Бегемот, сусиыр — жұптұяқтылар отрядының күйіс қайырмайтындар тұқымдасына жататын жануар. Бегемот тек тропиктік Африкада кездеседі. Әрқайсысында бір ғана түр бар екі туысқа бөлінеді. Оның ересегінің дене тұрқы 4-4,5 м-дей, құйрығының ұзындығы 35-50 см, салмағы 2,6-3,2 т (кейде 4,5 т). Тіршілігінің көбін суда өткізеді, кейде судың таяз жеріне, жағасына шығады. Тері бездері қызғылт түсті шырыш бөліп шығарады, сондықтан денесі жез түсті болып келеді. Қырық-елу жыл өмір сүреді, топтанып жүреді. Ергежейлі бегемоттың дене тұрқы 1,70-1,85 м, құйрығының ұзындығы 70-80 см, салмағы 250-275 кг. Ол жеке де, топтанып та жүреді, отыз бес жылдай өмір сүреді.
Бегемот жағасы батпақ, қалың шөп өскен тұйық көлдерде мекендейді. Жақсы жүзеді, сүңгиді. Еті, терісі, майы үшін көп ауланғен. Ергежейлі бегемот санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық «Қызыл кітапқа» енгізілген. Кәдімгі бегемот немесе гипопотам Қазақстанда хайуанаттар бағында бағылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі