Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов онлайн брифинг барысында мұғалімдердің жалақысы қашан көтерілетінін және олардың біліктігін дамытуға арналған шаралар туралы айтты.
«Келесі жылдан бастап қаладағы барлық мұғалімнің жалақысы 25% өседі. Ол үшін қажетті қаражат қарастырылды, сондықтан 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы артады. Сондай-ақ еліміздегі мұғалімдердің біліктілігі мен мәртебесін көтеру аясында екі жылдан бері «Педагог мәртебесі» туралы заң жұмыс істеп жатыр. Оған қоса қала әкімдігі де мұғалімдердің мәртебесін көтеруге көңіл бөліп келеді», — дейді ол.
Сонымен қатар, ол биыл қала әкімдігінің бастамасымен екінші жыл қатарынан дарынды, үздік мұғалімдерді анықтайтын байқау өткізіліп жатқанын тілге тиек етті.
«Алматының үздік мұғалімі атанған маманға екі бөлмелі пәтердің кілті табысталады. Бірінші орынға — автокөлік, екінші және үшінші орынға ақшалай сыйлық беріледі», — деді Білім басқармасының өкілі.
Спикер, алдағы аптада мұғалімдер арасында өтетін «Алматы әкімінің гранты» байқауының қорытындысы шығатынын жеткізді. Онда үздік шыққан 10 мұғалім 2 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады. Бұл шаралардың барлығы мұғалімдерді қолдауға бағытталған.
«Биыл қала мектептеріне 500-ге жуық жас маман келді. Оларды қолдау аясында еңбекақыларына 20 АЕК көлемінде қаржы қосылады. Оған қоса мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында курстар өкізіліп тұрады. Сондықтан бұл курстар ҚР білім және ғылым министрлігі және Өрлеу орталықтарымен іске асырылады», — деді спикер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі