Өлең, жыр, ақындар

Мәдени өсімдіктер

Мәдени өсімдіктер — өсімдік түрлері. Мәдени өсімдіктердің пайда болуы адамзат мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Қытай мен Жапониядан күріш, қонақ тары, қытай капустасы, бұршақ түрлері, құрма, апельсин, мандарин, шай, т.б. өсімдік түрлері; Индонезия мен Үндіқытайдан нан ағашы, манго, лимон, банан, қант пальмасы, эвкалипт, темекі, мақта; Австралиядан қант қамысы, қияр, кенеп, кокос пальмасы, күріштің 2 түрі, қара бұрыш; Орталық Үндістаннан қара бидайдың 2 түрі, бұршақтың 5 түрі, зығыр, мақсары, қарбыз, сәбіз, алма, алмұрт, өрік, шие, бадан, жеміс ағашы; Орта Азиядан бидай, қара бидай, арпа, сұлы, бұршақ, жоңышқа, қант қызылшасы, алма, жүзім, анар; Алдынғы Азиядан зәйтүн, лавр, жеміс ағашы, т.б.; Африкадан мақтаның 4 түрі, қарбыз, кофе; Америкадан жүгері, картоп, қызанақ, асқабақтың бірнеше түрі, какао, арахис, топинамбур, т.б. мәдени өсімдіктер таралған.

Адамзат үшін мәдени өсімдіктердің маңызы зор. Бау-бақшадағы, егін алқабындағы өсіп тұрған өсімдіктер азық-түліктің, дәрі-дәрмектің, мал азығының негізгі көзі болып табылады. Қазақстанда мәдени өсімдіктердің түрі көп және олар әр түрлі. Олар — бидай, сұлы, жүтері, күріш, тары, арпа, түйебұршақ, соя, асбұршақ, жержаңғақ, жасымық, картоп, күнбағыс, мақта, қызылша, қарбыз, таңкурай, жүзім, т.б. Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарумен селекционер ғалымдар айналысады.

Оқуға кеңес береміз:

Жүгері

Апельсин

Өсімдіктер

Жеміс-жидек және көкөніс

Біз ойлағандай өспейтін өнімдер

Бір рет сатып алып, әрдайым өсіруге болатын 8 көкөніс

Жеміс-жидектер мен көкөністердің гүлдеу барысындағы көріністері


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз