Сақалтай — біздің ең ірі жыртқыш құстарымыздың бірі (қанаттарының құлашы 3 метрге дейін, салмағы 7-10 кг) басқа ірі жыртқыш құстардан қанатының ұшында саусақ сияқты тарбиған қауырсындары бар жалпақ қанатымен, ұзын сына тәрізді құйрығымен ерекшеленеді. Ересек құс ақшыл түсті және басының екі шетіндегі қара қауырсындарын алыстан көруге болады, осынысы үшін «сақалтай» деп аталған. Басқа жыртқыш құстар сияқты, сақалтай да жиі қалықтайды. Осы ұшқан құсқа жақын жерде болсаңыз, оның қанаттарының қауырсындары ерешке шу шығарады. Бұл құс туралы нешетүрлі аңыз бар. Соның бірі — ол тік құздан ір тұяқты қағып құлатып, сонан кейін қүл-талқаны шыққан өлексемен қоректенеді. Және де ол қозыларды ұрлайды дейді, сондықтан оны «қозы құмай» деп те атайды. Бірақ осы әдемі аңыздың ешқайсысының да іс жүзінде дәлелі жоқ.
Сақалтай ең биік тауды мекендейді. Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань, Альпі белдеуінде тіршілік етеді. Ұясын қол жетпес құздарға салады. Бір шұбар жұмыртқасын аналығы мен аталығы кезектесіп, екі айда басып шығарады. Содан кейін ұяда 4 ай балапанын асырайды. Сақалтай — өте сирек кездесетін құс. Қызыл кітаптың бар түрінің тізіміне енгізілген.
Оқуға кеңес береміз:
Құстар әлемінің битбоксері - Лирақұйрық(Видео)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі