Өлең, жыр, ақындар

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 -1920).

XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясының жарық жұлдызы – Сұлтанмахмұт Торайғыров бар-жоғы 27 жас жасады.

Ол Ақмола облысында дүниеге келген. Әкесі шаруа адамы болған. Жасынан өлең жазып, ерекше қабілетімен көзге түскен. Мұсылманша хат таныған. Оқуға әке дәулеті жетпегендіктен, ол бай ағайындарының көмегімен Троицк қаласындағы медресеге барады. Бірақ жәрдем болмағандықтан, ақын ұзақ оқи алмайды. «Айқап» журналының редакциясына жұмысқа орналасады. Өз бетімен ізденіп, білімін жетілдіріп, шығармашылығын шыңдаумен болады. Араб, парсы тілімен қоса, орыс тілін үйренеді.

Сұлтанмахмұт аз ғана ғұмыр сүрсе де, артына тәлімі мол мұра қалдырып кетті. Қазақ поэзиясындағы Абай, Ыбырай, Шәкәрім қалыптастырған ағартушылық идеяны шыңдап, оны ерекше романтикалық қуатпен толықтырды. Қазақ әдебиетінде XX ғасыр басында пайда болған роман жанрын қалыптастыруға үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кім жазықты» сияқты өлең мен проза араластырыла жазылған романдары сол дәуірдің озық туындылары саналады.

Сұлтанмахмұт қазақ әдебиетінде жалынды публицист ретінде де өшпесіз қалдырды.

Шәкірт ойы

Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне
Күн болмағанда, кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кірермін.

Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы,
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығып жайлап ел көрер.

Тұрмыс, тағдыр – бірі де
Бұл мақсаттан бұра алмас.
Қаһарман Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.

Сыланған жардың күлісі,
Алдандырмас бір ісі.

Оқуға кеңес береміз:

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туындылары

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың нақыл сөздері

Сұлтанмахмұт Торайғыров еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен еңбектері туралы әдебиеттер

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдебиет және өнер институты мен орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы қолжазбалары тізімі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз