Өлең, жыр, ақындар

Рахима Жұбатұрова

Рахима Жұбатұрова — атақты опера әншісі, Қазақстанның халық әртісі. Рахима Жұбатұрова 1943 жылы Әндіжанда (Өзбекстан) туған. Алматы консерваториясын бітіріп, 1975 жылдан Абай атындағы Опера және балет театрының әншісі болған.

Талантты әнші репертуарында Сараның (М.Төлебаев, «Біржан мен Сара»), Дананың (Е.Г. Брусиловский, «Ер Тарғын»), Гүлбаршын мен Қамардың (Е.Рахмадиев, «Алпамыс» пен «Қамар сұлу») Татьяна мен Иолантаның (П.И. Чайковский, «Евгений Онегин» мен «Иоланта») және басқа да көптеген кейіпкерлердің әйгілі партиялары бар.

Рахима Жұбатұрова өз өнерін Австрия, Германия, Польша және Югославия театрларының сахналарында көрсеткен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз