Шəкəрім дүниетанымында «дін» жəне «діншілер» деген қос ұғым қатар қолданылады. Дін мен діншілерді бір деп қарау Шəкəрім дүниетанымын түсінбестік болар еді. Діншілер — бұл, Шəкəрім дүниетанымында, шығармашылығында ерекше сынға ұшырайтын ұғымдардың бірі. Ал дінді ойшылдың «діншіл» ұғымынан бөлек түсінгені аңғарылады. Шəкəрім «діншіл» ұғымымен қатар өз өлеңдерінде «пəншіл» ұғымын да қатар қолданып, бұларға сыни көзқараста болған. Мақаламыздың басты мақсаты Шəкəрімнің осы дін жəне діншілер жайындағы көзқарастарын талдау болып саналады. Шəкəрімнің пəншілдер туралы айтқан өлеңдерінің бəрінде діншілдер туралы дəл сол пəншілдерді сынағандай сыни көзқараста болғандығын аңғарамыз. Ол үшін Шəкəрім өлеңдеріндегі мына сөз тіркестеріне назар аударсақ жеткілікті: «Молдалардан дін сұрасаң, сандырақтар, сандалар», «Адасып діншіл азғанын, сынауға бұрдым бас», «Пəнші нанды бес сезімге, дінші адасты жолынан», «Пəн жамылған əлімдер, дін жамылған зəлімдер» т.б. Бірақ Шəкəрім қолданған осы бірнеше сөз тіркестеріне қарап ол дінге қарсы болған немесе дінді қабыл алмаған деген пікірге баруға болмайды. Шəкəрімнің дінді өте терең мағынасында түсінген ойшылдардың бірі екендігіне дау жоқ. Шəкəрім тек бұрыс кеткен діншілдер мен діндерді ғана сынға алады. Олар, ойшылдың ойынша, өз жолдарынан адасқан болып саналады. «Дінші адасты жолынан», — деп тұр емес пе. Яғни, бар айтпақ ойы — діннің өз жолы бар, бірақ діншілер сол жолдан адасқан. Соны сынауға бұрдым бас дейді. Міне, Шəкəрімнің дін жайындағы көзқарастары туралы сөз қозғағанда осы мəселелер төңірегінен алшақ кетпеген жөн. Сонымен қатар Шəкəрім айтып отырған «дін жамылған зəлімдер» кімдер, оған да назар аударған жөн. «Бұл кездегі діндердің бəрі нашар», — дейді Шəкəрім. Бұған қарап Шəкəрім жалпы дінді терістеп отыр деп ойламау керек. Ол белгілі бір кезеңдегі тарап отырған діннің нашар екендігін ғана айтып отыр. Яғни бұдан сол діндерге қарап Шəкəрімнің оларға айтар өз ойының бар екендігін ұғынуға болады.Шəкəрім кез келген діннің негізгі іргетасын құраушы, діңгегі осы үш нəрсе, бұдан асып кетер діннің мақсұты жоқ дейді. Əрі барлық діндердің мақсұты осы үш негізгі түсінікте бірігеді. Олай болса, Шəкəрімнің ойынша, дін жаратушының бар екенін мойындап, істеген ісіне қарай не бір сауап немесе жазаның болатынын қаперде ұстап, ұжданға сай өмір сүру дейді. Бұдан асып кететін ешбір дін жоқ. Шəкəрімнің ойынша, осы үш діңгекті негіз етуі тиіс дін атаулы адамдарды адамшылыққа жеткізудің орнына бір-бірімен дау сабасып, тартысқа түсіп, қоғамда адамдарды қиянатқа баруға итермелеп отыр.
Шəкəрімнің дін жайында айтар ойы айқын. Ол ешбір дін қиянат жаса, дұшпан бол демейді деп отыр. Ендеше, кінə дінде емес, сол дінді ұстанушылардың оның түп мағынасын түсінбей, дінді қолшоқпарға айналдыруында. Сөйтіп есіл дін бұзылады дейді. Яғни кемшілік дінде емес, діншілдерде болып отыр. «Құран сырын түсінбей бұрса дағы, жасырылмай жарқырап тұр керемет. Жаман тəпсір жайылып жер бетіне, дін десе тұра қашты есті азамат», — дейді Шəкəрім. Білімділердің, есті азаматтардың діннен тұра қашуының негізгі себебі жаман тəпсірде деп отыр. Дін мен діншілер туралы Шəкəрімнің пікірі осындай.
Дінің тəуиліне жетуге ең керегі Шəкəрім үшін ол — таза ақыл. Таза ақыл — бұл адамның жанының қасиеті. Ол жан жаратылғанда оған қасиет ретінде берілгенін қайтадан еске саламыз. Таза ақылды жан тəн үшін жұмсап жібермей, ол одан азат болса, өзгермелі дүниенің сырын танып, оның мəңгіліктің алдындағы өлшемін жасайды. Сөйтіп таза ақыл түп иесіне өзі əкеледі. Шəкəрімнің ойы осы астарлас екені аңғарылады. Таза ақыл жанның қасиеті ретінде берілген дедік. Бұл турасында Шəкəрім «Жер жаралмай тұрғанында, менде Асықтың нұры бар! Жан денеме кіргенінде, бірге кірген осы дерт», — дейді. Жанның қасиеті таза ақыл былғанбаса, сол түпкі иесін табуда дамылдамайды. Бұл таза ақылдың қасиеті жанмен бірге кірген деп тұр Шəкəрім. Бірақ таза ақылды адамдар əдетіне, дініне байлап беріп, қор қылып, жауды жар деп адасады.
Мейрамбаев Мирас,ҚазҰУ-нің,дінтану мамандығының 3 курс студенті Куратор эдвайзер,Phd аға оқутышы Мұқан Н
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі