Өлең, жыр, ақындар

Платифиллин туралы мәлімет

Платифиллин — Senecio platyphullus өсімдігінен алынатын алколоид. Платифиллин гидротартраты — Platyphyllini hydrotartras қолданылады. Ақ түсті кристалды ұнтақ, салқын судың 10, ыстық судың 5 бөлігінде ериді, спиртте нашар ериді (ыстық спиртте 1 : 42 бөлікте ериді). Әсері жөнінен атропинге жақын, бірақ атропиннен гөрі едәуір әлсіздеу және қысқа мерзімді әсер етеді, одан өзгеше түрде орталық жүйке жүйесін қоздырады, қан қысымын көтереді, бездердің секрециясына әлсіз әсер етеді, жүректің қызметін едәуір өзгертеді. Көзге тамызылған 1 — 2 % ерітінді көздің қарашығын тез және едәуір үлкейтеді. Мұның өзі көздің ішкі қысымын баяу арттырады және бейімделгіштікті әлсіретеді. Бұл өзгерістердің бәрі бір тәуліктен аспайтын уақытқа созылады, сөйтіп, көз қарашығына әсері жөнінен платифиллин бірқатар реттерде атропинге қарағанда неғұрлым бағалырақ, өйткені ол бейімделгіштікті және көздің қоректенуін аз бұзады, өткінші әсер етеді.

Тері астына енгізілген платифиллин атропин сияқты түйілуге қарсы әсер етеді, қарын, ішек, қуық және ішінара бронхы босаңсиды. Бұл орайда ол атропин сияқты қосымша құбылыстар - кілегей қабықтың құрғауын, сфинктрлердің түйілуін, көздегі өзгерістерді, тахикардияны туғызбайды. Бүйрек шаншуында ол ауруды 8-10 минуттан кейін-ақ бәсеңдетеді. Платифиллиннің шөпқоректі жануарлардың ас қорыту жолына әсер етуі ерекше назар аударуға лайық. Сау жануарларда ол қарын бұлшық еттің тонусын және ішектің жиырылуын алғашқы 10-15 минутта ғана бәсендетеді, сонан соң күшею тенденциясы байқалады. Қарынның жиырылуы сирек болса да күшті, ал босаңсуы толық болады. Ішекке де осыңдай әсер етеді. Платифиллинді энтероспазмдарда, сондай-ақ қарынның жіті кеңеюінде, ішектің жиырылуын тыныштандырғыш және реттегіш дәрі-дәрмек ретінде қолданады. Тері астына жіберу мөлшері: жылқыға 0,015-0,1 г; ірі қараға 0,01-0,07 г; итке 0,002-0,01 г. Оны көздің қарашығын үлкейткіш дәрі-дәрмек ретінде пайдаланады,1-2 %-тік концентрация түріңде ол атропинге қарағанда көздің карашығын біраз әлсіздеу үлкентеді, бірақ оның әсері тез (әрі кеткенде 40-50 минуттан кейін жоғары деңгейге жетеді) және қысқа мерзімді (9-12 сағат) болады.

Платифиллинді мал бордақылау шаруашылықтарында шошқалардың жыныстық күйітін жою және одан сақтандыру үшін қолданады. Оны тері астына 1 % ерітінді түрінде құлақ қуысының артқы жағынан 3-рет, араға 24 сағат уақыт салып енгізеді. Салмағы 40-60 кг малға бір дүркін енгізілу мөлшері 0,01 грамға тең (1 % ерітіңдінің 1 мл). Гомотропин гидробромиді, спазмолитин, арпенал, апрофен және басқалар да холинолитиктерге жатады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар