт тұрды. Үй иесі осы бір классикалық еңбекті өзінің әйелі көңіл үшін болса да әйтеуір бір кезде уақыт тауып, оқып шығады деп өле-өлгенше шын үміттеніп жүрді.
Джогомайяға ежелгі ережелердің темірдей тегеуіріні оңай тимеді, ол өзін сақтау үшін темір жәшікке салып қойған заттай сезінді, алайда өзінің асау жанын ауыздықтай білді.
Осынау рухани қапаста оған осы үйдің қарт абызы пандит Диншорон Беданторонто бірден-бір демеу болды. Ол Джогомайяның жаратылысынан айқын ақылдылығын жоғары бағалап, отан былай дейтін:
— Бұл әдет-ғұрып, рәсім дегендердің бәрі саған арналмаған, қызым. Ақымақтар өзін-өзі алдап қана қоймайды, оларды бүкіл дүние алдайды. Сен осының бәріне біздің өзімізді сенеді деп ойлайсың ба? Егер қажет болса, біздің өзіміз шастроны бетіміз бүлк етпестен бұзатынымызды көріп жүрген жоқсың ба? Демек, өзіміз де ереже атаулыны онша құрметтей бермейміз. Біз ақымақтар үшін ғана ақымақ сияқты сыңай көрсетеміз. Ал егер сен өзіңді өзің ақымақ еткің келмесе, мен де сені ешқашан алдамаймын. Көңілің кеткенде мені шақыртқыз, қызым, мен саған өзім сенетін шастраларды оқып беремін.
Ол жиі келіп, Джогомайяға бірде "Гитаны", бірде "Брахмабхашьяны" оқып беретін. Оған Джогомайя өзінің ақылына қайран қалдыртатын сұрақтар қоятын, мұнымен әңгімелесуден ол да ешқашан жалықпайтын. Абыз Бородашонкордың төңірегінен шықпайтын рухани ұстаздарын жан-тәнімен жек көретін Джогомайяға Беданторонто:
— Бүкіл қалада жаным жадырап қалатын жалғыз өзіңсің, — деп мойындады. — Қызым, сен мені ар алдындағы ұяттан құтқарып қалдың!
Сөйтіп мінәжат етіп, рәсім сақтау арасында шексіз-шетсіз күндер өте берді. Оның өмірі, біздің газетшілер айтатындай, барлық жағынан "қатаң өлшеп-пішіліп" қойған еді, бірақ оны осы өмірдің өзі де мойыта алмады. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін Джогомайя ұлы Джотишонкормен және қызы Щуромамен өмір кешіп жатты. Қысты олар"Калькуттада еткізетін де, жаздыгүні таудағы бір жерлерде болатын. Джотишонкор колледжге баратын, ал Джогомайяға қыздарға арналған оқу орындары ұнамады. Сондықтан қызы Шурома үшін ұзақ уақыт іздегеннен кейін Лабонноны шақырған еді. Омито жол бойында күтпеген жерден кездестірген қыз да сол Лабонно болатын.
ЛАБОННОНЫҢ ӨТКЕН ӨМІРІ
IV
Лабонноның әкесі Обониш Дотто Батыс Үндістандағы ағылшын колледжінің директоры болды. Әйелі қайтыс болғаннан кейін ол қызын кейіннен таусылын бітпейтін университет емтихандарының өзі де оның тосыла беруін тоқтата алмайтындай етіп тәрбиеледі. Қаншама таң қаларлықтай болып көрінсе де, академиялық білімпаздықтың ешқандайы оның білімге құштарлығын тоқтата алмады.
Әкесінің бірден-бір ұнататыны ғылым еді. Ол қызын өзіне ізбасар етіп өсірді, сондықтан оны өзінің кітапханасынан да жақсы көретін. Адамның бойында жеткілікті білім болса, оның некеге тұруы әсте де міндетті емес, өйткені ғылым билеген ақыл-ойдың болымсыз ұсақ-түйектерге уақыты жете бермейді дегенді ол пір тұтты. Егер қызының жүрегіне бір кездерде некеге түру туралы ой келген болса, енді оның жүрегі тарих пен математиканың тас қамалы мықтап қорғап түр, оған ешқандай да нәзік сезім тамыр жая алмайды дегенге ол риясыз сенді. Ол тіпті Лабонно ешқашан күйеуге шықпайды деп те санады. "Онда тұрған не бар! — дейтін ол — Қызым өмір бойы ғылыммен телінген ғой!"
Ол ұнатқан Шобхонлал деген тағы бір адам болатын. Осы бір жас жігіттің бойында сирек кездесетін ұқыптылық бар еді. Оның бойында бәрі: кең маңдайы, жарқын жанары, мейірімге толы еріндері, риясыз күлкісі және әдемі бет-әлпеті көз қуантатын.
Сонысына қоса ол өте ұялшақ еді, біреу-міреу өзіне назар аударса, табан астында абдырап қалатын.
Шобхонлал кедей отбасында туып-өскен еді, сондықтан білім сатыларына мейлінше қажыр-қайрат жұмсап көтерілді. Обоништің ойында уақыт өте келе Шобхон даңққа бөленеді, сонда бұған өзінің көп еңбек сіңіргенін мақтанышпен айта аламын деген үміт жататын.
Шобхонлал Обоништің үйіне ақылдасу немесе кітапханасында жұмыс істеу үшін жиі келіп жүрді. Лабонноны көрген сайын ол қиналып, қысылып-қымтырылып қалатын. Осы ұялшақтығының кесірінен ол Лабонноның алдында коп беделінен айырылды: әйелдердің назарына іліге алмайтын барлық ұялшақ еркектердің көрер күні осы.
Бірақ күтпеген жерде Обоништің үйіне Шобхонлалдың әкесі Нонигопал келіп, профессорға мүлдем тұтқиылдан балағаттап дүрсе қоя берді. Ол Обониш сылтауратып, үйіне күйеу балаларды алдап әкеледі деп байбалам салды. Обоништі ол Шобхонлалды Лабонноға үйлендіріп, сол арқылы өзінің әлеуметтік теориялары үшін мені кастамнан айырмақшы деген зымияндық ниетің бар деп айыптады. Бұған ол Шобхонлалдың сандығынан раушан гүлі жапырақтарының астынан өзі тауып алған, Лабонноның қарындашпен салынған суретін айғақ етті. Нонигопал бұл суретті махаббат белгісі ретінде Лабонноның өзі сыйлады дегенге еш күмән келтірмеген еді. Нонигопалдың саудагерге тән шолақ ақылы Шобхонлалдың күйеу бала ретіндегі сәл-пәл ұстай тұрса, оның өлі де қанша қымбаттайтынын табан астында есептеп қойған-ды. Ал осындай қымбат тұратын жайсаңды Обониш тегін алмақшы! Мұны құлыпты бұзып жасаған ұрлық демегенде не дерсің? Және мұндай ұрлықтың ақша ұрлағаннан айырмашылығы не?
Сол кезге дейін өзінің бейнесіне әлдебіреу еш жанға білдірмей, оңаша жерде отырып табынады-ау деген Лабонноның ойына тіпті кіріп те шықпаған еді. Шобхонлал болса, Обоништің кітапханасындағы ор алуан кітапшалар мен журналдардың арасынан Лабонноның ескі фотосуретін кездейсоқ тауып алып қуанған-ды. Ол өзінің суретші досынан өтініп жүріп портрет салғызған да, фотосуретті орнына қойған болатын. Раушан гүлдері де сол досының багынан жұлынған, өзінің ұялшақ та жасқаншақ махаббатындай бейкүнә еді. Дегенмен де ол жазаланбай қалды. Ұяң жігіт оттай жанған жүзін төмен салып, көз жасын жасырып сүртіп, бұл үймен қош айтысты.
Соңғы ретте Шобхонлал оз махаббатының бүкіл пәктігін алыстан көрсетті, бірақ бұл тек өзіне және адам жүректерінің бар сырын білетін бір аллаға ғана аян еді. Бакалавр атағын алуға арналған емтихандарда Шобхонлал бірінші орынды иеленді, ал Лабонно үшінші орында қалып қойды. Мұның өзі екі себептен Лабонноға қатты тиді: оған Шобхонлалдың қабілетіне әкесінің сонша сүйсінетіні ор қашанда ұнамайтын, ал осы сүйсініске әкесінің жас жігітке деген.ыстық пейілінің қосылуы одан да қатты ұнамайтын. Ол емтихан кезінде Шобхонлалдан озып кетуге бар күшін салды және ол дегенмен де озып шыққанда, оның бұл дөкірлігін кешіре алмады. Лабонно тіпті емтиханның нәтижесіне әкесінің пейілі ықпал етті деп күдіктене бастады; ал Шобхонлал болса сабақта Обоништен ешқашан көмек сұраған емес. Содан бері Шобхонлалды көрсе, ол сырт айналып жүре беретін. Магистр дәрежесін алуға емтихан тапсырған кезде Лабонноның Шобхонлалды жеңіп шығуға еш мүмкіндігі болмады. Сөйтсе де Лабонно жеңіп шықты. Тіпті Обоништің өзі де таң қалды. Егер Шобхонлал ақын болса, Лабонноға тұтас бір том өлең арнар еді, бірақ ол мұның орнына емтиханда қыз үшін өзінің жоғары бағаларын құрбан етті.
Олардың оқу жылдары аяқталды. Ақыл-ой білімге қаншама лық толы болса да, одан махаббат құдайы үшін әрқашанда орын табылатынына Обоништің көп ұзамай-ақ кенеттен және жан-жүйесі езіле отырып көз жеткізуіне тура келді. Обониш қырық жеті жаста еді, міне сол кезде оның дәрменсіздігін пайдаланған бір өжет жесір әйел оның кітапханасындағы қаптаған қалың томдарды қақ жарып, ғалымдығының тас қамалын қақырата өтті де, жүрегін жаулап алды. Той өткізуге Обоништің Лабонноға деген сүйіспеншілігінен басқа еш нәрсе кедергі жасай алмайтын еді, сөйтіп осы сезім мен оның жаңа ынтықтығының арасында болмай қоймайтын қақтығыс пісіп-жетіліп келе жатты. Обониш бар күшін салып жұмыс істеуге тырысты, бірақ оны жұмыстан алаң еткен қуанышты ойлар әлдеқайда күшті болып шықты. "Модерн ревью" редакциясы оған өзі сұратқан будда храмдарының қираған жұрты туралы кітаптарды жіберген еді, бірақ оның өзі ғасырлар бойы міз бақпай отырған будда мүсіндеріне айналғандай, сүйікті кітаптарының бетін ашпаған күйінде отырып алды. Баспагердің шыдамы таусыла бастады, бірақ не істеуге болады? Даналық діні шайқала бастағанда кез келген ғалым осындай күйге ұшырайды. Шөл даланың сусымалы құмына аяқ басқан пілді не құтқара алмақшы? Ар-ұятының кешігіп келген осынысы Обоништің жанын жегідей жеп жатты. Ол өз кітаптарының тасасынан қызының
Сонысына қоса ол өте ұялшақ еді, біреу-міреу өзіне назар аударса, табан астында абдырап қалатын.
Шобхонлал кедей отбасында туып-өскен еді, сондықтан білім сатыларына мейлінше қажыр-қайрат жұмсап көтерілді. Обоништің ойында уақыт өте келе Шобхон даңққа бөленеді, сонда бұған өзінің көп еңбек сіңіргенін мақтанышпен айта аламын деген үміт жататын.
Шобхонлал Обоништің үйіне ақылдасу немесе кітапханасында жұмыс істеу үшін жиі келіп жүрді. Лабонноны көрген сайын ол қиналып, қысылып-қымтырылып қалатын. Осы ұялшақтығының кесірінен ол Лабонноның алдында коп беделінен айырылды: әйелдердің назарына іліге алмайтын барлық ұялшақ еркектердің көрер күні осы.
Бірақ күтпеген жерде Обоништің үйіне Шобхонлалдың әкесі Нонигопал келіп, профессорға мүлдем тұтқиылдан балағаттап дүрсе қоя берді. Ол Обониш сылтауратып, үйіне күйеу балаларды алдап әкеледі деп байбалам салды. Обоништі ол Шобхонлалды Лабонноға үйлендіріп, сол арқылы өзінің әлеуметтік теориялары үшін мені кастамнан айырмақшы деген зымияндық ниетің бар деп айыптады. Бұған ол Шобхонлалдың сандығынан раушан гүлі жапырақтарының астынан өзі тауып алған, Лабонноның қарындашпен салынған суретін айғақ етті. Нонигопал бұл суретті махаббат белгісі ретінде Лабонноның өзі сыйлады дегенге еш күмән келтірмеген еді. Нонигопалдың саудагерге тон шолақ ақылы Шобхонлалдың күйеу бала ретіндегі сәл-пәл ұстай тұрса, оның әлі де қанша қымбаттайтынын табан астында есептеп қойғанды. Ал осындай қымбат тұратын жайсаңды Обониш тегін алмақшы! Мұны құлыпты бұзып жасаған ұрлық демегенде не дерсің? Және мұндай ұрлықтың ақша ұрлағаннан айырмашылығы не?
Сол кезге дейін өзінің бейнесіне әлдебіреу еш жанға білдірмей, оңаша жерде отырып табынады-ау деген Лабонноның ойына тіпті кіріп те шықпаған еді. Шобхонлал болса, Обоништің кітапханасындағы әр алуан кітапшалар мен журналдардың арасынан Лабонноның ескі фотосуретін кездейсоқ тауып алып қуанған-ды. Ол өзінің суретші досынан өтініп жүріп портрет салғызған да, фотосуретті орнына қойған болатын. Раушан гүлдері де сол досының багынан жұлынған, өзінің ұялшақ та жасқаншақ махаббатындай бейкүнә еді. Дегенмен де ол жазаланбай қалды. Ұяң жігіт оттай жанған жүзін төмен салып, көз жасын жасырып сүртіп, бұл үймен қош айтысты.
Соңғы ретте Шобхонлал өз махаббатының бүкіл пәктігін алыстан көрсетті, бірақ бұл тек өзіне және адам жүректерінің бар сырын білетін бір аллаға ғана аян еді. Бакалавр атағын алуға арналған емтихандарда Шобхонлал бірінші орынды иеленді, ал Лабонно үшінші орында қалып қойды. Мұның өзі екі себептен Лабонноға қатты тиді: оған Шобхонлалдың қабілетіне әкесінің сонша сүйсінетіні әрқашанда ұнамайтын, ал осы сүйсініске әкесінің жас жігітке деген ыстық пейілінің қосылуы одан да қатты ұнамайтын. Ол емтихан кезінде Шобхонлалдан озып кетуге бар күшін салды және ол дегенмен де озып шыққанда, оның бұл дөкірлігін кешіре алмады. Лабонно тіпті емтиханның нәтижесіне әкесінің пейілі ықпал етті деп күдіктене бастады; ал Шобхонлал болса сабақта Обоништен ешқашан көмек сұраған емес. Содан бері Шобхонлалды көрсе, ол сырт айналып жүре беретін. Магистр дәрежесін алуға емтихан тапсырған кезде Лабонноның Шобхонлалды жеңіп шығуға еш мүмкіндігі болмады. Сөйтсе де Лабонно жеңіп шықты. Тіпті Обоништің өзі де таң қалды. Егер Шобхонлал ақын болса, Лабонноға тұтас бір том өлең арнар еді, бірақ ол мұның орнына емтиханда қыз үшін өзінің жоғары бағаларын құрбан етті.
Олардың оқу жылдары аяқталды. Ақыл-ой білімге қаншама лық толы болса да, одан махаббат құдайы үшін әрқашанда орын табылатынына Обоништің көп ұзамай-ақ кенеттен және жан-жүйесі езіле отырып көз жеткізуіне тура келді. Обониш қырық жеті жаста еді, міне сол кезде оның дәрменсіздігін пайдаланған бір өжет жесір әйел оның кітапханасындағы қаптаған қалың томдарды қақ жарып, ғалымдығының тас қамалын қақырата өтті де, жүрегін жаулап алды. Той өткізуге Обоништің Лабонноға деген сүйіспеншілігінен басқа еш нәрсе кедергі жасай алмайтын еді, сөйтіп осы сезім мен оның жаңа ынтықтығының арасында болмай қоймайтын қақтығыс пісіп-жетіліп келе жатты. Обониш бар күшін салып жұмыс істеуге тырысты, бірақ оны жұмыстан алаң еткен қуанышты ойлар әлдеқайда күшті болып шықты. "Модерн ревью" редакциясы оған өзі сұратқан будда храмдарының қираған жұрты туралы кітаптарды жіберген еді, бірақ оның өзі ғасырлар бойы міз бақпай отырған будда мүсіндеріне айналғандай, сүйікті кітаптарының бетін ашпаған күйінде отырып алды. Баспагердің шыдамы таусыла бастады, бірақ не істеуге болады? Даналық діні шайқала бастағанда кез келген ғалым осындай күйге ұшырайды. Шөл даланың сусымалы құмына аяқ басқан пілді не құтқара алмақшы? Ар-ұятының кешігіп келген осынысы Обоништің жанын жегідей жеп жатты. Ол өз кітаптарының тасасынан қызының
Шобхонлалға деген махаббатын байқамай қалдым деп ұйғарды, өйткені ондай жігітті сүймеу мүмкін емес қой! Сөйтіп жалпы әке атаулыға, әсіресе өзі мен Нонигопалға деген жиіркеніш бойын билеп алды.
Осындай кезде Шобхонлалдың хаты да келіп жетті. Ол "Премчанд Райчанд" стипендиясын алу үшін Гупта династиясы туралы мақала жазғысы келетінін хабарлап, өз ұстазының кітапханасынан кейбір кітаптарды пайдалануға рұқсат сұраған екен. Обониш бірден-ақ былай деп мейлінше ықылас көрсетіп, жылы жауап қайтарды: "Баяғы жақсы күндердегі сияқты, кел де, менің кітапханамды пайдалана бер!"
Шобхонлалдың жүрегінен маза кетті. Ол осынша үміттендірген хаттың сыртында Лабонноның үнсіз келісімі түр деп біліп, кітапханаға келе бастады. Кейде үй ішінде Лабонноны кездестіргенде ол өзіне қыз әлдебір сұрақтар қойып, мұның қандай мақала жазып жүргенін сұрар деген үміттен жүрісін әдейі баяулататын, ал егер қыз солай істесе, бұл өз дәптерін қуана-қуана ашып, оған бәрін айтып берер еді. Оның ойын баурап алған проблемалар жөнінде Лабонноның пікірін білгісі келді. Бірақ қыз ештеңе сұрамады, ал өзінің қыз жағынан мезірет жасалмайынша әңгіме бастауға батылы бармады.
Осылайша бірнеше күн өтті. Жексенбі келіп жетті. Шобхонлал үстел үстіне дәптерін жайып тастап, әлдебір кітапты ақтарып, жазып алып отырды. Түс кезі болатын, ал ол бөлмеде жалғыз отырған еді. Жексенбі екенін пайдаланып, Обониш бір жерге қонаққа кеткен, бірақ қайда баратынын айтпаған, тек өзін шайға келеді деп күтпеуді ескерткен.
Кенеттен кітапхананың есігі ашылды. Шобхонлалдың жүрегі соғып кетті Бөлмеге Лабонно кірді. Абдырап қалған Шобхон не істерін білмей орнынан тұрды. Лабонноның түрі ашудан өрт сөндіргендей еді.
— Сіз бұл үйге неге келесіз? — деп сұрады ол
Шобхонлал дір етіп, еңсесі түсіп кетті, еш жауап қайыра алмады.
— Сіз әкеңіздің бұл жөнінде не дейтінін білесіз бе? Мені қорлағаныңызға ұялмайсыз ба?
— Кешіріңіз, мен қазір кетемін, — деп міңгірледі Шобхонлал қыздың бетіне қарай алмай. Ол тіпті өзін Лабонноның әкесінің өзі шақырғанын да айтқан жоқ. Ол қағаздарын жинастыра бастады. Қолы қалтырап, кеудесі қатты шаншып кетті және еш амалын таба алмады. Сөйтіп ол әбден жер болып үйден шықты.
Егер біз сүйе білсек, бірақ қайсыбір кедергіден қолайлы сәтті өткізіп алсақ, біздің сезіміміз немқұрайдылыққа емес, қайта махаббатқа мүлде қарама-қарсы нағыз өшпенділікке айналады. Бәлкім, Лабонно өзі де білмей, оз махаббатын Шобхонлалға арнамақшы болған шығар. Бірақ ол алғашқы қадамды жасамады, сондықтан бәрі де оған қарсы болып шықты. Сөйтіп соңғы қасіретті тілдесу соңғы соққыға айналды. Лабонноның жақын адамдары жайында әділ ойлауына реніш пен ашыну кедергі жасады: ол өзінен құтылу үшін Шобхонлалды әкесі шақырды деп пайымдады, сөйтіп оның бүкіл ашу-ызасы еш кінәсі жоқ жігітке үйіліп-төгілді. Енді той өткізуге әкесін Лабонноның өзі итермелей бастады. Обониш өзінің ақша қаражатының жартысына жуығын қызына еншіледі, алайда әкесінің тойы өткеннен кейін Лабонно ақшаны алмайтынын, оз тіршілігіне қаражатты өзі табатынын айтты. Бұл Обоништі қатты қапаландырды.
— Мен осы тойды өткізбей-ақ қояйын деп едім, Лабонно өзің ғой қоярда-қоймай жасатқан! Ал қазір мені жерге қаратқаның қалай? — деп күйзеле сұрады ол.
— Мен екеуіміздің қатынасымызды бұзбау үшін осылай істемекші болдым, — деп жауап қайырды Лабонно. — Қапаланба, әке! Маған бағанды бер, менің оз бақытымды өзім табуыма рұқсат ет.
Лабонно көп кешікпей-ақ жұмыс тапты: ол Шуроманы оқытуға кірісті. Ол Шуроманың ағасы Джотиді де оқыта алатын еді, бірақ ол әйелге бағынуды қорлық көріп, бұдан үзілді-кесілді бас тартты. Лабонноның өмірі күнделікті жұмыс ырғағына сай, біршама жайбарақат өтіп жатты. Лабонно бос уақытын қарттардан бастап, Бернард Шоуға дейінгі ағылшын әдебиетіне арнады, бірақ ағылшын тарихшылары Гроттың, Гиббонның және Джилберт Мэррейдің еңбектері бойынша негізінен алғанда Ежелгі Греция мен Рим тарихын зерттеп оқыды. Оның жан дүниесін бірде-бір леп мазаламады деуге болмайды, бірақ оның өмірінде дауылға орын жоқ еді. Енді, міне, кенеттен жол бойында машиналар күтпеген жерден соқтығысып қалды! Греция мен Римнің тарихы бірден-ақ бүкіл мәнінен айырылды. Лабонноға өмірдің өзі жақындап, екінші дәрежелі нәрсенің бәрін кейінгі қатарға ығыстырып тастады да, оны дүр сілкіндіріп: "Оян!" — деді. Сөйтіп Лабонно оянды. Ол өзін енді ғана көрді. Және де оның көзін ашқан ғылым емес, қайғы-қасірет болды.
ПІКІРТАЛАС БАСТАЛДЫ
V
Енді өткен кездің қираған қалдықтарын тастайық та, қазіргі кезге оралайық.
Омитоны сабақ өтетін бөлмеге қалдырып, Лабонно оның келгенін Джогомайяға айтуға кетті. Бұл бөлмеде Омито өзін гүлге қонған арадай сезінді. Қайда қараса да, бәрі оның есіне Лабонноны түсіріп, толғандырды. Кітап сөресі мен жазу үстелінен ол ағылшынша кітаптарды көрді. Олар қыздың талғамын көрсетеді және өздерінше тынымсыз бір тіршілік етіп жатқандай болып көрінді. Олардың бәрі де Лабонноны күтіп тұрғандай, оның саусақтары беттерін ақтарған, бұл кітаптар күндіз-түні оның ойын билеген, олардың жолдарын оның ойнақы жанары сүзіп шыққан, ойға батқан сәттерінде бұлар оның тізесінде жатқан. Омито үстел үстінде жатқан Донн дастандарының жинатын көріп таңырқады. Омито Оксфорд университетінде оқып жүрген кезінде Донн мен оның заманындағы ақындарға мұның өзі де барынша ден қойған еді. Енді, міне, нақ сол ақын екі адамның ынта-ықыласының қуанышты сай келетініне аймақ болғандай.
Омитоның өмірі тұнжыраған сұрқай күндерден тұратын, ол күндер мектеп мұғалімі жыл сайын ақтаратын оқулықтың жұлым-жұлым беттеріне ұқсайды. Ол үшін болашақ бар қызығын жоғалтқан еді, сондықтан да ол әрбір атқан таңды қуанышсыз қарсы алатын. Бірақ бүгін ол басқа планетаға кеткендей. Мұндағы заттар салмағынан айырылған, аяқтарынан әл кетіп, не басқанын білмейтін сияқты, ал әрбір қас қағым сәт беймәлім бір дүниеге бастайтындай: денесіне салқын самал соғып, сыбызғыдай сызылып ән салғысы келді; күн ыстығы қанына сіңіп, көктемде ағашқа нор кіргендей тебірентті. Көз алдында тым ұзақ уақыт ілініп тұрған шаң-шаң перде ысырылып түсіп, ең үйреншікті нәрсенің өзі керемет болып көріне бастады. Сондықтан бөлмеге ақырын басып Джогомайя кіргенде, Омито қайран қалды. "О, ол жай ғана келіп кірген жоқ, — деп іштей таңданды ол — Ол пайда болды!".
Джогомайяның жасы жақындап қалған еді. Бірақ жылдар оны қартайтпай, келбетіне ізгі нәзіктік қана қосқан? Оның ашық жүзі албырап түр, жесірліктің белгісімен шашы қыста қиылған, жанарынан ана махаббаты төгіледі, күлкісінен мейірім лебі еседі. Қарапайым ақ шадрасының шетін басына жамылған. Тік біткен әдемі аяқтарына ештеңе кимеген. Омито сәлемдесіп, оның аяқтарыма қол тигізгенде, ол өзіне әйел құдайдың бүкіл мейірімі төгілгендей болып көрінеді.
Сәлемдесіп болған соң Джогомайя:
— Сенің нағашың біздің округіміздегі ең тамаша адвокат бола¬тын, — деді. — Бізге толық тақырда отырып қалу қаупі төнгенде, ол біздің отбасымызды құтқарып алды. Ол мені келін деп атайтын.
— Мен бар болғаны оның тырнағына тұрмайтын жиенмін, — деп жауап қатты Омито. — Нағашым сізді бақытсыздықтан құтқарды, ал мен ыңғайсыздық әкелдім. Ол сіздерге пайда келтірсе, мен зиян келтірдім. Сіз оған келін болсаңыз, онда маған машина болыңыз.
Анаң бар ма? — деп сұрады Джогомайя.
— Бір кезде болған, — деді Омито. — Енді апайым болса деймін.
— Неліктен, балам?
— Байқайсыз ба, егер мен бүгін анамның автомобилін сындырған болсам, ол менің "аюдай қорбаңдайтынымды" айтып, миымды шіріткен болар еді. Ал машина апатайымдікі болса, ол менің ағаттығымды күлкі етіп, оны балалық деп білер еді.
Джогомайя жымиып күлді:
— Жарайды, солай-ақ болсын.
Омито орнынан атып тұрып, Джогомайяның аяғына қолын тигізді де:
— Міне, сондықтан да тағдырға сену керек, — деді даусын көтере. — Менің анам болды, бірақ мен апайым болуы үшін ешқандай ізгі ерлік жасаған жоқпын. Ал енді автомобильдер соқтығысып еді — бұл өсте де ізгі ерлік емес, құдайдың өзі берген дей, менің өмірімде кенеттен апай пайда болды. Ойлап қараңызшы, осы кереметтен бұрын қаншама ізгілік ғасырлары өтуге тиіс еді!
— Бұған кімнің тағдыры көмектесті, сенің бе, менің бе, әлде шофердің ба? — деп сұрады Джогомайя күлімсіреп.
Омито қалың шашын салалап қойды.
— Қиын сұрақ! Бұған бір адамның тағдыры аздық етеді. Жұма күні сағат оннан дәл қырық сегіз минут өткенде болған оқиғаға бүкіл әлем ғасырлар бойы, әр жұлдыз сайын әзірленуге тиіс еді. Ал енді не болмақ?
Джогомайя Лабонноға күзінің қиығын салып, миығынан күлді. Ол Омитоны дұрыстап білмей жатып-ақ бұл екеуі бір-біріне арнап жаратылған деп түйген еді. Сондықтан ол былай деді.
— Әзірше екеуің осында сөйлесе тұрыңдар, мен ас әзірлейін.
Омито әңгімені тез бастай білетін. Ол бірден-ақ соз бастады:
— Апай бізге әңгімелес деп кетті. Бірақ ең алдымен танысып алу керек. Келіңіз, әуелі осы істі тындырайық. Сіз менің атымды ағылшын тілінде айтылатынындай, "өз есімімді" білесіз ғой?
— Мен сізді Омито деп атайтынын ғана білемін.
— Барлық жағдайда солай атай бермейді.
— Жағдайдың көп болуы мүмкін, — деп күлді Лабонно, — бірақ адамның аты біреу болуға тиіс.
— Сіздің айтқаныңыз заманға сай емес. Ел, уақыт, адамдар — бәрі өзгереді, сондықтан адамның аты өзгермеуге тиіс деу ғылыми емес. Мен адам атының относительділігі теориясын насихаттап, атымды шығармақшымын. Сондықтан ең әуелі сіз айтқанда менің атым "Омито-бабу" деп естілуге тиіс екенін айтып қояйын.
— Сізді ағылшынша мистер Рой деп атаған ұнай ма?
— Теңіздің арғы жағынан келген бұл есім бір түрлі тосын естіледі. Есімнің қаншалықты қысқа қайтарылатын анықтау үшін оның құлақтан жүрекке қаншалықты тез жететінін білу керек.
— Ал сіздің ең желаяқ есіміңіз қандай?
— Шапшаңдықты арттыру үшін салмақты кеміту керек. "Омито-бабу" дегенмен "бабу" дегенін алып тастаңыз!
— Асықпаңыз, оған уақыт керек, — деп қарсыласты Лабонно.
— Барша жұрт үшін уақыт бірдей емес. Дүние жүзінде бірдей сағат жоқ. Қалта сағаты уақытты өзінің қандай қалтада жатқанына қарай көрсетеді. Бұл — Эйнштейннің теориясы.
Лабонно орнынан тұрды.
— Сіз шайынатын су салқындап барады.
— Егер сіз маған тағы да аз уақыт қисаңыз, мен салқын сумен жуынуға да ықыластымын.
— Кешіріңіз, асығыспын, іс күтіп тұрмайды. — Осы сөздерді айтып Лабонно шығып кетті.
Омито жуынуға бірден тұра қойған жоқ. Ол отырған күйінде Лабонноның тамаша аузымен айтылған әрбір жайдары сөзін есіне алды. Омито сұлу қыздарды көп көрді, бірақ олардың сұлулығы ап-ашық, сонымен қатар құпия сырға толы ойлы түнге ұқсайтын. Лабонноның сұлулығы таң арайына ұқсайды — бәрі де айқын, бәріне де парасат шұғыла шашып тұр. Осы қызды жасағанда жаратушы оның бойына әлдеқандай еркекке тон қасиет дарытқан. Оның сезіну қабілеті ғана емес, ойлау қабілеті де бар екені бір қарағанда-ақ айқын болады. Омитоны ынтықтырған да осы еді. Оның өзі де ақылды еді, бірақ кешірім жасай білмейтін, пайымды болатын, бірақ шыдамсыз еді, көп нәрселерді үйренсе де, тыным табуды білмей-ақ қойды. Ол Лабонноның кескін-келбетінен тоқмейілсуден емес, қайта байсалды да салиқалы ақылдың түпсіз дүниесінен туған тыныштық белгісін тұңғыш рет көрді.
МОЙЫНДАУ
VI
Омито жалғыздыққа төзбейтін. Ол әсем табиғатты ұзақ тамашалай алмайтын. Оның әлдебіреумен әңгімелесіп жүруі қажет еді. Табиғатқа дөрекілік етуге болмайды. Егер оған аялап қарамасаң, кешікпей сазайыңды тартасың. Табиғат заңға бағынады және өзгелердің де заңнан таймауын тілейді. Қысқасы, табиғат қалжыңды білмейді. Сондықтан Омито қаладан тыс жерде судан шыққан балықтай тұншығатын. Ал енді — таңғажайып нәрсе — Шиллонг таулары Омитоны тартып тұрғандай.
Ол бүтін күн шықпай тұрды, ал мұның өзі оған мүлде ұқсамайтын еді. Ол терезеден қарап, қарауытып көрінген зәулім теректердің қалай тербеліп тұрғанын көрді, ал олардан әріректегі таулардың арғы жағынан күн иек артып, өз сәулесінің алтын инелері мен мөлдір бұлақтарды көктей өсіп жатыр. Омито отты аяулардың құбылуын ұзақ уақыт және үнсіз бақылап тұрды.
Бір шыныаяқ шайды асығыс ішіп, ол үйінен шықты. Жол бойында жан жоқ. Кәрі қара тайдың қына өсіп кеткен түбінде Омито хош иіс аңқыған кілемдей қарағай жапырақтарының үстіне отырды. Аяғын созып жіберіп ол сигарет тұтатты да, оны сол сәтте-ақ естен шытарды, сөйтіп ол көп ұзамай сөніп қалды. Джогомайяның үйіне жол осы орман арқылы өтетін. Түскі тамақ алдында ас үйден шыққан астың иісі сілекейі шұбыра жұтатын адам сияқты, Омито да осында Джогомайяның үйіндегі барлық сүйінішті нәрселерді көз алдына елестетіп отырды. Ол бір шыныаяқ шай ішу үшін сонда баруға болатын сағатты күтті.
Бастапқыда бұл үйге ол тек кешкісін ғана келіп жүрді. Ал кейін әдебиет білгірі деген атақ Омитоға Джомогайяның үйінде кез келген уақытта болуына мүмкіндік берді. Алғашқы күндері Джогомайя да әдеби сұхбаттарға ден қойып жүрді, бірақ көп ұзамай-ақ өзінің қатысып отырғаны сұхбаттастардың ынта-ықыласын салқындататынын аңғарды. Бұл арада үшінші адамның артықтық ететінін түсіну қиын емес еді. Содан бері әңгімеге шатыспауға оған әрқашанда сылтау табыла кететін болды. Әрине, бұл сылтаулардың бәрі ойдан шығарылатын, өйткені үй иесі әйел Омито мен Лабонноның әңгімеге құштарлығы әдебиетке деген қай құштарлықтан гөрі үлкен нәрсе екенін байқады, ал Омито болса, Джогомайя жас болмаса да, оның көзі қырағы, жаны мейірбан екенін түсінді. Сөйтіп, оның сұхбаттасуға деген ынтықтығы арта түсті. Өзі олардың үйінде ұзағырақ болуы үшін ол Джотишонкормен оған таңертең бір және кешкісін екі сағат ағылшын тілін үйренуіне көмектесетін болып уағдаласты. Оның іске құлшына кіріскені сонша, таңертеңгі бір сағат үнемі түске дейін созылып, одан кейін алуан түрлі бөгде әңгімелер басталатын да, сайып келгенде Джогомайяның өтінішіне көніп, оның таңертеңгі асқа қарауына тура келетін. Сөйтіп, уақыт өте келе оның бұл үйдегі міндеттерінің шеңбері біртіндеп кеңейе берді.
Оның Джотишонкормен сабағы таңертеңгі сегізде басталуға тиіс еді. Омито үшін бұл өте қолайсыз уақыт болатын. Ол анасының құрсағында тоғыз ай өткізген жан иесі кұстармен және жануарлармен таласа тұра алмайды дейтін. Осы кезге дейін түнгі ұйқы таңертеңгі бірталай сағаттарын қамтып келген. Омито ұрланған уақыт — ұйқы үшін ең жақсы уақыт, өйткені ол заңсыз деуді ұнататын. Ал енді Омито бейқам ұйқыдан айырылды: оның өзі де ертерек тұруға асығатын болды. Ол мезгілінен бұрын оянып, одан соң ұйықтап қалудан қорқып, төсекте аунап жатпауға тырысатын. Ол кейде өз сағатының тілін тіпті ілгері жылжытып қоятын, бірақ уақыт ұрлап әшкереленуден қорқып, мұны онша жиі істей бермейтін. Ол бүгін сағатына қарап, әлі жеті болмағанын көрді. Сірә, сағаты бұзылған болар! Тыңдап көріп еді, әдеттегідей сыртылдап жүріп тұрғанын естіді.
Осының бәрін ойлап отырғанда Омито кенет Лабонноны көрді. Ол қолшатырын бұлғаңдатып, жолмен жүріп келеді, ақ түсті сафи оранып, иығына қара шашақты үш бұрышты шәлі жамылыпты. Омито өзін Лабонноның бірден-ақ байқап қалғанына, бірақ мұнысын мойындап, оның жүзіне тура қарағысы келмейтініне күмән келтірмеді. Алайда Лабонно бұрылысқа кеткен кезде Омито енді сабырын сақтай алмай, оны қуып жетті.
— Сіз менен құтыла алмайтыныңызды біле тұрып, мені жүгіріп жетуге мәжбүр еттіңіз, — деді ол — Сіз қашықтың кез келгені қандай қиындық туғызатынын білмейтін бе едіңіз?
— Ал қандай?
— Артта қалған бейшараның жаны айқай салады. Ал ол не деп айқайлайды? Құдайларға айқайлау қолайлырақ: олар өздерін атымен атағанда масайрап қалады. Егер: "Дурга! Дурга!" — деп айқайласа, он қолды әйел құдайдың жаны жай табады. Әйелдерге айқайлау қиынырақ
— Сіздің ойламауыңызға да болатын еді.
Егер сіз жақында болсаңыз, айқайламас едім. Сондықтан да мен кетпеңізші! — демеймін. Шақырдың келіп, шақыра алмағаннан қасіретті еш нәрсе жоқ.
Неге? Сіз ағылшындардың ғұрпымен таныссыз ғой!
Сізді мисс Датт деп атайын ба? Ол шай үстелі үстінде жақсы. Бүгін жер аспанмен кездесті, сөйтіп таң шапағы олардың кездесуіне ақ батасын берді. Есітіп тұрсыз ба? Көктен жерге ұран ұшып жетіп, ол жерден көкке самғап барады. Адам өмірінде нақ осындай ұран кеудесін жарып шығатын сәттер болып тұрмай ма? Қазір менің кеудемді сіздің есіміңіз жарып шығып, орман аралап кетеді, анау ақша бұлттарға жетеді деп ойлаңызшы! Оны басына бұлт оранған таулар да есітіп, ойға батады. Сонда осы арада "мисс Датт" деудің орны бар ма?
Есімдерді ойлап табу үшін уақыт керек, — деп жауап қайырудан жалтарды Лабонно. — Ал мен серуендеуімді тоқтатқым келеді.
Адамның жүруді үйренуі үшін біраз уақыт керек, — деп сөзін жалғастырды Омито, онымен қатарласа жүріп келе жатып. – Ал менің, керісінше, отыра білу үшін едәуір көп үйренуіме тура келді. Домалаған тасты мүк баспайды, деген ағылшын мәтелі бар. Мен іс осы жерге таң ағарып атпай-ақ сол оймен келіп, жол шетінде отырғанмын.
Лабонно күтпеген жерден әңгіменің тақырыбын өзгертіп:
Сіз мына жасыл құстардың не деп аталатынын білесіз бе? — деп сұрады.
— Мені тірі хайуанаттар арасында құстар бар дегенді есітіп білген едім. Бірақ оған ешқашан мән бермеппін. Сөйтіп жарық дүниеде шынында да құстар бар екенін және олардың сайраймын осы жерде ғана байқап таң қалдым.
— Ғажап! — деп күле дауыстады Лабонно.
Сіз күлесіз ғой! — деп дауыстап жіберді Омито. — Мен тіпті байсалды нәрселер туралы да байыппен айта білмеймін. Бұл әлдебір түсініксіз жағдай! Сірә, мен тіпті ең қорқынышты әрі қараңғы түннің өзінде де, миығынан күлмей кетпейтін ай жарығында тусам керек.
Мені кінәламаңызшы! Егер сіздің айтқандарыңызды естісе, құстардың өзі де күлер еді.
Білесіз бе, жұрт менің айтқан сөздерімнің мәнін бірден ұқпағандықтан күледі. Егер олар түсінсе бәлкім, үндемей ойланып қалар еді. Сізге бүгін менің құстарды жаңадан көріп тұрғаным күлкілі. Бірақ бұл — менің бәрін де, тіпті өзімді де жаңа қырынан көріп тұрғанымды аңғартады. Мұны күлкі етудің жөні жоқ. Міне, көрдіңіз бе, бұл жолы сіз де үндемей қалдыңыз, ал мен әлгінің өзін айнытпай айтып тұрмын ғой.
— Ал сіз әлі қарт емессіз ғой, жас адамсыз, мұндай сезім қайдан туды? — деп күлімсірей сұрады Лабонно.
— Бұған жауап қайыру қиын, сөз табу қиын... Менің ойыма оралған жаңалықты сезіну әманда ескі. Ол таң шапағы сияқты, жарқырай ашылған гүл сияқты, көптен таныс, бірақ мәңгі жаңа нәрсе сияқты ескі.
Лабонно үнсіз жымиды.
— Сіздің күлкіңіз — ұры қуған полицей шамының сәулесі сияқты. Мен әлгінде айтқандарымды сіздің бұрын өзіңіз ұнататын ақыныңыздан оқығаныңызды білемін. Алайда, сізден мені жиіркенішті ұры деп санамауыңызды өтінемін! Шанкарачарьяға айналып, "мен жаздым" мен "ол жаздының" арасындағы айырма бар болғаны алдамшылық дейтін кездер болады. Міне сөйтіп, бүгін таңертең мен осы жерде отырған маған өзіме белгілі барлық өлеңдердің кейбір жолдарын басқа ешкім де емес, тек мен ғана жаза ал ар едім деген ой келді.
— Ол қандай жолдар? — деп ынта-ықылас білдірді Лабонно. — Олар есіңізде ме?
— Әрине, есімде.
Лабонно енді қызығушылығын тежей алмай:
— Маған оқып беріңізші! — деп сұрады.
Омито ағылшынша мәнерлеп тақпақтатты:
— "Құдай үшін, үндеме, махаббатыма бер ерік!"
Лабонноның жүрегі дір етті.
Біраз үнсіздіктен кейін Омито:
— Әрине, бұл жолдың кімдікі екенін сіз білесіз ғой?
Лабонно басын изеді.
— Бір жолы мен сіздің үстеліңіз үстінен Донн өлеңдерін көріп қалдым, — деді бұдан әрі Омито, — әйтпесе бұл жол есіме түспес еді.
— Көріп қалдым дейсіз бе?
— Басқаша қалай айтуға болар екен? Кітап сөресінде мен жай ғана кітаптарды көремін, ал сіздің үстеліңіздің үстінде олар бүкіл байлығын ашып жатады, көпшілік кітапханасының үстінде олар жай жатса, сіздің үстеліңізге жан бітеді. Сізден Донн өлеңдерін көргенде, менің естен ғана жаздағаным таңдандырмаса керек. Басқа ақындардың есігі алдында бай адамды жерлегендегі қайыршылар сияқты тобыр тұрады. Донн поэзиясының салтанатты сарайы мүлдем бос, онда бір-бірімен қатарласып, жақын отыру үшін екі адамға ғана арналған орын бар. Сондықтан мен таңертең: "Құдай үшін, үндеме, махаббатыма бер ерік!" — деген жүрек үнін айқын естідім.
Омито өлең жолын бенгалша қайталады.
— Сіз бенгал тілінде өлең жазасыз ба? — деп сұрады Лабонно таңданып.
— Бүгіннен бастап жаза бастаймын ғой деп қорқам. Бұрынғы Омито Рай жаңа Омито Райдың нендей істер істейтінін білмеген де болатын. Ол қазірдің өзінде шайқасқа жұлқынып тұрған тәрізді!
— Шайқасқа ма? Кіммен?
— Әлі дәл білмеймін, бар білерім: әлдебір үлкен, ғажайып іс үшін өмірін құрбан етуге әзір. Ал егер кейін өкінуге тура келсе — несі бар, оған әрқашанда уақыт жеткілікті.
— Егер сіз шынында да өміріңізді құрбан еткіңіз келсе, абайлап істеңіз, — деп күлімсірей сақтандырды Лабонно.
— Маған ол жөнінде айтқаннан пайда жоқ. Мен қандай да бір бүлікке қатыспақшы емеспін. Мен мұсылмандарға да, ағылшындарға да жоламаймын. Ал егер ежелгі ғұрыптардан айырылмайтын, күш қолданудың дағдылы жақтаушының бейкүнә беті бар, күні өткен қаңқасы машинада кетіп бара жатқанын көрсем, мен оның жолына көсе-көлденең тұрып алып: "Шайқасқа шық!" деп айқайлар едім. Сіз ауруханаға жатудың орнына тауға шығып, онда арсыздықпен тәбетін ашатын сол "науқастарды" білесіз.
— Ал егер сол адам сізге қолын бір-ақ сілтеп, әрі қарай берсе ше? — деп күлді Лабонно.
— Онда мен қос қолымды көкке көтеріп: "Бұл біз екеуіміз — бір ана Үндістанның перзентіміз" — деп айқай саламын. Білсеңіз, жүрек аса толқыған кезде, ол шайқасқа шақыра да алады, кешіре де біледі.
Лабонно күліп жіберді.
— Сіз шайқасқа ұмтылатыныңызды айтқанда, — деді ол, — мен қорқып кеткенмін, ал сіз кешірім туралы айтқаныңызда, мен қорқынышты ештеңе жоқ екенін түсіндім.
— Сіз менің өтінішімді орындайсыз ба? — деп сұрады Омито.
— Қандай екеніне қарай.
— Сіз де төбетіңізді жоғалтпақшы екен деп ойламауым үшін серуендеуіңізді доғара тұрыңызшы.
— Жарайды. Болғаны сол ма?
— Келіңіз, ағаш түбінде отырайықшы. Міне, мына жерде, сыңғырлаған жылға үстінде, алуан түсті қына басқан мына тастың үстінде.
Лабонно сағатына қарап:
— Бірақ менің уақытым аз, — деді.
— Уақыттың жетпеуі — өмірдің ең қиын әрі қасіретті проблемасы. Шөл далада жолаушының жарты құмыра ғана суы қалғанда, ол оның құмға төгіліп қалмауын қадағалауға тиіс. Уақыты асып-төгіліп жатқан адам ғана ұқыпты болуы мүмкін. Құдайлардың уақытында шек жоқ, сондықтан ғана күн әрқашан уақытында шығып, уақытында батады. Біздің уақытымыз шектеулі, сондықтан оны ұқыпты болуға ысырап ету кешірілмес ессіздік. Егер өлуді білмейтіндердің біреуі менен: "Жер бетінде не істедің?" — деп сұраса, мен ұяла отырып: "Сағат тілінен көз алмай зырылдап жүріп, өмірде уақыттан басқа да бір нәрсе бар екенін көре алмадым", — деп жауап қайтарамын. Менің сізге осында отыра тұруды ұсынғаным да сондықтан.
Омито оның өзі мақұлдағанның бәрін басқалардың мақұлдайтынына әрқашан кәміл сенімді болатын. Сондықтан оған қарсы шығу қиын еді. Лабонно да келісті.
— Жарайды, отыра тұрайық.
Қалың орманнан шыққан тар соқпақ Кхаси ауылына құлайтын. Шағын сарқырамадан бас алатын кішкене жылға бұл соқпақты елең қылмастан кесіп өтіп, өзінің қалаған жерінен жол таңдау құқығының белгісіндей ұсақ тастар тастап, одан әрі ағып кете баратын. Лабонно мен Омито тас үстіне отырды. Осы бір шағын болса да, терең жерінде су үйдің әйелдер тұратын жағындағы жасыл желектің арғы бойымен биязы қыз сияқты жасырына ағатын. Осы жерде көзге елестеген оңашалық рухы Лабонноны оның өз бетінен пердесін ашқандай қызарып кетуге мәжбүр етті. Ол қысылғанын білдірмеу үшін бір нәрсе айтқысы келді, бірақ ләм-мим дей алмады — айқай салғың келсе де, айқайлай алмайтын түс көргенде осылай болады.
Омито үнсіз отыруға болмайтынын түсінді.
— Білесіз бе, — деді ол, — бізде екі тіл — әдеби тіл мен сөйлесу тілі бар. Бірақ, олардан басқа, тағы да үшінші тіл — күнделікті емес, іскерлік емес, осы жер сияқты түпкірлерге арналған оңаша тіл қажет. Ол сайраған құс үні сияқты, ақын өлеңі сияқты болуға тиіс, ол сәбидің іңгәлегені сияқты емін-еркін құйылып жатуға тиіс. Біздің сол тілді кітаптардан алуға тура келетініміз қандай ұят! Әрбір күлкіміз келген кезде тіс дәрігеріне жүгіруімізге тура келді деп ойлаңызшы! Шынын айтыңыз, Сіз қазір өз сөзіңіздің музыка сияқты естілуін қалайсыз ба?
— Лабонно төмен қарап, үндеген жоқ.
Омито сөзін жалғастырды:
— Шай ішіп отырғанда үнемі ненің орынды, ненің орынсыз екенін ойлауға тура келеді. Бұл жерде әдептілік те, әдепсіздік те жоқ. Ал не істеуіміз керек? Жан дүниеңді жырға қосу ғана қалады. Прозаға тым көп уақыт керек, ал бізде уақыт аз. Егер сіз рұқсат етсеңіз, бастайын.
Лабонноның қысылғанын білдірмеу үшін келісуіне тура келді.
Бастамас бұрын Омито былай деп сұрады:
— Сіз Рабиндранат Тагордың өлеңдерін ұнататын сияқтысыз ғой?
— Иә, ұнатамын.
— Ал мен ұнатпаймын. Сондықтан мені кешірерсіз. Менің өз ақыным бар. Оның поэзиясының жақсы екені сонша, оны оқитындар аз, тіпті оны елеп-ескеріп ұрысушылар да аз. Мен сізге соның өлеңдерін оқып бергім келеді.
— Ал сіздің осынша толғануыңыз неліктен?
— Менің күйінішті тәжірибем бар. Ақындардың ең жақсысын жерден алып, жерге салғанда, біз оны көкке көтереміз. Егер біз оны елемей ауызға алмасақ та, біз бәрібір оны жанымызбен ең жаман теңеулермен марапаттаймыз. Маған ұнаған нәрсе, басқа біреуге ұнамауы мүмкін. Сол үшін мына жер бетінде болып жататын қантөгісті шайқастар қаншама!
— О, мен қантөгісті шайқастарды жақтырмаймын және өз талғамымды ешкімге де күштеп таңбаймын.
— Жақсы айтылды. Олай болса, мен қорықпай бастаймын:
О, жұмбақ жан,
Сен неге менен қашасың,
Сырыңды қашан ашасың?
Мәнін ұқтыңыз ба?
Жұмбақ жанның бұғауы — бұғаулардың ішіндегі ең қорқыныштысы. Мен Жұмбақ жан құпиясының тұтқынымын және оны ұққан кезде ғана азаттық аламын. Мукти, жанның азғындаудан арылуы деген де осы.
Ұйқыға шомып ақ таңда,
Тіршілік мүлгіп жатқанда,
Ашып ем бір сәт көзімді,
Көрдім мен сенің жүзіңді,
Көрдім мен бойды еріткен
Көзіңді — түпсіз шыңырау....
Бүгінге дейін, япыр-ау,
Білмегем сені неліктен?
Адам өзін-өзі ұмытатын жерден асқан қараңғы үңгір жоқ. Біз өмірде байқамаған барлық қазына жан дүниеміздің өзімізді-өзіміз жоғалтқан құпия орындарда жиналып жатыр. Бірақ ешбір түңілмеу керек!
Өзіңді ұғу қиын-ақ!
Қиыстырып табанда,
Құлағыңа сыбырлап,
Жалған сөз айтып, жыбырлап,
Алдауға жоқпын заманда.
Бас имес асау, әрі ынтық,
Жанымды салып безбенге,
Қалдырмай күдік кеудеңде,
Алған соң әбден арылтып,
Шығарам сені жарыққа,
Бөлеймін өшпес даңққа!
Сезіндіңіз бе, қандай батылдық
Қандай күш? Өлеңнің ерлік күш-жігері қандай?
Тек сонда ғана білерсің
Гүл екенін көркіңнің,
Білерсің де, түлерсің,
Саған да сыйлап еркіндік,
Өзім де алам еркіндік.
Сіздердің атақтыларыңыздың ешқайсысында мұндай өлең жоқ! Бұл жай ғана мүмкіндік емес, өмірдің көзге іліге бермейтін шындығының өзі ғой!
Сөйтіп, Лабонноға үңіле қарап, Омито одан әрі жалғастырды:
О, Жұмбақ жан!
Келтіріп кештің нұр сәнін
Күн батар кезде өтінсең,
Қиратып жанның құрсауын,
Кеуденің кірін кетірсем,
Жарқ етіп күн де жағылса —
Санамыз нұрға малынса!
Етсем де құрбан өзімді,
Ұқсам болды Өзіңді,
О, Жұмбақ жан!
Өлеңді оқып болып, Омито Лабонноның қолынан ұстады. Лабонно қолын тартпады. Ол Омитоға қараған күйі үн қатқан жоқ, ал енді ешбір сөздің керегі де жоқ еді. Лабонно уақыт дегеннің не екенін де ұмытты.
ҚҰДАЛЫҚ
VII
Омито Джогомайяға келіп, былай деді:
— Маши-ма, мен құда түсуге келдім. Өтінемін, маған кінә тақпаңыз және бетімді қайтармаңыз.
— Егер күйеу бала ұнаса, келісемін. Ең алдымен, ол кім? Қайда тұрады? Қандай жан?
— Күйеу баланың қадір-қасиеті оның есіміне байланысты емес қой, — деп қарсылық білдірді Омито.
— Амал не, мұндай жағдайда маған тым талапшыл болуыма тура келеді.
— Бұл әділдік емес. Атақ-даңқы жер жарған адамдар үйінде емес, қоғамда ғана жақсы. Олар өз ошағындағы бақытты емес, өз даңқын ғана ойлайды. Олар әйелдеріне өзінің бір бөлшегін ғана бөледі, бұл отбасына жеткіліксіз. Атақты адамдардың некесі — нағыз неке емес, ол көп әйел алушылық сияқты айыптауға лайық.
— Жақсы, күйеу баланың есімін әзірше қоя тұрайық. Ал оның бет-әлпеті қандай?
— Менің бұл туралы айтқым келмейді: әсерлеп айтам ба деп қорқам.
— Менің білуімше таңдағанда екі нәрсе: оның әйгілі есімі үйдегі бақытқа кедергі жасамауы және оның сұлулығы қалыңдықтың сұлулығына көлеңке түсірмеуі маңызды.
— Жарайды, оның есімін де, бет-әлпетін де айтпай-ақ қояйық. Өзге жағын айтайық.
— Өзге жағын жұрттың бәрі күйеу бала үшін ұнамды қасиет деп санайды.
— Ақылды ма?
— Жұртты өзінің ақылды екеніне сендіру үшін жеткілікті.
— Білімді ме?
— Ньютонның өзі сияқты. Ол білім мұхиты жағалауынан не бары бірнеше қиыршық тас алып үлгергенін біледі. Бірақ, Ньютоннан айырмашылығы, өзін сөзінен ұстаудан қорқып, оны мойындауға батылы бармайды.
— Мен күйеу баланың қасиеттері онша көп еместігін байқап тұрмын.
— Аннапуранның мырзалығын білу үшін Шиваның өзі де өзін бейшара деп атап, бұған ешбір ұялмаған.
— Олай болса, күйеу бала жөнінде толығырақ айтып бер.
— Ол өздеріңізге таныс отбасынан. Күйеу баланың аты-жөні — Омито Кумар Рай. Неге күлесіз, тәте? Сіз мұны әзіл деп тұрсыз ба?
— Иә, қымбаттым, сайып келгенде мен мұны әзіл болып шытады деп қорқамын.
— Мұндай күдік күйеу балаға күйе жағады.
— Уһ, күлдіре білу де әжептәуір қасиет!
— Құдайлардың осындай қабілеті бар. Сондықтан да олар күйеу бала болуға жарамайды. Дамаянти осыны түсінген.
— Менің Лабонном саған шынымен ұнай ма?
— Мені қалағаныңызша сынап көріңіз.
— Сынақ біреу-ақ бола алады. Лабонноның өз қолыңда екенін сен жақсы білесің.
— Сөзіңізді анықтап айтыңызшы.
— Мен інжу өзінің қолына арзанға түссе де, оның шын бағасын білетін адамды нағыз зергер деп санаймын.
— Сіз мәселені тым қиындатып отырсыз. Бұл шағын әңгіме психологиялық проблеманы шиленістірумен тең. Іс жүзінде бәрі әлдеқайда оңай: бір адам бір қызды құлай сүйіп, оған үйленгісі келеді. Барлық қадір-қасиетін және кемшіліктерін ескергенде, жас жігітті лайықты деуге болады, қыз туралы сөз етудің де керегі жоқ. Мұндай жағдайларда қалыңдық аналарының жүзі бал-бұл жанып, қуанып кетеді.
