Сүліктер — тұщы суда тіршілік ететін иірілмелі құрттар. Жер шарында сүліктің 400-ге жуық түрі бар, ал емдік мақсатта тек бір түрі — медициналық сүлік қана қолданылады. Сүліктің ұзындығы 12 см-ге дейін, түсі жасылдау болып келетін арқасында ұзына бойы қызғылт-сары сызықтар бар. Бұл — оны басқа сүліктерден ажыратуға мүмкіндік беретін өзіне тән белгісі. Сүліктің аузында майда тісті үш жағы және қанның ұюына жол бермейтін ерекше зат — гирудин бөліп шығаратын сілекей бездері бар.
Гирудотерапия, яғни сүлікпен емдеу әдісі ерте замандардан белгілі. Ежелгі медицина классиктері Гален, Ибн Сина, Гиппократ бас сақинасы, жүрек сырқаттары, жоғары қан қысымы, көтеу кезінде қан жіберу туралы ескерткен.
Медициналық сүліктің сілекей бездерінің сөлінде 100-ден аса биологиялық белсенді заттар бар, олар ісікке қарсы, бактериостатикалық, ауырсыздандырушы, таратушы әсерге ие, сондай-ақ микроциркуляциялық бұзылыстарды, тіндер мен ағзалардағы тамыр өткізгіштігінің бұзылуын жояды, гипоксияны кетіреді, қан қысымын төмендетеді, организмді қоқыстан тазартады, миокард инфаркті, инсульт секілді қауіпті асқынулардан сақтайды.
Сүлік салынатын жердегі тері алдын-ала бір шөкім сулы мақтамен немесе дәкемен ысқылап, қызарғанша сүртіледі. Терідегі кез-келген хош иісті затты жою үшін мақтаны 2-3 рет ауыстырады. Теріні залалсыздандырушы спиртті сұйықтықтармен сүртудің қажеті жоқ. Өйткені кез келген бөгде, табиғи емес иіс сүлікті шошытады.
Сүлікті теріге антибиотиктерден қалған, шишалармен немесе құтымен қояды. Сүлік қадалу, бойына ирелеңдей бастайды, сол сәтте ыдысты алып тастайды да сүліктік астына бір қабат мақта, дәке салады. Гирудотерапия сеансы қан толық сорылғанша, сүлік өзі түсіп қалғанша жалғасады. Емшарадан кейін сүлікті формалин немесе мүсәтір ерітіндісіне салып, жояды.
Сүлік тістеген жерлерде үш сәулелі жаралар қалады. Олардан қан 6-24 сағат бойы ағады. Қанап тұрған жараларға асептикалық таңғыш тағады. Егер қан тоқтамаса, келесі күні жаңа таңғыш таңылады. Қанның тоқтауын тездету үшін изотоникалық ерітіндісі бар қысатын таңғыш салуға болады.
Қан тоқтаса, жараның шетіне йод ерітіндісін жағады немесе тағы бір тәулікке асептикалық таңғыш тағады.
Гирудотерапияға абсолютті қарсы көрсетімі — гемофилия, яғни қанаққыштық ауруы. Салыстырмалы қарсы көрсетімдер: жүктілік, айқын астения, қаназдық, гипотензия, аллергиялық, реакциялар, екінші қайтара болатын иммунитет тапшылығы, кахексия.
Сүлікпен емдеу барлык дерлік соматикалық аурулардың қалыпты еміне қосымша ретінде қолданылады.
А.Г.Сейітқожанова
Оқуға кеңес береміз:
Ми қан айналымының жіті бұзылысы
Миокард инфаркті және емдік жаттығулар
Қан қысымының көтерілуіне жол бермейміз
Қан қысымын қалай көтеруге болады: көмегі тиері анық 5 жылдам тәсіл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі