(қысқа әңгіме)
Хош, сонымен мен жазушылық жұмыс жөніндегі байқағандарымның бірінші кітабын-жұмыс енді ғана басталды, алда оның із түспеген өлкесі жатыр — деген сезіммен бітірдім. Әлі де айтылмаған көп сөздер — әдебиетіміздің эстетикасы, оның ой мен сезімі әрі бай, әрі биік жаңа адамды тәрбиелеу ретіндегі аса маңызды рөлі, сюжет, юмор туралы, адамның мінез-құлқын мүсіндеу туралы, орыс тілінің өзгерістері, әдебиеттің халықтығы туралы, романтизм, жақсы талғам, қолжазбаны жөндеу жөніндегі сөздер баршылық — оның бәрін есептеп шыға алмайсың.
Бұл кітаппен жұмыс істеу, қадам басқан сайын, жаңа қиырлар мен жолдар ашылып жататын беймәлім ел ішімен саяхат жасауды еске түсірді. Олардың пайда апаратынын кім біледі, бірақ олар ой-толғаныстарға азық болатын көп-көп тосын жайттарға жетелейді. Бірақ қанша айтқанмен, со жол сапарлардың күрделі қиын түйіндерін толық болмаса да, көмескілеу күйінде қарастырып, анықтап шығу әрі қызық та, әрі қажетті де іс емес пе.
1955-1964.
Аударған Әбілміжін Жұмабаев
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі