Сайрам

Басты бет / Тарих / Сайрам

Сайрам — Тарих тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Қазақта «Сайрамда бар сансыз баб» деген сөз бар. Ежелгі Сайрам қазақ жерінің рухани орталығы болған. Ойшылдар, философтар, әулиелер, дін таратушылар осы жерден шыққан. Бірнеше рет көшіріліп, өзгеріске ұшыраған «Сайрам туралы рисала» атты ортағасырлық кітап біздің заманымызға жеткен. Мұнда Сайрамнан шыққан атақты адамдардың, қолбасшылардың, әулие адамдардың өмірбаяны, қаланың тарихы баяндалады.

Сайрамда бүкіл түркі халықтарының рухани көсемі Ахмет Иасауи 1103 жылы дүниеге келген. Әке-шешесі қасиетті Ибрагим ата мен Қарашаш ананың мазарларын халық әлі күнге дейін қадір тұтады. Сайрамның X-XIII ғасырлардағы аты — Исфиджаб, соғды тілінде «Ақсу» дегенді білдіреді.

Сайрам — орта ғасырларда қолөнермен атағы шыққан қала. Мұнда ақ мата, былғары, қару-жарақ шығарылған. Алтын-күмістен асыл бұйымдар дайындалған. Қаланың құл базарларында соғыстан қолға түскен құлдар сатылған. Қалада жер асты жолдары, хауыздар мен бақтар, үлкен мешіт, Нуджикет, Фархан, Шақпан, Бұхара дарбазалары болған.

Оқуға кеңес береміз:

Суяб

Сауран

Сарайшық

Қарлұқ қағандығы



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Тарих бойынша басқа мақалалар Сайрам бойынша мақалалар қала бойынша мақалалар көне қала бойынша мақалалар Исфиджаб бойынша мақалалар