Қазақша жыл санау жүйесі — Салт-дәстүр бөліміндегі материал.
Материал — Қазақша жыл санау жүйесі, Қазақша жыл санау, жыл, Жыл атаулары — осы тақырыптарға байланысты.

Жыл санаудың өзіндік үлгісі қазақ халқында да бар. Қазақтар жылды мүшел арқылы санайды. Бір мүшелді он екі жыл құрайды. Әр жылға он екі аңның аты берілген. Олар: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Ай аттары: наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан. Әр жылдың наурыз айының 22 жұлдызы — қазақтар үшін жаңа жыл, жыл басы.
|
1 |
Тышқан |
1972 |
1984 |
1996 |
2008 |
|
2 |
Сиыр |
1973 |
1985 |
1997 |
2009 |
|
3 |
Барыс |
1974 |
1986 |
1998 |
2010 |
|
4 |
Коян |
1975 |
1987 |
1999 |
2011 |
|
5 |
Ұлу |
1976 |
1988 |
2000 |
2012 |
|
6 |
Жылан |
1977 |
1989 |
2001 |
2013 |
|
7 |
Жылқы |
1978 |
1990 |
2002 |
2014 |
|
8 |
Қой |
1979 |
1991 |
2003 |
2015 |
|
9 |
Мешін |
1980 |
1992 |
2004 |
2016 |
|
10 |
Тауық |
1981 |
1993 |
2005 |
2017 |
|
11 |
Ит |
1982 |
1994 |
2006 |
2018 |
|
12 |
Доңыз |
1983 |
1995 |
2007 |
2019 |
Осы кестені пайдаланып қазақтар өзінің қай жылы туылғанын есептеген. Сонымен, мүшелдік жыл санау тышқаннан басталады. Әр жылдың атауына байланысты өз ерекшелігі болады. Соған қарап, ежелден қазақ халқы ауа райына қатысты құбылыстарды бақылап, қай жылда, қайсы айда, тіпті қай күндері ауа райы қандай болатынын анықтап отырған. Кейбір адамдар өткен мезгілдердегі өзгерістерді салыстыра есептей отырып, алдағы уақыттағы ауа райын болжай алған. Оларды «есепшілер» деп атаған. Ал кейбіреулер шоқжұлдыздарға қарап та күннің қашан жауатынын, желдің қайдан шығатынын, қысқасы, жылдың әр мезгіліндегі ауа райын алдын ала болжап отырып, дәл айтқан.
Оқуға кеңес береміз:
Адамның жасына байланысты атаулар
Бұл бетте Қазақша жыл санау жүйесі тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Салт-дәстүр бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Қазақша жыл санау жүйесі материалы Салт-дәстүр бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Сара
Қазақша жыл санау жүйесін енді түсіндім
Гүлнар
73 мүшелге кірсе 74 шығады десе сонда жылан жылы мүшелге кірсе жылқыда шыға ма? Жоқ әлде жылқыда кіріп қойда шыға ма?