«Балқаштүстіметалл» Өндірістік Бірлестігі (бұрынғы атауы Балқаш кен-металлургия комбинаты немесе БКМК) — Балқаш қаласындағы мыс балқытатын зауыт. Жылына зауытта 130-150 мың тонна тазартылған мыс өндіріледі. Сонымен қатар, алтын, күміс, платина және басқа түсті металлдар шығарылады
1928 жылы Балқаш көлінің солтүстік жағалауына геолог-инженер Михаил Русаков басқарған ленинградтық геологиялық барлау партиясы келеді. Олар Балқаш өңіріндегі мыс кендерінінің бірінші барлауын өткізіп, үміттендіретін қорытындыға келген. Іздеу жұмыстары барысында геологтар келесі нәтижені түйіндеген: кен орны мысқа соншалықты бай, оның базасында жаңа мыс балқыту зауытын салуға болады. М. П. Русаков Ленинградтағы геологиялық комитетке телеграфпен хабарландыру жібереді: «…Балқаш көлінің жанында Қоңырат атты күшті мыс-порфирлік кен орны ашылды». Көп кешікпей осы кен орнын игеру жұмыстары басталды.
1931 жылдың қазанында «Прибалхашстрой» басқармасы құрылды, оның бас мақсаты мыс балқыту зауытын салу деп белгіленген. 1932 жылдың 29 маусымында КСРО Наркомтяжпромының коллегиясы «Балқаш өңірінде мыс балқыту комбинатын салу туралы» қаулыны шығарды. Негізгі өндірістік құрылыстардың және қаланың орналасқан орны ретінде Бертіс айлағының жағалауы деп бекітілген. Құрылыс жұмыстарының бастығы Василий Иванович Иванов болды (1938 жылы ол өтірікпен «халық жауы» атанып, ату жазасына белгіленді). Кеңес мемлекеті мысқа қатты мұқтаж болды. Сол кезде мыс, негізімен, шетелден әкелінген болатын. Екінші бесжылдық жоспары бойынша нұсқаулар комбинаттың салуын тездетуге шақырды. Нұсқауды шығарған ВКП(б)-ның XVII Бүкілодақтық конференциясы (1932 жыл, 30 қаңтар — 4 ақпан) Мәскеу мен Ленинградтың партия ұйымдарына салынып жатқан кәсіпорынды қамқорлыққа алуды тапсырды.
1932 жылы мыс алыбын салуға 100 млн. сом жіберілді, бұл Қазақ КСР-і ауыр өнеркәсібінің дамуына бағытталған қаражаттың үштен бір бөлігін құрды. 1938 жылдың наурызында байыту фабрикасының сынауы өткізіліп, бірінші балқаштық концентрат шығарылды. Шілдеде алғашқы шағылу пеші іске қосылып, металлургиялық өндіріске жол ашылды. 24 қарашада бірінші балқаш мысы шығарылды. Бұл күн Балқаш кен-металлургия комбинатының туған күні ретінде саналады. Балқаш мысының бірінші құймасы Мәскеудің Революция мұражайында сақталынып жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, Балқаштың металлургтері, байытушылары, таукеншілері майданға кетіп, олардың цех пен кендердегі орнын әйелдер алған. Егер соғысқа дейін зауытта 600 әйел жұмыс істеген болса, соғыстың бірінші жылында олардың саны 2453-ке дейін өсті.
1942 жылдың мамырынан бастап БКМК танк құрастыру өнеркәсібіне қажетті молибден металын шығара бастаған.
Қазіргі тарихы. 1997 жылы Балқаш кен-металлургия комбинаты «Қазақмыс» корпорациясының құрамына кірді. 1 сəуірде Балқаш комбинатының базасында Қымбат бағалы металдар зауыты салынды. Оның құрамында аффинаж, кен жынысы, жөндеу цехтары жұмыс істейді. 30 тамызда шведтік «Воlіdеn» фирмасының технологиялық базасында аффинаж өндірісі іске қосылды. Үш күннен соң алғашқы күміс, ал екі айдан соң алғашқы алтын алынды. 1999 жылы платина мен палладийдің алғашқы үлгі партиялары өндіріле бастады. 2000 жылы тағы да басқа өндірістік кəсіпорындар іске қосылды. Соның ішінде химия-металлургия комбинатын атауға болады. Ал 2003 жылы жаңа мырыш зауыты ашылды.
2000 жылы «Балқаштүстіметалл» Өндірістік Бірлестігінің құрамына жаңа қор базасы ретінде Шатыркөл Мыс Кені енді. 2002 жылдан бастап қорлардың ашық түрде өндірілуі тиімсіз болып табылып, Шатыркөл шахтаға айналды. Қазір Шатыркөлдің мысы комбинатта өз шикізатынан шығарылатын өнімнің 40%-ын құрайды.
Балқаш комбинатына әртүрлі кен орындарының шикізаты әкелінеді. Кен орындардың ең үлкені Қоңыратта (12 шақырым қашықтықта), ал ең алысы Саяқта (шығысқа 250 шақырым қашықтықта) орналасқан.
Біріншіден комбинатқа құрамында 15-17% мысы бар шикiзат түседi. Кейін ол пеште балқытылып, 45% мысы бар штейнге айналады. Әбден балқығаннан соң құрамында 93-95% мыс пайда болады. Бұдан кейiн мыс анодтық учаскеде, электролиттiк ваннада өңделiп, нәтижесiнде 99,9% мыс алынады.
Комбинат Балқаш өңіріндегі қоршаған ортаның ең үлкен ластаушысы болып есептеледі. Мыс өндіру комплексінің іске қосылу кезінен бастап 1995 жылға дейін көлге еш тазартусыз өндірістік ағынды сулар құйылған болатын. Нәтижеде қоршаған орта ауыр металлдармен ластанып, су биосферасы көптеген ауру-науқастарға тап болды. Комбинаттың технологиялық газдары металлдар ұнтағынан мен күкірт диоксидінен тазартылмай, жақын орналасқан қаланың тұрғындарында аллергиялық және басқа ауруларды тудырады. Қала тұрғындардың айғақтауымен, 2004 жылдың жазында комбинат атмосфераға газдың үлкен көлемін лақтырып, қаладағы құстардың кілең мерт болуына себепші болған.
Қазіргі кезде Балқаш көлі мен маңайының экологиялық ахуалы жайында өте аз ақпарат бар. Өйткені 1990-шы жылдары бұрын стандартты түрде өткізілген бақылаулар бірталай қысқартылып, ғылыми зерттеулер болса толықтай тоқтатылып қалған. 2005 жылдың қыркүйегінде Балқаш-Алакөл су қоймаларының советі құрылды. 2008 жылы «Балқаштүстіметалл» Өндірістік Бірлестігінде күкірт ангидридін тұту зауыты іске қосылды. Бұл кәсіпорын күкіртті сүзгіден өткізу арқылы ауаның улы газбен ластануын 80% дейін азайтқан. Кәсіпорын улы өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу арқылы күкірт қышқылын шығарады. Бұл өнімге сұраным едәуір: отандық кәсіпорындарға жылына 1 млн. тоннаға жуық күкірт қышқылы қамсыз етіліп отыр.
2010 жылы Балқаш көлін ластағаны үшін «Қазақмыс» корпорациясының мойнына 4 миллионнан астам теңгені құрған айыппұл салынды. Сондай-ақ Шерубай-Нұра су қоймасына келтірілген зияны үшін компанияға тағы 2,7 миллион теңге айыппұл салынды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі