Өлең, жыр, ақындар

Коммерсанттың үш жұрты

Коммерсантың үш жұрты болады.

Бірінші жұрты — конкуренттері.
Екінші жұрты — оптовиктері.
Үшінші жұрты — клиенттері.

Базар тілінде мұны: конкуренттерің — күншіл, оптовиктерің — міншіл, клиенттерің — сыншыл деп те мақал-мәтелдетеді. Яғни, конкурентің зор бол­саң, көре алмайды, қор болсаң, бере алмайды. Дұ­ры­сы — бермейді де. Тауарыңды сатсаң күн­­дей­­­ді, сатпасаң жүндейді. Общым, Сізге жақ­сы­­лық ат­­ау­­лыны тілей білмейді. Мысық тілеулес бо­лады.

Оптовиктерің — тауарыңның сапасына қа­­рай­­ды, бағасына қарайды. Арзан берсең жағасың, бер­месең дауға қаласың.

Клиенттерің — жолыңа, қолыңа қарайды. Баға­сын түсіріп берсең, саудаңды тілейді, тілеуқор бо­ла­­ды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз