Өлең, жыр, ақындар

Тұқымтану негіздері

Ауылшаруашылық өндірісінде тұқым деп жоғары сапалы мол өнім алуға арналган өр түрлі тұқымдық жадығат (материал) айтылады, ол үшін мыналар пайдаланылады: — нағыз тұқымдар (бұршақ, қырыққабат және зығыр тұқымдастар, мақта өсімдігі); — жалаңаш және қабықты жемістер (қоңырбастар тұқымдасының дәндері — бидай, арпа, сұлы, т.б.; күнбағыс шекілдеуігі, қарақұмық жаңғақшасы, т.б.); — жеміс шоғыры (қызылша домалағы, т.б.); — түйнектер (картоп, жер алмұрты).

Тұқымдар өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық құнды қасиеттерін иеленушілер, соның нәтижесінде олардың сапасы алынатын өнім мен оның сапа көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі тұқымнан басталатыны ежелден белгілі: егер танапқа сапасыз тұқым себілсе, алынатын өнім төмендеп кетеді. Мұндай жағдайда топырақ өңдеу де, тыңайтқышты қолдану да, егістікке жасалған күтім де, жауын-шашын да құр босқа зая кетеді. Көпжылдың тәжірибесіне сүйеніп, тұқымның керемет маңызына арнап, халық көптеген аталы сөздер мен дәл мағыналы мақал-мәтелдер құрастырған: «Не ексең, соны орасың», «Нашар тұқымнан мол өнім күтпе», т.б. Біздің заманымызда да, ауыл шаруашылығы күрделі өзгерістерге ұшыраған уақытта да, егіншілік техника және ғылым жаңалықтарымен қаруланғанда да бұл шаруалардың шындығы өзінің маңызын жойған емес. Керісінше, өсімдік шаруашылығының қарқынды дамыған заманында тұқымның маңызы әрқашан да арта түседі.

Тұқым өзінің үш сапасымен ерекшеленеді: себу сапасы — олардың себуге жарамдылық дәрежесін анықтайтын тұтас тұқымдық қасиеттері; сорттың сапасы сорттық тазалығына, репродукциясына қойылатын талаптарға сөйкес келеді; өнімділік сапасы — нақты жағдайларда белгілі бір мөлшерде өнім беру қабілеті. Бұл аталған тұқым сапасының көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты.

Тұқымтану — тұқым туралы ілім. Ол мәдени өсімдіктер тұқымдарын, олардың құрылысы мен аналық өсімдікте пайда болу жағдайларын, тұқымдағы физиологиялық үрдістерді, тйбиғи орта мен агротехникалық шаралардың тұқым құрылуына әсерін, тұқымның себу сапасын анықтау әдістерін оқытады.

Тұқымтанудың өзіндік зерттеу объектісі бар, ол — тұқымдық материал; арнайы мақсаты тұқымдық материалдық сапасын жақсарту және зерттеу әдісі бар, ол — тұқымдық материалды бағалау әдісі. Сонымен тұқымтану тұқым сапасы мен қасиеттерін бағалаудың, жоғары сапалы тұқымдық материалды өсіру жағдайлары мен зерттеу әдістерінің ғылыми негізі болып табылады, қысқасы ол өсімдік шаруашылығының құрамды бөлігі мен теориялық негізін құрайды. Ол ботаникамен, өсімдіктердің биохимиясы мен физиологиясы және басқа көршілес агрономиялық пәндермен тығыз байланысты. Көпжылдық тәжірибе көрсеткендей, жоғары сапалы тұқым — басқа агротехникалық шаралармен қатар, ауыл шаруашылығы, оның ішінде өсімдік шаруашылығын қарқындандырудың негізгі факторларының бірі. Сонымен қатар дақылдар өсірудің аймақтық қарқынды тех: нологиясы да тұқым сапасына маңызды орын береді, өйткені ауылшаруашылық дақылдарының аудандастырылған жақсы сорттарының жоғары кондициялы тұқымынсыз агротехникалық кешеннің барлық басқа буындарының тиімділігі кұрт төмендеп кетеді. Сонымен тұқым немесе тұқымдық жадығат (материал) — танаптарға сеуіп, жаңа өнім алуға арналған өсімдік мүшесі.

Тұқымның себу сапасы

Ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін танаптарды жоғары сапалы тұқымдармен сепкен абзал. Өкінішке орай, Қазақстанда соңғы жылдары бұл мәселеге көңіл аз бөлінді, соның нәтижесінде егістіктерде кондицияға жеткізілмеген тұқымның үлесі көбейіп кетті. Атап айтқанда, Қазақстан бойынша 1991 жылы дөнді дақылдар егістігінің 74,0% I және II класты тұқымдармен себілген болса, 2001 жылыол көрсеткіш 37,0% ғанаболды. Бұл деген сөз күні бұрын астық өнімі мен сапасын төмендетіп, оның бәсекелестік қабілетін азайту болып табылады.

Шаруашылықтар мен агрономия мамандары бірінші кезекте тұқым сапасының көрсеткіштерін, олардың егін өніміне әсерін жақсы білуге міндетті. Тұқымның себу сапасының көрсеткіштері мемлекеттік үлгі қалыппен (МҰҚ) мөлшерленетін (тұқымның тазалығы, лабораториялық өнгіштігі, тұқымның ылғалдылығы, арамшөптер және басқамәдени өсімдіктер тұқымдарымен ластануы, т.б.) және мөлшерленбейтін (тұқымның өну энергиясы, 1000 тұқымның массасы, тіршілікке қабілеттілігі, тұқымның өсу күші, т.б.) болып ажыратылады.

Тұқымның тазалығы — егістік жадығаттың (материалдың) негізгі сапа көрсеткіштерінің бірі. Өлі деп аталатын (сабан, топырақ кесектері, тас, т.б.) қоспалар тұқымдық жадығатта ең әуелі артық балласт болып табылады, әрі қарастырылып отырған тұқымның тазалық көрсеткішін (пайызын) төмендетеді, өрі сақтау мүмкіндігін нашарлатады, ал тірі қоспалар (тіршілікке қабілетті арамшөп және басқа мәдени өсімдіктердің тұқымдары) өсірілетін дақыл егістігін ластайды және осыған байланысты өнім мен оның сапасы төмендейді.

Егістік жадығаттың (тұқымның) тазалығы деп ондағы негізгі дақылдың пайызбен () көрсетілген массасын айтады. Көптеген дақылдардың, шөптерден басқа, тазалығын анықтағанда 1 кг талданған үлгіге есептегендегі басқа мәдени өсімдіктер мен арамшөптер тұқымдарының саны да (дана) есепке.алынады. Тұқымдық жадығатты тазалаудағы мақсат — мүмкіндігінше барлық қоспаларды аластату. Қазіргі қолданыстағы тұқым тазалағыш машиналар да мұны толық іске асыра алмайды. Сондықтан тұқымның себу сапасын мемлекеттік үлгі қалыптаумен (МҰҚ) аздаған мөлшерде қоспа рұқсат етіледі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар