Әдебиет шіpy заңынан алынып тасталған.
Ол ажал заңын мойындамайтын бірегей.
Салтыков-Щедрин.
Әрқашанда әсемдікке ұмтылу керек.
Оноре де Бальзак.
Бұл еңбекте көп нәрселер үздік-создық айтылған, мүмкін онша анық та емес шығар.
Көпшілігі дауды болып танылар да.
Бұл кітап теориялық зерттеу де, басшылыққа алынатын құрал да емес. Бұл менің жазушылықты түсінуім туралы, өз тәжірибем туралы жай ғана жазбаларым.
Біздің жазушылық жұмысымызды идеялық жағынан негіздеудің маңызды мәселелері кітапта қамтылмады, өйткені бұл салада біздің арамызда айта қоярлықтай алауыздық жоқ. Әдебиеттің қаһармандық және тәрбиелік мәні бәрімізге де айдай анық.
Осынау кітапта мен әзірше айтып үлгірген біраз нәрселерді ғана сөз еттім.
Дегенмен, жазушы еңбегінің таңғажайып мәнін азғана дәрежеде болса да, оқырманның көзіне елестете алсам, онда әдебиет алдындағы борышымды өтедім деп есептер едім.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі