Өлең, жыр, ақындар

Әйелімді сатамын

Бұзылып (әйелім естімесін), яғни ауырып жатқан әйелімді запчасть ретінде сатамын. Мінезіне капремонт қажет. Артық доңғалақтары, ой-б-у-у-у қара домалақтары жоқ. Ұрыс кезінде моторы тез оталады. Сөндіру қиын. Короткий за­­мы­каниесі ұстаса, талып қалады да радиатор-аузынан көбік шашады. Қатын – 1972 жылғы. Қыз кезінде в масле алғам. Корпусы кең. Базарға жүк тасуға жарайды. Түр-түсі – шоколадный. Ба­­га­жы – дутый. Облицовкасы не толау демесеңіз, жал­­пы моторы жақсы. Ұзындығы – бір де жетпіс. Ені – бір де қырық. Салмағы – таза таразбен тартқан­­да 150 кг. Спирт, коньяк, вино, сыра және сүт қосылған шаймен, кей-кейде қара сумен де жү­ре береді. Бағасы – қалыңмалдан көп төмен. Бас­қа вариант­тарға да көнуім мүмкін. (Құтылсам бол­ды).

ЕСКЕРТУ: Бір сатылған соң, қайтып алмаймын. Айт­пақшы, ұмытып барады екенмін. Алатын адам­ның запасной жүрегі болғаны абзал.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз