Сырт пішін малдың сыртқы дене құрылысы, ол малдың биологиялық ерекшеліктеріне және шаруашылықтағы өнімділік бағыттарына байланысты. Ірі қараның сырт пішінін зерттеу арңылы, оның денсаулығы жөнінде және тұқымы жөнінде мәліметтер аламыз. Сүтті және етті ірі қараларды сыртқы дене құрылысына қарап айырады. Малдың сырт пішіні оның тұқымына, жынысына, жасына, бағып-күтуіне байланысты. Малды экстерьері бойынша іріктегенде оның өнімдік бағытына, сүйегінің мықтылығына және дене құрылысының әрбір мүшесіне баға береді. Дене мүшелерінің кемістігі оның денсаулығының нашар екендігін көрсетеді. Ал денсаулығы нашар малдың өнімді аз беретіні мәлім.
Ірі қара малының сырт пішінін бағалау арқылы, одан алынатын өнім көлемін жобалауға және сапасын анықтауға болады. Малдың сырт пішінін бағалаудың төмендегідей бірнеше тәсілдері бар: көзбен (әр мүшені жеке-жеке және баллмен бағалау), әр мүшені өлшеу, дене пішінінің индексін анықтау; графикалық және фотосуретімен анықтау.
Ірі қараны көзбен бағалау тәсілі малдың дене пішінін бағалаудағы ең негізгі тәсіл болып саналады. Тәжірибелі мамандар осы тәсілді пайдаланып малдың дене бітімін (тұрпатын), әрі дене саулығын, малдың өнімділігін және асылдығын да анықтауға болады. Көзбен бағалау екі түрге бөлінеді: біріншісі малдың мүшелерін жеке-жеке сипаттап, мүшелерінің жетістігін және кемістігін анықтаса; екіншісі мүшелерін баллмен бағалап, жалпы қосындысын шығарады.
Малдың әр мүшесін өлшеп бағалаудың да маңызы зор. Жалпы малдың 70 дене өлшемі бар. Соның ғылыми зерттеуінде 52 дене өлшемі, ал мемлекеттік асылдандыру кітабына жазу үшін — 5 дене өлшемі, жалпы зерттеу үшін — 11; орташа дене өлшемі — 18. Бірақ дене өлшемі дұрыс болса да, малдың сырт пішіні жөнінде толық түсінік бере алмайды. Сондықтан бұл тәсілді көзбен бағалағанда қосымша мәлімет ретінде қолданады.
Индекс дегеніміз — екі дене өлшемінің бір-біріне пайыздың байланыс қатынасын айтамыз. Мысалы, кеуде енінің кеуде тереңдігіне пайыздың қатынасы — кеуделігінің индексі. Индекс тәсілінің маңызы зор, себебі ол тек бір белгіні ғана анықтамай, қатарынан екі-үш белгіні анықтайды. Иңдекстің, әсіресе малдардың тобын бір-бірімен салыстырғанда маңызы зор, ол үшін 10 — шақты индексті қолданады. Малдың дұрыс өсіп жетілгенін анықтау, дене құрылысының сыртқы сымбатын бағалау, әрі малдың конституциялық типін білу үшін дене құрылысының индексін есептейді. Әрине екі мүше өлшемі анатомиялық ерекшеліктері арқылы бірімен-бірі байланысты болады.
Дене құрылысы индексін есептеу арқылы малдың түріне толық сипаттама беріледі. Етті ірі қаралардың дене құрылысының ұзындық индексі сүтті ірі қара тұқымдарымен салыстырғанда көбірек болса, ал дене құрылысының сирақтылық индексі керісінше сүтті ірі қара тұқымында көбірек болады. Мал жасының оны барып-күтудің жеке азықтандырудың өзгеруіне байланысты малдың дене құрылысының индексі де өзгеріп отырады.
Бұл тәсілдің негізі, мысалы, бір дене өлшемін 100% деп есептейді де, қалған дене өлшемдерінің содан айырмашылығын пайызбен анықтайды. Содан кейін график сызады. Ал 100% деп алған дене өлшемі түзу сызық болады. Нәтижесінде екі-үш топтың дене пішінің салыстырмалы бағалауы анықталады.
Малдарды фотосуреттері бойынша бағалаудың маңызы зор. Дене өлшемін толықтыруда фотосуреттің әсері ерекше. Әсіресе өте жоғары бағалы асыл тұқымды малдарды бағалағанда да фотосуреттері бойынша маңызы зор. Мамандар малдың әр мүшесінің жетістіктері мен кемшіліктеріне көңіл бөледі.
Басы. Мал басының құрылысына және бітіміне қарай мал сүйегіне баға беруге болады. Жалпы бастың көлеміне, ұзындыгы мен еніне және басының пропорциялық құрылысына қарай мал тұратын және шаруашылық үшін маңызын анықтаймыз. Сүтті бағыттағы сиырлардың басы үлкен емес, жеңіл, ықшамды, ұзынырақ, ал ені кішкентай болады. Етті бағыттағы сиырлардың басы ауырлау, ені кең, үзындығы қысқа-лау. Маңдайы өте енді. Мүйізі жуан, басы ауыр, дөңкиген, конституциясы сөлекет типке жатады. Басы ұзын, мойын терісі қыртысты, сүйектері арбиған, конституциясы нәзік типті сүтті тұқымға жататын сиырлар.
Мойыны. Малдың жынысына байланысты, әрі тұқым бағытына қарай олардың мойындары да ерекше болып келеді. Сүтті тұқымға жататын сиырлардың жіңішке, терісі қыртысты, ал етті тұқымға жататын сиырлардың мойыны қысңқа, енді, мойын еті өте жақсы жетілген, әрі жуан. Бұқалардың мойыны қысқа, жуан, әрі мойыны басына тұтас жалғасып жатыр, сүтті сиырлардың кеуде ойымы нашар жетілген, ал етті сиырлардың шоқтығы жақсы жетілген.
Шоқтығы. Сүтті бағыттағы сиырлардікі біртегіс кейде шошақ, ені орташа. Шоқтығының шошақ көрінуі оның етінің нашар жетілгенін көрсетеді. Етті бағыттағы сиырлардың шоңтығы енді, біртегіс және жазық. Қос-шоқтық еті нашар жетілген, малдарды тұқымдыққа қалдырмайды.
Кеудесі. Кеуде қуысында екпе, жүрек орналасқан. Олардың демалу және қан айналуы үшін маңызы зор. Өкпесі жақсы жетіледі. Малдың кеуде қуысы өте көлемді. Кеуденің көлемі оның ұзындығына, кеңдігіне және ендігіне байланысты. Ал қушиған, терең емес, жауырын сырты ойлы болса, ол кеуде мүшенің өте үлкен кемшілігі. Аса сүтті бағыттағы сиырлардың кеудесі кең, терең, енді әрі ұзын болады, ал етті бағыттағы сиырлардың кеудесі енді және терең. Кеуденің кеңдігін малдың биіктігіне қарап та айтуға болады. Егерде шоқтығынын биіктігінің 50% болса, ондай кеуде терең болып саналады. Кеудесі қушиған малдың шоқтығы биіктеу келеді, қабырғалары алшақ, әрі еттері нашар жетілген.
Арқасы — дененің бір бөлімі, алдыңғы жағында шоқтықпен, артқы жағында белмен, бүйір жақтарында қабырғалармен шектескен. Малдың арқасы әр уақытта тегіс және енді болып келеді, әрі ол малдың сырт пішінінің құрылысына көп әсер етіп, оның тұрпатының мықтылығын көрсетеді. Арқаның мықтылығы оның омыртқа сүйектеріне, оның етінің дамуына байланысты. Арқаның ойлылығы, немесе бүкірлігі дене пішінінің кемістігі болып саналады.
Белі — малдың арқасының жалғасы. Осы түзу қалпында артқы бөксемен жалғасады. Белдің мықтылығы малдың бел омыртқасы мен етінің жетілуіне байланысты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі