Корейская косметика премиум класса

Виртуалды өмірдегі балалар

Соңғы жылдары кішкентай балалардың телефон, компьютер ойындарына  тәуелді екендігі бәрімізге мәлім. Тәуелділікті былай алғанда, бала шын өмірді қабылдай алмайтын жағдайға да жетіп жатыр. Ойында ойнайтын әрекеттерін өз өмірінде жасап, ол әрекетінің дұрыс, не бұрыс екендігін білмейді. Психологтардың айтуы бойынша,ата-ананың балаға жас кезден дұрыс көңіл бөлмеуі осындай әрекетке алып келеді,- деп отыр. Бала психологиясы өте әлсіз, ол көрген дүниесіне қызығып, оны қайталайды. Психолог Адия Аралбай баланың шыдамсыз, қырсық, ашушаң болып қалыптасуына, психиканы бұзатын ойындар әсер етеді,-дейді. Осы орайда Қытай мемлекетінен үлгі алу керек секілді. Себебі, мемлекетте бала психикасын бұзатын ойындарға тыйым салынған. Тек Қытай ғана емес, Германия, Жапония да бұндай ойындарға тыйым салынған болатын.

“ Балам гаджеттегі ойындарды дұрыс ойнай алмай қалса, қатты ашуланып, телефонды лақтырып жіберетін кездер де болды.” Иә, бұндай сөздерді қазір кез келген аналардан жиі еститін болдық. Соңғы кездері ойын ішіндегі жаман әрекеттерді балалардың шынайы өмірде жасап, артынша өздеріне қол салатын оқиғалар көбейіп кетті. Бала миын дұрыс дүниелермен, жақсы әрекеттермен қалыптастыру қажет. Алайда, біздің елімізде тыйым салынған ойындар да стерилизациядан өткен компьютер ойындары жоқ. Ересек адам бұл ойын екенін түсінеді, бірақ балалар өздерінің нәзік дүниетанымымен ойын сюжеттерін нақты өмірге ауыстыра алады, олардың әрекеттерінің салдары туралы ойланбай.

Ата ана балаға жан-жақты қолдау көрсету, қызықты  тақырыпта жиі сөйлесу, жігерлендіру, жетістіктер мен проблемаларды талқылауы қажет. Осы арқылы, баланың жақсы қалыптасуына септігімізді тигіземіз. 

Аружан Мақсұт


Қарап көріңіз

×