— Алаңдама, қымбаттым, барлық қуаныш әлі алда. Лабонно қазірден-ақ сенікі деп ойла. Егер сен оны қазір де сондай күшті тілеп тұрсаң, мен онда сенің Лабонно сияқты қызға лайық екеніңе сенемін.
— Сіз мен сияқты осы заманғы адамды да қайран қалдырып отырсыз.
— Ал сонда немен?
— Жиырмасыншы ғасырда маши-ма қыздарды күйеуге беруден қорқатын сияқты ғой!
— Оның себебі, өткен ғасырда ол күйеуге қыз емес, қуыршақ берген. Ал қазір қыздардың маши-ма үшін ойыншық болғысы келмейді.
— Алаңдамаңыз. Адам қолы жеткенін ешқашан місе тұтпайды, керісінше, олар әрқашанда көбірек қамтып қалғысы келеді. Дәлел үшін айтайын, Омито Рай жер бетіне Лабонноға үйлену үшін келген. Әйтпесе, жансыз зат — менің автомобилімнің сондай бір ақылға сыймайтын жерде және сондай бір қиял жетпейтін қас қағым сәтте осыншалықты ақылға сыймайтын әрекет жасағаны неліктен?
— Қымбаттым-ау, сенің айтқан сөздерің үйленбекші болған адамға жараспайды. Айналып келгенде осының бәрі балалардың ойыны сияқты болып шықпасын.
— О, жоқ, жай ғана менің ойымның өрісі ерекше, соның арқасында ең байсалды ойларымның өзі жеңілтек сөзге айналады. Бірақ бұдан олардың байсалдылығы кемімейді.
Джогомайя таңертеңгі асқа әзірлікті қарауға шығып кетті. Омито біраз уақыт бойы бөлмеден бөлмеге сенделіп жүрді, бірақ көргісі келген адамын таппады. Ол Джотишонкорды ғана көрді және бүгін онымен бірге Шекспирдің "Антоний және Клеопатра" драмасын оқуға тиіс екенін есіне алды. Омитоның бет әлпетін көрген Джотишонкор өзінің ең бірінші борышы бақытсыз жанды аяп, бүгінгі барлық сабақты кейінге қалдыру екенін бірден түсінді.
— Омито, — деді ол, — егер сен қарсы болмасаң, менің бүгін демалып, Шиллонг тауына шыққым келеді.
Омито шынымен қуанып кетті.
— Демалыссыз сабақ оқитындар оқығанын ойына тоқи алмайды, — деп жауап қайтарды ол — Егер сенің демалғың келсе, мені неге қарсы болады деп ойлайсыз? Бұл естелік емес.
— Ал ертең жексенбі ғой. Сенің басқаша ойлауың....
— Жоқ, бауырым! Мен мектеп мұғалімдері сияқты ойламаймын. Мен жексенбіні демалыс күні деп есептемеймін. Белгіленген күні бостандық алып рақаттану — байлаулы тұрған аңды аулау деген сөз. Ешқандай рақат алмайсың.
Омитоның демалыс күнін таңдаудағы бостандықты кенеттен жан сала жақтауының шын себебін аңғарған Джоти көңілденіп сала берді.
— Біраздан бері сен бос күндер жөнінде барған сайын жаңа теориялар шығарып келесің, — деді ол — Өткен жолы да маған бұл туралы тұтас бір лекция оқығансың. Егер осылай кете берсе, мен көп кешікпей бұл істе аса ірі маман болып шығамын.
— Өткен жолы мен бұл туралы не айтып едім?
— Сен: "Рұқсат етілмеген нәрсеге құлшыныс — асқан зор ізгілік. Мұндай құлшыныс пайда болғанда, кібіртіктемеу керек", — дегенсің. Осы сөздерді айтып, сен кітапты жаптың да, іркілмей кетіп қалдың. Сірә, сыртта рұқсат етілмеген бір нәрсе болса керек, тек қана оны мен байқамай қалдым.
Джотидің жиырмаға толуына әлі көп уақыт бар еді. Омитоның жан дүниесіндегі тебіреніс оны да толғантты. Осы кезге дейін ол Лабонноны мұғалима деп қана білетін, ал енді Омитоның арқасында оның әйел екенін аңғарды.
— Әкбар бейнеленген алтын теңге сияқты бағаланатын ақыл-кеңес бар. Ол, міне, мынандай: "Іс болған кезде, оған әрқашан әзір болу керек". Бірақ сырт жағына былай деп ойып жазу керек: "Еріккендік шайқасқа шақырса, оның шақыруын ерлікпен қабылда" — көңілдене жауап қатты Омито.
— Түсінікті. Соңғы күндерде сенің ерлігіңе көзім жетті менің!
Омито Джотидің арқасынан қақты.
— Сенің өміріңнің күнтізбесінде кіршіксіз аштами туған кезде дереу әйел құдайға құрмет жаса, ол үшін барлық шұғыл істеріңді құрбан ет. Өйткені одан кейін бірден жеңімпаз дашами келеді.
Джоти шығып кетті. Жан-жақты еліктіру рухы жайлап алды, бірақ оны ырқына жіберген нәрсе көрінбейді. Омито баққа шықты.
Шырмала өскен бұтақтар раушан гүлге тұнып тұр. Соқпақтың бір жағында күнбағыс өсіп, екінші жағында, ағаштан төрт бұрышты етіп жасалған көгалдарда хризантема гүл шашып, айды еске салғандай. Жазық көгалдың арғы түпкірінде зәулім эвкалипт асқақтап тұр. Осы ағаштың түбінде, оның діңіне сүйеніп, күлгін түсті сафи оранған Лабонно отыр. Таңертеңгі күн оның аяқтарына сәулесін төгіп тұр. Оның тізесіне нан түйіршіктері мен шағылған грек жаңғақтары салынған орамал жайылыпты. Ол таңертеңнен бастап тиіндерге жем бермекші болған, бірақ оны есінен шығарған. Омито келіп, оның алдына тоқтады. Лабонно басын көтерді. Омито қарсысына отырды.
— Менің жақсы хабарым бар, — деді ол, — мен сенің маши-маңмен келісіп алдым.
Лабонно жауап қатпай, шағылған жаңғақты жемісі жоқ шабдалы ағашының түбіне тастап еді, оның діңінен тиін жүгіріп түсті. Бұл Лабонноның қамқорлығындағы көп жануардың бірі болатын.
— Егер сен қарсы болмасаң, мен саған ерекше есім ойлап табайын, — деді тағы да Омито.
— Таба ғой.
— Мен сені Орман Бонносы деп атайтын боламын.
— Бонно?!
— Жо-жоқ, бұл саған мүлде сай келмейді. Мұндай есім маған ғана жарасымды. Мен сені Бонно-тасқын деп атайтын боламын. Бұған не айтасыз?
— Несі бар, атай бер, бірақ тәтемнің алдында айтпа.
— Әрине, айтпаймын. Бұл кесім маистра сияқты, ол білетін адамдарға ғана, мені мен сенің құлағымызға ғана арналған.
— Жарайды, солай болсын.
— Маған да басқа есім керек. Сен Брахмапухраға қалай қарайсың? Оған кенеттен Тасқын-Бонне құйылады да, жағасына дейін мүимілдеп тұрады.
— Әрбір күн үшін тым ауыр есім.
— Дұрыс айтасың. Оны көтеріп жүру үшін құл жалдауға тура келеді. Онда маған өзің ат ойлап тап. Оны өзің жасайтын бол.
— Жақсы, мен де сенің есіміңді ықшамдап, сені Мита-Друс деп атайтын боламын.
— Керемет! Өлеңде бұл сөз "жолдас" деп естіледі. Ал сен мені жұрттың көзінше неге солай деп атамайсың? Мұның несі жаман?
— Біреу үшін қымбат тұратын нәрсе басқа біреулер үшін арзан болып көріне ме деп қорқам.
— М-м, тегінде, сенің айтқаның дұрыс. Тыңдашы, Бонне!
— Не, Мита?
— Егер мен дастан жазсам, сенің есіміңе менің қандай эпитет қоятынымды білесің бе? Теңдесі жоқ.
— Бұл нені білдіреді?
— Ал сен қандай болсаң, сондайсың — басқа ештеңе де емес.
— Мұнда таңданарлық еш нәрсе жоқ.
— Сен қалайша бұлай дей аласың! Керісінше, өте таңғаларлық. Тағдыр айдап, мен бір адамды жолықтырамын да, қайран қалатыным сонша: "Ол тек өзіне ғана ұқсайды, басқа ешкімге де ұқсамайды!" — деп айқай салмай тұра алмаймын. Менің өз дастанымда не айтқанымды білесің бе?
О, Бонне, сұлулығыңды ешкім кем демес,
Сондықтан да саған ешкім тең келмес!
— Сірә, сен өлең жазбақшы болып жүрген шығарсың?
— Ал неге жазбаймын? Кім маған бөгет бола алады?
— Осыншама тайынбас батылдық қайдан келді?
— Қазір түсіндіремін. Бүгін түнде мен екі жарымға дейін ұйықтай алмадым да, бір жағымнан екінші жағыма аунақшудың орнына бір оксфорд жинағының беттерін парақтап шықтым.
Сөйтіп, одан мен бұрын қадам басқан сайын өзім кездестіретін махаббат туралы өлеңдерді таба алмадым. Сонда барып мен ондай өлеңдерді әлемнің менен күтетінін ұқтым.
Ол Лабонноның қолынан ұстап тұрып, сөзін жалғастырды:
— Менің қолым бос емес, қолыммен қарындашты қайтіп ұстамақшымын? Ең жақсы ұйқас — қолдың қолға түйісуі. Сенің саусақтарың — олар менің саусақтарыммен қалай сыбырласып жатқанын қарашы! Бірде-бір ақын бұдан көркем де қарапайым жаза алмайды.
— Ой, Мита, сен сондай ұғынықты айтасың, сондай талапшылсың, мен қорқам тіпті!
— Бірақ менің не айтып тұрғаным жөнінде ойлан. Рама Ситаның тазалығын отпен, кәдімгі оттың жалынымен сынап көрмекші болды да, одан айырылып қалды. Поэзияның тазалығы да отпен, бірақ жан жалынымен сынақтан өткізіледі. Ал жанында жалыны жоқ жан өлеңді немен сыннан өткізбек? Оның басқа адамдардың сөздеріне сенуіне тура келеді, ал олар көбінесе жалған болып шығады. Қазір менің жүрегім жалын атып тұр. Мен сол жалынның жарығымен бұрын оқығанымның бәрін қайта оқып шығамын. Ал одан қалатыны қандай аз. Олардың бәрі дерлік жанып, күлге айналады. Бүгін ақындардың осы у-шу тобырына менің былай деуіме тура келеді: "Ауыздарыңды жабыңдар, айқайламаңдар! Бірден-бір дұрыс:
"Құдай үшін, үндеме, махаббатыма бер ерік!" деген сөздерді жайлап айтыңдар.
Олар үндемей ұзақ отырды, сонан соң Омито Лабонноның қолын көтеріп, онымен өзінің бетін жаймен сипап өтті.
— Ойлашы, Бонне, — деп сабақтады сөзін ол, — осы таңда, дәл осы сәтте бақытқа құштар адамдар қандай көп және оны алушылар қандай аз. Мен сол азын-аулақтардың бірімін. Ал сол бақытты адамды бүкіл жер бетінде Шиллонг тауының баурайындағы осы бір эвкалипт түбінде тек бір өзің ғана көріп отырсың. Жер бетіндегі ең керемет нәрселер ұялшақ, олар адам көзіне түсуден қашады. Ал енді әлде бір саясатқұмарлар әлдебір жерде, Калькуттадағы Голдигхи мен Читтагонгтегі Ноакхали арасында айдалаға жұдырық түйіп айқайлап қоқан-лоққы жасағанда және бостан-босқа тіл безегенде, ол туралы хабар бүкіл Бенгалға таралып, ең қызықты болып есептеледі.... Бірақ кім білсін, ол жақсылыққа бастауы да мүмкін ғой!
— Жақсылыққа не бастамақ?
— Көз көрмейтін тамаша нәрсе өмір жолдарымен кезіп жүріп, тобырдың бейшара назарынан солып қалмайтын нәрсе. Бүкіл әлемнің жан-тіршілігі осы даналық. Бірақ саған не болды? Сен мүлде үндемейсің және бір нәрсені ойлап отырсың? Ол не?
Лабонно басын көтермей отырып қалды және еш жауап қайтарған жоқ.
— Маған, — деді Омито, — сен менің айтқандарыма елең етпеген де сияқтысың.
Лабонно көзін көтерместен:
— Сен айтқан сөздерді тыңдағанда, Мита, мен қорқып кетемін, — деді.
— Сонда неден қорқасың?
— Мен сенің менен не тілейтініңді, ал менің саған не бере алатынымды түсіне алмаймын.
— Сенің тартуың оны ойланбай беруіңмен құнды.
— Сен маши-ма келісім берді деген кезде менің бойымды тұтқында қалу, қақпанға түсу жөніндегі сұмдық қорқыныш билеп алды.
— Сен маған тұтқынға түсесің!
— Мита, сен менен әлдеқайда ақылдысың, сенің талғамың да нәзіктірек. Егер мен сенімен бір жолмен жүрсем, менің сенен қалып қоятын кезім келеді, сонда сен бұрылып қарамайсың және мені шақырмайсың. Сол кезде мен сені кінәлайтын боламын. Жоқ, ештеңе айтпа, ең алдымен тыңдап ал! Сенен өтінерім, үйленуден бас тартшы. Егер тойдан кейін түйін түйілсе, ол тек қатты тартылады. Маған сенен алғаным да жетіп жатыр. Мен оны бүкіл өмірімде ұмытпаймын. Ал қазір бір ғана сұрайтыным: өзіңді өзің алдамашы!
— Бонне, сен бүгінгі күннің мырзалығын ертеңгі сараңдыққа неліктен жатқызып отырсың?
— Мита, сен маған шындықты айтуға күш бердің. Менің айтқаныма сенің өзің де жан түкпіріңде келісіп отырсың. Сен оны мойындағың келмейді, өз қуанышыңды күдік көлеңкесінің өзі де күңгірттендіріп жібереді деп қорқасың. Бірақ сен отбасымен қанағаттанатындарға жатпайсың. Сен жаныңның шөлін басатын әлдебір жаңалықты үнемі іздейсің де жүресің. Сондықтан сен бір ел әдебиетінен екінші ед әдебиетіне ұмтыласың, сенің маған келтенің де содан. Саған шынын айтайын ба? Сен некеге тұрудың, бір жолы өзің айтқандай, "тұрпайы" екеніне жан-тәніңмен сенесің. Неке тым әдепті, ол қасиетті дұғаны күбірлеп, жұмсақ көпшіктерді жастанып жататын және әйелін жиһаз немесе үй жануары сияқты өз меншігім деп санайтын адамдарға арналған.
— Бонне, сен мейлінше нәзік үнмен ең қатаң нәрселерді айта білесің.
— Мита, менің сені сүйетінім сонша, сені қателесуге жібермейтінімдей қатыгез боламын. Өзің қандай болсаң, сондай болып және де мені қалағаныңша сүйе бер, бірақ өзіңе ешқандай міндеттеме қабылдама — сонда мен де бақытты боламын.
— Ал енді маған сөз бер! Сен менің мінезімді қандай ғажайып суреттеп бердің! Мен қарсы болмаймын. Бірақ сен бір нәрседен қателестің. Тіпті адам мінезі де өзгереді. Үй жануары сияқты, ол бұғаумен байлап-матаулы және қозғала алмайды. Бірақ бір тамаша күнде күтпеген бақыттың тегеурінімен бұғау үзіледі де, ол еркіндікке, орманға ұмтылады — сонда мінез мүлде басқа болады.
— Ал қазір сенің мінезің қандай?
— Қазір мен өзіме-өзім ұқсамаймын. Бұрын менің адамдар танысып, бірін-бірі біліспей кететін қара көдеңке шамдар ғажайып жарық шашып тұрғанда қоғамдық өмірдің жып-жылтыр қиылыстарында көптеген қыздармен кездесуіме тура келген еді. Өзің айтшы, Бонне, біздің кездесуіміз соларға ұқсай ма?
Лабонно жауап қатқан жоқ. Омито сөзін жалғастырды:
— Екі жұлдыз бір-бірімен едәуір қашықтықтан амандасып өз жолымен жүре береді. Екі жұлдыз арасында өзара тартылыс бар да, бірақ қол жетпес құштарлық болмайтын әдепті әрі бейкүнә заң. Ал кенеттен оларға соққы тиіп, олардың жарығы өшеді, сөйтіп олар бір жарық жалын болып жарқ ету үшін қосылып кетеді делік! Омито Райды өртеген, міне, сондай жалын. Бұл жұлдыздарда ғана емес, адамдарда да болады. Олардың өмірі толассыз тасқын сияқты, ал іс жүзінде ол кездейсоқтықтар тізбесі. Жасампаздық күтілмеген дүмпулер, сілкіністер арқылы, тез ырғақпен жүреді — өйткені бір дәуір екіншісін ауыстырады. Бонне, сен менің өмірімнің ырғағын бұздың, сөйтіп жаңа ырғақта сенің үнің мен менің үнім қосылып кетті!
Лабонноның жанары жасаурап тұр еді. Бірақ ол Омитоның ақыл-ойы әдеби тұрғыда қалыптасқан, оның әрбір алған әсері жаңадан сөз тасқынын туғызады деген ойдан арыла алмады. Бұл дарынды оған өмірдің өзі тарту еткен, ол содан қуаныш табады. "Мен оған сондықтан да керекпін-ау! Құдайым, маған оның мүлгіп қалған сезім сеңін ерітетін жылу бере гөр!" — деп ойлады Лабонно.
Олар тіл қатыспай біраз отырды. Кенеттен Лабонно былай деп сұрады:
— Қалай ойлайсың, Мита, Тәж Махал салынып біткен кезде, сол күні Шах Жаһан Мумтаздың өліміне қуанды ма? Өйткені өзінің арманын мәңгілік ету үшін оның өлгені қажет болды ғой! Оның өлімі — Мумтаз махаббатының асқан зор тартуы. Тәж Махалда Шax Жаһанның қайғысы емес, қуанышы бейнеленген.
— Сен мені әрқашан қайран қалдырып келесің, — деді Омито. — Сен нағыз ақынсың.
— Мен ақын болған емеспін, болмаймын да.
— Неге?
— Өмір отымен сөз шашып тұтатқым келмейді. Сөз өмір мерекеленетін залды көркемдеуге бұйрық алғандар үшін жақсы. Мемің өмір отым өмірлік істерге арналған.
Сен сөзді теріске шығарасың ба, Бонне? Өз сөздеріңнің мені алғандырғанын көрмей отырсың ба? Айтқан сөздеріңде қандай күш барын сенің өзің де білмейсің! Мен Нибарон Чокробортиді тағы шақыруға тура келетінін сезініп отырмын. Осы бір есімді жиі қайталау сені ызаландыра ма, не істерсің? Бұл адам — менің ең қастерлі ойларымның сақтаушысы! Нибарон әлі қартайған жоқ жөне әлі де өзін-өзі ығыр қылмаған жан. Ол дастан жазған әрбір жолы оған бұл өзінің түңғыш дастаны сияқты көрінеді. Жақында мен оның қойын кітапшасын ақтарып отырып, одан жаңа өлеңдер і ауып алдым. Бұл — сарқырама туралы өлеңдер. Ал бірақ Шиллонг тауынан менің де өз сарқырамамды тапқанымды ол қайдан білген? Міне, тыңдашы:
О, Сарқырама, құлдилап,
Тамшыңды мөлдір шашады,
Күн де, Ай да той тойлап,
Әнін шырқап жатады.
Егер менің өзім жазсам, сені бұдан дұрыс суреттей алмас ем. Сенің жаныңның мөлдірлігі сонша, онда аспан арнайы нұр шашып тұр. Сол арайды мен сенің жүзіңнен, күлкіңнен, сөздеріңнен, сенің жайбарақат отырысыңнан, сенің жолда келе жатқан жүрісіңнен де көремін.
Көлеңкең болып енейін,
Ағыныңа, көліңе,
Жүрісің болып енейің,
Үнің, күлкің, әуенің
Тұншықтырсын мені де!
Сен сарқырамасың.
Сен өмір ағынымен жүріп қана қоймайсың, сенің жүрісіңнің өзі оң. Сен жеп-жеңіл басып, секіріп-секіріп өткенде, мызғымас ауыр тастардың өздері де саған қосылып әндетіп кетеді.
Көлеңкем сендік бастауда
Жанның тауып жасымын,
Асқақтап кеткен аспанға,
Қыран боп самғап ұшқанда,
Жалындап жансың ақының.
Әрбір сәт, әрбір сағатың
Жадырап жаным жанатын,
Қуаныш болып арқыра,
Тап-таза тамшың бақ-үйім,
Көтерсін көркем ән-үнін,
Мен сені содан таниын,
Сарқырама, сарқыра!
Лабонна сәл жымиды:
— Көлеңке деген небәрі көлеңке ғой, оны арай да, әуен де ірке алмайды.
— Бәлкім, бәрі жоқ болған кезде сен менің әдемі сөздерім қалатынын білерсің.
— Қайда? — деп күлді Лабонно. — Нибарон Чокробортидің дәптерінде ме?
— Олай болмағанда ше? Менің жан түкпірімде буырқанып жатқан тасқынды Нибаронның фонтанынан ғана тауып, басқа еш жерден таба алмаспын.
Қызметші келіп таңертеңгі астың дайын екенін айтты.
Үйге бара жатқанда Омито мынандай ойға кетті: "Лабонно анықтықты керек етеді, оған бүкіл парасат сәулесін жарқырата ашу керек, сонда ол өзін-өзі алдау үйреншікті болатын жерде де өзін-өзі алдай алмас! Оның айтқандарын менің өзім де теріске шығара алмаймын. Жұрт ең қастерлі нәрсесінен алданыш іздейді. Біреулер оны өз өмірінде табады, басқа біреулер бірде өмірге жақындап, бірде не толқын болып жағаны соғатын, не қайтып басылатын өзен сияқты одан алыстайтын шығармаларынан табады. Ал мен ше? Менің туындыларымның тасқыны мені өмірге соқтырмай қалайша ықтырып әкетпек? Еркектер мен әйелдер арасындағы айырма осында емес пе екен? Еркектер бар күшін салып, жаңа нәрселер жасайды, ал сол жаңалық одан әрі даму үшін өзі төңкеріп тастауға асығады. Әйелдер, керісінше, өздерінің күшін сақтап, ескіні сақтап қалу үшін жаңа нәрсенің пайда болуына кедергі жасайды. Сондықтан жаңалық өзінің жолына бөгет болатын ескілікке рақымсыз. Бұлай болатыны неліктен? Өйткені ертелі-кеш олар қақтығыспай қоймайды ғой! Жанасу неғұрлым көгі болса, жаулық та соғұрлым ымырасыз болмақ. Сірә, біз үшін де бақыттың үлкені бірігуде емес, бостандықта шығар".
Осы ойлар Омитоны азапқа салды, бірақ ол бұл ойлармен келісе алмады.
ЛАБОННОНЫҢ ДӘЛЕЛДЕРІ
VIII
Лабонно, сүйіктім, сен қателескен жоқсың ба? — деп сұрады Джогомайя.
— Жоқ, қателескен жоқпын.
— Менің білуімше, Омито — тым бірбеткей жігіт, мен оны сонысы үшін ұнатамын. Қарашы, ол өзіне-өзі ие бола алмайды ғой. Қолынан бәрі судырап түсіп жатады.
— Егер ол бәрін ұстап тұра алатын болса, егер оның қолынан ештеңе түспейтін болса, міне, сонда таңырқарлық болар еді, — деп күлімсірей жауап қатты Лабонно. — Әйтпесе ол оңай қол жеткізетін нәрседен бас тартады, не алғанын жоғалтып алады. Қол жеткенді сақтау оның мінезіне тон емес.
— Шынын айтқанда, қымбаттым, маған оның балалық қылығы ұнайды.
— Аналар мен маши-малардың бәрі осындай. Қамқорлық пен әбігерлікті олар өз мойнына алады да, балаларының үлесіне еркелік қана қалады. Бірақ сенің осы ауыртпалықты менің өз мойныма алуыма өмір етегінің неліктен? Мен оны көтере аламын ба?
— Оның қалай тыншып қалғанын көріп отырсың ғой, Лабонно, бұрын ол сондай екпінді де асау болатын! Мені онысы тіпті тебірентіп жіберді. Не десең де, ол сені сүйеді.
— Иә, сүйеді.
— Онда сен неге уайымға салынасың?
— Мен оны зорлағым келмейді.
— Лабонно, махаббат әрқашанда қалай дегенмен зорлыққа ұмтылады және оны қолдап отырады.
— Бірақ бәрінің де шегі бар емес пе! Жанды зорлауға болмайды ғой! Мен махаббат туралы қанша оқысам да, маған әрқашанда біреудің екіншісін ол қандай болса, сол күйінде қабылдағысы келмей, оны өз өлшемімен өзгертуге, оның ерік-жігерін тұншықтыруға тырысатын кезде махаббаттың қасіреті басталатын тәрізді.
— Қымбаттым-ау, отбасында бір-біріне ықпал жасамайтын ерлі-зайыпты болмайды. Сүйіспеншілік бар жерде ол оңай болады, ал сүйіспеншілік жоқ жерде зорлық-зомбылық сенің айтқаныңдай қасіретке душар етеді.
— Біз отбасы үшін жаралған еркек жайында айтып отырған жоқпыз.
Ондай еркек балшық сияқты: одан өмір өзіне не керегін соғып алады. Ал еркектің мінезі қатты болса, оның өз дағдылары мен бейімдіктерінен, өзінің жеке қасиеттерінен бас тартуы екіталай. Егер әйел мұны түсінбесе, ол неғұрлым көп талап етеді де, соғұрлым аз алады. Егер еркек мұны түсінбесе, ол неғұрлым көп талап етеді де, оның жүрегіне билігін соғұрлым тез жоғалтады. Сондықтан да мен былай деп ойлаймын: біз күйеуімізге қолымызды берген кезде, бізге кісен салуы өте жиі кездеседі.
— Ал саған не керек Лабонно?
— Мен күйеуге тиіп өзімді бақытсыз еткім келмейді. Отбасының күйбеңі жұрттың бәріне арналмаған. Басқа адамнан оның әлдебір бөлігін ғана қабылдауға қабілетті адамдар бар. Ал оның бер жағында отбасы тіршілігінің торына шырмалған еркек пен әйелдің жақындасып кететіні сонша, басқа адаммен әлдебір тұтас, өз бойында бар нәрсенің бәрімен істес болуға көнеді. Сонда олардың арасында кішкене сызат та қалмайды, олардың біреуінің екіншісінен өзінің еш нәрсесін де жасыруға шамасы келмейтіні сондықтан.
— Лабонно, сен өзіңді-өзің білмейсің! Сенде басқа біреу қабылдай алмайтын еш нәрсе жоқ.
— Бірақ ол мені осындай деп ойламайды ғой! Маған ол менің бар болмысымды кәдуілгі, қарапайым қыз екенімді көріп-білмейтін тәрізді. Мен оның жан дүниесіне тисем болды, ол соз тасқынын селдете жөнеледі. Ол мені ойлап тапқан. Оның ойы шаршап, сөзі таусылған кезде, ол менің тіпті де өзі ойлағандай емес екенімді көреді, міне, сонда бәрі де бос әуре болып шығады. Адам үйленген кезде ол басқа адамды қандай болса, сол күйінде алуға тиіс, өйткені кейіннен оны өзгерту қиын болады.
— Омито сен сияқты қызды қабылдай алмайды деп ойлайсың ба?
— Егер өзі өзгерсе, қабылдай алады. Бірақ оған өзгерудің керегі не? Маған оның өзгергені керек емес.
— Ал саған не керек?
— Мен ол үшін мүмкіндігінше ұзақ уақыт бойы арман, оның айтқан сөздерінің туындысы, оның қиял ойыны болып қалғым келмеді. Ал менің мұны арман деп атайтыным неліктен? Егер мен осындай болып көрінсем, бұл — менің қайта тууым, жаңа өмірім! Бұл бейне оның ойы аясынан көбелек сияқты бір күнге болса да жарқырап ұша берсін. Несі жаман? Көбелектің басқа да ірі жәндіктен несі жаман? Ол күн шыға туып, күн бата өле берсін, онда тұрған не бар? Бұл — тек қана уақыт аз, ол оны бекерге жоғалтпау керек деген сөз.
— Ал, жақсы сен Омито үшін өтіп кетер армансың ғана делікші! Ал сенің жайың не болады? Немене, сенің күйеуге шыққың келмей ме? Саған Омито да арман, алдамшы үміт пе?
Лабонно ләм-мим демей, үнсіз отыр.
— Сөйлеген кезінде, — деп сөзін жалғастырды Джогомайя, — сенің көп оқығаның бірден-ақ көрінеді. Мен олай ойлап, олай майымдай білмеймін. Мүмкін, ең керек кездің өзінде де мен сен сияқты бекем бола алмаспын. Бірақ мен сенің бүкіл ой-пікіріңді түкпір-түкпіріне дейін біліп алдым, қымбаттым. Бірде түн ортасына қарай сенің бөлмеңде шам жанып тұрғанын байқадым. Кіріп едім, сенің үстелге сүйеніп, бетіңді қолыңмен басып жылап отырғаныңды көрдім. Ол кезде сен философияға салынып отырғансың. Бастапқыда жаныңа барып, жұбатқым келді, бірақ сонан соң қай қыздың да жылауы керек болатын кезі келеді, сол кезде отан бөгет жасамаған жөн деп ойладым. Сенің ақыл-парасатпен емес, жан-жүрегіңмен сүйгің келетінін жақсы білемін. Сен жаныңды біреуге арнамасаң өмір сүре алмайсың. Сондықтан да саған айтарым: сен онымен бірге болуға тиіссің! Өзіңді тым асығыс уәделермен байлап-матап тастама. Мен сенің қайсарлығыңнан қорқамын, — егер ойыңа бір нәрсе оралса, сені айныту қиын.
Лабонно жауап қатпады. Ол төмен қарап, неге екені белгісіз, сафиінің тізесінде жатқан шетін бірде умаждап, бірде тегістеп отыра берді.
— Сен сияқтыларды көргенімде, — деп қайтадан бастады сөзін Джогомайя, — маған сендердің ақыл-ойларың кітап оқудан және ойға берілуден тым нәзік болып кеткен сияқты көрінеді де тұрады. Сендер өздеріңе біздің жердегі өмірімізбен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын ғажайып дүние ойлап тауып алдыңдар. Сендер ендігі жерде, бейнебір тон ет пен сүйектен жаратылғандай, оны көктей өтетін парасат сәулесінсіз тіршілік ете алмайсыңдар. Біз өз кезімізде бұл жолдарды мүлде білмейтінбіз, бірақ біздің қарапайым сезімдеріміз үшін қуаныш-қайғылар мен ойландыратын себептер онсыз да жетіп жататын. Ал қазір сендердің соншама мәселелер тауып алып, оларды әсірелейтіндерің сонша, сендерге бәрі де тым күрделі болып көрінеді.
Лабонноның жүзіне күлкі үйірілді. Жуырда ғана Омито Джогомайяға көзге көрінбейтін сәуле туралы айтқан-ды — міне, ол түсінген болып шықты. Бұл оның талғампаздығын көрсетті. Сірә, Джогомайяның анасы бұл ойды түсіне алмас еді.
— Адамның ақыл-ойы сынаптай сырғыған сайын, уақыттың құпиясына неғұрлым терең бойлаған сайын, оның тағдыр соққыларына төтеп беруі соғұрлым жеңіл болады, — деді Лабонно. — Қараңғы түнектен қорқуға сол түнектің беймәлім екендігінен де төземіз.
— Маған қазір, — деді Джогомайя, — сендердің кездеспегендерің жақсы болатын сияқты көрінеді.
— Жо-жоқ, олай деме! Мен бәрінің басқаша болуы мүмкін еместігін көз алдыма елестете де алмаймын. Бір кезде мен өзімді ешқашан оянбай, бүкіл өмірін кітап оқып, емтихан тапсырумен өтетін шығар деп ойлайтынмын. Ал енді кенеттен сүйе білетінімді аңғардым. Мүмкін емес нәрсе мүмкін болып шықты, осының өзі де өте коп нәрсе ғой. Мен бұрын өзім не бары көлеңке болып, ал енді тірі жанға айналған сияқтымын. Менің басқа қандай тілегім болмақ? Тек қана менен күйеуге шық деп өтінбеңізші!
Осы сөздерді айтып, Лабонно орындықтан сырғып түсіп, бетін Джогомайяның тізесіне басып, жылап жіберді.
КӨШУ
IX
Омитоның Калькуттаға екі аптадан кейін қайтып келетініне бастапқыда жұрттың бәрі сенімді еді. Норен Миттер тіпті Омитоның Шиллонгіде бір апта да болмайтынына бәс тіккен. Бірақ бір ай өтті, екі ай өтті, ал қайтып келу жайында соз болған да жоқ. Омитоның үйді жалдау мерзімі бітіп, оған Рангпурдан келген заминар кіріп алды. Көп іздестіргеннен кейін Омито өзіне Джогомайяның үйіне жақын жерден тұрғын жай тауып алудың сәті түсті. Бір кезде онда не бір бақташы, не бір бағбан тұрып, сонан соң қарапайым болса да, тәп-тәуір коттедж түріне келтіріпті. Клерк қайтыс болып, енді жесірі коттеджді жалға беріпті. Оның терезелері мен есіктерінің аз екендігі сонша, ішіне жылу мен жарық түсу, ауа кіруі аз болатын, оның есесіне жаңбырлы күндерде сансыз көп саңылаулардан су саулап ағып тұратын.
Омито бөлмесінің жағдайы қандай екенін көргенде Джогомайя қайран қалды.
— Досым-ау, сен өзіңді не үшін жазалап жүрсің? — деп дауыстап жіберді.
— Сопылық жасау көптен бері ойымда жүрген еді, — деп жауап қайырды Омито. — Ақырында, ол жапырақ жеуден де қалды. Мен өзімді жайлы жағдайдан айырып, сопылық жасадым. Әуелі мен кереуеттен, одан соң диваннан, содан соң үстелден, сосын орындықтардан бас тарттым, сөйтіп, міне, жалаңаш торт қабырғаның ішінде қалдым. Сопылық Ой Гималайда туған еді, ал менікі Шиллонг тауында туды. Онда қалыңдық жігітімен кездесуге құштар болды, ал мұнда жігіт қалыңдығымен кездесуге ынтық. Онда Нарада құда болса, мұнда — өзіңіз. Ал егер ақыр аяғында мұнда Калидаса келмесе, оның еңбегін өз мойныма алуыма тура келеді.
Омито көңілденіп сөйлесе де, Джогомайя мұңайып қалды. Ол оны үйіне көшуді ұсынуға сол қалып, өзін-өзі тежеді. "Егер жаратушымыз әлдене ойласа, біздің араласпауымыз керек, әйтпесе кейін шешуге болмайтын түйін түйіліп қалар", — деп ойлады Джогомайя. Ол Омитоға анау-мынау заттар жіберді және бейшараға бұрынғыдан да көп аяушылық білдірді. Лабонноға ол: "Байқа, сүйіктім, жүрегің тасқа айналып жүрмесін!" — деп қайталай берді.
Бір жолы, қатты нөсерден кейін, Джогомайя Омитоны көруге келді. Ол келгенде Омито орнықсыз үстел астында жүн көрпеге оранып, ағылшын кітабын құныға оқып отыр екен. Бөлмесінің барлық жерінен су тамып тұрғанын көрген Омито өзіне үстел астынан пана жасап алып, мүмкін болғанша жайғасып алыпты. Әуелі ол өзін келеке қылды, ал сонан соң рақаттана өлең оқи бастады. Оның жүрегі Джогомайяның үйіне ұмтылғанмен, тәні оның ізіне ере алмады. Мұның барлық себебі — Омитоның Калькуттада өзіне мүлде керегі жоқ, өте қымбат тұратын плащ сатып алып, оны өзіне үнемі қажет болатын осы жерге әкелуді ұмытқаны еді. Рас, ол қолшатырын әкелген, бірақ оны, сірә, қазір жаны ынтығып отырған жерде ұмытып қалдырса керек немесе кәрі деодар түбінде тастап кеткен болар.
— Не болды, Омито? — деп дауыстап жіберді Джогомайя бөлмеге кіре бергенде.
— Бүгін менің бөлмем қалтырап түр, оның жайы менікінен жақсы емес.
— Қалтырап тұр дейсің бе?
— Басқаша айтқанда, менің үйімнің төбесі Үндістанға өте ұқсайды. Онда тұтастық тым аз, яғни тесік өте көп. Ол дүлей зілзалаға ұшырағанда, ол көз жасының көліне айналады, ал жол соққан кезде күрсініс болып шығады. Оған қарсылық белгісі ретінде мен басыма жаппай берекесіздік пен бейбастақтық арасында бұлжымайтын заңдылық үлгісін шымылдық етіп көтердім. Бәрі де саясаттың негізгі қағидаттарына сәйкес келеді.
— Ол қандай қағидаттар?
— Олардың мәні өз үйінде тұрмайтын құдіреті күшті қожайыннан гөрі оның үйін тұрғындар әлдеқайда жақсы тәртіпке келтіретіндігінде болып табылады.
Сол күні Джогомайя Лабонноға қатты ашуланды. Ол Омитоға неғұрлым жақындасқан сайын, оны соғұрлым жоғары бағалай берді. "Оның білімі қандай, ақылы қандай, өзін-өзі ұстауы қандай және оның үстіне емін-еркін жүріс-тұрысы қандай! Ал қалай сөйлейді! Келбетіне қарасаң, ол, меніңше, Лабоннодан да әдемі. Егер Омито сүйсінте білсе, оның маңдайынан бақыт жұлдызы жанып туғаны анық. Ал осындай ғажайып жігітті Лабонно азапқа салып отыр ғой! Еш себепсіз оған күйеуге шықпайтынын жариялайды, бейнебір өзі әлдеқандай ханшайым сияқты және өзі үшін қызыл кеңірдек болып айтыспау керек тәрізді! Мұндай адам шыдамсыз өркөкіректік қайдан шыққан? Ұнамсыз қыз, ол әлі жылайтын болады...."
Бастапқыда Догомайя Омитоны машинасына мінгізіп оз үйіне әкеткісі келді, бірақ одан кейін басқаша шешті.
— Сол шыда, қымбаттым, мен көп кешікпей қайтып келемін, — деді ол
Үйіне келген соң ол Лабонноның аяғына шәлі жамылып, диванда Горькийдің "Анасын" оқып отырғанын көрді. Оның қалай жақсы жайғасып алғанын көргенде, Джогомайяның ашуы бұрынғысынан да қайнап кетті.
— Менімен жүрші, сейілдеп келейік, — деп ұсыныс жасады ол.
Ал Лабонно:
— Мен бүгін бір түрлі сыртқа шыққым келмей отыр, — деп жауап қайырды.
Лабонноның өзін-өзі ұмыту үшін қолына кітап алғанын Джогомайя қайдан білсін. Таңертеңгі астан кейін ол үнемі Омитоның келуін мазасызданып күтті. Оның аяқ тысыры естілгендей болды да тұрды. Сыртта үздіге соққан жел екпінінен қарағайлар теңселіп, шулап тұр, ал нөсер туғызған жаңбыр суының ағыны оз өмірінің өткінші мерзімінен асығыс озғысы келгендей әлдеқайда аптыға ағып жатыр. Лабонноның барлық кедергілерді күйретіп, бүкіл күдіктен арылғысы, Омитоның қос қолынан ұстап: "Мен мәңгілік сендікпін!" — дегісі келді.
Бүгін бұл мойындау оңай болар еді. Бүгін аспанның өзі жан ұшыра айқай салып, оған орман үн қосып тұр. Жаңбыр шымылдығына оранған тау шыңдары осы айқайды қалт жібермей тыңдайды. Ол келіп, Лабонноның айтқанын нақ сондай үнсіз мүлгіп тарып тыңдаса екен! Бір сағаттан кейін сағат жылжып өте берді, ал ешкім келмеді. Ғаламат мойындау сәті сырғып өтіп кетті, ал енді ол бекер келетін-ді, бұл еш нәрсе айтпас еді. Тағы да күдік туды, сөйтіп жанды қорқыныштан арылтатын шыр үйірілген өршіл би әуені ауаға сіңіп те кетті. Жылдан кейін жыл үнсіз өте береді, тек бір жолы ғана Сарасвати құдайдың есік қағатын сағаты келді. Егер сол сәтте есікті ашатын кілттер қолда болмай шықса, құдайдың мойындау сыйы енді ешқашан қайтып келмейді. Сондай сағатта бүкіл әлемге: "Тыңдаңдар, мен сүйемін! Сүйемін!" — деп жар салғың келеді. Осы дауыс теңіздің арғы жағынан келетін құс сияқты ұшып келеді, күндіз-түні ұшып келеді. Оны Лабонноның жаны қаншалықты ұзақ күтті! Ол Лабонноға жанасқан кезде бүкіл дүние, бүкіл өмір, ақырында, мән-мағынаға ие,болды. Лабонно бетін жастыққа басып, кімге айтқанын өзі де білмей: "Иә, бұл шын, бірде-бір шындық, және шындық тек осында ғана", — дей берді.
Уақыт өтіп кетті. Омито келмеді. Лабонноның жүрегі күту қиындығына төзбеді. Ол верандаға шығып, жаңбыр астында сол тұрды да, қайтып келді. Оның бойын үмітсіз түңілу билеп алды. Оған өмірінің сәулесі жарқ етіп, сөнген сияқты, алда енді еш нәрсе жоқ тәрізді көрінді. Омитоны ол қандай болса, сол күйінде қабылдамақ болған ішкі ұйғарымынан айырылып қалды. Жанының манаты батылдығы із-түзсіз ғайып болды. Лабонно жаны кеткендей болып отырып қалды да, бірақ уақыт өткен соң ғана үстелден қолына кітап алды. Бастапқыда ол ойын жинақтай алмады, бірақ бірте-бірте, роман еліктіріп, ол бәрін де — ал ең бастысы өзін-өзі едәуір ұмытып, — міне, сол кезде Джогомайя келіп, оны сейілдеп қайтуға шақырған еді. Жоқ, оған мұның күші жетпес!
— Джогомайя орындықты жылжытып, Лабонноның қарсысына отырды да, оған үнсіз қарап:
— Шыныңды айтшы, Лабонно, сен Омитоны сүйесің бе? — деп сұрады.
— Сен менен неліктен сұрадың? — деп сұраққа сұрақпен жауап қатқан Лабонно орнынан асығыс тұра бастады.
— Егер сүймесең, оған неге турасын айтпайсың? Аяушылықты білмейсің сен! Егер ол өзіңе керек болмаса, ұстама.
Лабонноның жүрегі дүрсілдеп кеткені сонша, ол бірде-бір соз айта алмады.
— Сен оны қазір көрсең ғой. Жүрегің тура қан жылайды, — деді бұдан соң Джогомайя. — О жерде ол қайыршы сияқты болып не үшін отыр? Соқыр сияқты осынша түк көрмеуге бола ма? Өзің де білесің, ондай жас жігіт соз салған қыз аспанға алғыс жаудыруға тиіс!
Әрең дегенде әл жинаған Лабонно былай деп жауап қайырды:
— Менен сүйесің бе деп сұрайсың ғой? Дүниеде әлде біреудің бұдан да күшті сүйе білетінін көзіме елестете алмаймын. Осы махаббат үшін мен жанымды қиюға бармын. Қазір мен бұрынғымнан мүлде өзгергенмін. Менде бір жаңалық бар, ал ол жаңалық мәңгілік болмақ. Менің бойымда әлдебір керемет туды! Оны қалай айтсам екен? Қазір менің жанымда не болып жатқанын кім түсінер?
Джогомайя таң қалды. Оның алдына Лабонно ұстамдылығынан ешқашан айырылмайтын. Осынау буырқанған құштарлығын ол қалай ғана осынша ұзақ бүгіп келген?
Джогомайя сақтана, жұмсақ сөйлеп кетті:
— Лабонно, қымбаттым, өз сезіміңді тұсаулама. Омито қараңғыда жарық іздегендей, сені іздеп жүр. Оған бәрін жайып сал Ол сенің жан жалыныңды көретін болсын. Өйткені оған бұдан басқа еш нәрсе де керек емес! Жүр, жаным, жүр менімен.
Сөйтіп екеуі Омитоның үйіне кетті.
ТАҒЫ ДА БІР СЫНАҚ
X
Ылғал орындыққа газет төсеп, Омито үстел жанында отыр. Оның алдында Дуадақтай дүңкиген қағаз жатыр; ол өзінің көптен айтып жүрген өмірбаянын жаза бастаған еді. Егер одан бұл істі неліктен қолға алғанын сұраса, ол өзі өмірінің жаңбырдан кейінгі таңертеңгі Шиллонг тауы сияқты алуан түсті екенін кенеттен түсінгенін айтып жауап қайтарар еді. Ол өзі тіршілігінің мағынасын бүгін ғана түсінгенін және өзінің бұл туралы жазбасына болмайтынын айтып жауап қайырар еді. Омитоның пікірінше, өмірбаянның адам өлгеннен кейін жазылатын себебі — адамның өмірі үзілгеннен кейін ғана ол адамдардың жүректерінде шын мәнінде тіріледі. Омито өзінің әлдебір бөлігі осында, Шиллонгте өлгендіктен, оның өткен кезі емес сияқты жойылып кеткендіктен, ол осында қайта туып, өзінің жаңа тіршілігін адам айтқысыз қатты күшпен сезіндім және оны кейінде қалған қараңғылық түнегіндегі жарқырай жанған көрініс сияқты көрдім деп санады. Ол жаңалықты ғана суреттеуге лайық деп есептеді, өйткені мұны өз басынан кешіру бақытына ие болғандар аз. Адамдардың көпшілігі туғанынан өлгеніне дейін үңгірдегі жарқанаттар сияқты түнерген түнекте өмір сүре береді.
Жаңбыр әлі сіркіреп тұр, бірақ жел басылып, бұлттар да ала-құла тартты.
— Сіз не істедіңіз? — деп дауыстап жіберді Омито, орындықтан атып тұрып.
— Немене, мен не істедім?
— Сіздер мені бейқам қалдырдыңыздар той! Лабонно ханша не ойлайды?
— Лабонно ханшаға аздап ойланудың бөгеті жоқ. Білу керек нәрсені білген жөн. Омито мырза неге осынша мазасызданды?
— Ханша мырзаның игі-ізгіліктерін ғана білуі керек. Ал бақытсыз жанның қайыршылық тіршілігін сіздің ғана білуіңізге болады.
— Мұндай теңсіздіктің керегі не, балам-ау?
— Ол менің мүддеме керек. Асыл қазынаны өзің сынай алатын кезде ғана талап етуге болады. Ал бейшара болсаң, аяудан басқа еш нәрсеге үміт ете алмайсың. Өркениет Лабонноға өзінің жарқын жақтарымен және атақ-даңқымен, ал сізге — адамшылығымен және мейірбандығымен қарыздар.
— Бірақ өркениет мейірбандықпен қатар өмір сүре алмай ма? Онда саған өзіңнің бейшара күйіңді жасырудың керегі қанша болмақ!
— Бұған ақынның сөздерімен ғана жауап қайыруға болады. Менің бейшара прозамды оның жарқын да түсінікті болуы үшін қалыпқа салып, ұйқастармен бекіту қажет. Мэтью Арнольд поэзия — өмірге сын деген. Оның сөзінің өңін айналдырып, мен поэзия — өмірге өлеңімен жасалатын түсініктеме дер едім. Алайда қымбатты меймандарымды құрметтегендіктен алдын ала ескертіп қояйын: қазір мен оқитын өлеңдерді әсте де дана адам жазбаған.
Жүрегім жарыл, өмірден мынау бол ада! Қайыршы болсаң, махаббатыңа жолама, Жалынба және көз жасыңның қүй селін, Жақындатпайды жанына мүлде ол сені.
Ойлаңыздаршы, махаббат деген байлық қой, сондықтан оның құштарлыққа толы құлшыныстарын кедейдің күңкілімен бейнелеп бере алмайсың. Діндар адамға өз сүйіспеншілігін білдірмекші болып, оның есігіне құдай ғана қайыршының жырым-жырым киімін киіп келеді.
Әуелі бергін тұратын қымбат кепілін, Сонан соң сұра соншама құнды өтілін; Ақылды бол да, жақсы орынды таңдағын, Өз құдайыңның көрпесін шаңға жаймағын.
Сондықтан де мен Лабоннодан мейірім білдіріп, бөлмеге кірмеуді өтіндім. Егер менде еш нәрсе жоқ болса, оған мен не жаймақпын? Мына су-су газеттерді ме? Қазіргі бас мақалалардан дақ қалар деп қорқамын. Ақын былай деген: "Сүйіктімді шақырмаймын бөліссін деп жоғымды, — шақырамын өз көзімен көрсін деп байлығымды, барымды".
Аңызақ аптап қуратып бәрі солғанда,
Қаңырап орман, гүлдерге қайғы қонар шын,
Құрбандық етер құдайлық уақыт болғанда,
Құрғаған шөпті мехрапқа қалай қоярсың?
Жо-жо-жоқ! Түнде шақырсаң қонақ жалғыз-ақ,
Қарсы аласың оны бақыттан жүзің балбырап,
Сол кезде жүздеп жан-жақта алау жарқырар,
Ашылар оның алдынан әмән алтын әр.
Алғашқы сопылықты адам сәби кезінде, бейшара және тырдай жалаңаш күйінде, анасының алдында жатқан кезінде жасайды. Бұл оның алғашқы сыннан өтуі: ол сүйіспеншілікке не болуға тиіс. Менің лашығым мұндай сынаққа қатаң әзірленіп жатыр. Мен қазірдің өзінде-ақ бұл лашықты "Маши-ма үйі" деп атауға бекем бел байлап отырмын.
— Балам-ау, адамның екінші сопылығы — даңқ сопылығы, сол жағында қыз отырған кездегі сүйіспеншілік сынағы ғой. Сенің лашығыңдағы су-су газеттің ешқайсысы да бұл сынаққа бөгет болмайды. Сенің өзіңді өзара түсіністікке жете алмаймын деп сендіретінің не? Сен өзіңе "но" дейтінін жан түкпірінен біліп отырсың ғой!
Джогомайя Лабонноны ертіп келіп, оны Омитоның қасына тұрғызды да, оның оң қолын Омитоның оң қолына ұстатқызды; сосын Лабонноның мойнынан алтын алқасын шешіп алып, онымен олардың қолдарын орап:
— Сендердің одақтарың мәңгілік болсын! — деп дауыстады.
Омито мен Лабонно иіліп, құрметпен Джогомайяның аяғына қол тигізді.
Мені күте тұрыңдар, — деді ол, — мен біздің бақтан гүл әкелемін.
Джогомайя машинасына мініп, кетіп қалды. Омито мен Лабонно кереуетте үнсіз отыр. Ақырында, Лабонно Омитоға қарап:
— Бүгін неге келмедің? — деп сұрады.
— Себебі тым болмашы, мұндай күні менің ол жайында айтуға батылым да бармады. Сүйген жігіттің жаңбыр жауып, ал оның плащы болмағандықтан ғана кездесуге барудан бас тартқаны кітаптың еш жерінде айтылмайды. Керісінше, кітапта оның буырқанып жатқан мұхиттан қалай жүзіп өткені суреттеледі. Айтпақшы, бұл сезім саласына қатысты, мен де сол мұхитта тырбаңдап келемін. Қалай ойлайсың, оның кең айдынынан бір кезде жүзіп өте аламын ба?
Сөйтіп ол тақпақтата жөнелді:
Еш теңізші бармаған жүзіп жерге де біз барамыз,
Тәуекелге тігіліп өмір, кеме де, жүземіз тек алға біз.
Бонне, күттің бе бүгін сен мені?
— Иә, Мита. Жаңбырдың шуылынан маған үнемі сенің қадам басқаның естіліп тұрды. Маған сен шексіз алыстан келе жатқандай болып көріндің. Міне, ақырында сен маған келдің.
— Бонне, мен сені білмеген кезде, менің өмірімде түпсіз терең қараңғы қуыс болатын. Бұл менің өмірімдегі ең қорқынышты нәрсе болды. Қазір бұл бос қуыс лық толы; оның үстінде сәуле шұғыла шашып тұр, оған аспан да шағылысады. Енді осы лық толы қуыс менің өмірімдегі ең тамаша нәрсе. Менің құйылып жатқан мылжың сөздерім жанымның мимілдеп толған көліндегі бір-бірін қуалаған толқындар ғана. Оларды кім тоқтатпақшы?
— Мита, сен бүгін күні бойы не істедің?
— Менің көкейімде сен болдың, ал сен үндемей қойдың. Мен саған бірдеңе айтқым келді, бірақ аузыма соз түспеді — соз таба алмадым. Көктем жаңбыр құйып тұрды, ал мен отырып алып: "Маған сөздерімді қайтарушы! Маған сөзімді берші!" — дей бердім.
Не болды маған? Рақатқа батып, ғажайып қалған, Тынысым кеңіп, жаңарған жалман, Талай жыл, талай күн ақты, Ал сол сәт көкке аспандаған, Жерден де ескі сияқты.
Міне, мен осымен айналысамын — басқалардың айтқандарын иеленіп аламын. Егер менде сазгердің таланты болса, мен Видьяпатидің "Жаңбыр туралы жырын" да музыка тіліне көшіріп, өзімше берер едім. Тіпті былай болса да:
Видьяпати, хатшы үніңді,
Тілеймін тілек мен сенен,
Құдайсыз, дінсіз күнімді
Айтшы, сен немен өлшер ең?
Жаныңда онсыз өмір сүруің мүмкін емес жан жоқта күндер қалай өте алар? Ал осы сөздерге лайық әуенді қайдан таба алармын? Мен көкке көз тігіп, сол сөздерді, сол әуенді сұрадым. Сөйтіп құдай көктен сөздер мен әуенді алып түсті, бірақ жол-жөнекей қателесіп, неге екенін білмеймін, оларды басқа біреу табыс етті, бәлкім, сенің Рабнидранат Тагорыңа берген болар.
Лабонно күліп жіберді:
— Тіпті Рабиндранат Тагорды ұнататындардың өзі де оны сен сияқты жиі есіне алмайтын шығар!
— Бонне, мен бүгін тым коп мылжыңдап кеттім бе, солай ма? Менің жаныма мылжыңдық жыны ұялап алған. Егер сен менің көңіл күйімнің барометрін байқап отырсаң, менің ерсі қылығыма қайран қалар едің. Егер біз Калькуттада болсақ, мен сені машинаға мінгізіп алып, доңғалақтарын аямай, тура Морадабадқа қарай жүйткітер едім. Егер де сен неге Морадабадқа деп сұрасаң, мен жауап қайтара алмас ем. Тасқын арқырап аққан кезде ол шу шығарып асығады және сылқ-сылқ күліп, уақытты көбік сияқты тартып ала жөнеледі.
Сол сәтте себет толы күнбағыс гүлін ұстап, бөлмеге Джогомайя кірді де:
— Жаным, Лабонно, сен оны бүгін осы гүлдермен құрметте, — деді.
Бұл әйелдің өз жанында болып өткен салт түрін білдіру тілегі ғана еді. Түрге деген махаббат әйелдің қанында бар.
Омито сәті түскенін пайдаланып, Лабонноның құлағына сыбырлады:
— Бонне, мен саған сақина сыйлағым келеді.
— Неге, Мита? — деп қарсылық білдірді Лабонно. — Бұл қажет пе?
— Өз қолыңды менің қолыма салып, сен маған ойлағанымнан да коп нәрсе бердің. Ақындар сүйіскендердің жүзі жайында ғана айтады, ал қолдардың жанасуында жатқан құпия қазына қаншама.
Махаббатың нәзіктігі, жан қиярлық, берілгендік айтылмаған сезімнің бері сол жанасуда жатыр ғой. Сақина: "Сен мендіксің" деген сөздерім сияқты, сенің саусағыңды өзінен-өзі орап алады. Сол сөздер алтынның тілімен, асыл тастардың тілімен сенің қолыңда мәңгі жаңғырып тұрсын.
— Жақсы, солай-ақ болсын, — деп келісті Лабонно.
— Мен Калькуттадан сақина әкелуге әмір беремін. Айтшы, сен қандай асыл тадты ұнатасың?
— Ешқайсысын да. Інжу болғаны-ақ жақсы.
— Тамаша! Мен де інжуді ұнатамын.
МАХАББАТ ФИЛОСОФИЯСЫ
XI
Үйлену тойы огрохайон айына белгіленді. Джогомайя Калькуттаға барып, бәрін дайындайтын болып ұйғарылды.
— Сен әлдеқашан Калькуттаға кетуің керек болатын, — деді Лабонно Омитоға. — Енді, күдік атаулы кейінде қалып, бәрі анық болған кезде, сенің еш алаңдамай кетуіңе болады. Біз енді тойға дейін көріспейміз.
— Мұндай қаталдық неліктен?
— Бірде сен бақыт қарапайымдылықтың өзі дегенсің, енді міне — сол қарапайымдылықты сақтап қалу үшін.
— Даналық сөздер! Бұрын мен сені ақын деп ойлайтынмын, ал енді сені философ деп отырмын. Сен тамаша сөздер айтасың. Шынында да, қарапайымдылықтың табиғилығын сақтағың келсе, бұлжымас болу керек. Ырғақ өзінің қарапайымдылығы мен табиғилығын жоғалтпауы үшін қажет болған жерінде үзіліс жасау керек. Ал біз тым тойымдылығымыздан Өмір поэзияларында үзіліс жасамаймыз, ырғақ бұзылады, сөйтіп өміріміз байланыссыз былжырақ болып шығады. Жақсы, мен күні ертең кетемін, осынау ертегідей күндердің тұтқынынан қашып құтыламын. Бұл "Мегханадтың ажалы" дастанындағы кенеттен үзіліп қалатын мынандай өлең сияқты болады, ол:
Патшалығына Яманың Мерзімі жетпей кеткенде...
Жарайды, солай болсын, мен Шиллогтен кетейін, бірақ огрохайон айы күнтізбеден ешқайда қашып құтылмайды. Менің Калькуттада немен айналысатынымды білесің бе?
— Немен?
— Маши-ма той өткізетін күнге бәрін дайындап жүргенде, менің өзім тойдан кейін келетін күндерге дайындаламын. Жұрт ерлі-зайыптылықтың өнер екенін және оны күн сайын жаңадан үйреніп отыру керектігін естен шығарады. "Рагхуваншеде" махарадж Аджидің Индуматиді қалай суреттейтіні есіңде ме, Бонне?
Лабонно санскритпен тақпақтап айтты:
— "Ынтық шәкірт өнерінде бәрі де!"
— Махаббат өнерінсіз ерлі-зайыптылық болмақ емес. Ақымақтар ерлі-зайыптылық жай тана қосылу деп санайды, сондықтан да тойдан кейін екі жүректің шынайы бірлігін елемейді.
— Сол бірлікті өзіңнің қалай түсінетініңді түсіндіріп берші? Егер мен сенің шәкіртің болсын десең, маған алғашқы сабағыңды берші!
— Жақсы, тыңда. Ақын өзін өз еркімен шектеп, ұйқас жасайды, неке жұбын да өзіңді-өзің өз еркіңмен шектеп, ұйқаспен көркемдеу керек. Бәрін бірден алсаң, ол — өзіңді-өзің алдау, өйткені ең қымбатты нәрсенің өзі онда арзан болып көрінеді. Қымбатқа түсетін нәрсе ғана шын қуаныш әкеледі.
— Ал сен нені қымбатқа түсетін нәрсе деп санайсың?
— Тоқтай тұршы, әуелі менің көз алдыма елестететін көрініс туралы айтып шығуыма мүмкіндік бер. Ганганың жағасы. Даймонд-Харбор қасындағы бақ. Кішкене кеме, онымен екі сағатта Калькуттаға жетуге болады.
— Саған тағы да Калькутта керек болды ма?
— Қазір маған Калькутта керек емес, сен мұны білесің. Рас, мен кітапханаға барамын, бірақ оқу үшін емес, шахмат ойнау үшін барамын. Адвокаттар менің жұмысқа құлшынбайтынымды, менің оны ұнатпайтынымды қазірдің өзінде біледі. Сондықтан олар маған өзім сүйсініп істей алмайтындай істерді ғана береді. Бірақ тойдан кейін мен оларға табыс табу үшін емес, жұмыстың өзі үшін істелетін жұмыстың не екенін көрсетемін! Жеміс ішіндегі манго — жемісі, қышқыл, жеуге жарамсыз қатты өзек, бірақ жемістің түрін сол анықтайды. Тастай қатты Калькуттаның не үшін керек екенін түсіндің бе? Біздің нәзігіміз өзгенің берік болуы үшін керек.
— Түсіндім. Онда ол маған да керек. Тегінде, менің де Калькуттаға күн сайын баруыма тура келер.
— Неге олай болмасын? Бірақ қыдыру үшін емес, іспен айналысу үшін.
— Қандай іспен? Қайырымдылықпен бе?
Жоқ, қайырымдылық жұмыс та, демалыс та емес, ол асқан ақымақтық ойын. Егер қаласаң, сен қыздар колледжінде сабақ әсер аласың.
— Иә, сабақ бергім келеді, одан соң ше?
— Мен Ганга жағасын анық көріп отырмын. Жарқабақ жағадан тарамдалып кеткен кәрі баньянның тамырлары әуеге көтеріліп тұр. Дханапати Цейлонға бағыт алып, Гангамен жүзіп бара жатқанда, ол, сірә, осы баньянға аялдап, оның түбінде өзіне тамақ пісіріп алған шығар. Баньянның он жағында жартылай қирап шытынап кеткен, қына басқан, тас төселген айлақ бар. Айлақта біздің жасыл ала жеңіл қайығымыз түр. Көгілдір жалауына ақ әріптермен оның аты жазылған. Аты қандай — өзің ойлап тап.
— Сен соны қалайсың ба? Жарайды, "Достық" болсын.
— "Достық", керегі де осы! Рас, мен "Теңізде жүзген қыз" деген басқа ат ойлап, оны мақтаныш еткен де едім, бірақ бірінші бәйгені саған беруге тура келеді. Сонымен, біздің бауымыз арқылы алыптың лүпілдеп соққан тамыры сияқты Ганганың кішкене саласы ағып жатады. Оның бір жағасында — менің үйім де, екінші жағасында — сенің үйің.
— Сөйтіп сен сол саланы күн сайын жүзіп өтесің де, менің саған арнап тереземе от жағып қоюыма тура келе ме?
— Біз одан ойша жүзіп өтеміз, ал алғаш көпірмен жүреміз. Сенің үйің "Парасат" деп аталады, ал менің үйімді өзің біл.
— "Шырағдан".
— Тамаша! Мен үйдің төбесіне сол атқа шам орнатамын. Әрбір кеш сайын біз кездескенде ол қызыл түсті болып, ал айырылысқан түнде көгілдір болып жанып тұрады. Калькуттадан әрбір қайтып келгенде мен сенен хат күтетін боламын — оның келуі де, келмеуі де мүмкін. Егер мен оны кешкі сегізге дейін алмасам, өзімнің бақытсыз тағдырыма лағынет айтып, Бертран Расселдің "Логикасынан" жаныма жай табуға тырысамын. Мен саған шақыруыңыз ешқашан бармаймын — біз мұны ереже етіп аламыз.
— Ал мен саған қалай барамын?
— Сенің де біздің ережемізді ұстанғаның жақсы. Айтпақшы, егер сен кейде оны бұзатын болсаң, тіпті де жаман емес!
— Егер бұл ережені бұзу ережеге айналмаса, сен өз үйіңде не болатынын ойлап көрші? Одан да менің бетперде жамылып жүргенім жақсы емес пе!
— Жарайды. Дегенмен де менің сондай шақыру хатын алуым қажет. Онда еш нәрсе болмай-ақ қойсын, әлдебір өлеңнен бірнеше жол болса да жетеді.
— Ал мен ше, мен шақыру алмаймын ба? Әлде мен оған лайық емеспін бе?
— Мен сені айына бір рет, ай толыққан түнде, ай барлық сән-салтанатымен жарқырайтын кезде шақыратын боламын.
— Сен өзіңнің қымбатты шәкіртіңе ондай шақырудың үлгісін көрсетесің бе?
— Қуана-қуана.
Омито қалтасынан қойын кітапшасын суырып, оның бір парағын жыртып алды да, былай деп жазды:
О, жылы леп, ұшып жет,
Үйімді желпі сезіммен!
Күтемін сені сүйіктім,
Кездесер жерде өзіңмен!
Лабонно оған қағазын қайтарған жоқ.
— Енді сен өз хатыңның үлгісін көрсет, — деп сұрады Омито. — Сенің қандай табыстарға жеткеніңді көрейін.
Лабонноның бір парақ қағаз алғысы келіп еді, бірақ Омито қарсы болды.
— Жо-жо-жоқ, менің кітапшама жаз!
Лабонно Джогомайядан үзінді алып, санскритше былай деп жазды:
Мита, сен — өмірімнің сән мәнісің,
Көркімсің жан-дүниемді жарқыратқан,
Сен — менің көз қарытар маржанымсың,
Мұхиттай өмірімнің шалқып жатқан
— Таңғаларлық нәрсе, — деді Омито, қойын кітапшасын қалтасына салып жатып, — мен — әйелдің, ал сен еркектің өлеңінен дәйексөз келтірдік. Бұл түсінікті де. Ағаш шимул болса да, бокул болса да, олардың от боп жануы бірдей.
— Шақыру жасалды, — деп оның сөзін бөлді Лабонно. — Ал одан соң ше?
— Жұлдыздар жарқырайды, Ганганың суы көтерілді, жыңғыл тоғанында жел уілдеп, су көрі баньянның түйін-түйін тамырларына соққылап жатыр. Сенің үйіңнің сыртында — лотос басып кеткен тоған. Оның шымылдық жапқандай оңаша жағасында әлгінде ғана шомылып шыққан сен шашыңды тарап тұрсың. Сенің сафилерің әрбір жолы жаңа түсте болады, сөйтіп мен саған бара жатқан кезімде ол бүгін қандай болады деп ойлаймын. Біздің кездесу үшін белгіленген жеріміз жоқ. Біз бірде чампак ағашының түбіндегі аурып алаңқайда, бірде үйдің жалпақ төбесінде, бірде Ганга қаласында кездесіп жүреміз. Мен Гангаға түсіп жуынып та үлгеріп, үстіме жеңіл ақ дхоти мен чадор, ал аяғыма піл сүйегімен нақыштан сандал кигенмін. Мен келгенде сен кілем үстінде отырасың. Сенің алдымда күміс ыдыста әсем гүл тізбесі, шыны аяқта сандал ұйғағы тұрады, бұрышта хош иісті түтін бұрқырайды. Пуджи мейрамы кезінде біз кем дегенде екі ай саяхатқа шығамыз. Бірақ ор жаққа. Егер сен тауға кетсең, мен теңізге барамын Біздің ерлі-зайыптылық қос патшалығымыздың негіздері, міне осындай. Бұл жөнінде не айтар ең?
— Мен оған көнуге келісемін.
— "Көну" мен "қабылдау" арасындағы айырма үлкен.
— Мен саған қажетті нәрсеге, ол маған мүлде керек болмаса да, қарсы болмаймын.
— Өзіңе керек болмаса да ма?
— Иә. Сен сондай жақын болсаң да, бәрібір менен қашықтасың және бұл қашықтықты сақтау үшін ешқандай да ереже керек емес. Менің сенен жасырар айқын да, ұялатын да еш нәрсем жоқ. Сондықтан өзеннің екі жағасындағы ерлі-зайыпты өмір маған тіпті қолайлырақ.
Омито орындықтан атып тұрып, дауыстап жіберді:
— Менің көнгім келмейді, Бонне! Мен ойлаған бау-бақ құрып кетсін! Біз Калькуттадан аттап шықпаймыз! Мен Ниронджон кеңсесінің үстінен жетпіс бес рупийге бөлме жалдап аламын да, біз сонда бірге тұрамыз. Сезімдер дүниесінде қашықтық жоқ. Бір жарым метрлік екі төсектің сол жағында сенің ордаң "Парасат" ал оң жағында менің "Шырағданым" болады. Шығыс жақтағы қабырғаға айналы шкаф қоямыз, одан сенің де, менің де бейнем көрініп тұрады. Батыс жақтағы қабырғаға кітап сөрелері. Ол күнді көлеңкелеп тұрады және онда екі оқырманға арналған өзінше бір жалғыз кітапхана орналасады. Бөлменің солтүстік жағында диван. Мен өзімнің сол жағымнан сол орын қалдырып, диванның бұрышында отырамын. Сен екі қадам жерде, киім ілгіш жанында тұрасың. Дірілдеген қолыммен мен саған шақыру хатын ұсынамын, онда былай деп жазылады:
О, жылы леп, ұшып жет,
Бау-бақты желпі лебіңмен;
Ұшып жет те, сүйіктім,
Қарашы ынтық көзіңмен!
— Қалай, жаман емес қой, Бонне?
— Тіпті де жаман емес, Мита. Бірақ бұл өлеңді қайдан алдың?
— Менің досым Нильмадхобтың дәптерінен алынған. Сол кезде ол өзінің болашақ әйелін әлі білмеген. Бірақ, ой-арманы жігерлендірген ол ағылшын өлеңін Калькутта қалпына кұйып берді, оның үстіне бұған мен де қатысқанмын. Ол экономика магистрі болды және үйіне жас келіншек әкелді, ол үшін нақты он бес мың рупий мен тұтас бір килограмм қазына алды. Сүйіктісі оның көзіне қарайды, оңтүстіктен соққан жел желпіп тұр, ал өлеңнің оған енді керегі жоқ. Егер оны төл ағайыны иемденіп алмаса, оның енді ешбір қарсылығы болмайды.
— Біздің үстімізден де оңтүстіктен жел соғып тұрады, бірақ сенің әйелің сен үшін әрқашанда жас күйінде қала бере ме?
— Қала береді! Қала береді! Қала береді! — деп, жұдырығымен үстелді соққылап жіберді Омито.
Көрші бөлмеден асыға-үсіге Джогомайя кіріп келді.
— Қала беретін не, Омито? — деп сұрады ол. — Менің үстелімнен еш нәрсе қалмасы анық!
— Мәңгілік нәрсенің бәрі қалады, мәңгі жас әйел сирек кездеседі. Ал егер құдайдың қайырымдылығымен жүз мыңға біреу болса да, ондай әйел әрқашанда жас күйінде қала береді.
— Мүмкін, сен бізге мысал келтірерсің?
— Уақыты жетсін — келтіремін.
— Сірә, ол тез арада бола қоймас. Олай — болса, әзірше тамақ ішуге барайық.
СОҢҒЫ КЕШ
XII
Түстен кейін Омито былай деп жариялады:
— Мен ертең Қалькуттаға кетемін. Менің достарым мен туыстарым, сірә, қазірдің өзінде мені біржола кхасиге айналды деп шешкен шығар.
— Достарың мен туыстарың сенің осылайша оңай өзгеретінінді білетін бе еді?
— Олар мен туралы көп біледі. Әйтпесе олар қалайша туысқан және дос болмақ? Бірақ бұл мен оңай өзгереді немесе кхаси бола алады деген сөз емес. Менде болғаны тіпті де өзгеріс емес, бұл дәуірлердің ауысуы, бұрынғы ғасырдың біткені. Жаратқан құдай мені әлдебір жаңалық жасауға итермеледі. Лабонно екеуіміздің сейілдеп қайтуымызға рұқсат ет. Кетер алдында мен екеуіміздің Шидлонг тауымен бірге қоштасқанымызды қалаймын.
Джогомайя рұқсат берді. Сөйтіп Омито Лабонномен бір-біріне жақын жабыса қолтықтасып бара жатты. Жан жоқ соқпақтың шетінен мүлгіген орман төмен қарай сырғып жатыр. Орман емреген бір жерде тау сеңгірлері арасынан аспан көрінді. Ол батып бара жатқан күннің соңғы сәулелері шұғыласына бөлеген алақанын ұсынып тұрған сияқты. Олар сол жерде тоқтап, батысқа қарап тұрды. Омито Лабонноны өз кеудесіне тартып, оның басын көтерді. Лабонноның жартылай жабық көздерінен жас сорғалап гүр еді. Алтын аспан аясынан қызыл-күрең және жасыл сәуле себелеп тұр. Ала бұлт арасынан ашық көгілдір аспан сығалайды, бейне бір ол жақта, жан-тәнсіз эфир дүниесінде, аспан аясының беймәлім шат-шадыман әуені сорғалап тұрғандай. Бірте-бірте ымырт үйіріліп, ашылған аспан гүл сияқты өзінің алуан түсті жапырақшаларын жауып алды.
— Кетейік, — деп сыбырлады Лабонно, Омитоның кеудесінен басын көтермей. Ол қайтар кез келгенін сезінген еді. Мұны Омито түсініп, ештеңе айтпады. Ол Лабонноны қаттырақ құшып, олар асықпай кері қайтты.
— Мен ертең таңертең кетуге тиіспін, — деді Омито, — Кеткенге дейін мен енді сені көрмеймін.
— Неге?
— Біздің Шиллонг тауындағы өміріміздің тарауы ең лайықты бітті. Бұл біздің жұмаққа бастайтын кіріспеміздің бірінші жыры болатын.
Лабонно үндеген жоқ. Ол Омитоның қолын қысып, кеудесіндегі қуаныш көз жасымен араласып келе жатты. Ол қол жетпес нәрсенің енді ешқашанда осыншалықты жақын өтпейтінін білді. Қасиетті нұрлы сәт өтіп кетті, бірақ бұдан кейін ол үшін тұрмысқа шығу рақаты болмайды; оған қоштасу ғана қалады. Лабонноның осы кездесу үшін Омитоға алғыс айтып, оған: "Сен маған бақыт бердің", — дегісі келді. Бірақ олай ете алмады.
Олар үйге жақындап келгенде Омито:
— Бонне, қоштасарда маған бір нәрсе айтшы, тек есте сақтауға оңай болуы үшін өлеңмен айт. Ойыңа келгенді айт, — деп сұрады.
Сол үнсіздіктен соң Лабонно былай деді:
Бақыт сыйлап, көтермедім еңсеңді,
Түрілді тек бостандықтың іргесі.
Шұғылалы құрбандық боп ең соңғы
Жарқыраттың айырылысар түнді осы.
Енді басқа ... ештеңе де қалмады,
Қайғы мұң да, аяныш та, кектену,
Жан ауруы, көз жасының салмағы,
Намыс-тағы, ең ар жағы — жек көру.
Енді артыма қарайламан біл, күнім,
Бердім саған бостандықты табыстап!
Бұл қымбатты ең ақырғы сыйлығым
Сапар шегіп кетер түні алысқа!
— Бонне, керегі жоқ! Сен бүгін маған мүлде басқа нәрсені айтуға тиіссің! Сенен бірдеңе байқалады? Қазір өз өлеңіңді қайтарып ал, өтінемін сенен!
— Сен неден қорқасың Мита? Отпен аршылған махаббат бақытты қажет етпейді. Ол еркін, бостандықты сыйлайды. Ол өзінен кейін жалықтыратын да, зеріктіретін де із қалдырмайды. Бұдан тамаша не бар!
— Бірақ бұл өлеңді қайдан алдың, білгім келіп еді?
— Бұл — Рабиндранат Тагордың өлеңі,
— Мен бұларды оның кітаптарының бірде-бірінен кездестірген емеспін.
— Олар әлі жарияланбаған.
— Сен оларды қайдан алдың?
— Мен әкемді турат тәлімгер ретінде аса құрметтейтін бір жас жігітті білуші едім. Әкем оның ой-санасына азық берді, бірақ жас жігіттің жүрегін құштарлық жаулап алған еді. Сондықтан ол бос уақытында Рабиндранат Тагорды оқып, оның қолжазбасынан поэзияның ізгі нұрларына бөленетін.
— Сені де бастан-аяқ соған әкелді ме?
— Ол соншалық ожар емес еді. Ол өлеңдерді менің өзім кездейсоқ көретіндей етіп, қалап берді.
— Сен оны аяған жоқсың ба?
— Ондай жағдайдың сәті келмеді. Бірақ мен осы жас жігітті есіркеуін құдайдан сұрап, жалбарынумен болдым.
— Сен оқып берген бұл өлеңдердің сол бір бақытсыз жанның ой-пікірімен үндес келетініне мен сенімдімін.
— Иә, әрине.
— Неліктен сен мұны бүгін еске алып отырсың?
— Қалай айтсам екен ... Осы өлеңдермен бірге тағы да бір үзінді бар еді. Мен оны бүгін ғана еске түсіріп отырмын, ал неліктен екенін — білмеймін.
Сенің мұңды жанарларың — жас толы
... Жүрек оты сөнбес бірақ жас пенен!
Асқақтайды махаббаттың асқары,
Мұңың күл боп, ашылады басқа әлем!
Айырылысу мұңы осы, ал, бірақ,
Ақылыңды семдірсе де, ол қайта оңар
— Қайғы-мұңның арасынан жарқырап
Ғажайып бір лала гүл боп жайқалар!
Омито Лабонноның қолынан ұстап, былай деп сұрады:
— Бонне, сол бір жас жігіттің бүгін біздің арамызға тұруы неліктен? Бұл қызғаныш емес, мен қызғанышты мойындамаймын, бірақ қайсыбір үрей менің жан дүниеме ұрланып кіре түсуде. Осы өлеңдерді нақ бүгін еске түсіруіңнің неліктен екенін маған айтшы?
— Ол біздің үйден біржола кетіп қалғанда мен оның жазу үстелінен осы екі өлеңді тауып алдым. Сонымен бірге, онда Рабиндранат Тагордың бір дәптерге жуық болатын басқа да жарияланбаған өлеңдері болды. Бүгін мен сенімен қоштасамын, менің жадыма осы бір қоштасу өлеңдері сондықтан түскен шығар.
— Сол және осы қоштасу — бәрі бір емес пе?
— Саған не айтсам екен? Жалпы біз не үшін дауласып жатырмыз? Маған бұл өлеңдер жай ғана ұнайды, міне мен сондықтан оларды саған оқып бердім. Меніңше, бұдан басқа себептер жоқ.
— Бонне, Рабиндранат Тагордың шығармалары оларды адамдар мүлде ұмытып кеткен кезде ғана өзінің шынайы сұлулығын аша түседі. Сондықтан мен оның өлеңдерін ешқашан оқымаймын. Атақ-даңқ тұман сияқты, ол дымқыл қолымен әлемнің жарығын тұмшалай түседі.
— Білесің бе, Мита, егер әйелге бірдеңе нағыз қымбат болса, ол оны ашықтан-ашық көрсетпестен, жан дүниесінің түкпірінде жасырын ұстайды; ендеше бұл жерде атақ-даңқтың қатысы жоқ. Бұл базар емес қой! Адамдар заттың құндылығын өздері анықтайды және әдетте ешқашан саудаға салып жатпайды.
— Мұндай жағдайда, Бонне, менің үмітім бар. Мен өзімнің базардағы құнымның жиіркенішті таңбасын алып тастаймын және сенің бағаңа мөр етіп басуға дайынмын!
— Біз үйге де жақындап қалыппыз, Мита. Енді мен жолымыздың соңына арналған сенің өлеңдеріңді естігім келеді.
— Ашуланбашы, Бонне, бірақ мен Рабиндранат Тагордың өлеңдерін оқи алмаймын.
— Мен несіне ашуланамын?
— Мен ондай ақынды таптым, оның стилі ...
— Мен ол туралы сенен үнемі есітіп келемін. Мен оның кітаптарын жіберсін деп, Калькуттаға жазып та жібергенмін.
— О, сұмдық! Оның кітаптары дейсің! Оның соңында біраз кемшіліктер еріп жүр, бірақ кітап шығаруға дейін — ол әлі жетпей жатыр! Саған мен арқылы онымен аздап танысуға тура келеді, әйтпесе не...
— Қорықпа, Мита, мен де оны түсінемін және оны сен сияқты бағалаймын деп үміттенемін. Мен бұдан тек ұтып шығамын.
— Қандай түрде?
— Былай, менің өз талғамыммен қабылдауым, — менікі және менің сенен алатыным ол да менікі болады. Менің қабылдау қабілетім, құдды менде екі жан бар сияқты қосарлана түседі. Сенің Калькуттадағы кітап шкафыңда мен екі ақынның өлеңдерін сақтай аламын. Ал енді маған өлең оқып бер.
— Мұндай пайымдаулардан кейін менің өлең оқығым келмейді.
— Неліктен олай дейсің? Мен өтінемін...
— Жақсы.
Омито шашын маңдайынан бір қайырып тастады да тебірене түсіп бастап жіберді:
О, Таңшолпан! Түн кетті,
Кетсе кетсін, сен бірақ
Шаш нұрыңды құдіретті,
Жатсын жолым жарқырап!
Түсінесің бе, Бонне, ай өзінің жападан жалғыздығын бөлісуді таң алдындағы жұлдыздан сұрайды. Түнде оның іші пысады, оның түнді жаны жаратпайды.
Көкжиек те шалқайды,
Ұйқылы ояу атырап...
Мұңды сонау Жарты Айды
Жұлдызыма өз шақырам.
Ай жартылай мүлгіп тұр, оның жарығы әлсіз әрі қараңғылықта әрең-әрең себезгілейді, — бұл оның мұңы болып ақтарылады. Ол үйреншікті торға шырмалған және түні бойы алас ұрып, осы шырмауды бұзып-жаруға әрекеттенеді. Қандай идея десеңші! Ғаламат!
Мен де — ұйқыда, Тербейді
Патшалығы қиялдың.
Оянғым да келмейді,
Оянбайтын шығармын.
Бірақ осындай өмірдің ауыртпалығы шынында да адам төзгісіз. Кеуіп бара жатқан өзеннің баяу және босаң ағысы қоқысты ғана жинаумен болады. Кім әлсіз болса, сыбағасына күйіну қалады. Сондықтан ай былай дейді:
Ащы зарды ақтардым
Ен далада саяқ қап,
Табалдырығында ақ таңның
Өр жолымды аяқтап.
Бірақ осылай шаршау оның ақырын білдіре ме? Ол әлі де винаның бәсеңдей бастаған шектерін тарта түсуге үміттенеді, оған көкжиектен әлі де бір нәрсенің басқан қадамы естіліп тұр.
Құлап түстім! Жұлдызым,
Жетші маған тезірек!
Сол әнімді сырлы ызың
Жүрегіңнің көзірі ет!
Түсімдегі ұмытқан
Сол әнімді — шалқар үн
Есіме сал, рухтан!
— Тезірек жет, Шолпаным!
Ол құтылуға үміттенеді.
Ол оянып келе жатқан әлемнің көмескі гуілін естиді және Ұлы Жолдың хабаршысы қолына шырағын ұстап енді ғана көрінеді.
Түн былғаған сәнімді
Құтқара гөр, қорқамын!
Іздеп тауып сол үнді,
Сыйла жарық, Шолпаным!
Сілкіп таста ұйқыны,
Төгейін ән мен дағы!
Ол да шалқып бір күні
Шырқар тірлік арманын!
Бұл бақытсыз ай — мен.
Таңертеңгісін мен кетіп қаламын.
Бірақ мен кеткеннен кейінгі бос кеңістіктің таңертеңгі тамаша жұлдыздар жарығымен толтырылғанын қалаймын. Тұманды және тіршіліктің көмескі ұйқыдағы түсі болғанның бәрі жандана түсіп, осы бір таңертеңгі жұлдыз шұғыласымен оның ғажайып ұйқыдан ояну әуені астында жарқ-жұрқ етеді. Осы бір өлеңдерде үміт күші, оянып келе жатқан таң сәрісіне деген сенімнің қуанышқа толы мақтанышы бар. Бұл сенің Рабиндранат Тагорыңның дәрменсіз, сары уайымшылдыққа толы ыңқыл-сыңқылы емес!
— Бірақ сен несіне ашуланасың, Мита? Рабиндранат Тагор оны қалай қабылдасаң, сол болуы мүмкін деп несіне тынымсыз қайталай бересің?
— Барлық адамдар мадақтауға келісіп алған ...
— Бұлай айтпа, Мита. Менің өз талғамым бар. Ол басқалардың талғамымен үндес келіп, сенің талғамыңмен үндес келмесе, мен кінәлімін бе? Мен сатан уәдемді беремін, егер жетпіс бес рупийге жалдап алған сенің бөлмеңде маған орын табылса, мен сенің ақындарыңның олендерін тыңдаймын, бірақ саған өз ақындарымды таңбаймын!
— Ал бұл әділеттілік емес! Ерлі-зайыптылық өзара билеп-төстеуден өзара бас тартуды да білдіреді.
— Сен өз талғамыңмен ешқашан жүре алмайсың. Өзіңнің рухани мерекеңе шақырылғандардан басқа ешкімді жібермейсің, ал мен кез келген қонақты қабылдай аламын.
— Мен бұл таласты бекер бастадым. Ол біздің соңғы кешіміздің сұлу сәнін бұзып жіберді.
— Ешқандай. Нағыз сұлулық шындықтан қорықпайды, ал біздің қатынастарымыздағы сұлулық нақ сондай: ол кез келген сынаққа төтеп береді.
— Бәрібір маған қолайсыз талғамнан құтылу керек. Бұл жерде Бенгал өлеңдері көмектеспейді. Ағылшын өлеңдері бәрінен гөрі ызаңды сейілтеді. Мен отаныма оралған кезімде ше, ал мен біраз уақыт сабақ та бердім.
— Ой бұл ашу-ыза ғой! — деп күліп жіберді Лабонно. — Ол кім киіп жүрсе де, дхотидің желбіреген қатпарларын көре сап, ырылдайтын ағылшындардың үйіндегі бульдог сияқты. Ал ливреяны көрген кезде құйрығын бұлғаңдатады!
— Әбден дұрыс! Бірдеңеге құмарлық жоқтан пайда болмайды жөне туа сала берілмейді: оның көп бөлігін тапсырыспен жасайды. Біздің балалық шағымызда ағылшын әдебиетіне құмарлықты тықпалады. Сондықтан бізде оны мақтауға да, жамандауға да батылдық жетпейді. Жарайды, солай-ақ болсын! Бүгін Нибарон Чокроборти болмайды, бүгін аудармасыз ағылшын өлеңдері ғана болады!
— Жоқ, жоқ, Мита, әзірше үйде өзіңнің жазу үстеліңе отырмайынша ағылшынды қоя тұр! Ал бүгін біздің кешкі соңғы өлеңдеріміз басқа ешкімге де емес, Нибарон Чокробортиға ғана тиесілі болуға тиіс.
Омито құлпырып кетті.
— Жасай берсін Нибарон Чокроборти! — деп үн қатты ол — Ақыр аяғында ол мәңгілік болып қалды! Бонне, мен оны сенің сарай ақының жасаймын. Тек ол сенен жеңімпаздың веногын қабылдар ма екен.
— Бұл оны қанағаттандыра ма?
— Егер ол қанағаттандырмаса, мен оны құлағынан сүйреймін де, жолың анау! — деймін.
— Жарайды, жақсы, бұл туралы кейін сөйлесеміз. Ал енді мен сенің өлеңіңді естігім келеді.
Омито өлең оқыды:
Қиындықтың тоқпағымен
Бірге күн-түн шыдадың.
Тағдырдың соқпағымен
Ердің бірге, шырағым...
Өмір отын қасиетті
Жаға алмадым, амал не;
Көк түтіні жосып өтті
Көкке сіңіп самалмен.
Кейде елес боп түн қойнында
Бейнең от боп жанарды.
Ол да ұзамай.. мұңды айдында
Тұңғиыққа жоғалды.
Қарсы алдында енді бүгін
Қасиетті от лапылдар,
Менің дағы келді күнім
Зеңгір көкке жақындар.
Қоштасарда кел, ендеше,
Бір ән айтып берейін
— Ескерткіш боп өле-өлгенше
Қалсын жеңіс әуені!
Сыйлығымды өмірге азық
Қарсы ал осы, жарат шын!
— Саусақтарың сенің нәзік
Рухымды оятсын!
Тағдырыма теліген ем,
Шабытым мен жігерге!
Іңкәрлігім сеніменен
Бірге болсын, жіберме!
ҮРЕЙ
XIII
Ертеңгісіннен бері Лабонно ештеңемен айналысқан жоқ. Ол серуендеуге де шықпады. Омито оны Шиллонгтен кеткенге дейін көрмейтінін айтты. Оған бұл шешімді орындау үшін өзінің көмектесуіне тура келеді және ол өтетін соқпақта ол көрінбеуге тиіс. Лабонноның онымен сол жерде өте кездескісі келгенмен, бірақ өзінің бұл тілегін басып тастауға тура келді.
Джогомайя үнемі ерте тұрады, дәрет алып ертеңгісінгі сый жасау үшін гүл әкелуге шығады. Бірақ Лабонно бүгін оған барудан бұрын үйден шығып, эвкалиптің астына жайғасып отырды. Оның қолында екі кітап бар, бірақ өз-өзін және маңайындағыларды алдарқату үшін ұстап отыр еді. Кітаптың беттері ашылып қойылған, уақыт өтіп жатыр, бірақ ол бір бетті де аударған жоқ. Ішкі бір дауыс оған өмірдің ұлы мерекесі кеше аяқталған деп тәптіштеп тұрды. Жарық және көлеңкемен астасқан ертеңгісінгі аспан уақыт өткен сайын тазарып, біреу қуатты қолдарымен көк нұрын аршып жатқан сияқты. Лабонно Омитоның — мәңгілік қашқын екеніне, егер ол жоғала қалса, із-түзсіз жоғалып кететініне сенімді еді. Омито жол бойымен жүріп келеді және әрбір кездесу оның махаббат әнін оятады, бірақ түн өтеді, ән үзіліп қалады да, жолаушы алға тарта береді. Сондықтан Лабонноға оның әні ешқашан шырқалып бітпейтіндей көрінетін. Бүгін осы аяқталмаған әннің азабы ертеңгісінгі жарықпен таралып, мезгілсіз айырылу қайғысы — ылғал ауада кілкіп тұрған сияқты.
Бірақ күтпеген жерден Омито үйге екпіндей кіріп, Джогомайяны шақыра бастады.
Джогомайя ертеңгі намазды аяқтап, қоймада жүрген болатын. Бүгін ол да өз-өзіне келе алмай жүрген. Омито оның үйін және сүйіспеншілікке толы жан дүниесін мылжыңымен, қағілездігімен әрі күлкісімен ұзақ уақыт молықтырып келіп еді! Оның кетіп қалуы туралы еңсені басқан ой оны ертеңгісіннен бері — жаңбыр тамшыларының гүлдерді жерге жеткенше иіп майыстыратын салмағы құсап, әбден мазасын алған. Айырылысу қайғысынан ол Лабоннодан өзін шаруашылық істеріне көмектесуді сұраған жоқ. Ол Лабонноның жападан жалғыз, адамдардан аулақ болуы керек екенін де түсінді.
Омитоның даусын есітіп, Лабонно атып тұрды; кітап оның тізесінен ұшып түсті, бірақ ол мұны тіпті байқаған жоқ. Джогомайя қоймадан жүгіріп келді.
— Омито, не болды? — деп сұрады ол — Жер сілкінді ме?
— Нақ солай, жер сілкіну! Мен заттарымды жібердім, машина дайын тұрды, хат бар ма екен деп поштаға кірсем онда — жеделхат жатыр!
Омитоның түріне қарап, Джогомайя мазасыздана сұрады:
— Мен жақсы хабар болған шытар деп үміттенемін?
Лабонно үйге кірді. Омито еңсесі түскен күйде үн қатты:
— Бүгін кешке менің қарындасым Сисси, өзінің дос құрбысы Кэтти Миттермен және оның ағасы Норенмен келеді.
— Несіне сен күйзелесің, балақай? Таяу жерде бос үйдің бар екенін мен естігенмін. Ал егер саған оларға пәтер тауып берудің сәті түспесе, осы жерде менен де орын табылмай ма?
— Бұл жөнінде мен мазасызданып тұрған жоқпын. Олардың өзі телеграфпен отельдегі бөлмеге тапсырыс беріпті.
— Қалай болғанда да мен олардың сені өзіңнің жұпыны лашығыңда ұшыратқанын қаламаймын. Олар сенің ақылсыздығың үшін жазғыруы мүмкін.
— Иә, менің жұмағым жоғалып кетті. Менің жайғастырылмаған көк аспаным қош болып тұр! Менің түстерім енді басымдағы жайлы ұядан жұпыны кереуетке көшеді. Өйткені маған да одан арылып, сән-салтанатты отельдің ең жақсы нөміріне қоныстануға тура келеді!
Оның сөздерінде ерекше ештеңе жоқ еді, алайда Лабонно құп-қу болып кетті. Осы кезге дейін оны Омитодан қоғамда қаншалық үлкен алшақтықтың бөліп тұрғаны туралы ой қаперіне де кірмеген болатын. Ол мұны кенеттен енді ғана түсінді. Омитоның
Калькуттаға кетуге жиналуы да айырылысудың әлі қауіпті белгісі емес еді. Бірақ, енді оның отельге қоныс аударуға мәжбүр болып отырғанын білген соң Лабонно өздерінің арман-қиялында жасалған үйдің түйсінетіндей түрге ешқашан айналмайтынын сезінді.
Лабонноға бір қарап, Омито Джогомайяға:
— Мен отельге барайын немесе тікелей тозаққа барайын менің нағыз үйім осы жер болып қалады,— деді.
Омито Сисси мен оның достарының бекер келмегенін білді. Оларды осында қалайда келмейтіндей ету үшін ол басын қатырды. Бірақ таяу уақыттан бері оған арналған хат Джогомайяның атына келе бастады. Сол кезде ол мұның өзі шиеленісуге апарып соқтырады деп ойламаған еді.
Омито өз сезімін жасыруды білмейтін — керісінше, ол оны шектен тыс ашық көрсететін және қазір қарындасының келуіне оның қатты алаңдап отырғаны Джогомайяны таңғалдырды. Омито өзін қарындасы мен қарындасының достарына көрсетуге ұялады деп Джогомайя да ойлаған еді. Мұның өзі өкінерліктей әрі намысқа тиетін.
— Сенің уақытың бар ма? — деп үн қатты Омито Лабонноға. — Сенің жүріп қайтқың келмей ме?
— Жоқ, менің уақытым жоқ, — деп қатқыл жауап берді Лабонно.
— Бара ғой, айналайын, аздап серуендеп кел, — деді Джогомайя ұялшақтықтан қысылуды сезініп.
— Соңғы уақытта мен Шуроманың сабағымен айналысудың соншалық жіберіп алдым, — деп жауап берді Лабонно. — Мен өзімді кінәлі сезініп отырмын және кеше өзімнің енжарлығымның есесін қайтаруға ұйғарғанмын. — Лабонноның еріндері қатты жымқырылған, бет әлпеті мызғымас қайсарлықты көрсетіп түр. Джогомайяға бұл қыңыр көрініс таныс болатын, ол талап етіп, өзеуреген жоқ.
— Менің де жұмыстарым бар еді, — деп Омито да қатқыл жауап берді. — Мен қонақтардың келу қарсаңына бәрін әзірлеп қоюға тиіспін.
Бірақ кетерден бұрын ол верандада кідіріп қалды.
— Бонне, қараңызшы: ағаштар арасынан менің үйімнің төбесі сәл-пәл ғана көрініп тұр. Мен сатан әлі айтқан жоқпын, — мен бұл үйді сатып алдым. Қожайын әйел таңғалып қалды. Ол мені алтын сарай тапты деп ұйғарған болуы керек, бағаны өсіріп жіберді. Иә, мен осы жерден алтын сарай таптым, бірақ оның қандай сарай екені маған ғана мәлім. Менің тозығы жеткен лашығымның қазынасы бәрінен жасырын тұрады!
Лабонноның жүзінен едәуір мұң табы көрініп түр.
Сен, адамдар не айтар екен деп, неге соншалық мазасызданасың? — деп сұрады ол — Мейлі, бәрін біле берсін! Егер тікелей ашығын айтсақ, ешкімнің де ғайбаттауға қақысы жоқ.
Бонне, — Омито оның сөзіне жауап берместен әңгімесін жалғастырды, — мен тойдан кейін біз осы үйде тұрамыз деп ұйғарып отырмын. Менің бағым Ганганың жағасында, өзенге түсер жерде, онда баньян ағашы — бәрі қосылып кеткен. Тіпті сен тапқан "Достық" деген та оған жарасып тұр.
— Сен бүгін бұл үйден кетіп қалдың, Мита. Егер қашан болсын, сен оған оралғың келсе, сол кезде оның өзіңе ұнамағанын көрер едің. Бүгінгі күннің үйі ертеңге жарамайды. Сен айтып едің ғой, Өмірдегі түңғыш бақхана — бұл кедейшілікпен сыналу, ал екіншісі — байлықпен сыналу. Бірақ сен үшінші сынақ — айырылысу сынағы туралы ештеңе айтқан жоқсың.
— Тағы да сенің Рабиндранат Тагорыңның сөзі ғой! Ол тіпті Жаһан Шах та өзінің Тәж Махалынан бас тартқан деп жазады. Біздің жаратылғаннан бас тарту үшін ғана жаратылатынымыз сенің ақыныңның қаперіне де кірмейді. Жаратылыс эволюциясы дегеніңіз де осы! Қандай бір жын пері бізді иектеп алады да: "Жаратыл!" деп әмір етеді. Бірақ осы жын пері бір кезде жаратылған нәрсені, бізді тастап кетеді, сөйтіп жаратылған нәрсе керексіз болып қалады. Алайда бұл ол жоғалып кетуге тиіс дегенді мүлде де білдірмейді. Жаһан Шах пен Мумтаз туралы естелік өшпейді. Тек олар ғана емес! Тәж Махалдан еш уақытта адам арылмайтыны да осыдан. Нибарон Чокроборти неке бөлмесі туралы өлең жазды. Бұл сенің ақынының "Тәж Махал" жөнінде қысқаша, поштаның ашық хатында жазылған жауап:
Түн қашады.. .тасқа асады,
Таңның қуып ғұмыр-нұры.
Ал, ғашықтар қоштасады,
О, Ақ неке шымылдығы!
Махаббаттың пәк гүлінің
Орнын басар айырылысу!
Бірақ сенің шаттығыңның
Ғұмыры ұзақ, мәңгі құшу!
Іргең берік, озар ғажап,
Шырқар сен деп ғұмыр жыры!
Саған уақыт, ажал да жат,
О, Ақ неке шымылдығы!
Кім айтады ғашықтарың
Сенен мәңгі кетті екен деп,
Іңкәрліктің шашып бәрін
Жетті екен деп жат мекенге?!
Жалған бәрі! Босағанда
Шалқып тұр ғой шырақтарың,
Ұлы Мадақ — Жасағанға;
Олар тірі, қуатты әрі!
Олар әлі оралады,
Орындалар армандары!
Сезім мәңгі бола алады
— Сенсің мәңгі — жалғандағы!
Рабиндранат Тагор, — деп жалғастырды, — Омито, — өтіп кеткенге жоқтау айтады. Ол қалатын нәрсені мадақтауды да білмейді. Өзің төреші болшы, Бонне, біз есікті бекерге қағып тұрмыз, өйткені ол бәрібір ашылмайды, — деп пайымдауға ақын лайық па!
— Жалынамын сенен, Мита, бүгін сен поэзия үшін дауды созба! Алғашқы күннен-ақ Нибарон Чокробортидің — сен екеніңді мен білмеді дейсің бе? Өтінемін сенен, өз өлеңдеріңнен біздің махаббатымыздың мазарын соқпа, ең болмаса, оның сөнгенін күт!
Лабонно Омитоның өзінің абыржуын жасыру үшін бүгін әр түрлі мылжыңдарға баруын түсінді. Егер кеше поэзия туралы дау қандай бір дәрежеде орынды болса, енді оның бүгін сиықсыз шығып жатқанын оның өзі де сезінді. Бірақ Лабонноның оның ішкі қатпарын көргені оған жағымсыз тиді.
— Жақсы, мен кетейін, — деді ол ұстамдылықпен. — Бұл дүниеде менің үлесім бар: бүгін ол отельді қараудан тұрады. Шамасы, бақытсыз Нибарон Чокроборти көңілденетін шығар.
Лабонно Омитоның қолынан ұстады.
— Тыңдашы, Мита, — деді ол, — ешқашан маған ашуланба. Егер айырылысар күн туса, сен үшін жалбарынамын, кешірім жасамай, кетіп қалма!
Ол көз жасын жасыру үшін басқа бөлмеге асығып кетіп қалды. Омито орнында қалшиып тұрып қалды. Содан соң ол ессіз түрде дерлік, эвкалиптке қаңғалақтап келді. Оның жанында шағылған грек жаңғақтары шашылып жатыр. Оларды көргенде оның жүрегі қысылып кетті. Өмір ағысы шарпып өткеннен кейінгі қалған із үнемі мұңды, өйткені енді ештеңеге тұрмайды. Содан соң ол үстінде жатқан Рабиндранат Тагордың "Тырналар" деген нілбын көрді. Соңғы беті суланып қалыпты. Алдымен ол кітапты орнына қойғысы келді, бірақ оның орнына қалтасына тығып жіберді. Оның отельге барғысы келген, бірақ оның орнына ағаштың түбіне отырды. Түнгі ылғал бұлттар аспанды шайып, тазартып жіберген. Шаң басылған, ауа мөп-мөлдір және маңайдың бәрі әдеттен тыс ашық түсті. Таулар мен ағаштардың сұлбасы көгілдір аспан аясында ап-анық болып көрінеді. Табиғат адам жанына жақындап келген сияқты. Уақытты да сезуге болатындай және одан әдемінің мұңды әуені естіледі.
Лабонно өз істерімен айналысқысы келген, бірақ ол Омитоның шкалипт түбінде отырғанын көргенде өз-өзіне не бола алмай қалды: оның жүрегі дүрсілдеп қоя берді, көзі жасқа толды. Ол жақындап келіп:
— Мита, сен не туралы ойлап отырсың? — деп сұрады.
— Мүлде де бұрынғы ойлап жүргендерім туралы емес.
— Саған, шамасы, оқтын-оқтын оз көзқарасыңды қарама-қарсы өзгертіп отыру қажет. Енді сен не ойлап отырсың?
— Осы кезге дейін сен үшін біресе Ганганың жағасында, біресе төбенің басында үй тұрғызып келіп едім. Ал бүгін менің ой көзіме бәрі көлеңкемен және ертеңгі жарықпен теңбілденген тауларды бойлай көтерілген жол келе қалды. Менің қолымда темір ұшы бар ұзын таяқ, арқамда қайыс белбеумен байланған төрт бұрышты қоржын. Сен қатарымда келесің, мен сенің атыңа, Бонне, мені төрт қабырғадан жолға алып шыққаның үшін батамды бағыштаймын. Үйдің іші үнемі толған адам, ал жолда тек екеуіміз ғанамыз.
— Демек, Даймонд-Харбордағы бақ жойылып кетті және бақытсыз бөлме де жетпіс бес рупий үшін, солай ғой? Келісемін! Бірақ жол біздің арамыздағы қашықтықты қалай сақтай алады? Түнде әр түрлі қонақ үйде, сен біреуінде, мен екіншісінде тоқтаймыз ба?
— Бұл енді керек емес, Бонне. Жаңа нәрсе жолда еш уақытта жоғалмайды. Қозғалыста болса, ештеңе қартаймайды. Кәрілік қозғалыссыздықпен бірге келеді.
— Бұл ой қайдан шығып жатыр, Мита?
— Қазір түсіндірейін. Мен күтпеген жерден Шобхонлалдан хат алдым. Бәлкім, сен оның атын естіген шығарсың: ол "Премчанд Райчанд" стипендиясын алған, міне солай, Шобхонлал Үнді тарихында еске алынатын барлық ежелгі заман жолдарымен жүріп шығуды ойлаған. Ол өткен заманның жойылып кеткен жолдарын іздегісі келеді, ал мен болашаққа жол салғым келеді.
Лабонноның кенеттен демі тоқтап қалғандай болды.
— Мен Шобхонлалмен бір жылда магистр дәрежесіне емтихан тапсырғанмын, — деді ол, Омитоның сөзін бөліп. — Ол жөнінде сен не білесің?
— Сонымен бірге ол ежелгі ауған қаласы Капиш арқылы өткен жолды іздеу ойымен әуре болып жүрді. Осы жолмен Сюань Цзан Үндістанға тауап етуші ретінде, ал одан көп бұрын Александар Македонский жаулап алушы ретінде келген. Шобхонлал пүшту тілін, патандардың заңдары мен әдет-ғүрыптарын ыждағаттылықпен үйрене бастаған. Рас, олардың қолпылдаған киімімен ол патаннан гөрі сұлу парсыға ұқсайтын, бірақ бұл дегенмен солай. Ол менен осы проблемамен айналысып жүрген француз ғалымына ұсыныс білдіретін хат жазуды сұрады, — мен Францияда олардан бірдеңелерді білген едім. Мен хат жазып жібердім, бірақ үнді үкіметі оған шетелдік төлқұжат бермеді. Содан бері ол ежелгі жолдарды асу бермес Гималай арқылы: бірде Кашмирден, бірде Кумаоннан іздеді. Қазір ол Үндістаннан буддизм уағызшылары жүрген жолды Гималайдың шығыс бөлігінен іздегісі келеді. Оның саяхатқа деген құмарлығы мені толғандырады. Біз қолжазбалардан сөздердің жүретін жолдарын іздеп, көзімізді шаршатамыз, ал осы бір есі кеткен адам адамзат тегі тағдырының таңбасы қалған жолдардың қолжазбасын оқиды. Бірақ білесің бе, меніңше?
— Айта бер!
— Бірде Шобхонлалды білезіктермен әсемделген нәзік қолдардың соққысы зақымдады, міне сонда ол үйден жолға жүгіріп шықты. Мен оның барлық тарихын білмеймін, бірақ бірде екеуіміз түн ортасы ауғанша дерлік мылжыңдағанбыз. Кенеттен гүлденіп тұрған джарул ағашы бұтақтарының ар жағынан ай көрінді, сол кезде ол бір қыз туралы айтқан болатын. Ол оның атын атаған жоқ және түр-түсін сипаттаған жоқ, бірақ оның даусы толқығанынан дірілдеп кетті, ол кетуге асықты. Мен бір кезде оның жанының қатты жараланғанын және осы ауруды үздіксіз кезбелікпен басуға тырысатынын түсіндім.
Кенеттен ботаникаға құштарлық танытып, Лабонно шөптегі орманның ақ-жасыл түсті гүлін қарауға еңкейді. Шамасы, оған гүл сабақтарын әбден есептеп шығу қажет болған-ау.
— Білесің бе, Бонне, — деп тағы тіл қатты Омито, — сен бүгін мені жолға шығуға итермеледің.
— Қандай түрде?
— Мен үй салдым, бірақ бүгін ертеңгілік сенің сөздеріңнен: сол үйге кіруге немесе кірмеуге бел байламағаныңды түсіндім. Екі ай бойы мен ол үйді ойша әсемдеумен болдым. Бірақ бүгін мен сені: "Кел, менің әйелім!" — деп шақырдым. Бірақ сен неке киіміңді шешіп тастап: "Жоқ, досым, онда шектен тыс тар болады! Біздің соз байласуымыз еш уақытта тоймен аяқталмайды" — дегенді айттың.
Ботаника Лабонноны қызықтыруын бірден қойды. Ол түп-түзу тұрып, аянышты дауыспен:
— Жетер, Мита, керек емес! — деп үн қатты.
КОМЕТА
XIV
Енді ғана Омито Лабонномен өзінің қарым-қатынасының Шиллонгтың бүкіл бенгалдықтарына белгілі болғанын байқады. Әдетте клерктердің арасында әңгіменің негізгі тақырыбы өздерінің кеңселерінің шырағы туралы болды. Бірақ олар оз күн жүйесінде кенеттен бірінші өлшемдегі екі жарық жұлдыздың пайда болғанын байқаған кезде, барлық жаны ізгі астрономдар сияқты, жаңа жұлдыздар басты орын алатын таңғажайып көріністің ор түрлі мүмкін болатын нұсқаларын талқылай бастады.
Осы талқылаулардың ең бір қызған шағында Шиллонгте осы жерге таудың кәусар ауасымен демалуға келген адвокат Кумар Мукхерджи пайда болды. Біреулер оны қысқаша Кумар Мукхо, екінші біреулер — Map Мукхо деп атайтын. Ол Сиссидің достарының ең жақын тобына кірмейтін, бірақ оны ол жерде жақсы білетін. Омито оны "Мукхо комета" деп атайтын, өйткені ол өзге жерден болса да, комета сияқты олардың қоғамының орбитасымен түйісіп қалып жүретін. Оны өзіне тартқан жұлдыздың аты Лисси екенін бәрі аңғарып жүрді. Бұл жөнінде бәрі сайқымазақ қылатын, ал Лисси болса, қысылып, ашуланып та қалатын. Лисси үнемі кометаның құйрығын тістеп алғысы келетін, бірақ, шамасы, бұл кометаның құйрығына да, басына да ешқандай зиян келтірмейтін.
Оқтын-оқтын Омито Кумар Мукхоны Шиллонгтың жолдарынан алыстан көріп жүрді. Оны көрмей қалудың өзі қиын еді. Ол еш уақытта шетелде болмаса да, оның ағылшындық мәнері көзге түсетін. Оның аузында ұзын жуан сигар үнемі түтіндеп тұратын, мұның өзі кейде оның "Комета" деген лақабына түсінік беретін. Оны көрісімен, Омито "Комета" өзін байқамай қалар деген үмітпен жылыстап кетіп қалуға тырысады. Алайда көріп тұрып, көрмей қалған пішінде болу, — күрделі әрі нәзік өнер. Ұрлық жасаған сияқты, сәттілік саған қармаққа түскенге дейін ғана жол ашады. Мукхо сияқты осыншалық елеулі тұлғаны байқамау үшін Омитоның өнері жетпей жататын.
Кумар Мукхоның Шиллонгте білгенін: "Омито Рай қоғамға қарсылық жасап жүр" деген тақырыппен беруге болар еді. Бәрінен көбірек ашуланатын адам жанжалды да бәрінен жақсы көреді. Кумар осы жерде ауру бауырын емдеу үшін біраз уақыт өткізуді көздеген, бірақ өсекке деген шексіз сүйіспеншілік оны Калькуттаға бесінші күні қайтуға мәжбүр етті. Осы жерде Сисси, Лисси тобы мен компаниясында ол сигар түтінімен араластыра келемежбен және ашықтан-ашық балағаттаумен сықпыртып жүріп Омито туралы барлық өсекті жинап алды.
Сұңғыла оқырман, Сисси құдай әйелге табынушы жоғарғы абыздың Кэтти Миттердің атасы Норен екенін аңғарған шығар. Табынушылық жағдайдан ол коп кешікпей күйеулік жағдайға көшетін шығар деген сыбыс тарады. Сиссидің жан дүниесі бұған әлдеқашан келісім берген, алайда өзін құпиялық тұманымен тұмшалап, мұны жасырып жүрді. Норен Омитоның көмегімен беймәлімділік тұманын сейілткісі келетін, бірақ алдамшы Омито Калькуттаға да келмеді және хатқа да жауап бермеді. Норен зым-зия жоғалған Омитоны өзі білетін барлық ағылшынша балағатпен естірте де және өзінше де сықпыртып жіберді. Ол тіпті Шиллонгке мазмұны мүлде де мақтаудан ада бірнеше жеделхатты жөнелтті, бірақ оның отты ізі мызғымайтын жұлдызға ұмтылған өжет зымыранның ізі сиқты жоғалып кетті. Ақыр аятында бәрі бірауыздан енді бір минутқа да кідіруге болмайды, егер Омито батып кеткен иірімнен оның төбесі көрінсе, тіпті шашынан сүйресе де, дереу жағаға сүйреп шығару керек деп ұйғарды. Бұл тұрғыдан алғанда оның туған қарындасы Сиссиге қарағанда оған жат адам Кэтти анағүрлым үлкен ыждағаттылық көрсетті. Кэтти Миттер Үндістанның байлығының шетелге жылыстап жатқанын көріп, біздің саясатшыларымыз басынан кешіргендей, сондай бір жаратпаушылық күйді бастан кешірді.
Норен Миттер ұзақ уақыт бойы Еуропада тұрды. Заминдардың ұлы, ол табыстары жөнінде де, шығыстары жөнінде де бас ауыртып жатпады; ал өзінің білім алуы жөнінде одан да аз ойланды. Шетелде ол ақшасын оңды-солды шашып, уақытын да ысырап етіп күн кешті. Егер өзін суретші ретінде көрсеткісі келсе, сонымен бірге ештеңемен шектеусіз еркіндікті және ештеңемен ақтауға болмайтын өркөкіректі иеленуге болар еді. Мәселен, өнердің жебеуші әйел құдайы Сарасватиге қызмет ете жүріп, ол
Гуроианың барлық ірі қалаларының әурешіліктерімен танысты. Бірнеше рет әрекеттенуден кейін оған өзінің шынайы ізгі тілекшілерінің табанды кеңесіне құлақ түріп, сурет өнерін тастауына тура келді. Содан бері ол өзін сурет өнерінің терең білгірі ретінде көрсетіп, бұл орайда өзінің онымен толық айналыспайтынын байқатты. Егер өзіне бірдеңе істеудің орайы келмесе, ең болмағанда басқаларды қолдауға тура келеді.
Норен француздық сәнмен мұртын ыждағаттылықпен ширатып, өзінің жалбыр шашты басына соншалық ыждағаттылықпен көңіл бөле бермейтін. Оның өзі де көп-көрікті болатын, бірақ қайтсе де одан әрі сұлу көрінуге тырысып, өзінің баптаушы бұйымдарын париждік сәннің мүмкін болатын құралдарымен жинай беретін. Оның керек-жарақтары жуынып-шайыну үшін он жасар Раванаға жетіп жататын. Оның қымбат гавана сигарын екі-үш рет сорып, қалай-болса солай тастай салғанын, өзінің көйлек-көншектерін ай сайын париждік кір жуу орындарына пошта посылкасымен жіберіп тұратынын көрген кезде, ешкім де оның ақсүйек бекзаттығына күмән келтірмейтін. Оның киім кию өлшемдері Еуропаның үздік ательелерінің кітаптарына: үнді князьдары Патиаланың және Карпурталаның аттарымен қатар енгізілген болатын. Ол жаргондық сөздермен астарланған ағылшын тіркестерін бәлдене созатын және оның әңгімесі де соншалық маңғаз әрі сығырая ашылған ұйқылы-ояу көздерінің солғын көзқарасы сияқты айқын бола бермейтін. Білгіштер қаны асыл көптеген ағылшын ақсүйектерінің аузынан осындай былжыраған және ұғымсыз сөздер лекілдеп шығып жатады деп сендіреді, Сонымен бірге, өз тобындағы адамдар ішінде ол жокейлік жаргонның және ағылшындық боқтампаздықтың білгірі болып танылатын.
Кэтти Миттердің шын аты Кетоки болатын. Ағасынан қабылдап алуға болатынның бәрін қабылдап алған ол шетелдік атаулының жиынтығы болатыннан өзіндік стиль жасап алған. Ол бенгал қыздарының көркі болатын өзінің ұзын шаштарын қиып тастаған, шамасы, ұзын бұрымнан жұрдай дудар бастылыққа еліктеу оның дамудың жаңа сатысына көтерілгенін білдірсе керек. Өзінің түсі табиғатынан сұлу жаратылса да, ол бетін иісмаймен әлеміштеп тастайтын. Бала кезінде Кэттидің қап-қара көздері мейрімді әрі жылылыққа толы болатын, бірақ қазір ол өзінің ықыласына жұрттың бәрі лайықты келе бермейді деп шешкен. Ол ешкімді көрмейтін сияқты, ал көре қалса, байқамайтын, ал егер байқай қалса, оның көз жанарында жарқылдаған ұшқын пайда болатын. Оның бір кездегі нәп-нәзік және жұмсақ еріндері енді тыжырая жаратпаушылықтан қатып қалған әрі майысып иілген анкушты еске түсіретін.
Мен әйелдің сәндік бұйымдарының егжей-тегжейлі жақтарын біле бермеймін және олардың қалай аталатынын да білмеймін. Бірақ оның киім киісінде арасынан үлбіреген ішкі киімі көрініп тұратын шектен тыс ашық түсті жоғары жақ киімі ерекше көзге ұрып тұратын. Оның кеудесінің көп бөлігі әрқашан жалаңаштанып тұратын және өзінің жалаңаш қолдарын біресе үстелге немесе орындықтың тұтқасына көзге түсетіндей етіп қоятын, біресе оларды салдыр-салақ кейіппен айқастырып жіберетін. Ол әлеміштелген тырнақты саусақтарына қыстыра сигаретті сорған кезде де оны шылым тартудан гөрі қылымсу үшін жасайтын. Бірақ оның биік өкшелі жойдасыз туфлилері бәрінен сиықсыз көрінетін! Жаратушы адамға ешкінің тұяқтарын салуды білмей қалған немесе салып үлгермеген, енді біздің әрқайсымыз осы аяқтарды азапқа түсіріп, құбыжық икемделгіштермен жерді басып жүруіміз үшін етікшілер осы қателікті түзетуге тиіс деп ойлауға болар еді.
Сисси әзірше аралық жағдай иеленіп жүрді: ол үлкен табыстарға жетті, бірақ толық еуропалануы туралы дипломды алмаған болатын. Сыңғырлаған күлкісі, тоқтаусыз көңілділігі, еркелікке толы мылжыңы мен шектеусіз өмірге деген құштарлығы оған табынушыларды үйіріп алатын. Ол, Радха сияқты, бірде әйелге тон сабырлы болса, кейде ерке шалдуар болатын. Оның биік өкшелі туфлилары жаңа дәуірдің салтанатын аңғартса, бірақ түйінделген ұзын шаштары ескінің әлі де өтіп болмағанына айғақ болар еді. Оның сариінің төменгі етегі әдеттегі қалыптан екі-үш дюйм қысқа болғанымен оның есесіне жоғары шеті иықтарын байыптылықпен жауып тұратын. Ол ешбір қажеттіліксіз биялай киіп алатын, білезіктері оның екі қолында да бар еді. Сигарет оның әлі басын айналдырмаған болатын, бірақ сағызды бұрынғысынша ризалықпен шайнап жүретін. Ол өзіне маринад және консервленген манго шырынын жіберсе, қарсы болмайтын, бірақ рождестволық плам-пудингке қарағанда, наушайындағы мерекелік питхені анағұрлым жақсы көретін. Ол еуропалық би мұғалімінен би билеуді үйренді, бірақ би залында біреу-міреумен жұп болып үйірілуді өзіне үйрете алмай-ақ қойды.
Оларға Омито туралы хабар жеткен кезде, үшеуі бірдей — Сисси, Кэтти және Норен — мазасыздана отырып, жолға шықты. Олардың абыржуы оның үстіне түсінікті болатын, олар Лабонноны гувернантка, яғни өздерінің тобындағы адамдарды құрту үшін жаралғандардың бірі деп есептейтін. Шамасы оны Омитоның Омилей мен жағдайы қызықтырған болуы керек! Оны босатып алу үнінде әйелге тән барлық жаңашылдықты қолдануға тура келеді. Төрт басты Брахманың төрт жұп көзі әйелдерге әуесқойлықпен жомо есіркей сұғын қадап тұр, сондықтан Брахма іс әйелдерге қатысты болғанда еркектерді кілең ақымақтарға айналдырып Жібереді. Демек, егер еркекке қарындасы көмектеспесе, оның өзі азғырушылардың өсек-аяңына толы махаббат машақатынан босана алмайды.
Екі құрбы дереу Омитоны құтқарудың жоспарын жасады. Әлбетте, ол бұлар жаудың күшін барлап, болашақ майдан алаңын тексеріп шыққанша, ештеңе білмеуге тиіс. Сонда басын айналдырушыны қалай жеңіп шығудың реті белгілі болады!
Олар жүздескен кезде Омитоның әбден күнге күйіп тотыққан жүзі таңғалдырды. Ол бұрында да өз тобындағы адамдарға ұқсамайтын, алайда әрқашан үсті-басында қылау жоқ, мұнтаздай нағыз қалалық күйінде көрінетін. Қазір оның таза ауада терісі қатқылданып қана қоймай, ормандағы өмір барлық тұрпатына өз таңбасын қалдырған сияқты. Ол жасара түскен, олардың пікірінше сәл-пәл топастанған. Ол өзін өте қарапайым адамдар сияқты ұстады. Ол бұрын өмір қиыншылықтарына күле жүріп жауап беретін, ал қазір бұған бұрынғы ынтызарлығы жоғалған. Оларға бұл кері кетудің белгісі құсап көрінді.
Сисси оған тікелей былай деді:
— Біз сенен алыста жүргенде осындағы таулықтардың — кхастардың деңгейіне дейін жеткен шығар деп ойлап едік, ал енді осы жерде өсетін қарағайдай жай ғана қатқылдана түскеніңді көріп тұрмыз. Мүмкін, сенің саулығың бұрынғыға қарағанда күшейе түскен шығар, бірақ сен бұрынғыдай онша тартпайсың.
Омито оған жауабында адамға табиғатпен етене араласқан кезде "мылқау, жансыз заттар" эсер етеді деген Вордсворттың сөздерінен үзінді келтірді, Сисси өзінше, мылқау, жансыз заттардың бұл жерде қатысы жоқ: жанды әрі оның үстіне ділмарлық қабілеті бар тіршілік әлдеқайда қорқынышты ғой деп ойлады.
Олар Омитоның өзі Лабонно туралы айтып береді деп үміттенді. Бірақ бір күн, келесі күн, үшінші күн өтті, ол үнсіз. Алайда оның махаббат қайығының едәуір алысқа, тіпті ту алысқа жүзіп кеткенін аңғаруға болатын еді. Ертеңгісін олар төсекте аунақшып жатқанда Омито бір жаққа кетіп қалатын, ал қайтып келген кезінде оның жүзінен ең бір буырқанған сезімдері байқалып тұратын, оған қараған сәтте дауыл ұйпалақтап тастаған пальма жапырақтары еріксіз еске түсетін. Оның төсегінде Рабидранат Тагордың кітабы жатқаны одан әрі мазалайтын еді. Титулдық парақта Лабонноның аты жазылған әрі алғашқы екі әріп қызыл сиямен жиектелген. Шамасы, осы қолтаңба құны қаншалықты тұрса да, бәрін алтынға айналдыратын сиқырлы қасиеті бар сияқты.
Омито жиі-жиі зым-зия жоғалып жүрді. Ол тәбетімді ашу үшін серуендеп келемін деп айтатын. Оның тәбеті шындығында да күшейе түсті, бірақ шындығында оны не қанағаттандыратынын бәрі жорамалдайтын. Сисси ішінен күліп қояды. Кэттидің ашықтан-ашық зығырданы қайнайды. Омитоның өз істеріне берілгені сондай, маңайындағылардың мазасыздануын да байқамады. Ол екі құрбысына сарқырама іздеуге шығатынын жай ғана айта салды және бұл сарқырама қандай екеніне және оның суының қайда барып құятынына басқалар қызығушылық танытуы мүмкін ғой деген ой оның қаперіне де келген жоқ. Бүгін ол апельсин балын іздеуге шығатынын айтты. Екі қыз кінәсіз пішінмен бұл әдеттен тыс бал тоқтамсыз әуесқойлық туғызатынын және өздерінің де барғысы келетінін жайбарақат мәлімдеді. Жолдың қиын және қауіпті екенін айтып, Омито ең басынан дауды тыйып тастап, асығып кетіп қалды. Бұл балдың әбігері құрбыларды ақыр аяғында уақыт жоғалтпастан шешім қабылдауға және құпия апельсин тоғайына оның артынан іздеп шығуға мәжбүр етті. Норен, расында, асығып-үсігіп жиналып, өзімен бірге Сиссидің де жүруін қалады, бірақ Сисси бас тартты. Осы бас тартудың оған қаншалықты күшке түскенін осы жағдай басына түскен адам ғана білер еді.
КЕДЕРГІ
XV
Құрбылар Джогомайя багының қақпасына шығып, қызметшілерді кездестірместен үйге жақындай түсті. Осы жерде верандада олар кішкентай үстелдің басында отырып, оқумен шұғылданып жатқан мұғалім мен шәкіртті көрді. Олардың үлкенінің Лабонно екенін аңғару қиын емес еді.
Өкшелерін тықылдатып, Кэтти верендаға көтеріліп, ағылшыншалап:
— Кешіріңіздер, маған бола ма ..., — деді.
— Сіз не қалайсыз? — деп сұрады Лабонно орнынан тұрып жатып.
Кэтти оны зәрлі көзімен басынан аяғына дейін тінте қарап:
— Біз мистер Эмитройды, осында ма деп білуге келіп едік, — деп хабарлады.
Эмитройдың кім екенін Лабонно әуелгіде түсінбей қалды және:
— Мен ондай адамды білмеймін, — деп жауап берді.
Құрбылар қас қағым сәт бір-біріне қарады, олардың еріндерінде әжуа үйрілді.
— Оның есесіне осы үйге оның анағұрлым жиі келетінін біз білеміз! — деп Кэтти басын ашулана кекжең еткізіп, ысылдай сөйледі.
Лабонно селк ете қалды. Олардың кімдер екенін және өзінің қандай қателік жібергенін ол енді ғана түсінді.
— Мен қожайын әйелді шақырайын, — деді ол сасқалақтап, — өздеріңізге керек нәрсені сіздер содан білесіздер.
Лабонна кеткен бойда Кэтти Шуромаға:
— Сенің мұғалімің бе? — деді.
— Иә.
— Аты, Лабонно ма еді?
— Иә.
— Сіріңке бар ма? — деді ол ағылшыншалап.
Сіріңке туралы күтпеген өтініштен жаңылысып қалған Шурома сұрақты түсінбей қалды. Ол Кэттиге бақырая қарап, тұра берді.
Кэтти:
— Сіріңке! — деп бенгалша қайталады.
Шурома бір қорап сіріңке әкелді, Кэтти сигаретін тұтатып, бір сорып алды да, содан соң Шуромадан:
— Ағылшынша оқып жүрсің бе? — деп сұрады.
Шурома басын изеді де, үйге қарай жүгіріп кетті.
— Егер ол өзінің ұстазынан бірдеңе үйренсе, жақсы қылыққа үйренбеген, — деді Кэтти кекете.
Құрбылар алған әсерлерін бөлісті:
— Міне ол, әйгілі Лабонно! Шынында да сұлу емес пе? Шиллонг тауында жанартауды ұйқыдан оятып, Омитоның тас жүрегін жібіткен сол ғой! Түк түсінбеймін. Бұл еркектерің — ақымақ!
Сисси қатты күліп жіберді. Бұл шынайы, көңілді күлкі еді, өйткені еркектердің ақымақтығының оған қатысы жоқ еді. Лабонноның өзі тас жүректі соққыға алып, талқандап тастады. Бірақ таңғаларлық! Кэтти сияқты қыз болса — басқа мәселе, ал олпы-солпы киінген мынау гувернантка — мүлде басқа мәселе! Қандай салқын жан! Оның аузына май салсаң да, ерімейтін шығар! Ал өзі ше — су-су болған іш киімнің түйіншегі сияқты. Оның қасына отырып көрші — жауынды күнгі бисквит сияқты бірден малшынып шыға келесің. Мынау Эмит оның жанында бір минуттың өзіне қалай шыдар екен!
— Сисси, сенің ағаңның миы баяғыда-ақ әбден ауысып кеткен. Талғамы бұрмаланған адамға ғана мынау қыз кенеттен періште сияқты құсап көрінуі мүмкін.
Осыны айтып, Кэтти сигаретін алгебра оқулығына лақтырып жіберді де, күміс бауы бар сөмкесін ашып, опаланып алып, қарындашты қасын бояуға апарды.
Сисси өзінің ағасының салауатты ойдан жұрдай болғанына күйіне қойған жоқ, ол тіпті жан түкпірінде есіркеушілік білдірді. Оның бүкіл ашу-ызасы атасының басын айналдырып, сиқырлап алған жалған періштеге бағытталған еді. Ал Кэтти Сиссидің таңғаларлықтай немқұрайды пішінін көріп, өз-өзіне келе алмады! Ол ағасына енжар қараған қарындасын жақсылап сілкіп алудан әрең деп тежеліп қалды.
Осы минутта оларға ақ жібек сариі бар Джогомайя келді. Лабонно үйде қалыпты.
Кэтти өзімен бірге көздері жалбыраған жүнінің астынан көрінер-көрінбес болып тұрған Тоби деп аталатын кішкентай сабалақ итті ерте келген еді.
Лабонно және Шуромамен танысқанда Тоби оларды иіскеумен ғана шектелген. Бірақ оны Джогомайяның пішіні масаттандырып жіберді. Тоби Джогомайяға тап беріп, аппақ қардай сарида лас табандарының ізін қалдырып, оған деген өзінің ыстық сүйіспеншілігін айғақтады. Ситти төбетті қарғыбауынан Кэттиге қарай тартты, ол оның мұрнынан шертіп қалып:
— Мазалама, мазалама, тентек! — деді ағылшыншалап.
Кэтти үстелден тұруды ойына да алған жоқ. Сигаретін сора түсіп, ол басымен бұрылып қана Джогомайяға ашықтан-ашық жаратпаушылықпен қадала қарады. Ол оған Лабоннодан да гөрі де айқын өшпенділікте болды. Кэтти Лабонноның басында бұрынғы кезде қандай да бір жайсыздық болған және енді Джогомайя қайырымды тәтей кейпінде болып оны Омитоның қолына түсіргісі келіп жүр деп ұйғарды. Еркекті алдау үшін көп айла қажет емес, өйткені еркектер табиғатынан көзсіз ғой.
Сисси Джогомайяға жақындай түсіп, дәстүрлі иілуге ұқсаған бірдеңе жасап:
— Мен Сиссимін, Омитоның қарындасымын, — деп өзін таныстырды.
Джогомайя жымиып күлді.
— Оми мені тәтей деп атайды, демек, мен саған да тәтей боламын.
Кэттиге көз қиығын салып, Джогомайя оған назар аудармауға бекіді.
— Үйге кіріңіз, қымбаттым, — деп ол Сиссиге қарады.
— Біздің уақытымыз жоқ, — деп жауап берді Сисси. — Біз мұнда тек Омидің бар-жоғын білу үшін ғана бас сұқтық.
— Ол әлі келген жоқ, — деді Джогомайя.
— Сіз оның қашан келетінін білесіз бе?
— Сәл күте тұрыңыз, мен кіріп, біліп шығайын.
Кэтти орнынан қозғалмастан, бұрқылдай сөйледі:
— Ана оқытушы, жаңағы отырғанды айтам, Эмиттің кім екенін де білмеймін деді.
Джогомайя қабағын шытынды. Ол Кэттидің жеккөретінін сезді және оның құрметіне бөленудің оңайға соқпайтынын білді. Сөйтті де тез ресми сыңайға көшіп, Джогомайя былай деді:
— Мен білсем, Омито әжей сізбен бір қонақ үйге орналасты-ау деймін. Оның қайда болатынын сіздің өзіңіз білуіңіз керек қой.
Кэтти оның жүзіне: "Жасыра беріңіз, бәрібір сіз бізді алдай алмайсыз!" дегендей келекелей көз жүгіртті.
Оның мәнісі мынада, Лабонноның түріне қарай, әсіресе оның Омитоны білмеймін деген сөзінен кейін Кэттидің кеудесі ызаға толып кетті. Сисси, өзін түйреп өткенін сезсе де, бәрібір түк ашу білдірген жоқ. Джогомайяның сұлу, байсалды жүзі жақсы, құрметке лайық әсер қалдырды, сондықтан Кэттидің дөрекі қылығы, оның тіпті орнынан да қозғалмағаны Сиссидің жынын келтірді. Бірақ оның қарсылық білдіруге батылы жетпеді, өйткені мұндай қарсылыққа Кэтти мүлдем шыдамсыз болатын. Ол кез келген қарсылықты тез басып тастайтын және сол үшін қандай шара қолданудан болсын жүзі міз бақпайтын. Адамдар әдетте сасқалақтап, мұндай қайсарлықтан тайсақтай береді. Ал Кэтти болса өзінің шалт мінезін мақтан тұтатын және, өзі айтқандай, олардың қайсыбірінің "күйреуік сезімге" берілгенін байқады-ақ, достарын да ешқашан аяған емес. Өзінің дөрекілігін ол турашылдыққа балайтын да, егер кімде-кім осы тағылықтан сескенетін болса Кэттидің өздерін тек мазаламасы үшін ғана одан өйтіп-бүйтіп аулақ жүруге тырысатын. Сисси болса сондайлардың қатарында еді. Кэттиден қорыққан сайын ол өзінің әлсіздігін байқатқысы келмей, оған ұқсауға барынша тырысатын. Бірақ ол барлық уақытта бірдей қолынан келе бермейтін.
Өзінің қылығы үшін Сиссидің көңілінің түкпірінде бір жайсыздықтың жатқанын Кэтти сезді. Мұндай әдепсіздік міндетті түрде және Джогомайяның қатысуымен, жазалануы тиіс! Ол орнынан көтерілді, Сиссиге жақындады, оның ерніне сигарын тыққыштап және өктемдігін байқатып жүзіне зәрлі үңілді. Құлағына дейін қызарып кетсе де, қарсылық жасауға Сиссидің әлі жетпеді. Ол батысқа тән мәнерге келіспеушілігін ыммен болса да байқатқысы келгеннің қай-қайсысына болсын тойтарыс беруге дайын екенін білдіретін сыңай байқатуға өзін күштеп бақты.
Үй алдынан Омито көрінді. Қыздар таң-тамаша болды. Ол қонақ үйден басында шетен қалпағы, үстінде ағылшын костюмімен кетіп еді, ал қазір дхота мен шәлі жамылып алыпты. Ол киімін өз үйінде ауыстырды. Оның сөре толы кітаптары, іш киімдері мен Джогомайя берген орындағы болды. Ол қонақ үйдегі таңғы астан кейін демалу үшін онда жиі баратын. Лабонно оған өзі Шуромомен дайындық жүргізу кезінде қандай да болсын тән самалын немесе жан рақатын іздеушілердің кіруіне тыйым салды, демек, Омито Домагайяда шай берілген кезде, торт жарымға дейін Омито тән сусынын да, рухани сусынын да қандыра алмады. Осыған дейінгі уақытты үйтіп-бүйтіп өткізіп, қайтадан киінді де белгіленген дәл сағатында келді.
Қонақ үйден кетер алдында ол ақыры Калькуттада тапсырыс берген жүзігін алды-ау. Оны Лабонноның саусағына қалай кигізетінін кез алдына әкелді. Бүгінгі күн бұған әбден лайықты күн еді! Мұндай күннің екінші қайтара кездесуі неғайбіл Ол тура Лабонно дайындалып жатқан жерге келіп, оған былай дегісі келді:
"Бірде қайсыбір патшайым пілге мініп жүріпті. Ол өтуге тиіс қақпа аласа екен, оның басын иіп кіруге ықыласы болмапты, сөйтіп өзінің жаңа сарайына соқпастан кері қайтып кетіпті. Біз үшін бүгінгі күн ерекше күн, бірақ сен өзіңнің серуендейтін уақытыңа қақпаны өте төмен етіп жасаттың. Патша сенің әлеміңе басын иместен кіре алуы үшін сен оларды қират!".
Сондай-ақ Омитоның адамдар дәл уақытында келгендерді дәлдікті сүйетіндер деп атайды, бірақ сағатпен есептелетін уақыт ақиқат уақыт емес: сағаттың тілі тек уақытты көрсетеді, ал оның құндылығын біле ме екен дегісі келді.
Омито байқамапты. Аспанды бұлт торлап алыпты, шамасы сағат бес-алтыға таяп қалған болуы керек. Ол сағатына қарамады, оның тық-тық соғатын тілі көңіл самғауымен келіспеуі мүмкін ғой. Тап бір, күйіп-жанып ұзақ күндер ауырған баласының маңдайынан ыстық қайтқандай көрініп, термометрге қарауға батылы бармайтын ана тәріздес. Шын мәнінде Омито уақытынан әлдеқайда ерте келді, бірақ тағатсыздығы шегінен шығып барады.
Ауыз үйдің Лабонно өзінің мұғалімімен дайындалған бөлігінен жолдағылар көрініп тұрады. Қазір онда ешкім көзге түспейді, және қуаныштан Омитоның жүрегі аунақшып кетті. Енді ол сағатына қарады. Төрттен жиырма минут қана кетіпті. Бірде оның Лабонноға егер адамдар заң алдында кінәлі болса, онда құдайлар заңдарды мойындамайды. Жер бетінде-ақ біз қиялдағы заңсыздықтан ләззат алу үмітімен заңға тәу етеміз. Бірақ кейде сол қиялдың өзі салқын тартып, жерге қонады, ондайда адамдардың ең биік борышы заңды бұзу. Оның енді ғана үміті оянды, мүмкін, Лабонно қалыптасып қалған тәртіпті анда санда бұзу да қажеттігін түсінген шығар, және ол бүгінгі күннің ерекшелігін сезініп, әдеттегі шектелушіліктерден бас тартқан болар.
Омито жақындап келді және Джогомайяның үйдің табалдырығында қалшиып, ал Сиссидің Кэттидің сигаретін тартып тұрғанын көрді. Ол мұның әдейі көз қыры екенін бірден түсінді. Достық сезімін көрсетуінің бұлайша кілт кесілуінен үрпі-түрпісі шыққан Тоби Кэттидің аяғының астында бүкшеңдеді де қалды, алайда Омитоны көрді де қайтадан толқып кетті және оны қолпаштай жөнелді. Сисси достық сезімін білдірудің мұндай тәсілі, жұқалап айтқанда орынсыз екенін тағы да сездірді.
Омито құрбысына тіпті көз салған да жоқ. Оның үстіне "Тәте" деп алыстан айқайлады — ал қасына жақындағанда иіліп, тізесін бүге тәжім етті. Әдетте ол ешқашан нақ осылай сәлем етпейтін.
— Лабонно қайда? — деп сұрады ол.
— Білмеймін, сүйіктім, шамасы өзінің бөлмесінде шығар.
— Қазір оның әлі дайындалатын кезі емес пе!
— Ол кетіп қалды-ау деймін, келген кезде, м-м-м, әне олар.
— Барайық, олар не істеп жатқанын көрейік.
Және Омито Джогомайямен бірге, құрбыларының екеуін де көзге ілмегендей, үйіне кетті.
— Қорлық қой мынау! — деп шыр ете қалды Сисси Кетейік моннан.
Кэтти одан көп болмаса, аз ашуланған жоқ, бірақ бәрін де аяғына дейін анықтағанша бұл арадан кеткісі келмеді.
— Біздің қолымыздан ештеңе келмейді,— деді Сисси.
— Жоқ, көрсетеміз! — деп жауап берді Кэтти көзінен ұшқын шашырап.
Олар сәл кідірді, бір кезде Сисси қайта ашулана бастады:
— Кетейікші мұннан! Мен енді бұдан артық қала алмаймын!
Бірақ Кэтти орнынан тырп еткен жоқ.
Ақыры қасында Лабонно бар, Омито шықты. Ештеңе болмағандай жүзі нұрлы: ол ашу-ызаның да, жеккөрушіліктің де, тәкаппарлықтың да нышанын байқатпады. Джогамайя үйде қалыпты. Шығуға оның түк ықыласы болған жоқ, алайда Омито барып, оны ертіп әкелді. Лабонноның саусағындағы сақинаға Кэттидің бірден көзі түсті. Оның басына қан шауып, көзі қызарып кетті, ол ашуын лақ еткізіп, алдындағысын астан-кестен етуге әзір еді.
— Тәте,— деді Омито,— бұл мен апам Шомита. Шамасы әкем біздің аттарымыз үндесіп тұрсын деп ойлаған шығар, бірақ ондай үйлесім болмады. Ал мынау Кэтти, менің апамның құрбысы.
Сол арада бір түсініспестік болды. Үйден Шуроманың сүйікті мысығы шықты. Тобиге бұл жайсыздық ұрыс ашуға толық негіз сияқты көрінді. Әуелі ол айбат шеге мысыққа ұмтылды, бірақ сол бойда жауының түксиген сояудай-сояудай тырнақтарын көрді де, ұрыс салудың жеңіспен аяқталуынан күдіктеніп үрейлене кері шегінді. Кәдімгідей қашықтықта шарқ ұрған күшік қауіп төндірумен түк қатысы жоқ ерлік көрсетуге әбден бекінгендей тынышсыз шәуілдеді. Алайда мысық оған тіпті де назар аудармады, ол тек арқасын күжірейтіп, бес көрсете бұрылып кетті.
Бұл енді Кэтти үшін барып тұрған жөнсіздік еді! Шыдамның да шегі бар, өзінің көңіл күйінің күл-талқаны шыққанына нақ Тоби кінәлі болғандай, ол Тобидің құлағына өштікпен бас салғысы кеп кетті. Күшік мұндай өштікке өзінің қарсылығын білдіре өршелене үрді. Тағдыр Кэттидің жағына бұрылмай-ақ қойды.
Шу басылғаннан кейін Омито Сиссиге бұрылды:
— Сисси, бұл Лабонно. Мен саған оның есімін әлі айтқаным жоқ, бірақ оны сен басқалардан естіген шығар деп ойлаймын. Біздің тойымыз огрохайон айында Калысуттада болады.
Сол бойда Кэтти күлімсірегендей рай байқатты.
— О, құттықтаймын,— деді ол — Апельсин шырынын тату, онша қиын болмағаны-ау шамасы. Тіпті алысқа барудың да қажеті жоқ, және шырынның аузыңа өзі-ақ түскісі кеп тұрады.
Әдеттегідей, Сисси өзін ұстай алмады, қарқылдап күліп жіберді. Лабонно осынау сөздердің астарында қайсыбір у жатқанын сезді, бірақ емеурінді түсіне алмады. Омито түсіндірді:
— Бүгін, мен кетіп бара жатқанда, олар менен қайда барасың деп сұрады. Мен даладан бал жинап қайтамын дедім. Олардың күліп тұрғаны сол Менің қашан әзілдеп, қашан әзілдемейтінімді адамдар түсінбейді, ол — менің сорым.
— Енді сен өзіңнің апельсин шырынын қашан ұтып алдың, — деп Кэтти қылымсыған ұстамдылықпен сұрады,— менің де ұтылып қалмауыма көмектес.
— Ол үшін менің не істеуім керек?
— Мен Норенмен бәстестім. Ол нағыз сылқым жігіттер болатын жерге сені сүйреп апара алмайсың, қалай үгіттесең де ол бәйгеге бармайды деп кесіп айтты. Мен сені бәйгеге алып келемін деп өзімнің гауһар жүзігімді тігіп бәстестім. Біз айналадағы бүкіл сарқырамалар мен белгі соғылған жерлердің бәрін кезіп жүріп, әйтеуір ақырында сені осыннан таптық. Рас қой, Сисси, бізге қиялдағы құсымызды немесе ағылшындар айтатындай, дала қызын табу үшін талай жерді кезуге тура келді!
Жауап берудің орнына Сисси мырс етіп күліп қойды.
— Эмит, менің есіме сенен естіген бір әңгіме түсіп отыр, — деп сөзін жалғастырды Кэтти. — Парсылық бір философ өзінің сәлдесін ұрлаған ұрыны ұстай алмапты. Содан ол молаға келіпті де, ұры осында түбі бір келмей қоймас деп ойлап сол жерде отырыпты. Лабонно ханым сені білмейтіні туралы айтқанда, мен оған күдіктене қарадым, алайда жүрегімнің түбіндегі бір үн қайткенмен де сенің өз молаңды аттап кете алмайтыныңды айтты.
Сисси қатты қарқылдай күлді.
Кэтти Лабоннаға бұрылып:
— Эмит сіздің есіміңізді ешқашан аузына алған емес. Ол сізді астарлы сөзбен — "апельсин шырыны" деп атады. Ерекше сөйлеуге келгенде сіз ақылға кенде емессіз және Эмит маған таныс емес деп сіз турасын айттыңыз. Діни мектептерде жаңсақ айтқандар жазаланбай қалмайды дейді, бірақ та Сізді де, Эмитті де ешкім төбеден келіп төпелеген емес. Біріңіз бейтаныс апельсин шырынын қылқ еткізіп жұта салдыңыз, ал екіншіңіз бейтанысты бір көргенмен тани кеттіңіз. Ұтылған мен тана. Бұл әділетсіздік қой, солай емес пе Сисси!
Сисси қайтадан күлкіге көміліп қалды. Тоби де осы шат-шадыман ортаға қосылуды ойлады, оны үшінші қайтара сабасына түсіруге тура келді.
— Эмит, сен білесің бе, егер мен гауһар жүзігімнен айырылатын болсам, менде тыныштық болмайды! — Кэтти қайтадан сөйлей жөнелді. — Оны сенің өзің сыйлаған болатынсың. Мен оны қолымнан ешқашан шешкенім жоқ, ол менің тәнімнің бір бөлшегіне айналып кеткен сияқты. Түкке тұрмайтын дауға бола осында, Шиллонгте маған одан айырылуға тура келеді?
— Қымбаттым, сен неге оны бәйгеге тіктің? — деп сұрады Сисси.
— Мен өзіме шексіз сендім және еркектерге де сенімім өте жоғары болды. Қайтеміз, бәрінен де керегі абырой ғой. Мен өзімді жоғары қойдым да ұтылдым. Эмит енді мен үшін саусағын да қыбырлатпайтын сияқты. О, сен қандай қатыгезсің! Осы жүзікті сен маған неге сыйладың, неге соншалықты нәзік болдың — бүгін келіп мені мазақ ету үшін бе? Осы сыйлық саған қайсыбір міндет жүктемей ме? Оя сенің мені ешқашан тастап кетпейтініңді білдірмейтін бе еді?
Кэттидің үні үзіліп кетті, алайда ол көз жасын тежеп қалды.
Осының бәрі осыдан жеті жыл бұрын, Кэтти бар болғаны он сегізге толғанда болған еді. Бірде Омито жүзікті саусағынан шығарып, оны Кэттидің саусағына кигізді. Ол кезде олар Англияда еді. Бір пенджабтық, Оксфорд университетінің студенті Кэттиге шексіз ғашық болды. Нақ сол күні Омито және пенджабтықпен ескек сайысына түсті. Омито жеңіске жетті. Айдың төгілген сәулесі маусым аспанының өзін нұрландырып жіберді және гүл көмкерген көк шалғынның жұпар иісі жұмыр жерді есінен айырғандай. Сондай сәтте Омито Кэттидің саусағына жүзігін кигізіп еді. Шаттықта шек жоқ, бірақ ешқандай терең, құпия мән берілген жоқ. Сол кездерде Кэттидің күлкісі жарқын шығатын, жүзінде еш сызат жоқ, ол қысылатындай ештеңе болмайтын. Жүзікті кигізіп тұрып Омито:
Түн толып бір рақатқа
Ай сұлудың дидарында алтын сәуле ойнайды,-
деп сыбырлады.
Ол кезде Кэтти көп сөйлемейтін. Терең дем тартып, өз-өзіне күбірлегендей: "Досым менің" деді.
Енді, міне, Омито не деп жауап берерін білмей отыр. Аузына лайықты сөз түсер емес. Ал Кэтти сөзін одан әрі жалғастырды:
— Егер мен дауда ұтылар болсам, осы жүзік одан да менің жеңілісімнің белгісіндей болып сенде қалсын. Жалғандықты мен саусағыма киіп жүре алмаймын!
Кэтти жүзікті шешті, оны үстелдің үстіне лақтырып тастады да, жүгіріп верандадан шығып кетті. Оның қудай жүзінен жас жорғалап барады.
АРЫЛУ
XVI
Лабонно Шобхонлаладан қысқа жазылған хат алды: "Шиллонгке мен кеше келдім. Егер сіз рұқсат етсеңіз мен сізге кіріп шығайын Егер рұқсат етпесеңіз мен ертең кетемін. Сіз мен алдадыңыз, бірақ қашан, неге кінәлі болғаныма осы кезге дейін түсіне алмаймын. Мен осыны білуге келдім, әйтпесе тыншу таба алар емеспін. Қорықпай-ақ қойыңыз! Бұдан басқа ештеңе де сұрамаймын".
Лабонноның көзі жасқа толып кетті. Ол оны сүртті де өткен күндерді көз алдына әкеліп, ұзақ үнсіз отырды. Ол нәзік махаббат сезімінің от алуына мүмкіндік бермей, басып тастай беретін жастық жасқаншақтық туралы ойлады. Егер ол сол сезімді қорғай алғанда ғой ол бүр шашып, қазір гүл ашар еді-ау, оның жемісін де жеп отырмайтын ба еді. Алайда ол өзінің білімін көзсіз мақтан тұтып, бүкіл жан дүниесімен соған беріліп кетті және өзімшілдігін бәрінен де жоғары қойды. Әкесінің шеменді тәрбиесі оны махаббатқа әлжуаз, сал өкпе сезімдей қарауға мәжбүр етті. Бірақ махаббат енді одан өшін алды, оның өркөкіректігі бу сияқты көкке ұшты. Күлкі мен еркін дем алу сияқты кәдімгі қарапайым да табиғи тіршіліктің өзі күрделі, қиын қарым-қатынасқа айналып кетті. Енді ол өткен өміріндегі жақындарымен бұрынғыдай жаны жадырап, емене жарқын араласа алмайды, бірақ оны көкірегінен кері итеру нағыз қатыгездік болар еді. Лабонно Шобхонлаланың қуғындалған бірінші күніндегі бақытсыз, еңсесі түскен жүзін есіне алды. Бұл өте ертеде болды! Қайсыбір шәрбат тостағанында жасөспірімнің кері серпілген махаббаты осыншама уақыт сөнбестен мәңгі сақталғаны ма? Осындай шәрбат оның жан дүниесін тек шуаққа бөлейді.
Лабонно жауап жазды:
"Сіз — достарымның ішіндегі ең қимасысыз. Сіздің достығыңыздың қарымы ретінде ұсынуға тең келетіндей ғажайып байлық менде жоқ. Сіз ешқашан ешқандай қайырым сұраған емессіз, тіпті бойыңыздағы барыңызды беру үшін, бүгін де ештеңе талап етпестен келмей қалдыңыз. Сіздің сыйлығыңыздан бас тартуға және сізден кетуді өтінуге күшім де, өркөкіректігім де жететін емес".
Омито кірген кезде, ол хатын енді ғана жөнелтіп үлгерген еді.
— Бонне, — деді ол,— жүріңіз;,. қыдырайық.
Оның даусы әлсіз шықты, өйткені Лабонно келіспейді деп сескенді.
Бірақ ол еркін:
— Кеттік,— деп жауап берді.
Олар шықты. Омито Лабонноның қолынан батылсыздау ұстады. Ол қарсылық көрсеткен жоқ. Омито оның білегін қаттырақ қысты. Ол өзінің ішкі сезімін осылай ғана білдірді. Аузына сөз түспей қойды.
Олар өздері бұрын кездесетін жерге, орман кенет қақ айырылып жол ашатын орманды алаңқайға дейін жетті. Соңғы жалынын жалаң шошайған тау шыңында қалдырып күн ұясына қонды. Ғажайып қойындаса құйылған көк түс бірте-бірте нәзік жасыл түске айналып барады. Лабонно мен Омито батып бара жатқан күнге қарап тұрып қалды.
— Егер бұрын жүзікті басқаның саусағына таққан болсаң сен неге мені осы жүзікті қабылдауға қыстадың? — деп сұрақ қойды Лабонно бәсең үнмен.
— Саған осының бәрін қалай түсіндірсем екен, Бонне? — күйзеле жауап берді Омито. — Иә, шынында мен жүзікті басқаның саусағына кигіздім. Бірақ, ол бүгін шешілген жүзік пе, тап соның өзі ме?
— Оның бірі ыстық жүрек махаббатымен құйылған, екіншісі сенің салқын сезіміңнің туындысы.
— Дәл солай емес, — деп қарсылық білдірді Омито. — Кэттидің нақ қазіргідей жанға айналуына тек мен ғана кінәлі емеспін.
— Бір кездері ол саған толық сеніп еді ғой, Мита. Сен оны неге сақтамадың? Алдымен оны сен қолыңнан шығарып алдың, — себебін сұрамай-ақ қояйын, — ал кейін ондаған адам оны қазіргі күйіне түскенге дейін оған ойына келгенін істеді. Есінен ауысқан ол басқалардың жетегіне ере бастады. Енді, міне, шетелдің қуыршағына ұқсайды. Егер оның жүрегіне жарықшақ түспесе бұлай болмаған болар еді. Бірақ мұны қоя тұрайық. Менің саған айтар бір өтінішім бар, сен маған қарсы болмайтын шығарсың.
— Айт, бәрін де істеймін.
— Өзіңнің жолдастарыңмен Черрапунджиге бір аптаға бар. Тіпті сен Кэттиді бақытты ете алмағанның өзінде, оған жақсы эсер қалдырар едің.
Сәл үнсіздіктен кейін Омито:
— Жақсы, — деді.
Лабонно оның кеудесіне басын қойды.
— Мита, мен саған бір нәрсе айтайын, мен оны ешқашан қайталамаймын. Бізді іштей жақындастыратын құпия күш сенің жолыңды бөгемеуі тиіс. Мен мұны саған ренжігендіктен емес, сені қатты сүйетіндіктен айтып отырмын. Маған жүзік сыйлама, ешқандай кепілдіктің керегі жоқ. Одан да менің махаббатым қайсыбір ішкі толғаныстардан және қайсыбір шатысулардан алшақ болғаны дұрыс.
Осыны айтты да, Лабонно қолынан жүзікті шешті және оны ерекше сүйіспеншілікпен Омитоның саусағына кигізді. Ал ол қарсылық көрсеткен жоқ.
Күн ұясына қонды. Жер көкжиекке батып бара жатқан жалқын сәулеге баурайын тосып үнсіз мүлгіп жатыр. Лабонно да үстінен төнген Омитоның жүзіне қуқыл жүзін тосты.
XVII
Жеті күннен кейін Омито Черрапунджиге оралды да Джогомайяға келді. Бірақ үй жабық және онда ешкім болған жоқ. Қайда кеткенін ешкім ашып айта алмады.
Омито кәрі биік ағаштың астына келіп тұрды. Жүрегі шаншыды. Өзін-өзі тыныштандырғысы келіп, әрлі-берлі жүре бастады. Таныс бақша күзетшісі келіп, амандасты.
— Үйді ашайын ба? — деп сұрады ол — Мүмкін сіздің онда кіргіңіз келетін шығар?
— Иә, — деп сол абыржып жауап берді Омито.
Ол Лабонноның бөлмесіне кірді. Үстел, орындық, кітап сөресі орнында, бірақ кітаптар көрінбейді. Еденде жартылай жыртылған екі бос конверт шашылып жатыр, онда бейтаныс біреудің қолымен Лабонноның мекен-жайы мен есімі жазылыпты. Үстелдің үстінде бірнеше ұшы майырылған қаламұштар мен қарындаштың тұқылы жатыр. Омито оны қалтасына салып алды. Осы бөлмемен іргелес ұйқы бөлмесі орналасыпты. Онда Омито матрасы бүктетілген кереует пен майы таусылған бос құты домалаған үстелшені көрді. Омито қос қолымен самайларын сығымдап, матрасқа солқ етіп отыра кетті. Темір кереует сықыр-сықыр етті. Содан кейін бөлме ішін өлі тыныштық билеп алды. Оның сұрақтарына ешкім де жауап бере алмайтындай, және ол осындай тұнжыраудан тіпті де айықпайтындай.
Мүлдем сілесі қатқан Омито өзінің лашығына салбырап азар жетті. Ал онда бәрі де баяғысынша. Тіпті Джогомайя өзінің орынтағын да алмапты. Омито Джогомайяның оны тілектестігінің соңғы белгісі ретінде қалдырып кеткенін түсінді. Және Омито өзін шақырған "Досым менің!..." деген жұмсақ, нәзік дауысты естігендей болды. Омито тізерлеп, осы орын таққа басы жерге тигенге дейін иіліп басын қойды.
Шиллонгтің маңғаз таулары да кішірейіп кеткендей көрінді. Омито жан тыншытар жер таба алмады.
СОҢҒЫ ПОЭМА
Джотишонкор Калькуттада колледжде оқыды және жатақханада тұрды. Сол күндері Омито оны түскі асқа жиі шақырды, онымен бірге әр түрлі кітаптар оқитын, оны төтенше ойларымен таңғалдыратын, өзінің машинасына мініп онымен серуенге шығатын.
Бірақ біраз уақыт болды, Джотишонкор Омитоны кездестіре алмай-ақ қойды. Біреулер оны Утакамундке кетті десе, енді біреулер Найниталға кетті дейді. Бірде Джотишонкор Омитоға сырлас жандардың бірінен Омитоның бос уақытының мүлдем жоқтығын, Кэтти Миттердің жат қылықтардан арылуына барын салып жүргенін байқағаны туралы сыбыс естіді. Ақыры ол өзінің жүрегіне жақын — басқа жандарға жылу сыйлау жөніндегі арманына жетті-ау! Бұған дейін Омито ынтық сезімін сөз құдіретімен ғана сусындатушы еді, енді қуыршақтай аруға ие болды. Ал осы қуыршақтай аруды, оның өзі ғажап жемісімен үміттендіріп, жаңа ғана бүр жарған гүлдей жұпар сезімін шашуға құштар. Ол тіпті достарынан өзін Кетоки деп атауды өтінді, көз арбайтын жұқа матадан тігілген киім киген қызды көрсе, ол іш көйлек киіп жүргендей-ақ қатты ұятсынатын болды. Айтушылардың пікірінше, Омито жеке отырғанда оны Кел деп атайтын көрінеді. Найнитал көлінде қайықпен серуендеп жүрген кезде Кетоки жол сілтеп отырады, ал Омито оған Рабиндранат Тагордың "Ешқайда бастамайтын сапарын" оқиды. Алайда кім не айтпай жатыр! Джотишонкор бір ғана нәрсені ұқты, — Омитоның жаны бүкіл желкенін жайып, толқын бетінде салтанатты түрде ойнақ салуда.
Омито ақыры оралды-ау. Үнсіздігі оның Кетокиге үйленетінін байқататын, бірақ Омитоның өзі ол жөнінде тіс жарып ештеңе айтқан жоқ. Оның мінезі де мықтап өзгеріп кетті. Ол, бұрынғысындай ағылшын тіліндегі кітаптарды көп қылып сатып алып, оларды Джотиге сыйға тартты, бірақ кеш сайын онымен бірге отырып ол кітаптар туралы сырласқан жоқ. Джоти Омитоның сөз сыңайының өзгергенін тек сырттай ғана байқады. Енді Омито Джотиді автомобильмен серуендеуге шақырмайтын болды. "Серуендеген" кезде үшінші адамның сөз жоқ артық болатынын түсінетіндей жасқа жеткен де болатын Джоти.
Бұдан әрі өзін-өзі ұстауға Джотидің шыдамы жетпеді. Ол Омитоға:
— Сенің Кетоки Миттерге үйленетінің туралы естідім. Рас па? — деп тура сұрақ қойды.
Сәл үнсіздіктен кейін Омито сұраққа сұрақпен жауап берді:
— Бұл туралы Лабонно біле ме?
— Жоқ, мен оған жазғаным жоқ. Менің жазбаған себебім, мұның растығын өзіңнен біліп алғым келді.
— Бұл сөздердің шығуы рас. Бірақ мен мұны Лабонно дұрыс түсінбей қала сен қорқамын.
Джоти күліп жіберді:
— Мұнда түсінбейтін не бар? Егер сен үйленесің бе, үйленесің. Мұның бәрі қарапайым нәрсе.
— Білесің бе Джоти, өмірде бәрі бірдей қарапайым емес. Сөздік қордағы бір сөздің қарапайым мәнінің күнделікті тіршілікте қорғасындай салмағы болуы мүмкін. Ганганың өзі мұхитқа жақындаған сайын тарам-тарам болып кетпей ме.
— Не сонда, үйлену мен үшін үйлену емес дегің келіп түр ма, — деп Джоти іліп әкетті.
— "Үйлену" деген сөздің мыңдаған мағынасы бар дегім келеді. Ол адамның өміріне сіңісуімен мәнді. Адам болмасыншы, оның мәні де жойылады.
— Сен бұл сөзге қандай мән беріп тұрсың?
— Мұны тілмен жеткізе алмайсың. Мұны тек бастан өткізу керек. Егер "үйлену" деген сөздің басты мәні — махаббат десем, маған "махаббат" деген сөзге анықтама беруге тура келеді, ал махаббат деп аталатындар үйленуге қарағанда өмірдің өзімен тереңірек байланысты.
— Мұндай жағдайда ештеңе айтуға болмайды ғой. Егер біз сөздердің салмағының астында қалып, оның мәніне тереңдей бойлай берсек, онда мән бізден қашқақтай бастайды, ал сөз бізді бір қырын алып кетеді, біз ештеңе істей алмаймыз.
— Жарайсың! Мен сені соз өнерін меңгеруге үйреттім-ау деймін. Өмір қалай да болсын ілгері жылжысын десең сөздің қажеттігі анық. Алайда, сөз мәннің бәрін бірдей қамти алмайтындықтан, күнделікті тіршілікте онша қомақты емес ұғымдармен де қатынас жасауға тура келеді. Не істеу керек? Әрине, мұндайда толық түсіністікке жету қиын, дегенмен көзді жұмып жіберіп болса да біз қалауымызды жүзеге асырамыз.
— Немене, осымен әңгімемізді аяқтаймыз ба?— деп сұрады Джоти.
— Егер осы әңгіме өмірге ешқандай қатысы жоқ құр сөз қуу болса, онда аяқтауға болады.
— Ал егер өмірге қатысы болса ше?
— Жақсы, онда тыңда.
Осы арада сол ғана түсінік бере кетудің артықтығы жоқ.
Джоти Омитоның кіші қарындасы Лисси өзі құйып беретін шайға жиі келіп тұрды. Нақ осы себептен де Джотидің Омитоның енді өзімен әдебиет проблемалары туралы сырласпайтынына және өзін кеш сайын автомобильмен серуендеуге шақырмай қойғанына тіпті де ренжімегенін байқауға болатын. Ол Омитоны шын жүрегінен кешірді.
Сөйтіп Омито сөзін жалғастырды:
— Біз көзге көрінбесе де оттегінің ауада бар екенін білеміз: егер ол болмаса өмір сүру де мүмкін болмас еді. Бір жағынан оттегі көмірмен қосылып, тіршілікте ерекше мәні бар от шығарады. Екі жағдайда да біз оттегісіз өмір сүре алмаймыз. Енді сен түсіндің бе?
— Онша түсінбедім, бірақ түсінгім-ақ келеді.
— Көкте қалқып жүрген махаббат адамның жан дүниесін жылытады. Ал күнделікті уақ-түйек тіршіліктегі махаббат отбасына жылу әкеледі. Мен ана махаббатты да, мына махаббатты да қалаймын.
— Миым жетпей тұрған сияқты, сені түсіндім бе, жоқ па. Құдай ақына, анықтау етіп айтшы.
— Бір кездері мен қанатымды кең қағып, көк аспанға шырқап шықтым. Ал қазір қанатымды жиып алып, шағын ұяға келіп қонақтадым. Бірақ мен өзімнің көк аспанымды ұмытқан жоқпын.
— Немене, әрі әйелің әрі досың болатын әйелді табу мүмкін емес пе?
— Өмірде басқа кездейсоқ бақыттылықтың қонуы мүмкін ғой, бірақ мүмкіндіктің жөні басқа да, ақиқаттың жөні басқа. Әрі бекзаданы, әрі бүкіл жарты патшалықты бірден билеп алған жан бақытты. Алайда, оларды бір-біріне қоса алмаса да, оң қолымен патшалықты, ал сол қолымен бекзаданы ұстап тұрған адам да бақытты.
— Бірақ...
— Бірақ романдарда ондай адамдар бақытсыз, — сенің соны айтқың келіп түр ма? Түңілме! Неге біз өзіміздің романымызды кітаптың үлгісімен жасаймыз? Өзімнің романымды өмірге әкелетін өзім ғана боламын. Көкте қалықтап жүрген алғашқы романымды жүрегімде сақтаймын, мен енді жердегі жаңа махаббатымды жасаймын. Сен осы романдардың бірі үшін екіншісін құрбан ететіндерді романтиктер деп атайсың. Олар не балық сияқты суда жүзеді, не жер бетімен мысық табандап жылжиды, не жарғанат құсап әуеде ұшып жүреді. Мен — романдағы Парамахансамын. Мен судағы да, жер бетіндегі де және көктегі де шынайы махаббатты тұтастай жаныммен қабылдаймын. Менің махаббатым өзен аралшығына нық ұя салады, бірақ мені құдіретті күш билеп алған кезде, менің көз: алдымда шексіз көк мұхит жайылып сала береді. Жасасын менің Лабонном! Жасасын менің Кетокиім! Құдайым, Омито Райта жар бола гөр!
Джоти үнсіз қалды, шамасы осындай ойлар оның жанына жатып кеткен болу керек. Оның жүзіндегі өзгерістерді байқап, Омито күлімсіреп былай деді:
— Тыңда інішегім, бір адамға балдай көрінген екінші адамға удай көрінеді. Мен тек өзім үшін және өзім туралы ғана айтып тұрмын. Осы ойлардың бәрін бойыңа сіңіріп алуға тырыспай-ақ қой, сен маған ренжитін боласың, бәрібір түсінбейсің. Адамдардың оз ойын басқалардың сөзімен білдіруден жер бетінде қаншама былық болып жатыр десеңізші. Кәні, өз ойымды саған тағы бір түсіндіріп корейін. Маған оны бейнелеп көрсетуге тура келеді, әйтпесе құр соз миға қонбайды. Мені Кетокимен байланыстырып тұрған нәрсе — махаббат. Бірақ ол махаббат мен күн сайын ішіп жүрген ыдыстағы су сияқты. Лабонноға махаббатым — ол ыдысқа сыймайтын, жанымды жаннатқа бөлеп жүретін код
Оның сөзін бөліп:
— Алайда, Омито, екеуінің біреуін таңдауға болмай ма? — деп сұрады Джоти.
— Кімнің қолынан келеді, мейлі, таңдай берсін. Мен олай істей алмаймын.
— Ал егер Кетоки...
— Ол бәрін біледі. Мүмкін бәрін бірдей түсінбейтін шығар, — бұған мен онша сенімді емеспін, — бірақ өмір бойы оны ешқашан да алдамайтыныма көзін жеткіземін Және ол Лабонноға қарыздар екенін білуі тиіс.
— Мейлі, солай болсын, алайда Лабонноға өзіңнің үйленетінің туралы хабарлау қажет.
— Мен, әрине, хабарлаймын. Бірақ алдымен оған хат жібергім келеді. Сен апарып бересің бе?
— Апарып беремін.
Міне Омитоның хаты:
"Жол айырығында тұрған сол бір кеште, мен өмірлік саяхатымызды өлең жолдарымен аяқтаған едім. Бүгін де мен жол айырығына келіп тоқтадым және осы соңғы сәтті өлең жолдарымен бейнелегім келеді, өйткені оны өзге сөздермен жеткізу мүмкін емес. Бақытсыз Нибарон Чокроборти судан шығып қалған балыққа ұқсап өмірден өтті. Және мұндайда түк те істей алмайсың, сенің сүйікті ақыныңа менің соңғы сөзімді жеткізуді тапсырамын:
Сенің жаның меніменен бүгін бір, Ақырында ғана маған сыр аштың, — Жүрегімнің түкпірінде тығылдың, Сосын мен де мәңгілікке ұластым.
Жарық еттің сол жүректі қараңғы, — Жарқырады мәңгіліктің шырағы! Махаббатым ұлылықтан жаралды — Қайғы-мұңнан көкке ұмтылып шығады!
Мита".
Біраз уақыт өтті... Бірде Кетоки өзінің немересіне аннапрашан мейрамына кетті. Омито үйде қалды. Джотишонкор оған Лабонноның хатын әкелгенде ол орын тақта аяқтарын алдындағы орындыққа салып, Уильям Джеймстің "Хаттарын" оқып отыр еді. Онда Лабонно мен Шобхонлаланың тойы жарты жылдан кейін, джойштхо айында, Рамгарх тауында өтетіні айтылыпты. Сыртында мынадай өлең жазылған:
Ұстатпайтын уақыттың жалында Кетіп барам, қаусырып түн құшағы. Естисің бе, құлақ тос жел-ағынға, Астымдағы пырақ құстай ұшады!
Сен көргендей мен баяғы емеспін, Бүгіндері басқа түстер көремін. Жұбатып та оңдырмады мені ешкім, Оңтайына ала алмады мені өлім!
Өткен күннен еш белгі де қалмасты, Баяғы емес Лабонно да нөсерлі... Кездескенде мені тани алмассың, Қош болып түр, асыл достым, қош енді...
...Дегенмен де әйтеуір бір көктемде, Көз жасы боп тұнғанда шық гүлдерге,
Үңіле кеп тұманда сол өткенге Көрерсің сен арман нұрын бір демде!
Аттансам да сапарға алыс әрі мұң, Қарсы тұрған дауылдарға есерлі Сыйға тартам мәңгі жүрек жалынын, Қош болып тұр, асыл достым, қош енді...
Бәрін-дағы бердім саған! Жүректің
Сарайында саздан ойып Хақ жасап, Табына бер жетегінде ақ тілектің, Жоқтайық біз махаббатты, жоқтасақ!
Аялаймын сол сарайды сен соққан, Көмейіме көздің жасы кептеліп! О, Махаббат, мәңгі-бақи аңсатқан, Өртеді ғой, өртеді ғой от демің!
Мен сияқты сен жылама, жан жарым, Еш уақытта берме ешкімге есеңді! Орындаймын әлі-ақ ғұмыр арманын, Қош болып тұр, асыл достым, қош енді!
Жалғыз емен.
Сен жинаған құмармен
Сіміремін ... сімірем Ай нұрын мың.
Сен кешірдің... Барлық кінәм, күнәммен,
Асыл достым, мен де қайта тірілдім.
Бірімізге қажетпіз-ау біріміз, Үй-жай да бар — ұяң біздің махаббат. Нұрын шашқан Айымыз бен Күніміз, Тұрады ылғи шапағатқа қаталап!
Ал, сен болсаң, менің мәңгі ашынам, Тоқ көңілің жоқты іздеп өсерді! Қарыздармын сол сәт үшін жасын-ән, Қош болып түр, асыл достым, қош енді!
Бонне.
Аударған Ж. Әбішұлы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі