Өлең, жыр, ақындар

Адамның мәдени дамуы

Археологтар төрттік дәуір геологиялық уақыт межелігін салыстыра отырып, басқаша бөледі. Археологтар төрттік дәуірдің орнына ғасыр деп бөледі. Мысалы, ертедегі тас (палеолит), орта тас (мезолит) және жаңа тас (неолит) ғасырлары, сонымен бірге кейінгі басқа ғасырлар қазіргі адаммен және оның мәдениетін қамтиды. Геологиялық және археологиялық уақыт аралықтарының кейбіреулері бір-біріне ұқсас келеді. Жалпы палеолит плейстоценге, ал мезолит пен неолит плейстоцененгі кейінгі дәуірге сәйкес келеді.

Археологтардың мәліметтері бойынша қазіргі адамдардың арғы тегі пайда болғаннан бастап мәдениет қалыптаса бастады. Адамның биологиялық эволюциясы шамамен, 14 млн жылға созылса, ол оның мәдениетінің дамуының бастапқы біздің уақыт санаудың 2-3 млн жыл бұрын, яғни төртік дәуірмен тұспа-тұс келеді. Адамның биологиялық және мәдениетінің дамуылары бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның биологиялық дамуы мәдениетінің дамуына әсер етеді, керісінше де әсер ету байқалады. Мәдениеттің дамуы адамдардың сыртқы тұрпатына және мінез-құлқының дамуына әсер етіп, мәдениеттің алғашқы қадамының ең басты жетістігі болды, бірақ бұл жағдай адам эволюциясының соңғы кезеңінде шешуші маңызға ие болды.

Адамның мәдениетінің алғашқы дамуы, оның еңбек құралдарын жасаудан басталды. Адамның алғашқы еңбек құралдарын (тастан және сүйектен жасаған құралдары) жасауын салыстыра отырып, олардың әртүрлі географиялық аймақтарда құрал жасаудың өзіндік ерекшіліктері бар екенін көруге болады. Оны популяциялардың тіршілік еткен географиялық ортасымен, таралған жерінің табиғи ортасымен және олардың қаншалықты оқшауланғандығымен түсіндіруге болады. Құралдарды жасай білуі және оның жасалу сапасы олардың мәдениетін жіктеуге негіз болады.

Мәдениеттің осындай ерекшелік сипаттары олардың ауысып отырғандығын аңғартады. Мұндай мәдениеттің ауысуы кезінде олардың кейбір кезеңдері ұзақ уақыт аралығын қамтиды. Мысалы, Африканың және Аустралия құрлықтарының кейбір байырғы жергілікті тұрғындарының мәдениет деңгейі қазіргі уақытқа дейін тас ғасырындағы деңгейде қалып отырғандары байқалады. Ең алғашқы қарапайым тастан және сүйектен жасалған құралдар Н. habilis, тастардың сынығынан (тілу үшін) және малта тастардан (олдаван мәдениеті) жасалды. Н. erectus үшін тілу (отщепов) мәдениеті және қолдан шабу мәдениеті ерте палеолиттен белгілі, ол кезде үнемі құралдарды жетілдіріліп отырады және түрақты қоныстар пайда болды.

Төменгі палеолитте тастан құралдардың (қолдан шабу үшін) едеуір сапалы жасалғандығын Азых (Әзербайжан) үңгірінен табылған құралдар дәлелдеп отыр. Бұл мәдениет үлгісі ашель және шель деген атаумен белгілі, олар олдован мәдениетінен біршама ерте уақытты қамтиды. Орта палеолитте мәдениет әрі қарай дами түсті. Бұл кезде неандертальдықтар мустье мәдениетін (қазіргі Францияның аумағында) қалыптастырды, олар да тастан құралдар жасау өте жоғары деңгейде болды. Осы уақыттарда сүйектерден (үшкір жебелер, түйреуіштер және т.б.) қарулар жасай бастады. Мустье мәдениеті шамамен, 100 мың жылға созылды.

Мәдениеттің гүлденіп өсуі палеолиттің соңғы дәуіріне сәйкес келеді (бұдан 35-40 мың жыл бұрын): Тұрақтардың көбеюі және онда тұратын тұрғындардың санының артуына байланысты аң аулау тәсілдері және тастан жасалған қүралдар жетілдіріле түсті. Құралдарды жасайтын арнайы жабдықтар пайда болды. Мұз дәуірінің соңғы кезінде неандертальдықтар теріні илеудің жаңа әдістерін тапты, осы кездерде өнер де дами бастады. Жоғарғы палеолитте өнер жаңа деңгейге көтерілді, оны Африка мен Еуропада табылған үнгірдегі суреттер (үңгір қабырғаларындағы жануарлардың және басқа әртүрлі суреттер) дәлелдеп отыр.

Осы уақыттарда адамдарды алғашқы жерлеу дәстүрі және соған байланысты әдет-ғұрыптар пайда болды. Ежелгі және ертедегі адамдарға каннибализм және оның әдет-ғұрыптары тән болды. Неандертальдықтарды өлгеннен кейін де өмір бар дегенге сенді. Мезолитте адамның басты құралы айыр (найза) болды, оны шіліктен басына өткір тас байлап жасады. Аң және балық аулау тәсілдері біршама жетілдірілді. Неандертальдықтар және алғашқы кроманьондықтар мамонт, бизон, мегатерийлерді аулады. Садақ және жебе пайда болды. Қоныстар салына бастады.

Неолиттік ғасырда адамдар тобыр болып өмір сүруден кете бастады. Осы уақыттарда керамика (қыштан бұйымдар жасау) пайда болды, адамдар тұрақты өмір сүріп, қоғамдық топтар құрыла бастады. Жинаушылықтан және аң аулаудан олар ауыл шаруашылығымен (мәдени өсімдіктерді және үй-жануарларын өсіруді) айналыса бастады. Еуропалық құрлықта ауыл шаруашылығымен айналысып өсімдіктерді қолдан өсіру мен жануарларды қолға үйрету басталды, сонымен бірге неолтиттік технология біздің заманымызға дейінгі 9-6 мың жылдықтарда пайда болды.

Өркениеттің алғашқы сатысында адамдардың әрбір популяциялары мәдениетке өз үлестерін қосты. Адамдардың келесі ұрпақтары одан да жоғары өркениетке қол жеткізді. Әртүрлі әлеуметтік топтар өзара еңбекті бөлісіп, жаңа құрал-жабдықтар мен технологияны жасады, жануарлар мен өсімдіктерді қолдан өсіріп, сонымен бірге экономикалық, әлеуметтік және саяси институттар құрылды. Қазіргі адамдар өте жоғары өркениетке қол жеткізіп, оны сөз (сөйлем), жазу, кітапқа басу арқылы, жаңа уақытта телефон, радио, телевидения және компьютер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыр. Әрбір әлеуметтік топтағы адамдар экологиялық бірлестіктің бір құрамды бөлігі ретінде қызмет көрсете бастады. Осының арқасында адамдар өзара бірігіп және бір-бірімен келісе отырып тамақты көп шығарып, сақтап және алыс жерлерге жіберуге мүмкіндік туды, темір және тас жолдар салды, ұшақтар және ғарыштық техника жасады, Жердің жасанды серіктерін ұшырып, қоғамдағы тәртіпті, санитарлық ережелерді сақтап және т.б. жасап алды. Бейімдеушіліктің, киімнің және баспаналарының арқасында адамдар әртүрлі ауарайы жағдайларында тіршілік етуіне мүмкіндік туды.

Қорыта айтқанда адам биологиясының және мәдениетінің дамулары қатар жүріп отырды. Соған қарамастан, өңірлердің табиғи бірлестіктерінің дамуында өзара айырмашылықтар бар. Адамдардың кейбір бірлестіктері едеуір алға дамыды, екіншілерінің дамуы артта қалды. Кейбір халықтардың төмен қалуы табиғат байлықтарын көптеп пайдалануынан немесе табиғат байлықтарының жетіспеушілігінен немесе ауа райының өте қолайсыздығынан, соғыстан, сонымен бірге, даму жолдарын дұрыс ұйымдастырмағандықтан ба осы айырмашылықтарға және оның себептеріне толық түсініктемелер беру мүмкін емес. Мүмкін басқа да себептердің болуы, бірақ оларды талқылау бұл оқулықтың тақырыбына сәйкес келмейді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар