Үстел шырақтың астына ғана түсіп, айналасына тараған қызғылт-сары түсті электр жарығы шағын бөлменің ішіне романтикалық әр беріп тұр. Аппақ көрпе-жастықтар төселген жұмсақ төсек үстінде мен оның сұлу мүсініне ынтыға қараймын. Жылы жымиып, еркелей келіп мойыныма асылады. Жүзінде нұр балқып, көзі күлімдеп, еріні ерініме жабысады...
Ынтыға аймаласу, ыстық сүйіспен қанша уақыт өткенін де білмеппіз. Мана, кешке мен осы қалаға ат басын тірегенде, ол автобекеттен күтіп алып, алдын-ала өзі дайындап қойған осы шағын пәтерге ертіп келген. Содан бері бір-екі шыны ыстық шай ішкеніміз болмаса, ермегіміз осы.
Мен оны сүйетін едім. Осыған дейін тек үш-ақ рет кездессек те, түнді түнге, таңды таңға жалғап телефон арқылы сырласып жүрдік. Енді жаңажылдағы демалысымды пайдаланып, тағы бір көріп кетуге келіп тұрмын. Телефонның арғы жағында тұрып-ақ жанымыз еріп кетердей еді, кездескендегі ынта тіпті бөлек болды. Кездескен сәттен-ақ құшағыма құлаған...
Міне түнге тақады. Аппақ қармен шағылысқан Ай нұры жұқа торғын пердеден бөлме ішіне сүттей жарық сәуле себеді. Пәтер іші тәтті сөздер, ыстық сүйіс, нәзік күлкіге толы.
Ол үй-ішіне құрбысымен жаңа жыл кешін өткіземін, кешке келмеймін депті. Бір кезде телефон қоңырауы шылдырлады. Ол: «Туу, мамам» деді де, сұқ саусағын ерініне тигізіп, маған үндемей отыруымды ескертті. Мен жымиып қойдым да үнсіз отыра бердім.
— Туу, Мам, неге звандай бересіз?! Менде бәрі жақсы ғой, Жазиконың үйіндемін, — деп еркелей күлді. Мен бұл күлкіге ғашық едім, — Айколар не істеп жатыр? Салют аттыңдар ма?.. Па тіпті, онда не тұр? Шырша не болды? — деп сол нәзік күлкісімен бүркемелеп, бойын билеген қобалжуын басып, әңгімені басқаға бұрып әкетті. Күміс сыңғырындай сырлы күлкісі мен әуенді назды сөзі кімнің болса да есінен тандырғандай.
Соңында: «жарайд, мам, таңертең барам, алаңдамай ұйықтай беріңдер» деп тұтқаны қойды. Бұл сәтте ол жартылай жалаңаш еді, кеудесін қолымен көлденең басып отырған. Аппақ алмасы білегінің үстінен тырсиып, доғаланып шығып тұр. Анасымен әңгімеден соң, білегін кеудесінен алмаған күйі маған қарай жақындады...
Бірнеше күн ерулеп, жаңа жылды өткеріп, мен өз қалама қайттым. Бір айдай уақыт өткен, кейде сол бір түнді сағына еске алсам, кейде көкейімді мұң мекендеп алатын. Күнделікті қабарласып, сырласып жүрсек те, соңғы кезде тілдесуіміз азая бастаған. Бір күні түнге қарай қоңырау шалдым. Біршама уақыт күттіріп, қыз тұтқаны көтерді. Арғы жақтан тарсылдап, дүрсілдеген музыка дыбысы естіледі.
— Алло! Алло!
— Алоо, привет!
— Сәлем! Не дыбыс анау? Тойда жүрсің бе?
— Клуб қой, құрбымның туған күні.
— А, қайт ертерек...
— Иә, қайтам ғой, өзің не істеп жатырсың? — деп менің қал-жайымды сұрап, біраз сөйлесіп қалдық. Алғаш музыка дауысынан сәл ашуланып қалған едім, жылы сөзі ашуымды тарқатып, жанымды жайландырғандай болды. Оның үстіне әсем күлкісі де қатар естіліп, жанымды елжіретіп бара жатты. Кенет менің есіме жаңа жыл түні түсті, сондағы осы күлкісі, сол сәттегі жартылай жалаңаш бейнесі елестеді... Көңілім алабұртқан күйде тұтқаны қойдым.
Осыдан кейін көп өтпей қабарсыз кеттік...
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі