Олимпиадалық ойындардың чемпионы атағын жеңіп алған спортшылардың бірі — Саттархан Бекзат. Ол 1980 жылы 4 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Балтакөл ауылында дүниеге келген. Бапкерлері — Н.Жұмабаев, В.Везирякин. Қазақстан біріншілігінің қола жүлдегері, Германия мен Финляндияда өткен және Қазақстандағы Ә.Нұрмақанов атындағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы болды. Жастар арасында Азия біріншілігінің жүлдегері, Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері. Қазақстан біріншілігінің, К.Әбдәлиев және С.Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанды. Азия чемпионатының, III Орталық Азия ойындарының және Венгриядағы халықаралық турнирдің, Испаниядағы, Чехиядағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Мәскеудегі Гран-при кубогінің иегері болды. 2000 жылы Австралияда Сидней қаласында өткен XXVII Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды, I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған. 2000 жылы 31 желтоқсанда Түркістан қаласында қаза болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Мағжан Жұмабаев
- Мағжан Жұмабаев
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі