Өлең, жыр, ақындар

«Ата-анасы вакцина алмаған оқушылар мектепке кірмейді»: Ақпаратқа түсінік берілді

Елорда мектептерінің бірінің ата-аналар чатында вакцина алмаған ата-аналардың балалары мектепке кіргізілмейтіні туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты қалалық Білім басқармасы түсінік берді.

«1 қыркүйектен бастап балалар мектепке барады. Ата-анасы вакцина алмаған балаларды мектепке кіргізбейді. Ата-аналардың бәрін вакцина алуға шақырыңыздар», — делінген WhatsApp арқылы тараған мәліметте.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі бұл мәліметтің фейк екенін мәлімдеп отыр.

«Нұр-Сұлтан қаласында оқу жылын дәстүрлі форматта бастау жоспарлануда. Ата-анасы вакцинация қабылдамаған бала 1 қыркүйекте мектепке қабылданбайды деген шешім шыққан жоқ», - деп жауап берді ведомстводан.

Еске салсақ, 11 тамызда өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрі Асқар Мамин Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта басталатындығына байланысты бірқатар тапсырма берген болатын.

1 қыркүйекте салтанатты қоңырау соғу шарасы тек 1-сынып оқушылары үшін ғана өтеді. Ал 2-11 сыныптар тікелей бекітілген кабинеттерге барып, сынып сағаттарына қатысады.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ мектептерде енгізілген Ashyq қосымшасы кімдерге қолданылатынын айтты.

Барлық білім беру ұйымдарында қызметкерлер мен білім алушылар маска киюге міндетті.

Мектептерде қосымша ауысымдар ұйымдастырылады, үзілістер уақыты әр уақытқа белгіленіп, «1 сынып - 1 кабинет» жүйесі іске қосылады.

Ал жаңа оқу жылында 1 оқушыдан коронавирус шықса бүкіл сынып қашықтан оқыту форматына көшіріледі.

9 тамыздағы жағдай бойынша, білім мекемелеріндегі педагогтердің 93,1 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер