Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті- әлемдік және мемлекеттік білім беру жүйесін, зайырлылықты,жаңашылдықты қолдайтын Қазақстан Республикасының бірегей жоғарғы оқу орны.

Тарихы тереңнен бастау алатын бұл жоғарғы оқу орнының негізі  1934 жылы 15 қаңтарда қаланған. Сол жылдардан бері, университетіміз Қазақстандағы білім беру сапасы бойынша,жүйелілігі бойынша алдыңғы қатарлы бетке ұстар оқу орны болды. ҚазҰУ-нің бір ерекшелігі, жаратылыстану ғылымдары мен қатар педагогикалық мектептердің бастау көзі болды.

ҚазҰУ-бакалавр,магистратура, PhD деңгейінде үш сатылы мамандарды дайындауды жүзеге асырады. Ең үздік мамандар дайындау үшін, екі мыңнан астам жоғары білікті мамандар, мыңнан астам ғылыми докторлар дәріс береді.

ҚазҰУ қалашығының маңында жаңадан салынған нысандар көп. Олардың ішінде Химия, Физика, Механико-математика факультеттері және жаңа кітапхана бар.

Таңдау үшін арналған элективті пәндер заман талабына сай әзірленген. Білім берудің барлық сатысында «Үш тұғырлы тіл» саясатын қолданады. Яғни тізімі еңбек нарығының талаптары мен ғылымның даму үрдісіне сәйкес әзірленген.

Қорытындылай келе, ҚазҰУ Қазақстан Республикасы бойынша магистранттар мен докторанттардың саны жағынан алдыңғы қатарлы көшбасшы болып табылады.

Жетекшісі: аға оқытушы PhD Мұқан Нұрзат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз