Өлең, жыр, ақындар

Кешегі езілген жарлы — бүгін ауқатты, мәдениетті колхозшы

Демеқұл бұрын кім еді, қазір кім?

1. Бұдан 66 жыл бұрын

Демеқұлдың әкесі Таңсық деген кісінің қырық тесік, ырымға бір бүтін жері жоқ, кішкене ғана қара лашық үйі болады екен. Ол кезде ел малдың жанына жайлы, есебі мол жерді қуалай көшіп-қонып жүретін кез. Әкесі Таңсық — Байсал байдың жалдап алған малайы. Үнемі Байсалдың қойын барып, соларға қайтсем жарам деп жүретін көзі екінші жағынан, артынан ерген жан жолдасы — кемпірімен жалғыз Демеқұлына киім, тамақ тауып берудің тіршілігі.

Демеқұлдың әкесінің жаман үйі көктем мен күздің қайғылы қара суықтарда, қораның шетінде, ауылдың күнбатыс жағына түсетін. Ауылдың шетіне қонып «ала» шыққандай болып шошайып тұру бір ғана емес, көп көшіп — қонудың бәрінде де солай болатын.

Есін біліп қалған Демеқұлға қарт әкесінің жаман лашығын өне бойы күнбатысқа апарып тігетіні неліктен екендігі жұмбақ болып көрінетін. Өйткені Демеқұлдың әкесі — Таңсықтың үйі, Байсал байдың басқа да малшыларының үйінен ерекше белінің, ауылдың күнбатыс жағына қонатын.

Байдың қойының соңында күні өткен қойшы әкесінен бұл қандай жұмбақ екенін сұрағанда:

— Е, балам, сен жассың әлі, не білесің, қу әкең мен жалмауыз Байсалбай не дейсің. Көбіне боран күнін шығыс жарынан сорады, ал қора төңірегіне қасқыр күнбатыс жақтан келеді. Қасқыр да қу болады, балам, қойға келгенде күншығыстан келсе иттер біліп қойып, ауыл төңірегіне жуытпайды, Көбіне иттері түсетін үйдің жанында жатады, сондықтан бұл солай. Екіншіден, байы түскір сақ болсын дейді. Мені күндіз-түні қой күзетуден шығарғысы келмейді. Балам, қой күзетем, қойды бораннан аман сақтауым керек, Міне, сондықтан біздің қара лашығымыздың қашан да күнбатыс жақта болатындығы осыдан — дейді.

Жет! жасар Демеқұл әкесімен бірге ұйықтамай таң атқанша тостағандай жыртық үйінің жаман, қирап тұрған шаңырағына қарап кірпік қақпайды.

Қара лашық үйінің төсін туырлығының арасынан жаздың ашық түніндегі жұлдыздар әдейі Демеқұлға қарап көзін алмайтындай болып көрінеді.

Соның барлығы да 66 жастағы Демеқұл шалдың, әлі де жадынан шыққан жоқ, ол жай есінде қалған, өйткені бұл дәуір — Демеқұлдың малайлық өміріне жету үшін, жеті жасынан бастап-ақ қарт әкесінің ізіне түсіп, Байсал Қостайұлы деген Қастек ауданы, 9-ауылдағы атышулы сары балақ байдың қозысын баққан әйтеуір.

2. 40 жыл үңгіме қойшы болды

Демеқұл әкесімен екеуі Байсал байдың қойын баққан. Демеқұл өзі 40 жыл бойы сол байдың малының соңында малшы болды. Бірақ соншалық істеген еңбегіне Демеқұл Байсалдан бір қойдың да мойнынан ұстап, мына қой менікі деп құлағына ен салған адам емес.

— Бұл қалайша, ол уақытта байлар малшысына 296 ақы бермеуші ме еді? — деп біз сұрай бастағанда Демеқұл шал бір күрсініп алып, «балаларым, тыңдаңдар» деп әңгімесін ағытты.

— Барлық үй ішіміз байдың жұмысын өтеді, соның малайы болдық. Әкеміз жылқы бақты, мен өзім қойына шықтым. Ал әйелім сол байдың күлін шығарып, суын құйып, қозысын алды, қазанын асты. Осылардың барлығы да сол еңбегіне ақы алмады. Бірақ та Байсал байдың істеген «жақсылығы» 4-5 сауын қой береді, соның сүтін ішіп, жүнін пайдаланады. Осындай түк алмай малын баққан бір біз емес, басқа біз сияқты қарашолақ кедейлер бірқатар-ақ шығар деймін — деді Демеқұл.

Байсал байдың 3000 қолы, 500 жылқысы бар еді. Демеқұл осы қойдың артында неше жылдар бойы бір күн дем алмай өмірін өткізетін. Демеқұл қой артында амалсыз шаршайды. Дымы құрыған соң ауық-ауық отырады. Отырса, көзі ұйқыға кетеді.

Ұзынды күні ыстыққа қамалып, сусап жүрген қоралы қой, артындағы бақташысы тынышталғанда ауылға, құдыққа суға тартып кетеді. Бай мұны біліп қойшыға айып салады. Айыбы — уақытша пайдаланған қойын қайтып алады, сөйтіп, оның бала-шағасын ақтан қарады. Я болмаса абайсызда бір қойын қасқыр жеп кетсе, баяғысын тағы қолданады. Бұрынғы жүрген күннің үстіне бірер жылдар қосып қояды. Мұны Демеқұл жақсы біледі. Өмірінде жылы сөз естімей, байдың қарғысына кіріп, үй ішінен тыныштықсыз қорлықта, езілуде өмір сүреді. Осыдан бір қалыптан аумастан 40 жыл үнемі малай болады. Бұл жылдың әрбіреуі оған қайғы-шер қосып отырады.

«Шепауыз» — жұқана кедейлер мен байлардың есінде жүрген малайлардың жүрегіне оқтай қадалатын сөз. «Шөпауыз» — ол ақшалай алатын патша үкіметінің салығы. Бұл салық үйге бөлінеді де, барлық түтіннен бай, кедей демей бірдей жиылады.

Оған төлейтін малшының ақшасы қайдан болсын! Патша бұйрығынан бас тартуға заң жоқ. Онда Демеқұл сияқты кедейге тіршілік жоқ. Демеқұл амалсыздан байдан қарыз ақша алады. Бұл ақша үшін де Демеқұл Байсалдың есігіне жалданады. Үйінде бар жарағын ішіп — жеп, бала-шағасы да жастайынан малайлыққа жүреді.

«Шөпауыз» — Демеқұлдың жұлынын шығарды. Өмір бойы Байсалдың қойынын соңында жүруіне, оның үрім — бұтағы, бала-шағасы ауыр тұрмыстан шыға алмауына үлкен себеп болды. Мүсәпір шалды Байсалбайдың бұрынғысынан әрмен қанай түсуі не «шөпауыз» құрал болды. «Шөпауыз» Демеқұлдың өмірі есінде ұялап, дақ қалдырған бір ерекше дәуір болды.

4. Үйінен айрылуы

1911 жылы (бұл бұрынғыша айтқанда «барыс» жылы) Демеқұлдың әйелі өлді. Демеқұлдың әйелі Байсалдың есігінде ауыр жұмыстың азабынан ауырып өлді. Ол кісі күндіз-түні байдың қазанын асып, шайын қайнатып, байдың отымен кіріп, күлімен шығып жүріп өлді.

Демеқұл құдықтан байдың қойын суарып жүргенде, әйелі бүктеліп жанында қойнынан ұршығын, шынашағынан шүйкесін тастамай, байдың малшыларының шекпенін, байдың астық салатын қабын жамап, жабығып, шаршап жүргенде шалына қарап тым болмаса балаларын Байсалдың малайлығынан басқаға беруді көп ойлаушы еді.

Балалары тым болмаса ішуге жарымай, байдың үйінен тығып, жасырып алған талқанын болар-болмас аққа басын біріктіріп, үйіндегі маңдайына біткен кішкене ғана ескі сары табағына салып, жалғыз ғана шолақ сапты қасығымен алдына алып ауқат етіп отыратын. Міне Демеқұлдың үй іші, бала-шағасы осылай күнелтетін.

Ақырында Демеқұлдың бұл тұрмысы қабырғасына батты. Әйелінің бастапқы ойлағаны орнына келді. Үлкен ұлын Байбосын деген байға қозы бағуға берді. Демеқұлдың өзі мен әйелі Байсалдың қолында қалды да, 5 жасар кіші баласын жақын бір туысқанына балалыққа берді.

...Бір күндері ауылдың күнбатыс жағында маңыраған қой қорасының шетіндегі қалқиып тұрған Демеқұлдың бас көлеңкесі (үш), оның ішінде бар мүлік: жалғыз қасық, табағы, құлақты бақыры — барлығы да тозып жоқ болып кетті. Демеқұлдың үйінің жоқ болуына кепіл берген ешкім де болмайды, үйі тұрсын оның балаларын да сөз еткен жан болмады. Бірақ Демеқұл ыстық күнде үйездеген қойдың ортасында жаман шапанын көлеңкелеп, маңдайынан күн етіп шөлдегенде ғана қара лашығын есіне түсіріп, жас балаларын ойлап қамығып, өксіп-өксіп алатын.

5. Сөйтіп, октябрь төңкерісі келді.

Демеқұл 1918 жылға дейін қойшы болатын. Сол кезде құлағына большевик дегендердің бары еміс-еміс естілетін. Бірақ оның не екенін, қандай адамдар екенін Демеқұл анық түсінген емес.

Біреулер айтады: большевик деген бандылар екен, енді біреулері: кедейлерге теңдігін әперетін жақсы жұрт екен дейді тағы басқалары басқаша айтады. Әйтеуір, Демеқұлдың ұшы-қиырына көзі жетпей, солардың қарасын не де болса көруді көптен-көп ойлады.

Бір күндері далаға, ауыл арасына көп солдаттар келді. Демеқұл әлде большевиктер солар ма екен деп те ойлады.

Демеқұлға бұлардың жүріс-тұрысы жақпады. Солдаттар бағанағы болыс пен бидің «шабармандарынан» да елге қатаң еді, елдің тыныштығы кетті. Көрінгеннің бетіне қарап сөз қатқандарды сабайды. Ақыры сол солдаттар Демеқұл ойлаған большевиктер емес болып шығады.

Күзгі кез. Қастек ауданына Ораз деген большевик келді деді. Ораз кім, неліктен келгендігі туралы ауыл-ауылдың барлығы да естіп қалды. Ораздың келгенін Байсал да білді.

Бір күні Байсал Демеқұлды шақырып алып большевиктерден аулақ жүріп, оларға әңгіме айтып, байланысудан сақ болуын күн бұрын, алдын ала есіне салып, пысықтап қойды.

Артын ала кешікпей-ақ ауылға Ораз бастаған большевиктер сауылдап келіп қалды. Бұлар келгеннен-ақ: «Кедей қайсы, малай кім?» — деп ауыздарына ала келді. Ауылдағы кедей, батырақтарды жинап шақыртып алды. Байлардың езуінен малайлардың құтылу күнінің жеткенін айтты.

Міне бүгін Демеқұл:

— Сонда Ораз бүгін менің қуанышты күшімді өз алдыма жан болып, өзіме-өзім қожа болатынымды айтты — деді.

Ораз кедейлерге большевик деген кімдер, олардың көздеген мақсаты не, кімнің жырын жырлайды, нені көксейді. Кеңес үкіметі деген не, ол кімнің үкіметі? — Осылардың барлығынан толық түсінік айтты. Демеқұл сол күннен бастап-ақ еріп, солардың тапсыруы бойынша азық-түлік жинауға жергілікті байларға қарсы күреске белсене кірісті.

6. Демеқұл — колхоз мүшесі.

Қастектің осы айтылған 4-аулында 1929 жылы колхоз ұйымдастырылады. Демеқұл колхоздың сенімді мүшесі болады. Колхозға 300-ден астам шаруалар мүше болып көреді. Оның арасына ірі байлар, атқамінерлер, би-болыстар да кіріп кетеді. Бұлар ішке кіріп колхозды ыдыратып, құлатуға бар қайратын жұмсайды. Сол жылдың аяқ шенінде байлар колхозда көтеріліс жасайды. Көп шаруалар колхоздан шығып, сол байларға еріп, колхоз құрылысына, колхоздың нығаюына қарсы шығады. Колхоз құлауға айналады. Не болғаны 170 түтін болып қалады. Соның бірі Байсалдың есінде еңіреумен өмірін өткізген Демеқұл болады. Бұл 1930 жылдың іші еді.

Колхоздағы тап жауларының зиянкестігінің беті ашылып, олар колхоздан аласталғаннан соң, бұрынғысынан әлдеқайда нығайды. Бірақ байлар енді бұрынғысынан әлдеқайда нығайды. Бірақ байлар енді бұрынғыдай емес, көріне бас тартып, колхозды ішінен ірітуге кірісті. Байлардың бұл әрекеттеріне қарсы күресте Демеқұл алдыңғы қатарда болды. Колхозшылар көпшілік тап қырағылығын күшейтіп, байлардың құйыршықтарымен талмай, мықты күрес ашудың нәтижесінде 30-31 жылдары колхоздан 70 жат адамдарды қуды.

7. Демеқұл — ауқатты колхозшы

Демеқұлдың балалары, басқа үй іштерімен еңбек ерлері, колхоз өндірісінің алдыңғы қатарлы екпінділері. Бұлар ауқатты колхозшылар. Бұлар — бір үйде бес бас. Төртеуі жұмысқа жарайды. Төртеуі де көктемде егіс салады, жазда астық бастыру, орақ жұмысында болады. Жұмыста күндіз, я 5 күн-ақ нормасын асырып орындап отырады.

300 Демеқұлдың үй ішін биылғы табысы Қастек ауданының жағдайында олардан басқада кемде-кем. Бұларда 1169 еңбек күні бар.

Колхоз астық салығы, тұқым қоры, тағы басқа осындай берімсектерден құтылғаннан кейін колхозшылар сыбағасына қолда қалған астықты бөлгенде, Демеқұлдың үй іші орташа есеппен 30,4 центнер астық алады. Бұл қаржылай, жаттай үлестен тыс.

Бұл — өлшем Қастектің барлық колхоздарынан ерекше көзге көрінетін үлгі көрсететін.

— Мен осы 66 жасымда өмірімнің қуаныштығына, еңбектің тәттілігіне мейірім жаңа ғана қанды. Кешегі күн мен бүгіннің айырмашылығын салыстырсам, әлденелер ойына түседі, ол өзімен кететін — дейді Демеқұл.

Қазір Демеқұл бір сиыр алды, келіні үш саулық алды. Үлкен баласы да бір сиыр алды. Бұлар қысы-жазы колхоз өндірісінде таза, сапалы екпінді болды. Үшеуімен бәрі екпінді «Ерназардың» колхозында ғана емес, бүкіл Қастек ауданы көлемінде өз пайдасына бұлардан көп мал алған жоқ.

Бұрынғы өзінен-өзі құрып кеткен қырық тесік қара лашығы қазірде кең, жарық ішіне кіргені жылы үй болып өзгерді. Демеқұл Кеңес үкіметінің тұсында ғана өз алдына үй тігіп, балалы-шағалы адам болды. Сонда ғана өзімен жарық өмір сүре бастады. Бүгін еш нәрсеге тарықпайық, білетін күніммен ойлағанын орнатып алатын ауқаттылық тұрмысқа жетті.

8. Мәдениетті тұрмыста

Демеқұл Байсалдың қолында малайлықта жүргенде үй ішінде көзге түсерлік мүлкін жалғыз ғана сары қасық еді. Демеқұлдың бала-шағасы сол жалғыз қасық, жалғыз табақтан ауқаттанатын. Ал қазір Демеқұл ол кемшіліктің неліктен екенін біледі үй ішіндегі жан бас сайын кесе, жан бас сайын түрлі қасықтар. Бұрын бір аяқтың шетінен тамағын барлығы да кезекпен ұрттап ішсе, қазір олар мәдениетті түрде стол үстіне өздеріне жеке-жеке ыдыс алып ішеді. Сөз жоқ, Демеқұлдың үй ішінің бұл дағдысы да ауқатты, өнегелі бақытты тұрмыстың негізгі бөлігі болып табылады.

«Бұрынғы заманымызды айтып ауыз ауыртпай-ақ қоялық, үй ішімізбен жаман текеметімізге, жаман тонымызға оранып жататын едік. Ал қазірде әрқайсымызға көрпе, жастық бар. Күйеуімізбен екеуіміз кереуетті де болдық.

Атам үйінің балалары мен келгенде бір жаман кетік-кетік сары қасық пен сары табаққа талқан шылап жеп отырушы еді. Қазір әрқайсысында қасық, әрқайсымызға бөлек-бөлек ыдыстарымыз бар. Жазда колхозымыздың дүкеніне үй жабдықтары келген екен, жетіспеген ыдыстарымызды содан толықтап алдым. Баржен де бұрын қол суреттерін алдым, сабын алдым. Әліміздің келгенінше тазалық тұрмысты орнатып келеміз. Қазіргі біз мәдениетке жақынбыз» — дейді бұрынғы күн, қазіргі екпінді Күмісбала жеңгей.

9. Демеқұл колхоздың көлігін таза күтіп, күйлі етіп ұстайды.

Демеқұлдың үй іші өздеріне берілген малға өте жақсы қарайды, күтеді. Мезгілімен суарып, шепке қояды. Сондықтан да сол үйдің ұстағаны келгісі күйлі. Ұқыптылықтың пайдасын жазғы жұмыста көрді. Демеқұлдың баласы Тінәлі бау тасыды. Басқалардың көліктері: болдырып, күніне екі ауыстырып отырса, Тінәлі жұмыс аяқтағанша келіп болдыртпай, басқалардан жұмысты сапалы орындап шықты. Демеқұл осы тартқызу жұмысында жүр. Жұмыс істеп жүрген кілт бұған келуден бұрын болдырып жүруші еді. Қазір одан мал шамалы. Міне, мұның бәрі Дәмеқұлдың колхоз малына көзқарасының жақсылығы, оның ұқыптылығы, оның тазалағы.

«Ерназар» колхозы малдың қыс тұратын қораларын толық дайындады. Өлкелік партия комитетінің «Мал басын өсіру туралы» қаулысынан бұрын колхозда үш қана ат бар еді. Қазір бұл үш ат он жеті ат болды. Сиыр 145 болса, қазір 192 басқа жетті. Жас төлдің шығыны кеміген. Міне, осының барлығы да Демеқұл сияқты адал ниетті екпінді колхозшылардың колхоз үшін мықты күрес аша білгендігі, партия мен үкіметтің Қазақстанды шығыстағы мал шаруашылығының алдыңғы отряды өту керек деген ұранын біліп, оны шын орындау жолында аянбай еңбек істеді.

Сөйтіп, Демеқұл Октябрьмен жасарды. Демеқұлдың басынан ауыр қара тумаңды арылтып, жарық, қуанышты тұрмысқа жеткізген Октябрь төңкеpici. Демеқұл Октябрьдің жемісін сақтайды. Міне, бүгін — Демеқұлдың қуанышты күні.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз