(повесть)
МАЙДАН ЖАЗБАЛАРЫ
1. Құрмаш пен Құрманбек
2. Дивизия командирі
3. Курляндия шайқастары
Құрмаш — орта бойлы, толықша келген, күрең шашты, сары жігіт. Ол өзін 1937 жылдан бастап өнердің адамымын деп санайды. Ол балық аулауды өте жақсы көреді. Клуб бастығы болып тұрған жерінен, кенеттен тасы өрге домалап, бес-алты сатыны бір-ақ аттап Алматыға жетті.
Табиғаты сауықшыл Құрмаш орнын пайдаланып спектакльдерді көп көрді, қызмет жағдайымен пьесаларды аз оқыған жоқ.
Кеш басталардың алдында ол келетін бастықтардың өздерін, не әйелдерін кіре берісте бір сағат бұрын күтіп қарсы алды.
Үлкендерді қолтықтап-қолпаштап алып, шешіндіріп орналастырып, кеш бітерде оларды киіндіріп, шығарып салып жүргені. «Бұларға мен жақынмын» дегендей. Барлық кішіпейіл ізеттерін ол кіре берісте де, залда да, фойеде де, шығарда да жалпының көзін бақырайта қаратып қойып істей білетін.
Үлкендердің ішінде де балық аулауды жақсы көретіндері болады. Демалыс сайын ол олармен бірге балық аулауға баратын.
Бір өткір тілді актриса әзіл ретінде:
— Я окончательно запуталась в отношении нашего Курмаша Тезековича, — деп қарқ-қарқ күліп, сілекейін зорға жұтты. — Рыбаки называют его искусствоведом, а мы, грешные, называем его рыбаком... Но, скажите, пожалуйста, кто же по настоящему наш дорогой Курмаш Тезекович?
— Он и тот, и другой, Мери Абрамовна. Вижу, что наш Курмаш и в ваше сердце закинул свою удочку, — деп қалжыңдады бір режиссер.
Ол ақша да істеуге машықтанған жігіттердің біреуі еді. Істеген ақшасын орынды жарата білетін. Дәмді тамақ бет ажарын кіргізеді, әсем киім көркіңді көлбейтедіні Құрмаш -жақсы түсінгендердің бірі. Өзін баптап ұстаудан ол кемтар болған емес.
Жарық шам шыбын-шіркей, көбелектерді тартқыш келеді. Оны да Құрмаш жақсы біледі. «Алдын арбай білсең — соңынан алу оңайды» да жақсы түсінетіндіктен, ол үлкенмен де, кішімен де өте әдемі жылы лебізбен, жымия күле сөйлесетін. Керекті жерінде бұлдана да білетін.
— Ә, бикеш, амансыз ба? Көптен бері көрінбедіңіз ғой. Қайда жүрсіз? Реңіңіз өте жақсы. Көркіңізге көрік қосылыпты. Сіздің көркіңізді бір көруге зар адамның біреуі менмін, бикеш...
— Иә, ағай, өзіңіз...
— Ғапу етіңіз, бикеш. Өте бір тығыз қызметпен мені Жұмекең тез жетсін деген екен. Асығып барам. Кешіріңіз. Ылаж қанша, өзіңіз білесіз, үлкен кісіні күттіртуге болмайды... Ендігі кездесуіміздің сәтті болуын тілеймін, — деп сұлудың сөзін бөліп, — cay болыңыз, жолыққанша, деп күлімсірей қолын сілтеп, асыға қармақ тастап жөнелетін.
Құрмаштың қармағына бір жолы Ажар да түсті. Қалай түскенін айтпай-ақ қоялық. Абайсызда емес, қалбалақтап барып әдейі өзі түсті. Екеуі «Іздегенге — сұраған» бола қалды. Алматыда сөз жерде жатпайтынын әркім біледі ой, қазақтардың астанасы емес пе...
Амал қанша, ақыры сыпсың сөздер мен сиқырлы сыбырлар Бекболаттың да құлағына жетті.
Бекболат жай, қатардағы лейтенанттың бірі. Ол "жастайынан әскер қатарында жүрген адам. Ол — Амударияның суына түсіп, Кушканың құмына күйіп, Уссуридің тайгаларының масаларына таланып, Манчжурдың белуардан батпағына батып, Ұлы мұхиттың ызғарлы желдері өңменінен өткен, үйсіз-күйсіз жүріп, бұдан бір-ақ жыл бұрын қалаға ауысқан лейтенант. Оның қызметі қалада да тек солдаттарды машықтандыру ғана. Ол таң сәріде тұрады, түн ортасы ауғанда ғана жатады. Ол тұрғанда да, келгенде де Ажар тәтті ұйқыда жатады. Ол оны оятпайды. Кетерде де, келгенде де ас үйдегі қалған-құтқанды нәр етеді. Жатар алдында ол формасын үтіктеп, етіктерін тазалап қояды. Аяғының ұшымен басып, жатын бөлмесіне еніп, қара көлеңкеде үш жасар сәби қызына біраз қарап тұрады да, күрсінеді. Шырт ұйқыда жатқан баласын да, әйелін де оятып алармын деп аймалай алмайды. Жантайып жата кетеді. Ажар — қаладағы шала қазақтың қызы, Бекболат болса, «полевой» — дала лейтенанты. Бұл — әңгіменің кіріспесі.
Соғыс басталды. Қалай басталғаны бәрімізге мәлім. Бұл қысқа әңгімеде біреуді жылатып-сықтатпай-ақ қоялық.
Бекболат аттанды. Құрмаш болса, бір үлкеннің жиен қарындасына табан астында үйленді де, броньмен «өте керекті» адамдардың қатарына ілінді.
Арада бір жарым жыл өтті. Соғыстың толқыны асау теңіздей толқып көбіктене өршеленуде, түтіні құйындай бұрқырап, жалыны лапылдап аспанды шалуда... Бекболат аттанғанда, іште қалған бала жарыққа шығып, тілі шыға бастады. Әке баласын көрместей, бала әкесін көрместей қиямет-қайым жалпы жұрт басында.
Бекболат басқарған әскер бөлімшесі бес рет қоршауда қалып, оларды бұзып шықты. Достары да, дұшпандары да оған сүйсінді. Майдан шебін таңдандырған Бекболаттың атағы елге де жетті. Газет күнде басып, радио күнде саңқылдайды.
Ажар, оның туыстары бауырмалдық, мақтанышқа да, литерлі паекке де бөлене бастады...
«Батырдың келіншегі», «Батырдың бәйбішесі!», «Батырдың құдай қосқан қосағы!»... қазақтың тағы басқа да дәріптеулері Ажардың мойнына меруерттей өзінен-өзі тізіле бастады...
— Иә, мен Ажармын ғой... Бекболаттың жұбайымын мен... Саламатсыз ба, ағай?.. — деп үлкендерге Ажар телефон соғатын да болды.
— Иә, шырағым... Бала-шағаларың қалай?.. Бекболаттан хат бар ма?
— Құдайға шүкір. Соңғы хатын өткен жетіде алдық...
— Қалай? Нe депті...
— Не деуші еді, ағай... Біз әйтеуір күні-түні Бекболаттың тілеуін тілеудеміз ғой, ағай... — дейді Ажар даусын дірілдетіп. — Әйтеуір, ағай, ол ел азаматы ғой, әйтеуір аман-есен болса игі едіден басқа не тілек бар дейсіз, ағай... Ақыры тұңғыш жалғыз ұл баласын да ол кісі әлі көрген жоқ, — деп еңіреп жібереді.
— Келін! Қарағым-ау! Сабыр ет, шырағым!.. Ел басындағы өте ауыр жағдай ғой...
— Иә, ағай. Оған мен түсінемін ғой... Бірақ та Бекболат осында болса, біз мұндай нашар халде болмас едік...
— Не жағынан қысылып отырсыңдар?..
— Өзіңізге мәлім ғой, елдің неден қысылып отырғаны... Біз де солаймыз, ағай... Несін айтайын сізге, өзіңіз де білесіз ғой, ағай... Екі сәби болмаса, мен өзім де майданға кетер едім... Балаларды біреу бағу керек қой... — деп өксіп-өксіп, тұтыға-тұншыға сөйлеп жыламсырайды Ажар.
— Ал, қарағым, уайымдамағын, шырағым. Сендерді қамтамасыз етуге мен шара қолданармын.
— Иә, сөйтіңіз, Жұмеке... Рахмет сізге. Сіздің бізге істеген қамқорлығыңызды Бекболатқа да жазармыз, өмірімізде ұмытпаймыз...
Жұмекең ол кезде ЦК-ның екінші секретары екені барлықтарымыздың есімізде. Ажардың сыртқы бейнесін беруден мен аулақпын, оқушым. Оны өзің суреттей бергін.
Шылықтың арты былық демекші, Құрмаштың үйіндегі келіннің нағашысы өрден төменге қарай құлдилай домалады. Ақша жасау салдарымен Құрмаш та орнынан алынды, броннан айырылды, солдатқа алынды...
Құрмаш дудар шашын машинкамен алғанда бір жылады. Шақырылғандардың барлығын топтап, тілі ащы сержант саппен айдап келіп моншаға тоғытқанда, екінші рет жылады. Моншадан шығарып, үстіне олпы-солпы көне солдат киімін кидіргенде, үшінші рет жылады...
— Красноармеец Тезеков! — деп ақырды жаңағы тілі ащы сержант. — Почему вы не заправились как положено?
— Товарищ... Командир... Я.., — дей бергенінде:
— Не разговаривать! — деп ақырды сержант.
— Өзі «почему» деп сұрайды да... «Не разговаривать» деп ақырады, — деп ішінен тынып: — Бұл не деген қорлық? — деп құсаланды дәті шыдамаған Құрмаш.
«Есть! Товарищ командир!» — ді зордан тұншыға айтып, сасқалақтап, белдігін түзеп, бөркін қайта киіп, күйбелектей бастады.
Алпыс-жетпіс қызыл вагон әскер толған эшелон. Эшелондар зымырап шығыстан батысқа ағып барады. Вагон толған адам. Олардың ішінде Құрмаш та бар...
Москвадан өткеннен кейін-ақ, оқта-санда жаудың самолеттері эшелондарды бірде атқылап, бірде бомбалап өтіп жатты.
Құрмаш пен Құрманбек екеуі үрейленіп, вагонның еденіне жарқанатша жабысып, бір бұрышқа тығылып жатыр. Оларға қарап солдаттар қарқ-қарқ күледі. Екеуінің бастары астыңғы нардың үңгіріне сүңгіп кеткен, бөкселері екі қарын майдай тоңқая томпиып жатыр. Солдаттар соған күліседі... Екеуі тығылып жатып сыбырласады.
— Әйтеуір майданға жеткенше, осы эшелонды атқылағанда не бір оқ, не әйтпесе бомбының жаңқасы дарып, не қолдан, не аяқтан жараланып, госпиталға түссек, жақсы болар еді, дейді Құрманбек Құрмашқа.
— Менің тілегім де сол, — дейді Құрмаш. Екі пасық! Тұрыңдар орындарыңнан! Самолетті атарын атып, тастарын тастап кетті. Шүкір, бәріміз де аманбыз. Тұрыңдар деймін, — деп зекіреді оларға қарт жирен мұртты орыс.
— Иван Тимофеевич, оларды мазалап қайтесіз? Жата берсін. Біраз жатып, өздері де естерін жинап алар... — дейді қара мұртты таңқы мұрын орта жастағы қазақ.
— Ай, сеп өзін не деп оттап тұрсың?.. Сенде ұлттық, азаматтық намыстан хабар бар ма, әлде, жоқ па?
— Тіліңізді тарта сөйлеңіз, Иван Тимофеевич! Өз сөзіңізден кейін өзіңіз ұялып жүрмеңіз. Абайлаңыз. Мен намысымды майдан шебіне сақтап барамын...
— Кешір, бауырым... — деп қызара бөртіп Иван Тимофеевич вагонның еденін саусағымен шұқылап отыра кетті.
— Сіз де мен артық сөз айтсам кешіріңіз, Иван Тимофеевич.
Бұлар майдан шебіне барғанда, Бекболат полк командирі еді. Құрмаш басқа полкқа кетті. Құрманбек болса, дивизия штабының комиссары Ахметжанға барып, оны Бекболатпен тілдестіруін сұрады.
— Бекболат екеуіміз бірге оқып, бірге өскен едік. Екеуміз шын доспыз, комиссар жолдас, — деп омырау қалтасынан бұдан бір жыл бұрын Бекболаттан алған хатын ұсынды. Комиссар оны оқып шығып:
— Иә, Иван Васильевичтің қазасын естігенде жазған екен ғой. Жүріңіз, шәй іше отырып әңгімелесейік. —деп Құрманбекті өз блиндажына басқалардан бөліп ертіп кетті. Екеуі бір сағаттай әңгімелесті.
Сізді Бекболаттың полкына жіберелік. Досыңызбен сонда барғанда сөйлесерсіз. Қазір ол алдыңғы шепте жүр екен, — деп аяқтады әңгімені комиссар. Құрманбекпен жылы қоштасты.
— Арамызда сенен олжалы ешкім жоқ, — деді Құрмаш қоштасып тұрып Құрманбекке. Комиссармен танысып алдың, енді досыңның полкына бара жатырсың. Сені құдай өлмесін деп жаратқан екен.
— Айтқаның келсін, Құрмаш.
Бекболат Құрманбекті жақсы қарсы алды. Бір-екі күн Бекболаттың блиндажында демалды. Полк командирінің арнаулы қонағы ретінде штаб айналасындағы офицерлермен дәмдес болып танысты.
Сол күндері дивизияның құрылғандығына екі жыл толуына арнап әр полкта құрметті жиналыстар өткізіліп жатқан болатын. Жиналыстың аяғы банкетпен бітетін. Бекболат Құрманбекті екі-үш полктың жиналыстары мен банкеттеріне ертіп барып, қасына отырғызып та жүрді. Сөйтіп, аз күнде Құрманбек полк командирі Бекболаттың досы ретінде дивизия басқармасындағы, полктар басқармаларындағы үлкен-кіші офицерлермен тұздас-дәмдес болысып, танысып алды.
— Назначьте его в транспортную роту, Иван Данилович, — деді майор штаб бастығына. — Басқа роталарға қарағанда кірекештер ротасы соңға таман, қауіпсіздеу жерде болады. Алдыңғы шепке кейіннен біраз денең үйреніп, жүрегіңнің лүпілі басылыңқырағанда жұмсармыз, — деді қазақшалап майор Құрманбекке.
Бір айдай байқап жүріп, Құрманбек полк тылындағылардың қайсысы тоқпан жілік, қайсысы асықты жілік мұжитынын біліп алды. «Мынаны ескеріп қою керек екен. Бірде болмаса, бірде керегі болар», — деп ойына түйіп алды.
Айлап, жылдап соғыс жүріп жатыр. Құрмаш та, Құрманбек те, құдайға шүкір, тірілердің арасында.
Ажар болса, Алматыда, жаңа кең пәтерге көшкен, наркомның паектарын алушылардың тізіміне енген. Өте дәулетті тұрмыс, даңқты сыйдың бөлеуінде тұрып жатыр.
Бір жолы Бекболатты армияның әскери кеңесіне шақырды.
— Сіз — біздің армияда озат полктың командирісіз, — деп бастады сөзін командашы генерал-полковник Кузьма Галицкий, — мына бір шетелден келген сыйлықты әскери кеңес сізге тапсыруды лайық деп тапты, — деп Бекболатқа қызыл масатыдан жасалған құтыны ашып, алтын сағатын ұсынды да, қайтарып алып, сағаттың сыртындағы жазуды естіртіп оқыды: «Лучшему Советскому воину. От американских рабочих». — Ал, майор жолдас, құтты болсын, бұдан былай да полк істері сәтті болғай, — деп майордың қолын алып, сағатты тапсырды...
Командашы Бекболатты түстік асқа шақырды.
Тамақ үстінде әскери кеңес мүшесі былай деді:
— Сізге сыйлықты тапсырдық. Құттықтадық. Ал, енді сізге тағы бір істің жағдайын айтқым келеді.
— Тыңдап отырмын, генерал жолдас.
— Сіздің дивизия командирінің орынбасарының орны көптен бері бос екенін білесіз. Әскери кеңес сол орынға сізді лайықты болар деп Москваға ұсыныс жасап еді. Өткен күні бұйрық келді. Енді сізді жаңа орынға тағайындалуыңызбен құттықтаймын, - деп рюмкасын соғыстырды.
Бекболат біраз қапаланғандай үн қатпай отырып қалды.
— Рұқсат болса, командашы жолдас, — деп жасқана орнынан көтерілді.
— Айтыңыз, — деді командашы.
— Рұқсат болса... Менің жасым отыз бірде. Мен әлі тәжірибесі аз офицермін. Дивизия командирінің орынбасары болуға мен барлық жағынан олқылық етермін деп қауіптенемін. Сол себепті менің тілегім...
— Дұрыс, дұрыс айтып тұрсыз, — деп командашы Бекболаттың сөзін бөлді де, әскери кеңес мүшесіне қарап, — бұл кісі дұрыс айтып, ойлап айтып тұр, — деді.
— Наркомның бұйрығын қайтеміз?
— Бұл кісі соғысудан бас тартып отырған жоқ қой, Василий Петрович. Мезгілсіз жоғарылаудан бас тартып отыр. Солай деп жазамыздағы.
— Егер олар онымызды мақұлдамаса?
— Мақұлдар. Мақұлдамаса, майордың өзі де бұйрыққа бағынар, — деп қорытты командашы.
Арада алты-жеті айдай уақыт өтті. Бекболатты тағы да әскери кеңеске шақырды.
— Қазақстаннан майданға көп делегаттар, концерт бригадалары бірінен соң бірі келіп-кетіп жатыр. Сыйлықтар да жіберуде, — деді әскери кеңес мүшесі Бекболатқа. — Біз де Қазақстанға делегация жіберуге шешім алдық.
Жоғарғы жер оған рұқсат берді. Сол делегацияны сіз басқарам деген келісіміміз бар... Жақында жүруге даярланыңыз.
— Рахмет. Бірақ та мен бара алмаймын, генерал жолдас.
— Неге бара алмайсыз?
— Это вопрос такта перед полком, которым я командую.
— Қалайша?
— Мен полк командирімін. Менің полкым — алдыңғы шептегі полк. Полк отқа күйіп, суға түсіп жүргенде, оның командирімен қалайша Қазақстанға саяхат үстінде жүрмекпін. Ғафу етіңіздер. Мен полкты тастап кете алмаймын, генерал жолдас.
— Дұрыс, полк командирі жолдас. Өте орынды, полковник жолдас. Қайтар жолда Бекболат дивизияның штабына біраз кідіріп, дивизия командирімен, комиссар Ахметжанмен ақылдасты... Бекболат Құрманбекті шақыртып алды. Оған болған әңгімелерді айтты.
— Менің орныма сен барасың, — деді.
— Қалайша? — деп күтпегендігін жасырмай, таңдана сұрады одан Құрманбек.
— Бастық болып бармайсың. Сенің майданға келгеніңе жыл толған жоқ. Қай шепте жүргеніңді өзің білесің ғой...
— Иә, Беке, бәрі сенің арқаңда...
— Жауынгер қауымының бірнеше мұқтаждары бар. Мен оларды жазып қояйын. Сол мұқтаждарымызды Скворцов, Шаяхметов, Оңдасыновтарға менің атымнан айтасың. Мысалы, әсіресе, қазақ жауынгерлері ана тіліндегі газет-журналдардан тарығып жүр, қазақ тілінде грампластинкалар керек; көркем әдеби кітаптар жоқ, әсіресе, фольклор, батырлар жыр-дастаны; Қазақстаннан келген қосымшалардың машықтанулары өте нашар, көбі қалбалақтап қаңғыған оққа ұшырап жүр... Осы сияқты тағы басқаларды мен жазып қояйын, ал сен оларға жеткізгейсің.
Екі күннен кейін Құрманбекті жақсы таза киіндіріп, көкірегіне медаль тағып, қоржынына мол жол азық салдырып, Бекболат оны полктан аттандырды.
— Менің ешқандай арманым жоқ. Барлығы — сенің арқаң. Бұндай жақсылықты маған туған әкем де, шешем де істемес... — тағы басқа өлердегі сөздерін айтты Құрманбек қоштасып тұрып.
Кеше ғана келген тыловикті қайтадан тылға жібердіңіз ғой, командир жолдас, — деді полк комсоргы.
— Сен өзіңді ұсынбақ па едің, жігітім?
— Жоқ! Басқа жігіттер де аз емес еді ғой.
— Сен де, мен де, басқа жігіттер де осында керек болғандықтан, Құрманбекті жұмсадым...
* * *
Құрманбектің әкесі Бекмырза — етек-жеңі жинақы, пысық қазақтардың бірі. Әйелі болса — Алматының жасқаушы-жамаушы кедей ұстасының қызы. Айткүл — кішкене жасынан көшеде шекілдеуік сатудан бастап саудаға шыныққан әйел. Айткүл Құрманбек әскерге алына салысымен, ауылға көшкен болатын.
Бекен аудандық комитетінің секретары Кенжеғұлға жалынып-жалбарынып жүріп келінін ауыл советке секретарь еткізген.
«Делегат болып келемін тек бүгін Москвадан шықтық тек. Қарсы алыңыздар тек Айткүл ілесіп жүруге дайын. Сосын тек Құрманбек» деген телеграмма сап ете түсті. «Кісінің баласы делегат болып келеді екен...» деген хабар үстіне бірнеше бояу көпіртпелі қатпарлар жамылып, сол күннен бастап елге тарай бастады.
Ақтөбеден бастап әр станцияларда делегаттарды жолдан бай құрметпен қарсы алғандарын газеттер хабарлап жатты.
Кенжеғұл бюроны шақырып жіберді. «Әйелдерді көтеру керек» деген ережеге сүйене отырып, Айткүлді ауаткомның бірінші орынбасарлығына ұсынды. Сөйтіп Бекеңнің келіні көзді ашып-жұмғанша ауылда «болыс келін» атала бастады.
Поездың алдынан улап-шулап туған-туысқандар, ауыл адамдары көп шықты. Бекен, Кенжеғұл, Айткүлдер күтушілердің алдында. Олар Құрманбекпен жылап-сықтап құшақтаса көрісті. Бір қойдың шикі еті, жарты қойдың піскен еті, он шақты бутылка арақпен Айткүл Құрманбектің купесіне енді.
Поезд Алматыға қарай қозғала салысымен, дастарханды кең жайып жіберіп, делегаттар көңілді отырысқа кірісті. Қонақтар тарқағаннан кейін, дастарханды жинап тұрып Айткүл:
— Осының барлығын істеген — Кенжегүл. Осы кезде бір түйір ет, бір асам нан тауып жеу өте қиындап барады ғой... Атам да өте көтеріліп қалды. Пәлем, сенің осы келе жатқаныңнан бұрын қырын қарайтындардың барлығы да түршігіп қалды. Жандары қалмай жалпылдап жүр... — деді.
— Сен бұндай сөзіңді менен басқа ешкімге айтушы болмағын, — деп болды Айткүлдің сөзін Құрманбек.
Пайдалана білсеңдер, бұл келісімнен көп олжа шығарасыңдар. Қазірше дымың ішіңде болсын.
— Түсінемін ғой, Құрманбек.
* * *
Алматыда делегацияны үкімет, қоғам өкілдері қарсы алды. Делегацияның бастығы Виноградов дейтін комиссар. Құрманбектің полктан шыға салысымен қоржыны толық екенін жоғарыда айтқанбыз. Ақтөбеден бастап дастарханның кеңдігін, пейілдің молдығының да шет жағасын оқушы біліп отыр. «Мынаның өзі бір күшті, маңдайалды қазақтың біреуі болуы керек. Олай болса, бұл Бекболаттың жан досы болмас еді. Жолдағы құрметтің, ағыл-тегіл кездесулердің де себебі бар деп ішінен ойлап келе жатқан комиссар, енді тізгінді Құрманбекке бергенім жөн болар» деген қорытындыға келді.
Виноградов — бұрын Қазақстанда болмаған орыстардың бірі. Ол қазақтардың қонақжайлылығына таңданады, таңқалады. Бәрін осы маңдайалды қазақтың құрметіне істеп жүр деп түсінеді. Ол бұрын «товарищ младший политрук» деудің орнына Москвадан шыға салысымен «Құрманбек Бекмурзаевичке» көшкен болатын. «Товарищ старший батальонный комиссарды» тастап, Құрманбек те Владимир Васильевичке көшкен. Кей кезде шекесі қызып отырып «Володя!» деп те қоятын.
Алматыға келгенде, билік толығынан Құрманбектің қолына түп-түгелінен өтті.
ЦК-ның секретары Нұрмағамбет Бозжанов, Жоғарғы Кеңестің президиумының орынбасары профессор Лукьянец, Министрлер кеңесі председателінің орынбасары Төлеген Тәжібаев, ЦК-ның әскери бөлімінің меңгерушісі Андрей Алексеев, Жазушылар одағының председателі Сәбит Мұқанов, белгілі жазушылар Мұхтар Әуезов, Faбит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Әлжаппар Әбішев, астананың атақты артистері Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Шара, Күләш, Үрия, Шәкен Айматов, Қадиша Бөкеева, т.с.с комсомол, кәсіподақ өкілдері станцияда топтанып тұрып құшақ жая қарсы алды. Бәрі Құрманбекті аймалады, сүйді, Қалекеңнің көзіне жас та келді. «Мынау-шынында да маңдайалды қазақ екен», — деп қорытты Виноградов...
— Менің Бекболаттан тәнім ғана бөлек, жаным бір. Мен оның ақ ниет адал досымын... Жолдастарымды қонақханаға түсіре беріңіздер. Бекболаттың үйі — менің үйім, менің үйіме алып барыңыздар... — деді Құрманбек Сәбитке.
— Өте дұрыс! Өте дұрыс! — деп сасқалақтап Сәбит Ажарға қарап: — Келін! Айналайын қарағым...
— Барсын үйіне, Сәке! Аунап-қунап жатқысы келген болар...
— Садағаң кетейін, келін... Әй, жігіттер! Бекболаттың үйіне тіке тартыңдар!.. Қонақтарды сол үйден шыққаннан кейін орналастырармыз, — деп Сәкең команда берді мәшинеге мініп жатқандарға.
... Сәкеңнің аузында сөз тұра ма.
— Әй, Ғабит сен байқадың ба? — деп сұрады көшеде келе жатып.
— Нені?
— Мына Құрманбек осал жігіт емес... Анау комиссары да оған тәжім істеп отыр... Әр заманның өзіне лайықты бір сұрқылтайы бар демекші, осының өзі бір майдандағы маңдайалды қазақтың бірі болуы керек...
— Қайдам!
— Ай, сен қайдамыңды қойғын...
— Бутафория болып шықса, қайтесің?
— Ай, сен жындымысың өзің!
— Уақыт бар ғой, көрерміз. Өзі де көрсетер. Асықпа, Сәбит... Бір отырыста ешкім сырын бермейді... Егер шынымен маңдайалды қазақтың бірі болса, мен де, сен де қуанамыз... Біраз байқалық. Кім екен!
— Мәлікті, әйтпесе Бауыржанды жібермей, осыны жібергендігінде бір мән бар...
— Мен де соны ойлап, шешімін таба алмай келемін... Аты жоқ, жөні жоқ Бекмұрзаев дейтін біреу сап етіп басымызға төне салды...
— Бұның рас! Аты жоқ, жөні жоқ... Бұның рас, Ғабит!
Қонақтар кеткеннен кейін, Ажар мен Айткүл үйді жинап реттеп жүр.
— Ай, қатындар! Мен қонақтардың алдында еш нәрсе жемедім де, еш нәрсе ішпедім де... Мен де құдайдың пендесімін ғой... Алып келіңдер! Өзіміз кең отыралық.
— Қазір, қазір, Құреке, — деді Ажар ас үйде бір ыдысты жуып тұрып.
— Ажар! Балаларды шақырғын!
— Шолпашка!
— Ау, мама!
— Сен братишкаңды папаңа алып барғын, жаным.
— Біздің папамыз ведь на фронте?!
— Құрманбек — друг нашего папы, следовательно, он тоже вам папа.
— Бахитка, пойдем к папе...
Әкеңнен де, мамаңнан да айналайын, қарағым!
Ой! Мынау ит шынымен әкесіне тартқан екен... Бізді қырмақ па өзі, — деп Құрманбек қарқ-қарқ күліп барып аймалайды.
Бекболаттың өзін сойып қаптағандай. Батырдың баласы ғой. Ұрғын жаман Құрманбекті... — деп Айткүл баланы қолына алып — Әкеңнен де, мамаңнан да, өзіңнен де айналайын, — деп баланы аймалап бетінен шөпілдете сүйеді.
— Сен кімнің баласысың?
— Мен, папин бала.
— Сенің папаң кім?
— Мен папа поповник.
— Сенен де, поповниктен де айналайын, — деп Құрманбек баланың жаңа шығып келе жатқан тіліне қызығып, нәрестені қолына алып құшырлана бетінен сүйіп аймалайды.
— Мамаңның аты кім?
— Мама ат. Мама. Кім?
— Ах, хаа-хаа! ...Бұл күшік мамасының атын әлі білмейді екен ғой.
— Шолпашка саған кім болады?
— Шолпашка?.. Маған?.. Шолпашка...
— Ия, саған Шолпашка сестренка... Сест-рен-ка!
— Сест-рун-ка... Шолпашка.
— Хаа-хаа.
— А-жар! А-жар! Ма-ма! Ма-ма!
— А-жаль! А-жаль! Мамам!
— Хаа! Хаа! .. А-жаль емес А-жар! А-жар!
— А-жар! Мама!
— Хаа! Хаа!.. енді дұрыс айттың.
— Балалардың ұйықтайтын мезгілі болды. Бері әкел, мен бұларды жатқызайын, — деп Ажар балаларын басқа бөлмеге алып кетті.
— Құйшы бір стаканды толтыра.
— Жаңа ғана іштің ғой, тағы да ма?
— Құй, тағы да ішем... Ажар! Бері кел. Екеуіміз Бекболаттың денсаулығына соғыстырып алып тасталық.
Ажар келді.
— Айткүл, Ажарға мына стаканды толтырып құйғын. Абылайдың асында дегендей — бүгін ішпегенде, қашан ішпекпіз. Құйғын толтыра.
Айткүл Ажарға қарады.
— Құйғын толтыра, — деді Ажар.
— Ал, азамат, маналы бері жақсы кепсіңдерді айтпаппын ғой, — деді Ажар стаканын көтеріп.
— Өзің айтпасаң да, жүрегің айтып тұр ғой.. Мені құдай өлмесін деп жаратқан екен... Бекболаттың арқасында майданда өз басым сыйлы... Біздің Бекең — ең қадірлі, атышулы командирлердің бірі. Өзіне де, басқаларға да өте қатал. Одан барлығы қорқады да, сыйлайды да. Неге десең — ол өте әділетті, адал командир... Сол атышулы Бекболаттың адал жары, құдай қосқан қосағы, Ажар, сенің денсаулығың үшін. Ажар да, Құрманбек те қағып салды.
— Айтпақшы,... айтпақшы. Мен саған өте бағалы, өте маңызды сыйлық алып келдім, — деп Құрманбек чемоданынан қызыл барқыт құтыны алып, оны ашып, Ажардың алдына қойды. Алтын сағат электр жарығымен жарқылдап, құтының түбінде жатыр.
— Қай өлген немістің қалтасынан алып едің?
— Немісі несі! Бұл сағатты Әскери кеңес Бекболатқа тапсырған. Бұл — Америкадан келген сағат. Сағаттың артында «Лучшему Советскому воину от американских рабочих» деген жазуы бар...
— Қане, көрелікші.
— Көріңдер. «Үйде сақтаулы тұрсын» деп Бекболат беpiп жіберді. Әйелдер қолдан-қолға алып сағатты көре бастады.
— Айткүл, тағы да толтырып құйғын. Мына бағасыз, бағасы жоқ сағатты жуу керек.
— Жаңа ғана іштіңдер ғой.
— Құйсаңшы. Бұндай кештер қашанғы бола береді дейсің? — деді Ажар стаканды қолына алып тұрып. — Бірақ та бұл сағатты манағы қонақтардың алдында тапсыруың керек еді ғой.
— Есімде болмапты.
— Бұндай сыйлықты ұмытпауың керек еді... Бұндай сыйлықты оңашалап тапсырмайды... — деп Ажар қинала сөйлеп, стаканын қоя салды.
— Ертең, тағы да олар бас қосады ғой. Сонда көпшіліктің көзінше тапсырайын.
— Жоқ. Енді оның қызығы да, қуанышы да болмайды.
— Ал, ішіп қоялық.
— Иә, ішелік. Ішейік, ішейік. Алғын.
* * *
Ертеңіне барлық газеттердің ішкі беті делегаттардың әңгімелері, оларды кімдер қарсы алғаны жөнінде олардың портреттерімен шықты. Айткүл сол күнгі газеттердің 30-40 данасын алып, ауылға жіберді.
Үкімет бастықтары делегацияны ресми қабылдап, кең отырып әңгімелесті. Бірақ та жалпы сөздерден басқа көрнекті іске асар әңгімелер қозғалған жоқ.
Сол күннен бастап жоспар бойынша кездесулер басталды. Мекемелерге, өндіріс орындарына жергілікті қоғам өкілдері делегаттарды ертіп алып барып жүрді.
Майдандағылардың жақындары, қара қағаз алған жетім-жесірлер кездесулерде сөйлегендердің сөзін еңірей жылап отырып тыңдайды.
Құрманбек — сөйлегіштердің біреуі. Жол-жөнекей келе жатып ол 15-20 минуттық сөз арнасын тұжырымды жақсы сөйлемдермен құрып, көкірегіне тоқып алған.
«Ардақты ағайындар! Апа-қарындастар, Аға-інілер, Құрбы-құрдастар. Ел күйзеліп, ерлер қиналған заманда...», — деп бастайды ол әр жерде де сөзін. Майдандағылардан сәлем жолдайды. Бір-екі эпизодты мысал ретінде көпіртіңкіреп айтады. Жылы лебіз бен жақсы тілектер білдіреді. Сұрақтар болса, жауап береді. Жиналыстың соңында делегаттардың атынан жылы қарсы алғандарына рахмет айтады. Жиналыстан кейін асханада активтермен бас қосқан қонақтар құрметіне банкет болады. Онда да Құрманбектің аузы жабылмайды.
Күнде газеттер бетінде кездесулер туралы мақалалар басы лады. Олардың барлығын Айткүл ауылға жіберіп отырады. Құрманбектің өз басы туралы тілшілердің «Озат жауынгер», «Қаһарман жауынгер», «Жиналыста жігерлі сөздер айтты», «Майдандағы маңдайалды жауынгерлер мен тылдағы бетке ұстар озат еңбекшілер... — деді ол бір сөзінде» деген сияқты көптеген көпірмелі эпитеттерін Айткүл әдейі қызыл қаламмен астын сызып жібереді.
— Құрманбектің жаттап алған сөздерін әр жиналыстар мен қонақасы үстінде есіте-есіте шаршадым. Мен енді ілеспеймін. Өздерің бара беріңдер, — деді бір жолы Ажар Айткүлге. Неме сондай-ақ! Келгелі бері бір жора-жолдастарының семьясымен, әйтпесе жетім-жесірлердің біреуімен сөйлескен жоқ. Арақты судай сіміріп алып, жаттап алған бір сөзін қайталай береді. Елге, жұртқа қарап тұрып шын пейілімен, шын ниетімен сөйлегенін бір көргенім де жоқ, естігенім де жоқ...
— Оның несін айтасың, Ажар-ау. Оның өз еркі өзінде емес қой.
— Аз уақытқа келген қонақ қой. Не де болса шыдадым. Ішу бар жерде тышу бар дегенмен, бірақ та кешегідей үйімді ластамаңдар. Онысы былай тұрсын, қара қағаз жастанып, жастығын құшақтап жатқан жесір қатынның қойнына қол салуы не деген сұмдық...
— Мастықтан ғой...
— Мастықтан, — деп кекетіп сөзін бөлді Ажар Айткүлдің.
— Айналайын, Ажартай, барлығы да өзіміздің ғана ішімізде болсыншы. Ешкімге сыр бермелікші. Аз күнге келген қонақ деп жаңа өзің айттың ғой. Шыдалық та.
— Айтқаным айтқан. Шыдасақ, шыдалық. Бірақ та басқалар да соқыр емес. Сен оның жұбайы, жолдасысың. Айтып қойғын, аз уақытта көпті көрсетпесін.
...Бір сөздің аяғында:
— Осы үйден кетіп, гостиницаға орналасып, Ажармен алыстан-ақ сыйлассақ қайтеді? — деді Айткүл.
— Жоқ! Ел-жұрт сыйыспапты демей ме. Даяр қазан-ошақтың басынан қалай кетпексің? Біз қонақтар қабылдауымыз керек... Бұл заманда жүз сом емес, миллион сомнан көрі он шақты ықпалды адамдармен тамыр-таныс болғанымыз олжа... Ажардың көңілін есебін тауып орнына түсірерміз, — деп аяқтады сөзін Құрманбек.
...Колхозшылармен кездесуді сылтау етіп Құрманбек аулына бір айдың ішінде екі рет барды.
«Майданның бетке ұстар» жауынгерін құрметті қонақ ретінде барлығы қарсы алуда... Райкомнан Кенжеғұлдың өзі, райсоветтен Айткүл, аудандық милицияның бастығы, райвоенком, тағы басқалар ілесіп жүріп, елді аралатты. Күнінде екі-үш жиналыс өткізіледі, екі-үш жерде қой сойылып, қонақ асы беріледі. Құрмет үстіне құрмет, қошемет үстіне қошемет...
— Тұрымтай тұсымен, балапан басымен болып жатқанда, мына келісің өте жақсы болды, шырағым. Достарым төбесі көкке жетіп, дұшпандарымның сағы өте сынып қалды. Қасыңа еріп жүрген өкіметтеріңді бір тәулік алдарына ағыл-тегіл ас қойып, шыныларын тізіп қойып қонақ етуге мұршам бар...
— Оншалық дүние сізде қайдан болсын?
— Сұрама, шырағым, сұрама. Алыстың берісі бар, берістің алысы бар демекші, сенен телеграмма келгелі бері — алыс-берісіміз, құдайға шүкір, көбейе бастады... Есебін өзім табамын ғой. Мына үкіметтеріңе «Біздің қара шаңырақтан да тұз-дәмдес болалық» десең, жетіп жатыр ғой. Туған әкесі баласының құрметіне күллі ауданды шақырып бір күн, бір түн қонақ етіпті деген болса, ол маған да, саған да, келінге де абырой емес пе?
— Иә, ол ойыңыз өте дұрыс.
— Ал, жолдастар! Өздеріңіз білесіздер ғой. Несін айтайын. Мен Алматыда қадірлі қонақтардың біреуі болдым. Скворцов, Шаяхметов, Әбдіқалықов, Қазақбаев, Оңдасынов жолдастардың алдында болдық... Иә, олар бізді қадірлеп, төбесіне көтеріп қарсы алды. Оны газеттен, өз көздеріңіз көрмесе де оқып, радиодан естіп жатқан боларсыздар. Ал, енді мен болсам, басқа жолдастарымды тастап келіп, сіздердің араларыңызда жүргеніме бір аптадан асып барады... Өздеріңіз білесіздер, уақыт өте тар. Жағдай өте қиын... Менің майданға да керегім бар кісімін. Майдандас достарым мені күтіп отыр. Мен онда біреуіне ағамын, біреуіне інімін... «Менің бұдан қай жерім артық еді деп, — майданда кім қалады бірге тұрып» деп Абай айтпақшы... Иә, айта берсек, әңгіме көп қой... Кенжеғұлдың басқаруы арқасында біздің аудан осындай қиыншылық жағдайда басқа ауданнан кем көрінбейді. Оны мен өз көзіммен көріп жүрмін, жолдастар. Ал, мына отырған жігіттер болса, — деп милицияның бастығы мен аудан военкомына бір қарап қойды. Құрманбек: «Менің байқауымша, Кенжекеңнің адал көмекшілері екеніне өзімнің көзім жетті... Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегіні алады деген қазақ мақалын біздің дарынды командиріміз Бекболат Талғаров еш уақытта аузынан тастамайды... Жолдастар, сіздер де сол мақалды естеріңізге әр уақытта сақтай біліңіздер...»
— Иә, дұрыс... Қиыншылық жағдайда ауызбірлік керек...
— Кенжекеңнің арқасында, қазірінше жаман емеспіз...
— Ауылдағы ақсақалдармен де көпті көрген деп санасамыз...
— Оларың өте дұрыс екен... Менің айтайын дегенім, жолдастар, «Мына жаман Айткүл — менің құдай қосқан қосағым, Бекмырза дейтін жаман шал — менің туған әкем... Осы екеуі сіздерді ауылдан аттанар алдында осы отырған барлықтарыңызды біздің, мен шыққан қара шаңырақтың қонағы болсын, дәмдес, тұздас, ақниет-адал дос болайық деп шақырып отыр...
— Иә, онысы дұрыс екен.
— Бекең жарықтық кеңпейіл адам ғой.
— Құрекеңдей бала туғызған шал оңай дейсің бе?
— Біздің Айтекеңдей келін түсірген шал...
— Қане, жолдастар, Құрманбек айтарын айтты ғой, аттаналық, жүріңіздер, — деп у-шуды доғартты Айткүл.
...Қонақтардың қалай келіп, қалай қабылданып, қалай отырысып, қалай аттанғанын жазудан аулақ болатын себебім — мен ол кездегі тылдың жағдайын толық білмегендіктен. Әркім өзі жорамалдай берер... Айта кететін нәрсе.
— Мына кісілер біздің үйде бірінші рет болып еді, — деп Бекең Кенжеғұлға бір қасқырдың терісін, аудан военкомына бір түлкінің терісін, аудандық милиция бастығына бір көк қаракөлдің терісін, — орамал тон болмайды жол болады дегендейін, қарақтарым, сіздерге міндірген аттарым, кигізген шекпендерім де осы, — деп тапсырып, — кейіннен тағы да аманшылық болса көре жатармыз, — деді.
— Сіздердің жақсылықтарыңызды мен еш уақытта ұмытпаймын. Келгендеріңізге рахмет. Алматыда бізді тағы да үлкен бастықтар қабылдайды ғой. Көрген-білгенімді айтып жеткіземін... — деді Құрманбек. Станция да бір топ адам шығарып салды. Құрманбек пен Айткүлдің купесіне екі қойдың еті, бір жәшік арақ салынды.
— Алматыға келе салысымен-ақ, манағы ауылдан алып келген нәрселерін қаржылап, Бекболаттың үйіне Құрманбек екі рет жаңа тамыр-таныстарын қонақ етіп қабылдады. Мол дастарқан үстінде кең отырысты.
«Мынаның істері мен сөздеріне қарағанда — бұл шығармашыл адам емес. Такие люди бывают заняты только добыванием себе пищи. Майданның бетке ұстарының бірі деп қасына еріп жүріп, бірге отырысып, біз бұдан бір нәрсе ойлауға, жазуға, не ұйтқы, не арқау болар еш нәрсе ала алмадық... Басында бір проблемалық мәселе жоқ... Тек өз құнын көре білудің қамын ойлаған адамдардың бірі көрінеді», — деп ойлады ішінен жазушы.
Ел тарай бастады. Ең соңынан Қалибек киінді. Құрманбек ол кісіні шығарып салуға шықты. Көшеде келе жатып Қалекең Құрманбекке былай деді:
— Заман, жағдай жаман. Ұстараның жүзіндегі қыл сияқты. Біреуді-біреу аңдуды біз сақтық деп атап жүрміз. Сенің көп қылықтарың маған ұнаған жоқ. Тілімді алсаң, қарағым, абыроймен келген екенсің, енді абыроймен тез қайту жағын ойлағайсың...
Бекболаттың «...айтып жеткізгейсің» деген тапсырмаларын Құрманбек әлі орындамаған еді. Қалекеңнің сөздерінен шошыған Құрманбек: «Ақжүрек болам деп, тағы бір жаман жағдайға түсіп жүрмейін. Жақсы кепсіздерін естіп, тыныш қана қайтайын» деген қорытындыға келді.
Осы кезде Бекболат госпитальда жатқан. Бекболатқа полковник атағын Сталиннің өзі қол қойған бұйрығы жарияланған. Ол — әлі де полк командирі. Жол-жөнекей сыйлықтың азық-түлігімен Москвада, майданда, армияда Құрманбек бірнеше көрнекті адамдармен дәмдес болып танысты. Ол бұнда қазақ халқының уәкілі ретінде төрдегілердің қатарында отырып жүрді. Бір кеште Құрманбек армияда қазақ тілінде шығатын газетті оқып отырып, көп жолдарының астына қызыл қалам соқты. Екінші күні жаңағы газетті сынап армсмерчке ақпар жазды. Армсмерч тексерді. Оншама оғат еш нәрсе таппаса да, сондағы істеп жүрген жігіттерді біраз бопсалап үрейлендірді. Ал, Құрманбекті болса, «керек» жігіттердің есебіне ендірді.
— Мынау сенің сыбағаң, — деп Құрманбек Бекболатқа бір жәшік түрлі-түрлі винолар, бір жәшік консерві, конфеттер, темекі, бір отрез алып келіп госпитальда тапсырды.
— Ауру жолдастарға таратып беріңіз, — деп Бекболат барлық сыйлықты госпитальдің бастығына тапсырды.
— Өзіңе де керек болар. Келімді-кетімді болады, — деп Құрманбек бір-екі дастарқандықты бөліп алып қалдырды.
Әңгімені ұзаққа созбай, Құрманбек жалтақтай берді.
— Негізгі тапсырманы қалай жеткіздің?
— Оны, бара салысымен емес, кетер алдында әдейі барып айттым. Олар ойлап қайта келем деп уәдесін берді.
— Ал, енді жауынгерлердің барлығы құлақтарын түре сендердің қайтуларыңды күтіп жүр. Сен ерінбестен өзіміздің полкты да, басқа полктерді де түгел аралап шыққан. Нілдегі кездесулерді әңгімелеп бергін. Виноградов пен басқалар да сүйтер. Орысша нашар білетін қазақ, қырғыздар аз емес. Сен солармен сөйлескін, — деп Бекболат комиссарға хат жазып, оны Құрманбекке тапсырып отырып: — Мына түріңе қарағанда, арақтың әкесін танытып ішіп жүрген жігіт көрінесің. Енді тоқтатқын. Жауынгерлер алдында көзің қызарып, тілің күрмеліп тұрған жараспайды...
— Мен ешкімнен артық ішіп жүргенім жоқ. Есімді әлі ішіп көргенім жоқ... — деп ренжіп полковниктің сөзін бөлді.
— Есіңді ішпесең, маған деген бір бума хаттарды неліктен қара басып жоғалтып жүрсің? Жаңағы госпитальдің бастығы қарт полковникпен құрдасыңмен сөйлескендей не деп оттап отырдың?
— Немене...
— Молчать! Я — твой командир! Твое дело слушать мои указания и замечания.
— Слушаюсь, товарищ полковник.
— Передай комиссару... — деп Бекболат біраз төмен қарап отырып, — Ведь ты потерял письма потому, что в некоторых из них, видимо, были замечания по твоему адресу? — деп Құрманбектің бетіне тіке қарады да: — Ты что краснеешь — от водки или от стыда?
— Оллаһи! Немен қарған десен, сонымен қарғанайын.
— Түсінікті. Егер де сен полкті аралап жүріп бір жерде ішкенің сезілсе, будешь отстранен и разжалован. Так и передай комиссару.
Өз кінәсін мойнына ала білу — ерліктің бел баласы. Құрманбек ішіне кек сақтап кетті. Сол күннен бастап ол Бекболатқа өте жақын болғанмен, ниеті жаттардың біреуі болды.
* * *
Майдандағылар елді сағынады. Елдегілер майдандағыларды сағынады. Майданда қан төгіліп, тылда тер төгіліп жатыр. Майданда ұйқы да жоқ, күлкі де жоқ. Әркімді ажал аңдып тұр. Тылда да ұйқы да жоқ, күлкі де жоқ. Әркім мұңды, тілеу-тілеу соңында. Майданда адамды қауіп жаншыса, тылда — уайым, кемтарлық адамды қомдап алған. Екі жақта да «жүктің ауырын нар көтеріп жатыр...».
Комиссар Құрманбектің қасына полктың комсоргін қосып берді.
— Елге барып қайтқан делегат келеді, жолдастар...
— Кім екен өзі?
— Кім деп сұрайсың, а? Ол — біздің полк командирінің жан досы
— Біреу уәкіл болып кетті дегенді естігенім бар, бірақ та...
— Үлкен кісілердің бірі. Егер оның елге қадірі болмаса біздің командир оны уәкіл етіп жібермес еді...
— Ол аспаннан түскен кісі ме өзі? Біз оны неге бұрын білмейміз?
— Сен білмесең, ол кісіні командир біледі. Командир білгенді саған білуге не обязательно.
— Дұрыс. Жақсыны көрмек үшін дегендейін. Келсін ол кісі — көрелік.
— Бұрын қайда жүр екен ол үлкен кісің?.. Мен өз басым соғыс басталғаннан бері алдыңғы шептегілердің біреуімін... Әлі бірде-бір наградам жоқ.
— Елдің бәрін наградтай береді дейсің бе?
— Жоқ! Өкпелеп айтып отырғаным жоқ. Менің бірде-бір ранениям жоқ. Маған ең үлкен награда — аманшылығым.
— Дұрыс, ерім!
— Біздің полковниктің де осы уақытқа дейін еш болмаса бір медалі жоқ.
— Ол кісінің жөні бөлек қой, жігіттер.
— Неге жөні бөлек? Ол кісі бізбен бірге суға түсіп, бізбен бірге отқа күйіп жүргені өтірік пе?
— Ай, жолдастар! Шынында, егер ойлап қарасақ... Осы командирлер біздің қожамыз ғой. Олардың айтқаны алғыс, қара дегенін қарғыс деп түсінеміз. Бірақ та, меніңше, командирден гөрі солдаттың жүгі жеңіл ме деп ойлап қалдым...
— Қалайынша?
— Біз қорғаныста жерді көр тышқанша қазып алып, тырп етпей, өз орнымызда жатамыз. Солай ма? Солай! Наступление болса, әйтеуір көптің бірі болып кеңірдегімізді соза айқайлап қалбалақтап жүгіреміз... Ал, мына байғұстар, командирлер, менің байқауымша, қорғаныста да, шабуылда да қалбалақтап жүгіреді де жүреді...
— Олардың ішінде де залымдар аз емес....
— Осы екі жылдың ішінде біздің ротада жиырма бес взвод командирі, он бес рота командирі, он политрук не өліп мерт болып, не жарақаттанып өзгерді... Алты батальон командирі кетті.
— Қанша сержанттар мен солдаттар кетті?
— Ой, тәйірі-ай, оларда есеп жоқ қой.
— Онда несін айтып отырсың?
— Әлгі, елге барып келген уәкілдің түрін біреулерің бұрын көріп пе едіңдер?
Полковникті күнара көруші едік қой. Сол кісінің қасында жүргендердің біреуі болуы мүмкін....
Жауынгерлер арасында «енді бізге келе жатыр екен» деген хабарды естігенде, осы сияқты сөздер бола бастады. Құрманбектің үстінде Алматыда оған сыйлық ретін тіктіріп берген коверкоттен жап-жаңа киім. Аяғында Бекболат берген жап-жаңа хром етік. Белінде жаңа алақандай сары қайыс қабынан салбырап тізесіне дейін түсіп тұр. Өзі көсе адам, қырынғаннан кейін жып-жылмағай, жып-жылтыр. Тылдың көлеңкесінде екі-үш ай жүріп, ол ағарып қайтқан. Көлденең көзге ол — күнге күйіп, желге; соғылып, оқ-дәрі түтініне тұншығып, соғыс ызғарлары өңменінен өтіп түтіккен, қуарған, сұр, жұпыны көне киімді солдаттардың алдында ол қойға келген ешкідей ерсі көрінеді, бөтен көрінеді.
— Жолдастар! Біздің дивизияның ғана емес, барлық армияның атынан құрылған делегацияның мүшесі ретінде мен жақында Қазақстанға барып қайтым, — деп бастайды сөзін Құрманбек. — Біз осы жерден шығып армияның штабында болдық... Москвада бізді Қазақстанның уәкілі Исағали Шәріпов жолдас қарсы алып, өз үйіне қонақ қылды... Москвада бізді бас саяси басқармада қабылдады... Самолетпен емес, поезбен жүрдік... Жолда Қазақстанның барлық жерлерінде, әрбір аудандық жерлерде бізді қарсы алып, құттықтаумен болды, жолдастар... — деп әңгімені бастан-аяқ айтып, кездесулерді тізіп үлгеріп, сөзінің аяғында, — демек, жолдастар, майдандағылар мен тылдағылардың бір тілек, бір ниеттес екеніне көзіміз анық-қанығынан жетті... Елдің тұрмысы жақсы, барлық жағынан да қамтамасыз екенін өз көзімізбен көріп қайттық.
Әрине, кейбір қиыншылықтар да бар көрінеді, бірақ ол қиыншылықтар уақтылы, орынды түзеліп жатқан көрінеді... Елдің барлығы майдан үшін, жеңіс үшін жұмыла қызмет істеуде, жолдастар. Елдегілердің барлықтары, жасы бар, кәрісі бар сіздерге жалынды, шын жүректен сәлем жолдап қалды, жолдастар. Майданның барлық мұқтаждарын қамтамасыз етуге баршалары дайын... Ал, біз болсақ, солардың шын жүректен сезімдерін осы қан майданда ақтауға тиістіміз. Біз сіздердің аттарыңыздан солай деп уәде бердік, жолдастар.
— Ал, біреуімізге аға, біреуімізге іні, біреуімізге құрбы Бекмұрзаев жолдастың сөзін тыңдадыңыздар, — дейді полк комсоргі. — Енді туған елдің сәлемдеме ретінде сіздерге беріп жіберген патефонын тыңдаңыздар... Бірінші Күләштің айтуы бойынша «Гәкку» әнін ойнатамын...
— Ой, сандуғашым-ай! Бұлбұлым-ай! Сені де естір күн бар екен ғой!
— Ал, енді Құрманғазы атамның «Балбырауынын» ойнатайын...
— Өйт, шіркін. Әруағыңнан айналайын, Құрекем-ай!
— Енді, жолдастар, Жамал Омарова «Қараторғайды» айтады...
— Бұл — Сырдың безілдеген қараторғайы, ал жігітім кәдімгі өзіміздің байсалды қырдың қараторғайы жоқ па?
— Ол жоқ көрінеді, ақсақал.
— Қап! — деп санын бір ұрады бурыл мұрт.
— Шіркін, Жамал апай әнші-ақ қой. Тағы біреуін ойнатып жіберіңіз.
— Онда, міне, тағы да Жамал Омарованы ойнатайын.
— Қандай құбылжытып салады а?
— Жүсіпбек бар ма?
— Ал, енді Жүсекеңді жіберейін...
— Шырқа, Жүсекем, шырқа!
— Жиырма шақты грампластинкалар ойналды. Ел ұйып тыңдап отырды. Сөйтіп, Құрманбек бір ай ішінде барлық дивизияның бөлімшелерін аралап шықты. Кешке таман штаб маңындағылардың ортасында әңгіме құрып, патефон ойнатып, қадірлі қонақ ретінде төрде отырады. Қатардағы солдаттан бастап, үлкен командирлерге дейін осы сапарда тағы да бір рет танысып шықты.
— По вашему указанию он провел большую работу, — деді комиссар Құрманбек туралы Бекболатқа. — Хочу пустить патефон во второй заход.
— Менің байқауымша, Бекмұрзаевыңыз қысқа жігіт көрінеді, — деді бір жолы полк комсоргы.
— Неге?
— Бір айтқан сөзін қайта-қайта айта береді екен.
— Ал, ел зерікпей тыңдады ма?
— Тыңдамағанда қайтсін. Жаманды-жақсылы әйтеуір елден келген хабарды кім тыңдамасын. Оның соңынан патефонмен концерт беріп жүрдік... Солдаттармен жылы сөйлесуден мүлде хабары жоқ па деп қалдым.
— Қайдан болсын, жазған-ай онда.
— Өзін алға ұстап, біраз иін қандырып алатын жігіт екен.
— Бұл ойың дұрыс. Ол жағын мен ойлап қарайын.
Құрманбекті шақыртып алып:
— Біздің тылда да, нағыз елдегі тылда да болдың. Келгеніңе бір жылға жақындап қалды. Енді алғы шепті біраз көріп ысылыңқырасаң қайтер еді, — деді Бекболат кешкі тамақ үстінде.
— Барлығы сенің арқаң ғой... — деп төмен қарап күмілжи сөйледі Құрманбек. — Өзің білгін қайда жұмсасаң да.
— Үшінші батальонның тоғызыншы ротасы — озат роталардың бірі. Сол ротаның политругі Мұсаев ерлікпен қаза тапты. Рота командирі капитан Шульгач болса, өте тәжірибелі командирлердің бірі. Істесе білсең, ол кісіден көп нәрсеге үйренуіңе болады. Комиссар екеуіміз ақылдасып, сені Мұсаев марқұмның орнына ұйғарып отырмыз.
— Өте дұрыс. Бұйрықтың аты бұйрық. Барсам, барайын.
— Асығатын еш нәрсе жок. Екі-үш күнде шаруаларыңды реттеп болған соң, тіке үшінші күні батальонға тартқын.
— Құп болады! — деп Құрманбек шығып бара жатқанда, Бекболат оның қуанышты еместігін төмен түскен еңсесінен байқады.
Арада он шақты күн өтті.
— Бекмұрзаевты жоғарғы жер шақырады, полковник жолдас. Мінездемесін қолына тапсырып, ертең кештен қалдырмастан аттандырыңдар деген бұйрық бар, — деді штаб бастығы.
— Олай болса, шақырып алып дайындаңыз.
— Мінездемені жазуды кімге тапсырасыз?
— Батальонда ол бір-ақ жеті болды ғой. Не көрсете қойды дейсіз мына тыныштық кезінде. Комиссар екеуіміз ақылдасып жазармыз.
Құрманбек келді.
— Алдыңғы шеп өзіңді су сорғандай біраз сорыпты ғой, — деп оның солғын түрін, жұпыны киіміне қарап күле қарсы алды оны Бекболат.
— Көрерімізді біраз көрдік қой.
— Мне жаль с вами расставаться, но приказано вас откомандировать, — деді полковник орысшалап. — Приказано представить на вас характеристику.
— Өзің білгін. Әйтеуір сенің арқаңда...
— Мінездемеден қауіптенбегін... Отыр. Бүгін қонақ болғын. Ертең аттанасың біздің полктан... Бүгін кешке осындағы тұздас-дәмдес болған жолдастармен жақсылап қоштасқын.
— Ну, что ж, характеристика отличная, — деді әскери кеңес мүшесі, — думаю, что его можно взять в аппарат.
Сөйтіп, Құрманбек жылжи-жылжи Москваға бір-ақ жетті.
* * *
Екі жігіттің аяз семсеріне мініп тұрған кезі. Қар қалың. Бекболат бастаған полк жау шебін бұзып өтті. Екі жақтан қарсы шабуыл жасап, полктың құйрығын түбінен шарт кесіп тастап, дұшпан бұрынғы шебін қалпына келтірді. Полк дұшпанның тылында қалды. Командашы Бекболатқа радиомен ілгері жүре беруді бұйырды.
— Бір полкты жұту дұшпанға оңайға түспес. Қазір сізге жәрдемдесе алмаймыз. Дұшпанның тылында жүріп, қолдан келгенше бүлік салып алға тарта беріңіз. Артыңа қарай жалтақтай беру оңайға түспес. Кейіннен кешікпей-ақ басқалар сізді қуып жетер деген үміттеміз...
— Оқ-дәрілер мен тамақты қайдан аламыз?
— Ваш полк — самый богатый полк из всех полков, — деді командашы.
— Қалайынша?
— В вашем распоряжении все тылы и склады противпика. Вот вам и следует пользоваться ими, — деп күлді командашы.
— Бірақ... — дей берді Бекболат.
— Бірақ, — деді командашы дағдарып, — рас, бірақтаңыз өте дұрыс... Сіз өзіңіз қазақсыз ғой?
— Иә, мен қазақпын.
— Олай болса, сіздің ата-бабаларыңыз миллиондаған төрт түлік малды қар астындағы шөпті тептіріп жегізіп, қыстан аман-есен шығаратын. «Тебеневать» деген сөздің төркіні содан шыққан. Ал, сіз болсаңыз, бір ғана полкты он шақты күн қалай асырап, қалай жарақтандырам деп маған сұрақ қоясыз, — деп командашы тағы да күлді.
— Түсінікті, генерал жолдас. Демек, мен партизан болмақ болдым ғой.
— Солай.. Ваш полк отныне — партизанский полк и на подножном корму. Вы меня поняли?
— Түсіндім.
— Хабарласып тұрыңыз.
— Рақмет, генерал жолдас.
Полк қатерлі қысылтаяң жағдайда. Қар қалың, сықырлаған аяз, дүлей орман, жылы орынға бекінген жау. Бірде жығу, бірде жығылыс. Жорық кейде сәтті, кейде сәтсіз.
Полк кей кезде бірнеше күн ашығады, оқ-дәріден тарығады да.
Бір күні Бекболат атқосшысы екеуі орманның ирек соқпағымен келе жатқан. Алаңның шыға беріс шетінде жемтікке үңіле шоңқиған қарақұстай біреу қоржаңдап отыр.
— Әй! Сен неғып отырған жауынгерсің? — деп дауыстады Бекболат қасына жақындап келіп аттың үстінен.
Бет-аузын түк басқан, аяз сорып түтігіп кеткен адам жалт қарап, қолындағы бәкісін мұздаған тұяқтан ажыратқан, қызғанып, котелогін тізесінің астына тыға бастады.
Бұдан бірнеше күн бұрын бомбыдан өлген жылқыны солдаттар түгін қалдырмай боршалап талап алып кеткен екен. Қалғаны тұяқтары ғана. Сол тұяқтың ішіндегі тоңған сіңірі мен шеміршектерін жаңағы адам бәкісімен жонып котелогіне салып отыр екен.
— Қорықпағын. Тамағыңа біз ортақ болмаймыз. Тұр орныңнан. Мінгес мына жігітке, — деп Бекболат сұқ қолымен Николайды нұсқады.
— А, иә.. — деп орнынан ұмтылып есеңгіреген адам тұра алмады.
— Түс аттан! Мінгестір мынаны.
Николай аттан ырғып түсіп қолтығынан сүйемелдей бергенде, аш жауынгер тағы да қызғаншақтап, екі қолымен котелогын құшақтай қалды.
— Парень видимо свихнулся, товарищ командир, — деді Николай дағдарып тұрып қалып.
Бекболат та атынан ырғып түсті.
— Әй, жігітім! Бері қарағын, — деді қасына барып. Ол қарады. Еріндері кезеріп, екі бетін үсік шалып, көздері кіртиген. — Біз саған жау емеспіз. Біз тұяғыңның жаңқасын алмаймыз. Өзің пісіріп, өзің жейсің. Тұр орныңнан. Мінгес, — дегенде әлгі адам тәлтіректеп орнынан зорға дегенде тұрды.
Атқа жақындап келгенде, аяғын үзеңгіге көтеріп сала алмады. Бекболат Николай екеуі көтеріп, оны ерге отырғызды. Николай артына мінгесті. Қолы дірілдеп, адам тізгінді де ұстай алмады...
Мен өз басым командир болсам-дағы, аштық, тоқтықты солдаттармен бірге көрген адаммын. Үш-төрт аштықты басымнан өткізгенмін. Қарны ашқан адам да шөлдеген адамдай түкірігін жұта береді. Жүрегің сазып, ішек-қарның шұрылдап, ішің тартыншақтай басталады. Түкірікті көп жұтқандықтан, аузыңнан дәм кете бастайды. Жағың қарысып, жүрегің шабан соға бастайды. Басың айналып, көзің қарауытып, аяқ-қолың шымырлап ұйыйды. Сол кезде жатсаң, қалғып кетіп, орныңнан тұрмай қалуың мүмкін. Әлсіреген жүрек денеңе қан жүгірте алмайды. Сол себепті ашыққан кезімізде аяңдап жүріп, отырып деп алып — еш уақытта жатпауға тырысатынбыз. Аш адамға ыстық та қас, суық та қас. Ыстық басыңды айналдырып, аяқ-қолыңды ұйытады, суық денеңді сорып, ішек-қарныңды мұздатады, аяқ-қолыңды дірілдетеді...
Соны білген Бекболат Николайға:
— Алдыңдағыны қапсыра құшақтағын. Бұған біраз қимыл керек. Біраз желе-жорта жүрелік, — деді...
Штабқа келген соң:
— Ал, енді сен мына жігітке қамқоршы болғын. Алдымен өзін бір жылы нәрсеге орағын. Жарты стакан жылы суға екі-үш шақпақ қант ерітіп аздап жұтқызып, арқауын жалғағын. Одан кейін бармақтай сухарьді суға жібітіп бергін — жағының қарысқаны жойылсын. Кейіннен котелогындағысын өзіне асып бергін. Аздап іштіргейсің — аш өзегі ішіне түсіп кетіп жүрмесін...
— Врачты шақырсақ, қайтеді...
— Менің айтқанымды істей берсеңші. Врачтың өзі де кешікпей-ақ келіп қалар, — деп Бекболат жұмысына кетті.
«Сары орыстың бәрі орыс демекші, қара қазақтың бәрі қазақ дегендейін, осының бір бейнесі маған танысқа ұқсайды. Әйтеуір шырамытамын...» — Бекболат ойлап келеді, бірақ әлі таба алмайды.
Екі күннен кейін Николай:
— Ана жігіт жанын шақырып алып, кәдімгідей адам болып қалды. Азаннан бері сізге сұранады, — деді.
— Шақыр, сұранса.
Сақал-мұрты қырылған, беті-қолы жуылған, көз жанары түзелген жігіт Бекболаттың алдына қалт тұра қалды.
— Әй, жігітім! — деп оған қуана қарап. — Бұрнағы күнгі әруақ сенбісің? — деп әзілдеді. — Отыр, азамат, отыр, — деп алдындағы томарды нұсқады.
— Шүкір. Сізге көп рахмет, полковник жолдас.
— Шүкірің дұрыс. Рахметіңді Николайға айта бергін... — деп тағы бір қарап, алдында отырған Құрмашты жаңадан ғана таныды да: «Астапыралла! Аштық пен соғыс кісіні не істемейді!» деп ішінен ойлап, біраз үн қатпай отырды.
— Иә, болдырған екенсің, азамат — деді күрсініп.
— Ылаж қанша, полковник жолдас...
— Осында бір жетідей демалыңыз. Аяқ-қолдарыңыз қуаттанғанда өз полкіңізге барып, өз үйіріңізге қосыларсыз... Мен бұйрықсыз басқа полктың жауынгерлерін өз қосағыма қоса алмаймын. Қай полкта болса да, әр жауынгердің мына жағдайда орны олқы болады да тұрады.
— Мейірімпаздығыңызға көп рахмет, полковник жолдас.
— Мейірімпаздық емес, майданда, қиыншылықта жәрдемдесу — әркімге парыз, міндет, борыш... Николай! Пусть с тобой поживет товарищ.
* * *
— Бекболаттың арқасында сен, Ажар, еш нәрседен кемтар емессің ғой, — деді апасы шәй үстінде. — Сен күндіз-түні сауықшыл болып барасың. Бір қызметке тұрсаңшы. Осы кезде әйелдерді қызметке өздері шақырып жатыр ғой. Қызмет істесең, біраз көріп, ысылар едің. Сұрансаң, саған жаман қызмет бермес еді.
— Менің қолымнан не келеді? Он жылдықтан кейін тұрмысқа шықтым. Бала таптым. Қазан-ошақ ұстадым. Менің қолымнан не келеді?
— Әлі де еңсең жерге түсіп отырған жоқсың ғой. Оқығын, жоғары білім алғын. Оқуға сенің барлық жағдайың бар: киімің бүтін, тамағың тоқ, пәтерің кең, жылы.
— Өңшең жалаң аяқ, жалаң бұт студенттердің арасында көз майымды тауысып отырсам...
— Олар да көз майын тауысып оқып жүр ғой.
— Қойшы. Мен енді бала-шағаның арасына барып отыра алмаймын. Бір нәрсесі болмаса, бір нәрсесін білмей қалсам: «Мынау жақсы киінген сұлу апайдың басында ми жоқ екен» деп, студенттер іштерінен күліп, көздерінің қырымен мазақтап отырса...
— Сен жақсы оқы, білуге тырысқын... Менен қалып бара жатқан үй тірлігі жоқ қой.
— Істемеймін де, оқымаймын да... Құдайдың өзіме берген дәулеті өзіме жетіп жатыр.
— Әй, сіңлім, сен олай деме. Дәулет бірде келеді, бірде кетеді. Мен бұрын кімнен кем едім? Жездең ұсталып кеткелі бері, сендердің қолдарыңа қарап қалдым.
— Құдай менің басыма оны салмасын...
Ешкім жаманшылықты өз басына тілеп алмайды.
— Жаман айтпай, жақсы жоқ...
— Сен Бекболаттың өлімін тілейсің бе? — деп Ажар баж ете қалды да, ызаланып жылап жіберіп: — Жақының бар болсаң, көре алмайды деген осы екен ғой...
— Жоқ болсаң, бере алмайды дейді. Сен жоқ бола қойсаң, ешкім саған еш нәрсе бермейді.
— Бекболаттың екі баласына үкімет тым болмаса пенсия берер.
— Тфу! Тілегің құрысын, кәпір! Тілегің құрысын!
Сөйтіп, екі апалы-сіңлілі әйел түн ортасына дейін бажылдасып, бір-біріне айтпаған сөздерін айтып, кінәласып, екеуі кезек-кезек жылап-сықтап бөлмелеріне кетті.
Әңгіменің бұлай шиеленісуінің себебі мынада еді.
Мұрат дейтін жігіт Ажардың кезекті достарының бірі болатын. Бір күні Ажар кухняда лағман есіп тұрғанда, Мұрат келді. Төрдегі бөлмеге барып сәбимен ойнап отырды.
Ажар лағманын есіп аяқтай бергенде, киінген Мұрат кухняға еніп:
— Ал, мен кеттім, — деді.
— Мына пісіп тұрған тамаққа қарамай қайда бармақсың?
— Жоқ! Рахмет. Өте бір тығыз ісім бар еді. Тағы бірде, — деп Мұрат тартып тұрды.
Мұрат тіке базарға барды. Таныс дүнгенін тауып алып, екеуі қаланың шығыс сыртына ымырт жабыла келіп бір үйге енді. Содан бері Мұраттан хабар жоқ. Сұрағандарға жүрген үйінің әйелі: — Военкоматтан повестқа алған күннен бастап әлі оралып соққан жоқ, — деді.
Бекболаттың Америкадан алған алтын сағаты Мұраттың қалтасында жол қаражат болып кеткенін Ажар оның ертеңіне сезді.
Құрмаштың әйелінің аты — Жарқын. Оның егіз ұлы бар. Ол белін мықтап буып алып, қара жұмыс істейді. Рабочий паек алады. Ең алғаш қиын болса да, кейіннен денесі шынығып, ол — қазір алдыңғы қатардағылардың бірі. Қолындағы шешесі сәбилерді бағып отырады. Жарқынның еңбегі өнімді. Кемпірдің қолы берекелі. Алған паектерін ептеп-септеп жеткізіп отырады. Оларға ешкім қараспайды. Жарқынның бұрынғы үлкен орындағы нағашысы әлдеқашан орнынан түсіп, майданға кеткен. Бір жиналыста Ажарды батырдың әйелі ретінде, Жарқынды озат жұмысшы ретінде президиумға сайлап, екеуі қатар отырып қалды. Қу әйелдер: «Сенің нең жақсы... менің нем жақсы» дегендейін бір-біріне көздерінің қырларын сала отырысты. Екеуі бірге шығып, бірге қайтты. «Бұның несіне қызығып алды екен? Анық көріп алайын» деген оймен Ажар Жарқынды жол-жөнекей біраз әңгімелерге салып:
— Мынау біздің үй! Уақыт әлі ерте ғой, кіріп шәй ішкін, — деп үйіне ертіп келді.
Стол жасалғанша, үйінің әр бөлмесіне алып барып таныстырды. Суреттер көрсетті...
Дастарқанды кең жайып, мол жасатты. Жарқынның әр қимылын, әр сөзін байқап отыр. Жарқын да одан қалысар емес, екеуі бір-бірін аңдып, өтірік сылқ-сылқ күліп қояды.
— Балалар болмаса, не майданға кетер едім, әйтпесе оқыр едім, — деді сөздің бір кезегінде Жарқын. — Қазір бір жағы жұмыс істеп, бір жағы оқу өте ауыр.
— Айтпақшы, өзің қай жерде істейсің?
— Алдымен бір кеңседе хатшы болып істеп едім. Онда тек бастығымыздың аузын тосып, одан бұрын келіп, кейін кетіп жүруім балаларға өте ауыр тиді. Айлығы да, паегі де онша айтарлық емес еді. Кейіннен станцияға барып, қара жұмысқа көштім.
— Қандай қара жұмыс?
— Вагондарға жүк тиеп, жүк түсіреміз.
— Ауыр болар?
— Әрине, ауыр. Бірақ та кейіннен үйреніп кеттік. Осы кезде нормамды бітіріп, үйге уақтылы қайтып, балалардың қасында отырып, жатып жүрмін. Жалақысы да, паегі де істеуімізге қарай.
— Мен де не қызмет істеп, не оқиын деген ойым бар еді, бірақ та мына балалардың қасынан шыға алмай жүрмін.
— Иә, бала бағу қиын көрінеді ғой. Егер апам болмаса, мен не істер едім?
Қысқасы екі әйел бірін-бірі мейлінше байқап алды.
— Мыналарды балаларыңа алып барғын, — деп Ажар қоштасарда Жарқынға газетке ораулы нәрсе берді.
Үйіне келіп, Жарқын алып келген нәрселерінің ішінен екі шоколад конфеттерді екі ұлының қолына ұстатты. Екеуі де алдымен ауыздарына ынталана салып, кейіннен жиіркеніп түкіріп тастады.
— Тәтті жеп көрмеген, бейбақтарым-ау, — деп кемпір жылады.
Құрманбек үйіне үзбей хат жазып тұрады.
«Бекмырзаның баласы тағы үлкейіпті» деген хабар ел арасына айма-ай тарап жатыр...
«Бекмырзаның баласы тағы үлкейіп, оны Москваға Сталиннің өзі шақырып алдырыпты. Қазір Москвада бір үлкен орында көрінеді!» деген хабар тағы да ел арасына тарап кетті.
Айткүл — «болыс келін». Ол науқан кезінде ауылдарды аралайды. Астында жирен жорға, үстінде плющ пальто, аяғында американ етік. Қасында бір-екі ауданның уәкілдері, ауыл совет, колхоз басқармасынан бір-екі адам. Олардың барлығы «Келін болысты» -«Айтеке!» деп атайды. Барған жерінде орын қалың салулы, қой союлы. «Өздерің ақылдасып бір нәрсе істесеңдерші. Мен сендерден қайда кетеді дейсіңдер» деген сөзді келініне Бекең үйреткен. "Бірақ та кейіннен ұятқа қалып жүрмелік. Ол естеріңізде болсын". Бұл сөзді де келініне Бекең үйреткен. Өлер жерін білетін ауылдың, колхоздың қулары ол сөздерге жақсы түсінеді... «Егер де ат майы, кот майы» дей қойса — бір сом, Айткүл қызара ұялғансып: «Бұндай тіл сіздердің оңтүстіктің тілі ғой, ағай. Қойыңызшы. Атам болмаса, мен ондай сөзге түсінбеймін», — деп күліп жауап береді. Иә, шырағым! Аяқ-бұтымыз шатысып жатқан елміз. Жекжат-жұратпыз. Бекең түсінсе бопты. Бірақ та дымың ішіңде болсын дейді қу атқа мінер жымия күліп. «Ойпырмай! Қойыңызшы, тегі. Сіздің айтқандарыңыздың біріне түсінсем бұйырмасын», — деп Айткүлге езуін тартады...
Баласы үлкейе-үлкейе Москваға дейін жеткен Бекеңнің белі көтеріңкі. Тасы тауға домалап тұр. Бекең — «Ұшқан құс, жүгірген аң — бәрі тамақтың» мағынасын толық түсінетін шалдың бірі. Тамақ құрғырдың бағасы күн сайын қол жеткізер емес. Теңгеде күн жоқ. Еңбек бағасыз. Базардағы баға тұздай ашты. Колхоздың бір күрең айғыры — Бекеңнің «төл аты». Күрең айғыр байлаулы тұрған жерде, Бекеңнің отырғанын ауданның бәрі біледі. Қара базарды иіскілеп жүріп бір саудагерді шырылдатып жатқан милиционерге:
— Бұларға тірлік керек. Болар-болмас нәрсеге шырылдатып, бұның бала-шағасының обалына қалып жүрмегін. Қой, шырағым, — дейді Бекең. Милиционер саудагерді қоя береді.
— Сорлы-ау, оған да бір нәрсе керек қой. Оның құлқынына бір нәрсе неге тықпадың? — дейді саудагерді қуып жетіп Бекеңнің шашбауын көтеріп жүрген біреу. — Ендігі де есіңде болсын. Ана шалға да ебін тауып өзің келесі базарда...
— Беке! Әлгі біздің шалдың көңілі пәленшенің қызында көрінеді.
— Пәленшең кім?
— Оны сұрап қайтесіз... Ақ батаңызды берсеңіз болғаны бізге.
— Жең ұшы істемексіңдер ме?
— Иә, жасыратын несі бар сізден, Беке...
— Болар ма екен?
— Сіз болсын десеңіз, болады ғой, Беке. Міне, сыбағаңыз...
— Біреудің жалғыз баласына бай үкіметтен шақыру қағазы келіпті. Анасы мен әкесі бейшаралар егіл-тегіл болып еңіреп отыр, Беке.
— Оған мен не істемекпін?
— Сіздің бір-ақ сөзіңіз жетіп жатыр ғой, Беке.
— Қайдам, қарағым... Бірақ та жөні келсе, айтып көрейін.
— Қазірінше бар болғаны осы болды, Беке. Осыны ала тұрыңыз, кейіннен тағы көре жатармыз....
Бекең — әділ кісі. Ол ешкімнің сыбағасын жемейді. Базардың аяғында күрең айғыр не Кенжеғұлдың үйінің алдында, не аудандық милиция бастығының үйінің алдында, не аудан военкомының үйінің алдында байлаулы тұрады.
Бір күні түлкі тұмақты Бекеңнің портреті аудандық газеттің екінші бетіне басылып шықты. «Біздің ауданның перафонт головатый Бекмурза Түркімбаев» деген ірі жазумен басталды мақала. Бекеңнің үш ұлы майданда екені, оның бірі «Дарынды жауынгер» Құрманбек майданнан уәкілдер басқарып келгені, Бекеңнің өз маңдай терімен тапқан-таянғанынан тырнақтап жинап жүріп сақтағанынан майданға, жеңіс үшін жүз мың сом қолма-қол үкімет банкесіне тапсырғаны мақалада кең, көпірмелі түрде жазылды. «Патриот ақсақалға» деген атпен жергілікті ақынның өлеңі де сол бетке басылды. Әрине, Айткүл ол газетті Құрманбекке жіберді. Ол оны істеп жүрген кеңсесіндегі үлкен-кішінің барлықтарына көрсетті.
***
Бекболатты Москваға шақыртты. Ол «Москва» мейманханасына тоқтады. Екінші күні іздеп жүріп Құрманбекті телефон арқылы тауып алды.
— Жарайды, қызмет аяғында гостиница «Москва», 559 комнатаға келерсің. Мен сені күтіп отыра тұрармын, — деді Бекболат.
Бекболатты армия генералы қабылдады.
— Сізді командашыңыз дивизия командирлігіне ұсыныс жасаған екен, — деді әңгіменің аяғында, — танысқалы, көргелі шақыртып едім, — деп күлімсіреп орнынан тұрып (Бекболат та орнынан тұрды). — Көрістік, таныстық, полковник жолдас... Комдивтерді мен тағайындаймын, министрдің өзі тағайындайды. Мен ол кісіге өз пікірімді айтармын. Қалай шешуін ол кісінің өзі білер. Сіз екі-үш күн кідіре тұрыңыз. Москваны көріңіз, — деп қоштаса қолын созды.
Құрманбек келді. Бекболат адъютантын «полковничьей» литерный талондарымен гастрономға жұмсады.
— Сенің түрің өте солғын. Азып кетіпсің ғой.
— Тамақ нашар, Бекесі. Ақша аз. Бір общежитиеде жатамын...
— Қалайынша?
— Асханада кәдімгі тылдағы солдат паегінің нормасымен тамақтанамыз. Ақша жағынан фронтовой, гвардейскийдің бәрінен айрылғанбыз...
— Киімің де оңып тұрған жоқ қой.
— Қайдан оңсын? Бізге майданнан қалғанын береді. Майданда алты айға бір киім берсе, біздің мерзіміміз бір жыл.
— Өзім бала кезімнен тамақсау байқұс едім. Мұндай паек маған жұғым болар емес...
— Тамақсаудан шығып кетті-ау! — деп күле бастады әңгімені Бекболат. — Есіңде бар ма, сен баяғыда мектепте оқып жүргенімізде тамақсау едің. Ауылдан келген соң тарыны ешкімге бермей, түн ортасында бәрімізден ұрлап аузыңа ұйып сорып жатушы едің. Есіңде бар ма? Қарқ-қарқ күлді.
— Сенің есіңде бар ма? Бір жолы мен ауылдан алған посылкамды барлықтарыңнан жасырып, түнде, барлықтарың ұйықтағанда жеп жатқанымда, сен менің қолымды шап беріп ұстай алдың...
— Есімде! — деп Бекболат тағы да қарқ-қарқ күлді.
Құрманбек те қарқ-қарқ күлді.
— Онда балалық кез ғой!
— Есіңде бар ма? Сол тарыңды барлығымыз ұрлап алып...
— Иә, есімде...
— Сен сонда жылап, масқарамызды шығармап па едің.
— Балалық қой, Бекесі! Балалық қой!
— Айтпақшы, айтайын дегенім ол емес еді.
— Не еді?
— Менің әкемнің бір немере інісі, аты Сайлаубай дейтін кісі болған. Өзі ақсары келген реңді кісі еді. Кербез дейтін жеңгеміз өте сымбатты, кербез кісі еді. Сайлакең ауырғанда, бір қойды сойдырады екен... Ол үйде қой сойылса, Сайлакеңе тұмау тиді деген сөз...
Менің әкем бір қой сойылып жатқан күні барып:
— Әй, Сайлаубай, неғып жатырсың? — деп сұраса:
— Ауырып жатырмын, Жәке, — депті.
— Ал, қойды неге сойдырдың?
— Ауырған кісі өледі деуші еді ғой. Бәрібір өледі екенбіз. Жеп өлейін деп сойдырдым, — депті.
— Ой, ниетің құрғыр... Онда артыңа еш нәрсе тастамай, барлық малыңды қырып кеткін, — деп менің әкем інісіне ұрысқан екен. Соған ұқсап сен бар тапқан-таянғаныңды тамағыңа ұстаған түрің мынау болса...
— Шал мен Айткүлден «Қонақтарым, келім-кетімдерім бар» деп алдап-сулап айында екі-үш мың сом алып жүрмін.
Адъютант келді. Дастарқан жайылды.
— Кедейдің бір тойғаны шала байығаны дегендейін, жегін мыналарды. Бекболат күліп қонағына ас ұсынды. Құрманбек асқа аш қасқырдай тиісті. Оның біраз қанағаттанғанын сезген Бекболат:
— Егер де жасырын болмаса, өзің мұнда не істеп жүрсің? — деп сұрады.
— Бұндағы біздің қызметіміз... Армия, майдандарда қазақ тілінде шыққан газеттерге рецензия жазу... Кей уақытта, кей мақалаларды аударып береміз.
— Значит, ты простой переводчик екенсің ғой?
— Иә, солаймын.
Құрманбек ваннаға түсті. Адъютант диванға жатты. Екінші төсекке Құрманбек орналасты... Азанғы шайдан кейін Құрманбек шығып кетті.
Жиырма-отыз минуттен кейін қайтып келді. Есікті Бекболат ашты. Құрманбектің түрі сұп-сұр.
— Бекесі, мені құдай атып қалды, — деді ол кіре салысымен.
— Қалайынша?
— Метроға жете бергенде, бұтыма жіберіп қойдым... Қайта жүгірдім. Бір абыройы лифт бос екен. Жалғыз өзім шықтым...
— Онда кір ваннаға! Шешін! Жуынғын!
— Кешегі астан күпті болып қалыппын, — деп Құрманбек ваннаға ентелей енді.
— Иә, солай, Бекесі... Бастығыма не деймін?
— Телефонын айтқын. Оның есебін өзім табармын.
— Арбат 6-78-64, полковник Петров Михаил Петрович!..
— Уайымдама! Жуына бергін.
— Иә, шепинш жатырмын.
— Полковник Талгаров вас беспокоит... Михаил Петрович! Простите, пожалуйста... Мой друг, ваш сотрудник товарищ Бекмурзаев... Я вчера приехал с фронта... Он у меня ночевал... Побеседовали... Мы с ним земляки... Я завтра уезжаю... Да, я приехал по вызову... Я вас прошу, Михаил Петрович, разрешить товарищу Бекмурзаеву денечек побыть со мною и проводить меня... Благодарю вас, товарищ полковник... Я уезжаю завтра утром... Он и завтра придет на работу с некоторым опозданием... Благодарю вас.
Адъютант келді.
— У нас есть запасное белье?
— Есть, товарищ полковник.
— Доставайте их... Мой китель и брюки тоже.
Адъютант барлығын чемоданнан алып шығып, диванның үстіне жайып қойды.
— Отнесите их погладить. Попросите как можно скорее.
— Куда вы спешите, товарищ полковник?
— Я никуда не спешу. Но наш гость обосрался, — деп күліп сыбырлады полковник адъютантына. — Он сидит в ванной и смывает свое говно.
— Неужели? Как будто все было нормально...
— Он обожрался и обосрался... Ты об этом ничего не знаешь!
— Все ясно, товарищ полковник!
— Иди. Делай, как я сказал.
Үш күннен кейін Бекболаттың нөміріне телефон соқты.
— Министр утвердил вашу кандидатуру. Вам принесут предписание, проездные билеты. Поздравляю Вас, товарищ полковник, с новым назначением.
— Благодарю Вас, товарищ генерал армии.
Сөйтіп, Бекболат комдив болды. Ол майданға кетті.
Құрманбек Москвада қалды.
***
Бекболаттың орынбасары Совет Одағының Батыры, Қазалының балықшы орыстарының ұрпағы, қазақша мүдірмей таза сөйлейтін полковник Геннадий Фадеевич''Шляпин"Шляпин өте бауырмал, өзін комдирін іні тұта біледі. Екеуі тек қазақша сөйлеседі. Шляпин — орта бойлы толықша келген, — күлімсіреген жасыл көзді, жирен жігіт.
— Сен батырлықты қайтіп алдың? — деген Бекболаттың сұрағына ол күліп:
— Бір арықтан аттадым да алдым, — деп қарқ-қарқ күліп, — демек арықты да аттай білу керек екен ғой... Мен батырмын, ал сіз кімсіз, полковник жолдас?
— Мен сенің командиріңмін, батырым! Прошу уважать, бояться...
— И любить! — деп бөлді комдивтің сөзін Шляпин.
— Если я заслужу... Прошу и любить, товарищ полковник.
— Если не заел у лейте... Разрешите ненавидеть...
— Разрешаю.
Бекболат өзінің орынбасарымен осылай танысты.
— Сіз осы дивизияда он бірінші комдивсіз. Сізден бұрынғылардың тоғызы генерал, біреуі полковник. Екінші полковник — сізсіз. Біз болсақ, үш-төрт айда комдивімізді ауыстыруға үйренген халықпыз.
— Бұрынғылар үш-төрт ай тұрақтамаса, мен сендерде бір-ақ ай тұрақтармын. Шыдағын, батырым.
Сіз шыдай білсеңіз, біз шыдаймыз ғой. Біз — шыдап үйренген халықпыз.
— Менің жасым 33-те. Өзіңнің жасың қаншада?
— Отыздың алтысынан аттадым.
— Е-е, комиссар 56-да, штаб бастығы 46-да, артиллерия командашысы 48-де, тыл жөніндегі орынбасар 52- де — бәрінен кіші мен болып шықтым ғой.
— Мәселе жаста емес, істе ғой, полковник жолдас. Штаб бастығы полковник Калугин бұрын бас штабтың бір бөлімінде істеген, толықша мыртық, құс мұрын келген сары кісі. Мінезі ауыр, қаламы жүйрік. Өте әдепті.
— Мына қағазға қол қойыңыз, полковник жолдас, — деп қолындағы қара папкісінен кезекті қағаздарды түрегеп тұрып,әдеп сақтап ұсынады.
Бекболат қағаздарды қадағалап оқиды, қызыл қаламмен шимайлап түзейді де:
— Вот так надо написать, коль я подписываю, — деп Калугинге қайтарады.
Калугин — сауатты адам, Бекболаттың жалпы құрғақ сөздерді өшіріп, олардың орнына ток етерін жазып, қысқартқанына түсінеді, бірақ та зая кеткен еңбегіне іші де ашиды. Қарсы бір сөз айтпастан:
— Так и будет сделано, товарищ полковник, — деп шұғыл қайырылып шығып кетеді.
«Новое начальство — новый порядок. Новые капризы. Но этот монгол слишком много берет на себя...», — деп ойлайды ол.
«Бұрынғы комдивтер артынып-тартынып, бес-алты чемодандарын үш-төрт адамға көтертіп, қасына бояу ерін ППЖ-сін ертіп, екі машинамен келуші еді. Мынау болса, жападан-жалғыз келді. Өзі — өте жас жігіт. Келе салысымен баса-көктеп барады. Мінезі қызулау көрінеді. Мәселені шарт кесіп шешеді. Бұның ақыры не болар екен? Қауымның сорына келді ме екен, ырысына келді ме екен бұл? Бұған да жәрдемдесу — менің борышым...», — деп ішінен тынады, бұрынғы обкомның секретары қазіргі дивизия комиссары полковник Иван Михайлович Коньков.
«Артиллерия — бог войны» деген Сталин. Артиллерия мен теңіз офицерлерін ежелден армияның маңдайалды интеллигенциясы деп санайтын. Олар өз ісіне өте шебер, маман келеді. Әскердегі сауаттылармыз деп есептейді өздерің. Бірақ та олар, орысша айтқанда, узкие специалисты.
Дивизияның артиллерия командашысы семіп қалған қара қатпа, шүңгіл көз, дудар шаш, қалың қас, жағына пышақ жанығандай, өзін-өзі мықты ұстай білетін полковник Шеметов. Оның ұлты — молдаван.
Ол бір жолы үлкендігі дастарқандай «Таблицы артиллерийской подготовки»-ді комдивтің алдына жайып қойып, шірене отырып:
— Осыны сіз, полковник жолдас, бекітуіңіз керек, — деді.
— Мен еш нәрсені оқымастан, таныспастан, түсінбестен бекітуден аулақпын.
— Оқыңыз, танысыңыз, түсініңіз, полковник жолдас, — деді ол жымия күліп.
Бекболаттың қызыл қалам, қара қаламы қолында. Ол үңіле қарап, дастарқандай қағазды шимайлап түзеп жатыр. Шеметев орнынан тұрып, қаламдар ізіне көз салды. Бекболаттың қаламдары жүйрік. Графикасы сұлу.
— Не пехота предназначена для артиллерии, а артиллерия предназначена для пехоты... Артиллерийское решение принимает не командующий артиллерией, а общевойсковой командир... Вот мое артиллерийское решение на предстоящий бой... Придется вам, товарищ полковник, кое-что переделать, — деді Бекболат.
— Простите, товарищ полковник... Разрешите спросить вас... Откуда у вас столько артиллерийских познаний?
— Я — довоенный командир артиллерийского дивизиона.
— Тогда понятно.
— Наш комдив не хуже нас разбирается в артиллерийских вопросах, — деді Шеметов бір жолы. Оның бұл сөзі штаб маңайындағыларға тарап кетті.
— Созып мылжыңдамаңыз. Жаңа комдив қысқа, тұжырымды жазуды тілейді, — деді бір жолы Калугин. Оның бұл сөзі де штаб маңайындағыларға тарап кетті.
Тыл жөніндегі орынбасар полковник Кузнецов жаңа комдивпен танысқалы артынып-тартынып келді. Біраз әңгімелесіп отырып:
— Мы вам кое-что привезли, товарищ полковник. Прикажете их отдать вашему адъютанту?
— Ваша карта, товарищ полковник? — деді Бекболат. Кузнецов планшеткасынан картасын алып, сасқалақтап, комдивтің алдына жайды.
Тап-таза картага қарап, комдивтің түрі бұзылып кетті.
— Доложите обстановку, товарищ полковник!
— Наша дивизия... Стоит в обороне на участке...
— Укажите участок обороны дивизии!
— Вот отсюда...
— До силе... — деп кекетті Кузнецовты комдив.
— Я обстановку знаю, товарищ командир...
— Вы ни черта не знаете! Вы знаете жрать и срать!.. Об этом говорит ваша собственная карта!.. Вы старый полковник! Как вам, будучи замкомдива, не стыдно не знать хотя бы общую обстановку? Я зам этого не прощу! Как вы, не зная обстановку, руководите нашим тылом? Как вы обеспечиваете?..
— Я был занят, товарищ полковник... Я хотел зайти в штаб, чтобы уточнить обстановку...
— Федор Степанович! Лучше замолчите! — деп ақырды оған комиссар. — Комдив прав. Потрудитесь выслушать замечания комдива и.., если сумеете, в дальнейшем исправляйте свои ошибки...
— Слушаюсь, Иван Михайлович...
— Суточный срок вам. Разберитесь и доложите мне толком о состоянии тыла дивизии... Идите, товарищ полковник! А ваше «кое-что» заберите с собой!
Солдат — үйсіз-күйсіз адам. Дивизияда 12-13 мың солдат. Олардан үкімет еш нәрсені аяп отырған жоқ. Олар да Отаннан еш нәрсесін аяп жүрген жоқ. Шығынсыз соғыс болмайды. Күн емес, сағат сайын шығын. Саптан жүздеген жауынгерлер жарақаттанып кетеді, жүздегені шейіт — құрбандық болады. Бір тәулікте 12-13 мыңның кемінде 500-і, әйтпесе, 1000-ы саптан шығады. Дивизия азық-түлікті үш-төрт күнгі бұрынғы санымен есеппен алады. Демек, 1500-3000 адамның паектері Кузнецовтың қалтасында.
Осыны есептеп отырып:
— Иван Михайлович! — деді Бекболат. — Я очень прошу вас лично и аппарат политотдела вплотную заняться вопросом тыла.
— Да, товарищ комдив, — деді күрсініп Коньков. — Я вас понимаю. При хорошем ведении хозяйства можно было бы создать неисчерпаемый резерв материальных средств, а наши солдаты часто голодают. А тыл для фронта. Народ живет впроголодь... Ну, разрешите, я пойду, лично займусь этим вопросом.
— В недельный срок, Иван Михайлович, наш тыл должен быть в ажуре.
— Не обещаю!.. Там ведь всякие переулки да закоулки — сам черт запутается...
— Ваша задача — распутывать!
— Правильная постановка вопроса... Займусь лично, мобилизую весь свой аппарат.
Сөз жерде жатпайды. Бұл да штаб тарапындағыларға тез тарап кетті.
Бір жолы дивизия шабуылға аттанды. Бекболат комдив болғалы бірінші шабуыл. Декабрьдің ортасы. Қалың қар, суық аяз... Бекболаттың дивизиясына бір артиллерия дивизиясы, екі артиллерия бригадасы, бір танкі-самоход полкі қосылды. Таң сәріде шабуыл басталды. Тұншығып тоқтап қалды. Бекболаттың есебін жау бекерге жіберді. Комдивтік тәжірибесі аз Бекболат қағаздарға шұлғып отырып, соғыс жайын теориямен есептеген. Штабы да оны мақұлдаған. «Нарықты базар бұзады» дегендей, командирдің ойы сәтті болмады. Күш мол, табыс жоқ. Қақыраған аязда жауынгерлер тоңып-үсіп жатыр. Неміс бас көтертер емес. Бекболаттың қатесі — полк командирлеріне сенеді, есебі дұрыс деп ойлайды. Ол әр полкке телефон соғады. Полк командиріне де жан керек. «Продвигаемся... Вот-вот возьмем высоту...» — деп баяндайды полк командирлері. Қамқор, армия командашысына Бекболат та... солай баяндайды Күн өтті, кеш батты.
Я целый день врал, потому что мне врали... Нисколько не продвинулся, — деді Бекболат телефонға шақырған корпус командиріне.
Қасында отырған Коньков пен Шляпин сұп-сұр болып кетті.
— Меня, Конькова, Шляпина, Шеметова надо вешать!
— Хорошо! Повесим, если в этом будет необходимость, — деді корпус командирі.
Корпус командирі де Бекболаттың дивизиясы алға ентелеп кетіп барады деп армия командашысына күні бойы баяндап отырған.
— Товарищ командующий! Я поверил Талгарову, а он оказался неспособным комдивом... Он вынужден был признаться, что он нас целый день обманывал... Одним словом, по его признанию, «воз и поныне там».
— Он так и признался?
— Так точно!
— «Доверяй, но и проверяй!» В неудаче Талгарова вы виноваты, товарищ генерал!
— Я не снимаю с себя вину тов...
— Талгарова я знаю с тех пор, когда он еще был взводным командиром... Он был отличным командиром полка. Но он неопытный комдив... А вы комкор!
— Но, тов...
— Не «но», а надо руководить, направлять, контролировать! Я сам скороспелый командарм... Талгаровых вешать никогда не поздно. Но какая от этого выгода? Они нужны. Он сказал вам жестокую, но правду. Горькую правду... Дайте ему возможность выправить положение! Ни в коем случае его не упрекать! Ни в коем случае его не оскорблять! Он сам тяжело переживает свои неудачи... Окрылите его добрыми советами... На этот раз у нас везде неудача...
Талғаров түнімен ұйықтаған жоқ. Шляпинді бір полкқа, Шеметовті екінші полкқа, Коньковті үшінші полкқа жұмсады. Өзі қарая түнеріп отыр. Жанын қояр жер жоқ. Тықыршып жүр. Орнында отыра алмайды. Таң атты. Сәске болды. Шляпин кеткен полкқа Бекболат телефон соқты.
— Жаңағы артиллерияның азан-қазан істегенінен кейінгі жағдай қалай?
— Дұрыс! Алға ұмтылып жатырмыз, — деді полк командир!.
— Өзіңіз көріп тұрсыз ба?
— Көріп тұрмын. Бәрі көз алдымда. Сенбесеңіз, полковник Шляпиннен сұраңыз.
— Жарайды.
— «Кешегі сөзімді бүгін айтпауым керек. Өзім барып көрейін», — деп Бекболат орнынан тұрды...
Түлей орман. Қалың қар. Қысқан аяз. Курляндияның қысы — оңбаған қыс. Қар астында, қар жамылған шалшық тоңбайды. Қардың жұқа жерінде күмп етіп суға түсіп кетесің. Бір талшыбық оқтау еменді қылышымен отап алып, таяқ істеп, күдікті жерді алдынан шұқылап, дивизия командирі адъютанты екеуі жаяу келе жатыр. Олар орманнан шықты. Алда өркештене жатқан сүйір төбелер. Күн ашық. Қарға шағылысып тұр... Дивизия командирі адасып, алдыңғы шепке бір-ақ жетті. Қар үстінде жауынгерлер қалтырап жатыр. Төбеден жау пулеметтері оқта-санда оқ бүркеді. Миналар зуылдап келіп түсіп, тарс етіп жарылады. Ақ қар үстінде көгенге тізген қозыдай сиректеп қарауытып жауынгерлер жатыр. Дивизия командирі сирек атқылаудың астында тіп-тіке алдыңғы шепті аралап келеді.
— Ну что, братец?
— Дюже озяб, товарищ полковник.
— Я ваш комдив. Не ты, а я виноват, что ты так дюже озяб. Где ваш командир? Я пришел к вам, чтобы искупить свою вину.
— Он, проклятый, на горе сидит, а мы внизу... Он все видит и как чуть шелехнется, палит подлец по нам... Сверху палят, с боков, снизу мороз жмет... Житья нет. Хоть скорее бы убил, что ли, чем так долго мучать.
— Потерпи немного. Скоро расколашматим его.
«Жаңа дивизия командирінің өзі алдыңғы шепті аралап жүр» деген хабар тез тарап кетті. Дивизия командирлерінің алдыңғы шепте бола бермейтінін жауынгерлер жақсы біледі. Бірақ та өз көзімізбен көрдікке сенбеске болмайды...
Для кого и где проходит передний край в ходе боя? Осы уақытқа дейін әртүрлі жауап беріп келдік. «Место командира только и только впереди» деген принциппен соғыстың алдыңғы жылдары көп офицерлерді қатардан шығарып алдық. Кейін Сталиннің 306 бұйрығында командирлердің дәрежелеріне, оған ұрыстағы жүктелген міндеттеріне сәйкес орындары да көрсетіліп, бұрынғы ереже бұзылды. Ол — тәжірибеден, тұрмыстан алынған сабақ. «Передний край для командиров любых степеней проходит там, где он целесообразно нужнее для управления боем в данной, конкретно сложившейся боевой обстановке» — деген қорытындыны біз тұрмыстан, тәжірибеден алдық.
Дивизия командирі жауынгерлердің сілтеуі бойынша кейін қарай полк командирінің бақылау пунктін іздеп келеді. Жолда взвод, рота, батальон командирлеріне жолықты.
Ұрыс жүріп жатқан өлкенің жерінің астындағы суы өте жақын. Сондықтан бұл өлкенің елі үй салғанда, алдымен жерді қазып, цементтеп, подвал істеп, оны жер үстінен белуарға дейін көтеріп соғып, соның үстіне ағашты қиыстырып үй салады. Соғыс кезінде үстіндегі ағаш үйлер өртеніп, астындағы подвалдарын қар басып қалған бір хутордың жұртына жан-жақтан созылған телефон сымдары өрмекшінің кіндігінен таралғандай. «Демек, полк командирінің бақылау пункті осында болды ғой», — деп Бекболат тіке тартты. Подвалдың іші лық тола адам. Олар кіре берісте иін тіресіп тұр. Төрдегі білте шамның жарығымен стол үстінде үңіле жайылған картаға қарап тұрған офицерлер. Бес-алты телефон тізулі тұр...
— Полк командиріне дивизия командирі келді деп айтыңыз! — деді Бекболат кіре берістің ең шетіндегі біреуді таяғымен түртіп қойып.
— Пропустите комдива! — деген қарлыққан дауыс жер астынан шыққандай болды.
Тұрған адамдар ары-бері ығысып қарап еді, бірақ дивизия командиріне жол бере алмады.
— Ал, біртіндеп далаға, мұнда шыға бастаңыздар! — деп бұйырды Бекболат. Жауынгерлер үңгір есіктен ытқып шығып, он шақты қадамнан кейін қар үстіне жақындап:
— Здравья желаю, товарищ полковник! — деп Шляпамен сәлемдесе бергенде, есік алдындағы мұзға тайып барып жығылды.
— Желкең үзілсін, желкең үзілгір! — деді оған қазақшалап Бекболат.
Шляпиннің өңі бұзылып, дивизия командирінің қасына келіп үн қатпай тұрды.
— Товарищ полковник, командир... — дей бергенде, Бекболат таяғын бір сілтеп:
— Вы, полковник, не командир, а размазня! Вы лгун! Очковтиратель! — деп аузына келгенін айтып тілдеді де, — көртышқанша жер астында тығылып жатып, полк қимылын қалай көріп, қалай меңгеріп отырдыңыз?.. Ал, сіздер, — деді ол екі артиллерия подполковниктеріне, — сіздер не көріп отырдыңыздар?.. «Не вижу — не стреляю!» деген артиллерияның заңы қайда?.. — тағы да ащы сөздермен тілдеп-тілдеп алға қарата жүріп кетті.
— Мынау не? — деп сұрады үй орнындай қанды қарды көрсетіп.
— Көгенге тізілгендей боп аналар неге жатыр? — деп көрсетті алдыңғы шепке.
— Товарищ комдив...
— Болван! Я вас отстраняю от командования! — деп полк командирінің сөзін бөліп тастап. — А вы немедленно свяжитесь со всеми командирами дивизионов, чтобы вся артиллерия дивизии через двадцать минут была готова вести огонь по этой буханчатой сопке, — деп бұйырды артиллеристерге. — А командующего немедленно вызвать ко мне.
Олар кетті. Бекболат томар үстінде отырып, үлкен сүйір жайын өркештеніп жатқан жон арқаның жоспарын сызып, оны алты участкеге бөлді.
— Мынаны жаңағыларға алып барғын, — деді комдив Шляпинге, — әр участкеге құлаштары жеткенше, кемінде бір-екі дивизион атқылайтын етіп дайындалсын.
— Дайындық үшін оларға уақыт аз емес пе?
— Кешелі бері олар да қарап отырған жоқ шығар. Огонь придется вести по площадям, а для этого особо точной подготовки не нужно... Там встретите полковника Шеметева, так и передайте ему.
— А мне что прикажете делать?
— Сидеть со мной рядом и молчать, — деді дивизия командирі көзін аларта қарап полк командиріне.
— Жолдас комдив! — деп телефон соқты Шеметов. — Даяр көрінеді, алдымен әрбір дивизион жеке-жеке участкелерге кезеп алса қайтеді?
— Оған қанша минут керек?
— Кемінде жиырма минут.
— Жауынгерлер қатты тоңып жатыр ғой. Он минуттен артық уақыт бермеңіз.
— Тырысып көрелік.
— Шляпин маған келсін.
Біздің жақтан сирек атыстар басталды. Оқта-санда бір- екі снаряд, әйтпесе, миналар төбенің басына, я қабырғасына барып түсіп, бұрқ етіп жарылып жатыр. Дивизион мен батареялар өз участкелеріне құлаш сілтеп, көздеп жатыр.
Дивизия командирі отырған жерге полктың батальондарынан телефон дар келтірілді. Ол әлі ешкіммен сөйлескен жоқ.
Шляпин келді. Ол онымен де сөйлескен жоқ.
— Бастасақ қайтеді? — деп сұрады телефонмен Шеметов.
— Барлықтарына айтыңыз. Бес минуттан кейін барлығы жаппай бірден бастасын. Дүркіндете атып бастасын.
— Қанша минут атқылаймыз?
— Дүркіндете жиырма минут.
Арттан артиллерияның сарыны шықты. Төбенің жоны бұрқылдап, құйындала бастады. Алғашқы сирек құйындар бір-біріне қосылғандай, минут сайын қара түтінге айналып, қоюланып барады. Артта атылған зеңбіректер сарыны, алда жарылған жүздеген, мыңдаған снарядтар мен миналардың дабылы. Жонның ұйқы-тұйқысы шығып, қара будақ көкке шапшып жатыр...
— Так держать до конца, а потом перенос огня на четыре прицела, а сами со связью ко мне... — деп Шеметовке бұйырып, Бекболат орнынан тұрды да: — Поведем в атаку сами, — деп өзі батысындағы Шляпинді он қанаттағы, полк командирін сол қанаттағы батальондарға жұмсап, тіке алға тартты.
— Алдыңғы шептегі жауынгерлер алдағы болып жатқан ұйқы-тұйқыны көріп жатыр. Кейбіреулері орындарынан тұрып секіре бастады.
Бір кезде барлық алдағы шептегілер орындарынан тұрып алға ентелей қадам баса жөнелді.
— Вот это здорово! Как на учении! — деді біреу келе жатқан Бекболаттың соңынан. Ол бұрылып қарап:
— Это вы, Иван Михайлович? — деп таңдана сұрады комиссардан.
Жотаға өрлеп шыға бергенде, артиллерия құлашын алыстата сілтей бастады. Төбе басындағы будақ-будақ қара түтіндер тарқай бастады. Жауынгерлер ұрандай жүгіріп өрлеп барады... Төбенің арғы бауырына ылдилай бергенде, дивизия командирі артиллерияға атқылауын тоқтатуды бұйырды.
Полк командирін шақырып алып:
— Мен осы жерде отыра тұрайын. Бір сағаттан кейін мен сонау селоның арғы шетінде отыруым керек, — деді алдағы екі-үш километрдей жерде көрінген селоны көрсетіп. — Ал, енді сіз оны қалай алуды өзіңіз ұйымдастырарсыз. Менің қарамағымда басқа полктер де бар...
Сөйтіп, шебі бұзылған жау табан тіресіп токтай алмады. Дивизия екі күннің ішінде жиырма бес километрдей алға басты.
Көп ұрыстарға қатысқан дивизия командирінің эпизодтарын айта бермелік. Қысқасын айтқанда, Бекболат сол ұрыстан бастап, өз орнындағы белгілі дивизия командирлерінің қатарына ілінді.
«Ваш комдив молодой, энергичный. У вас дела идут неплохо. Раз дела неплохо идут — значит, жмет», — деп күлді бір жолы Коньковпен әңгімелесіп тұрып командашы.
«Наш комдив деспотически требовательный. Мы стонем под его пятой, но одновременно греемся под его крылышком», — деп күлді Шляпин өз жолдастарының арасындағы бір отырыста: «Ей, ей, тогда под этой сопкой я боялся, что кого-нибудь ухлопает. Он свирепо погонял нас всех по переднему краю, но никому не доложил». Оның онысы рас еді. «Әркім өзінің тиісті сыбағасын алды ғой, дивизия командирі жолдас. Шүкір, істің нәтижесі жаман емес қой. Өткен қателіктерді кеу-кеулемей-ақ қоялық», — деп комиссар кезінде ақыл айтып еді дивизия командирше. «Кешірмеймін де, қудаламаймын да» деген болатын оған дивизия командирі.
Арада бір жарым жыл өтті. Бекболаттың орынбасары әлі де баяғы Қазалының балықшы орыстарының ұрпағы, қазақша мүдірмей сөйлейтін Совет Одағының Батыры полковник Шляпин Геннадий Фадеевич дейтін өте бауырмал, кішіпейіл, орта бойлы, күлімсіреген жасыл көзді сары жігіт. Ол дивизия командирімен тек қазақша сөйлеседі.
— Жолдас дивизия командирі, жағдай оншама мақтанарлық емес, — дейді ол қиын жағдай басына түскен кезде. — Не ойлап отырсыз? Сырыңызды айтсаңызшы! Бәріміз сіздің аузыңызға қарап отырмыз ғой.
— Иә, Геннадий Фадеевич, халымыз нашар. Қысылып отырмын. Сондықтан ойымды айтуға тілім де жетпей отыр.
— Ой болса, оны ымдап та түсіндіруге болады ғой, — деп әзілдейді Шляпин. — Ойыңызды айтуға сіздің тіліңіз де жетеді ғой!
— Алдымен өз ойыңды айтшы, менің ойым еш жаққа қашпас. Ақылдасып пішкен тон кең болады демеуші ме еді.
— Рұқсат болса айтайын, комдив жолдас. Маналы бері бата алмай отыр едім, — деп бастайтын ол ақылын...
— Демек, келістік қой. Ал, енді қарманып көрелік. Негізінде солай болсын. Басқалармен де ақылдасып көрерміз. Бірақ та ойды базардағы нарық бұзады дегендейін...
— Негізіне мен түсіндім, комдив жолдас. Ісіміз сәтті болғай, — деп Шляпин өз орнына кететін.
Арада бірнеше соғыстар өтті. Дивизия бұрынғы қалпына келді.
— Опырмай, Бәке! — деді бір жолы кешкі шәй үстінде отырып Шляпин. — Біздің дивизиядағы он екі мыңның ішінде бар болғаны жиырма-отыздай-ақ қазақ көрінеді. Кеше түнде алдыңғы шептен қайтып келе жатсам, шырттай қараңғы түнде, қалың орманның ішінде біреу:
Шын достар бір-біріне сыр айтады, Әкесі баласына шын айтады. Сен едің отыз ұлдан қалған Зәуреш Көке деп енді мені кім айтады... — деп, кәдімгі Зәурештің әнін шырқатып салып отыр. Құлағыма сондай жылы тиіп кеткені. Қасына барып, біраз отырып, тағы да бірнеше ән айтқыздым. Кәдімгі өзіміздің елдің әншісі көрінеді....
— Елді өте сағынып жүр екенсің ғой, Геннадий Фадеевич.
— Ә, елді сағынбағанда, кімді сағынайын?.. Егер сіз рұқсат етсеңіз, сол жігітті өзіме ординарец етіп алсам деген ойдамын.
— Алғын, Геннадий Фадеевич, — деді комдив.
Ригадағы болған үлкен әскери мәжіліске қатысып, Бекболат майдан шебіне қайта оралып келеді. Ол жақында үйінен хат алған.
«Жаным, Бекболат!..» деп басталған хаттың бес-алты беті жасанды сағынышты лебіздер... «Сен кеткелі қор болдық...». «Жоқшылықты да, тапшылықты да көріп келеміз...» деген сияқты арыздар.
Хаттың ең ақырғы жолдарында Бекболатқа Ажар қызының өлгенін хабарлайды. Бекболат хаттың соңғы жолдарын қайталап оқиды. Ол сол жолдардан іздейді. Ол нені іздейді? Хаттың бір әрпінен аналық сезімді, аналық қайғыны іздейді. Іздейді де таба алмайды. Қыз баласынан айрылып, ұл баласын әлі көрмеген Бекболат қайғырады, сағынады, шаршайды. Шаршап барып қажиды, қалғып кетеді. Жосылған жолмен машина зуылдап келеді, комдив қалғып отыр. Машина тоқтай қалды. Комдив селк етіп оянды.
— Полковник жолдас! — деп қолын шекесіне ұстап, алдында қалт тұрған Құрмашты көрді.
— А, аға лейтенант жолдас, сіз бе едіңіз? — деп сұрады ұйқылы-ояулы көзімен қарап Бекболат.
— Сізді Ригада сыртыңыздан көріп едім. Осы жерге дейін жолшыбай машиналармен келіп, осы жерден қалай өтпес екен деп күтіп тұр едім, полковник жолдас.
— Отырыңыз.
Құрмаш Бекболаттың адъютантымен қатар артқы орынға отырды.
— Полковник жолдас, сіздің даңқыңызға сыртыңыздан естіп, қуанып, мақтанып жүрген қазақтың бірімін, — деді Құрмаш машина жылжи бастағанда. — Әрқашан да тілектеспіз сізге... Қалай, бала-шағаларыңыз аман ба екен?
— Балалар аман көрінеді.
— Жеңгей де күйлі шығар?
— Иә, күйлі көрінеді, — деді де, Бекболат тағы қалғи бастады.
— Шаршап келеді комдив, — деп адъютант Құрмашқа сыбырлады. Екі жүз елу километр жолда ешкім бір-бірімен үн қатысқан жоқ.
— Мен сізге келдім, — деді Құрмаш штабқа жеткенде.
— Айтыңыз шаруаңызды.
— Мен, шынымды айтсам, қашып келемін.
— Қайда? Кімнен?
— Госпиталдан шыққаннан кейін, мен сіздің дивизияға сұранып едім, бірақ та мені тамыр-таныстар жоқ тарапқа жұмсады, — деп қалтасынан қағазын алып ұсынды.
— Сіздің жұмсаған дивизия — бізбен көршілес дивизия. Жақсы дивизия... Мына тұрған жер.
— Менің оған барғым келмейді.
— Мен, аға лейтенант жолдас, тек осы дивизияның ғана командирімін. Жоғарғы орындардың бұйрығын өзгертуге менің ешқандай хақым жоқ екенін сіз түсінуіңіз керек...
— Полковник жолдас, сіз жолаушы жүрген кезде, сіздің қарамағыңыздағы дивизияда ешқандай атап айтар оқиғалар болған жоқ. Полктар бұйрығыңыз бойынша орындарында өз міндеттерін дұрыс атқаруда... — деп Шляпин қалт тұра қалып комдивке рапорт айтты.
— Саламатсыз ба, Геннадий Фадеевич, — деп комдив оған қолын берді.
— Ат-көлігіңіз аман ба, полковник жолдас, — деп комдивтен қазақшалап сұрады да: — Сізге дайындаған үйге ертіп баруға рұқсат етіңіз, — деді.
— Мына аға лейтенантпен танысыңыз, Геннадий Фадеевич... Бұл кісіні жақсылап қонақ етіп, ертең аттандырарсыз, — деді комдив. — Мен жуынып-шайынып, біраз демалғаннан кейін әңгімелесерміз. Өзім қатты шаршап келдім. Барып қызметіңізді бұрынғыдай атқара беріңіз... Таң атқанша мен әлі сіз үшін келгенім жоқ, — деп күлді.
— Түсінікті, комдив жолдас. Жақсылап дем алыңыз.
Шүкір, барлығы әзірге орнында ғой, — деп күлімсіреп Шляпин қоштасып, Құрмашты ертіп кетті.
Бекболат жақсы ұйықтап тұрып, жуынып жатқанда, Шляпин келді. Екеуі бірге отырып тамақтанды. Шляпин комдив жоқ күндердегі дивизияның барлық жағдайларын толығынан баяндап болған соң:
— Сізге бір тілегім бар, комдив жолдас, — деді.
— Айтқын тілегіңді, Геннадий Фадеевич.
— Кеше сізбен бірге келген аға лейтенант...
— Оған мен айтарымды айтып едім ғой...
— Бір қазақпен санымыз көбейсе, дивизияға зиян бола қоймас.
— Бір кісімен санымыз көбеймейді де, азаймайды да ғой...
— Торғай да бұтаны паналайды ғой... Әдейі ізденіп, сұранып келген екен... Рұқсат етіңіз, комдив жолдас.
— Ол жігіт сізге мұңын шаққан екен ғой?
— Рұқсат етіңіз, полковник жолдас.
— Рұқсат ете алмаймын... Бірақ та мен ол жігітті көргенім де жоқ, сіздің айтқаныңызды естігенім де жоқ.
— Түсінікті, комдив жолдас.
Дивизия тағы бір зор соғысқа қатысты. Ұрыс дивизия үшін бірде жығу, бірде жығылыспен өтті. Комдив Құрмашты бір-екі жолы Шляпиннің қасында көрді де, бір жолы оған:
— Сіз мына жігітті алып қалған екенсіз. Орынды жерге жұмсай біліңіз. Мерт болып кетіп жүрмесін, — деді бір сөздің арасында.
— Мына апалаң-топалаңда кім білсін. Әйтеуір қазіргі орны басқалардан қауіпсіздеу жерде.
Ұрыс аяқталғаннан кейін, дивизия екінші эшелонға шықты.
— Сіздің дивизия аз күннің ішінде көп сыннан өтті. Бірде ауып, бірде аударылып, қажыды. Енді дивизияны қалпына келтіруге бір айдай уақыт керек болар, — деді командашы Бекболатқа картадан дивизияның орналасатын жерін көрсете отырып.
«Болдырған атқа қамшының сабы да ауыр», — дейді қазақ. Қажыған жауынгерге бір сағат тыным алу — ашыққанда жеген құйқаның дәмінен де тәтті болады... Астың қадірін ашыққанда біледі, тынығудың қадірін шаршап қажығанда біледі, жақынның қадірін ажырасып алыста жүргенде біледі, шын ғашықтың қадірін адасқанда біледі. Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра демекші, осы айтылғандардың барлығы соғыс жағдайларында дивизияның жауынгерлерінің басында. Оны комдив түсінеді. Солдат — үйсіз, күйсіз, панасыз адам. Оны да комдив жақсы біледі.
Майданда бір ай демалысқа шығу — бейбітшілік кезде бір жыл нағашысының аулында аунап-қунап жатқанмен тең. Сондықтан комдив әрбір бөлімшеге биік күрке салынып, оның ішіне жерден үш қарыс биіктеу төсек орнатылсын деп бұйрық берді. Бекболаттың ойынша, қалың орман ішінде ортан қолдай он шақты жігіт бір күннің ішінде күрке салып, оның ішіне төсек орнату оншама қиын емес. Жауыннан құрғақ, саздан жоғары жатып демалуға мүмкіншілік істемек.
Бірақ та! Бірақ та қандай іс болғанмен, оның ең ауырлығы істеп үдесінен шығуда емес, соны басынан аяғына дейін ұйымдастырып, орындаушыларға істетіп үдесінен шығуда. Командирдің міндеті — ұйымдастыра, істете білу, ол үшін қадағалап соңына түсіп отыру керек. Солдат қауымы — ұжымдық қауым. Біздің заманда ұжымды жұмылдыра істету әлі де оңайға түсіп жүрген жоқ. «Менікі ғана дейсің бе?», «Басқалардан маған көп керек дейсің бе?», «Менен басқалар да осында аз емес қой» деген сияқты жеке меншіктік психологиясының жанын аяр жалқаулық дерті жауынгерлер арасында да көп кездеседі. Сондықтан қадағалап, соңына түсіп отыру керек. Бұйрық дәлелді, ойланып берілген бұйрық па? Олай болса, бұйрық орындаушыларға жетті ме? Жетсе, орындаушылар оған дұрыс түсінді ме? Түсінсе, ол орындаушы оны қалай орындауын кең ойлады ма? Ойласа, ол қалай ойлады, ойы дұрыс па екен? Ойы дұрыс болса, ол бұйрықты орындауға кірісті ме? Кіріссе, қалай кірісті? Бастаған ісінің беталысы қандай екен? Қалай істеліп жатыр екен? Қалай аяқталып бітті екен? Қалай жайласты екен? Тағы не істеу керек? — деген сияқты сұрақтар бұйырушының түн ұйқысын төрт бөледі. Бұл — заңды, неге десеңіз ол — жауапкер.
Штаб офицерлері мен командирлердің барлығы іс басында жүр. Жоғарыда айтылған сұрақтардың барлықтарына іс жүзінде дұрыс жауап алу қайдан болсын. Кейбіреулердің тап-тұйнақтай етек-жеңдері жинақы, белдері бекем байлаулы болса да, кейбіреулер алқа-салқа, мүлік аспаптары ашылып-шашылып жатыр, еңбектері өнімді емес, бірі бар, бірі жоқтық қол аяқтарын шідерлеп, ілгері бастырар емес... Полктарды аралап жүріп Бекболат сондай топтың біреуінің үстінен шықты. Баяулап жауып тұрған жаяу жаңбырдың астында жауынгерлер қыбырлап, ағаштар тасып жүр. Комдив келе жатыр. Ол үстері су, көздері кіртие шаршаған жауынгерлерге, олардың шаршап-болдырған шабан қимылдарына қарап келеді. Кейбір пысықтары өзіне жеке ит күрке істеп алғанын да көріп келеді.
— Үш күннен бері істегендеріңіз осы ма? — деп сұрады полк командирінен.
— Аспаптар жағынан өте тапшымыз, полковник жолдас.
— Барлық аспаптардың басын қосып, құрушылар командасын құрып, кезек-кезек кірістірген болсаңыз, әлдеқашан көп күркелер істеліп қойған болар еді. Мынауыңыз тірлік емес қой. Әркім өз басымен әуреленіп жүр емес пе? Наличными инструментами вы могли бы организовать трехсменную работу. При правильной расстановке людей половина полка могла отдыхать... У вас все на ногах и без толку...
— Каждый за себя работает...
— Есть русская поговорка: «Дурная голова ногам покоя не дает», — деп комдив зекіріп полк командирінің сөзін бөлді.
— Это слишком, товарищ....
— Вы это заслужили! Потрудитесь, товарищ командир полка, слушать, когда я говорю!.. Если чем-нибудь или мною недовольны — ваше право на меня жаловаться, а пока слушайте мои указания и выполняйте!
— Есть, слушаюсь, товарищ полковник!
— Тогда целые сутки людей держали под огнем противника на морозе, а теперь двое суток людей держите под дождем! Сколько же можно терпеть разгильдяйство со стороны вас и вашего штаба? — деп комдив ашына сөйледі келеді.
Үлкен алдында қарамағындағыларға қоқыраңдап, әдейі айқайлап қаталдық көрсеткенсіп көзге түсемін деушілер де әскер қатарында аз болмайды. Комдивтің қарасын көре салысымен тыпыршып, ол жақындағанда, дауыстап жұмсап, біреуін құжырып, біреуін асықтырып жүрген командирлер. Жаңа ғана тапсырғаны есінен шығып, қапылыста басқа жаққа жұмсап, сасқалақтаған бір сержантқа:
— Преказебай! Преказебай! Делять будем! Ми делять будем! Преказебай, ипилямать! — деген қазақ жауынгерінің даусын естіп комдив күліп жіберді де.
— Ну, мне все ясно, — деп кейін бұрылды да, командирлерді жиналысқа шақыруды полк командиріне бұйырып полк штабына қайтты.
Жиналыста комдив күліп тұрып сөзін былай бастады:
— Солдат үшін ешкім еңбек істемейді. Қара жұмыстың барлығын істейтін солдат. Ұйымдастыра білу керек, жұмсай білу керек, әркімді өз орнына қоя білу керек, істете білу керек... Аты-жөні жоқ қудалай бергеннен өнімді іс шықпауына дәлел сіздің осы батальонда «Жұмсасаң, жөндеп жұмсасаңшы — бәрібір істейтұғын мен ғой. Ары-бері қуалап, екі-үш күннен бері сары суымды сыртыма шығардың ғой» дегендей, жаңа бір солдат әбден күйінгендіктен өзінің сержантын тілдеді, — деп жаңағы қазақ жауынгерінің сөздерін бұлжытпай айтып берді. Командирлер де күлді. Әңгіме жаңағы сөздің айналасынан шықпады. Упреки этого солдата очень справедливы. Это относится не только к этому сержанту, а нам всем. Солдат умоляет нас приказывать толком. Прикажите толком, а он все сделает», — деп сөзін аяқтады комдив.
Сөйтіп, дивизияны бір айлық демалысқа жайлы орналастыру комдивке оңайға түскен жоқ.
Жер қарайып, көктем лебі бұрқана шыға бастаған кез. Жауынгерлер екі жетідей күрке панасында, құрғақ төсекте жатып дем алып, реңдері кіріп қалған. Бірақ та солдатта қандай тыныштық болсын. Соғысқа қатыспаса да, оны тыныш отырғызу қайда. Ол еш уақытта да қарап отырмауы керек. Оған уақтылы тамақтанып, уақтылы ұйықтағаны үлкен ғанибет. Одан басқа «бос» уақытын ол не жұмысқа, не машықтануға жұмсауға тиісті. Машықтану жағынан да комдивтің бұйрығы бар. Ол бұйрықтың орындалуын да қадағалап жүріп тексеру керек. Тойған кісі — табағына түкіреді. Шала-шарпы қанағаттанған кісі рахмет айтады. Тыныс алған адам алғыс айтады. Шолжайып езіле жатып, ұйқыдан зеріккен кісі тұр десең, көкірегіңнен тебеді. Әскер қатарында екіншілеріне еш уақытта да орын жоқ. Солдаттың қарны қампая тоймауы керек. Солдатты ұйқы баспау керек. Солдат тек жатпауы керек. Солдат ерте тұрып, кеш жатады. Ол — қимылдың адамы. Өз еркімен кім сарыптана тыныштық көрмейді? Оны қимылдататын бұйрық пен борыш. Солдат — қимыл адамы.
Бекболатты кейбір штаб тарапындағы офицерлер «мазасыз комдив» деп ойлайды. Ондай пікір дивизия комиссарының құлағына жетеді.
— Нас бьют и наше начальство, и наш враг — фашисты, прежде всего, за нашу неорганизованность, — деді бір жиналыста комиссар. — Неорганизованность — это первый признак недисциплинированности. Недисциплинированность обходится нам очень и очень дорого. Нетерпимое отношение к недисциплинированности — это первейший долг каждого коммуниста, комсомольца, честного беспартийного воина... Принцип единоначалия в нашей армии установлен нашей партией и правительством не зря... Не время, товарищи политработники, рассуждать. Какой может быть разговор, когда приказано. Как вы знаете, приказы не подлежат обсуждению. Их надо выполнять безоговорочно. Ваша обязанность обеспечить точное и беспрекословное выполнение приказа командира. Если бы вы и ваши командиры справлялись со своими обязанностями, то старшему начальству нечего было бы вмешиваться в ваши дела. Вы сами вынуждаете нас вмешиваться в ваши дела. Если бы все люди отлично справлялись со своими обязанностями, то достаточно было бы лишь одной команды: «На запад!»... Институт многолестничного командования и политорганов, институты карательных органов созданы для организации, сплочения, для борьбы со всякой расхлябанностью внутри армии, для управления, для регулирования общественных взаимоотношений в армии. Каждый должен знать свое место и строго выполнять свои обязанности, свой долг... — деп комиссар комдивтің барлық бұйрықтарына өзі де шын ниетімен бағынатынын айтты.
Бұл жиналыс өтіп жатқан кезінде, комдив полктарды аралап жүрген.
Жадыраған көктем күні. Жер көгере бастаған. Жауынгерлер шинельдерін иығынан тастап, арқасы жеңілдей бастаған. Комдивтің машинасы орманнан шыға берістегі бір жылғадан тайғанақтай барып, артқы дөңгелектерімен бір шұқырға түсіп, қанша тырбанса да шыға алмады. Комдив орнынан тұрып, алаңға қарай жүріп кетті.
Алаңның арғы шетінен бір рота сап тартып келеді. Соларды күтіп Бекболат тұр. Жақындай бергенде:
— Смирно! Равнение на-пра-во! — деп дауыстап команда беріп ашаң жүзді капитан аяғын нақ-нақ басып, қолын шекесіне ұстап комдивке қарай бет алды. Рота болса, аяқтарын көсіле сілтей сермеп, бастарын комдивке қарай бұрып, сарт-сұрт етіп адымдап барады.
— Товарищ полковник... — деді капитан қалт тұра қалып. Екі көзі ротада капитанның рапортын қабылдамастан'
— Не мешайте, товарищ капитан, мне любоваться вашей ротой. Встаньте со мной рядом! — деп қолын бір сілтеді. Капитан келіп комдивпен қатар тұра қалды.
— Хорошо идете, товарищи! — деді комдив ротаға жанынан өте бергенде.
— Слу-жим Со-вет-ско-му Со-ю-зу! — деп айқайлады рота. Өтіп бара жатқан саптың ең ортасында, бір жауынгердің гимнастеркасында оң көкірегінде бір қарыс қызыл белгіге комдивтің көзі түскен.
— Почему у одного воина из вашей роты все правое плечо в чем-то красном? — деп сұрады комдив капитаннан.
— Он, товарищ полковник, недавно прибыл к нам. Он по званию старшина.
— Тогда почему он в строю?
— Звание — старшина, а должность — рядовой...
— Пошлите его сейчас же ко мне!
Есть послать старшину к вам!
***
Шалшықтан шыққан машина комдив тұрған жерге келді.
— Тобарыщи Болкопник!.. — дей берген де гүжірейген қазаққа:
— Иә, орысшаны өте жақсы біледі екенсің, — деді комдив күліп. Денесі аюдай, аяқ-қолы добалдай, жалпақ бет, салпақ ерін, кең маңдай, қыр мұрын, қою қас, шүңірейген көз, бура санды... әйтеуір барлығы олпы-солпы түрі қазақ жігіті өзінің білгенінше әскери әдепті сақтап, комдив алдында қалт тұр.
— Атың кім? — деп сұрады комдив қазақшалап.
— Атым Андрей еді.
— О, сенің Андрей деп ат қойған әкеңнің...
— Жоқ! Шыны сол, полковник жолдас, — деп сасқалақтады старшина.
— О, сенің атыңды Андрей деп қойған шешеңді...
— Балалары тұрмағаннан кейін әдейі ырым етіп, мен туғанда, менің атымды Андрей қойған екен...
— Ой, ырымыңның ата-бабасын...
— Шыны сол, жолдас полк...
— Енді көп оттамағын! Шынын айтқын!
— Әскерге мені шақырғанда бай үкіметтің бейсары (писарі) бір қарт орыс екен. Маған кезек келгенде ол менен атың кім деп сұрады. Мен Әділгереймін дедім. Қайдам, әлгі шалдың құлағы ауырлау ма, қайдам. Сол кісі менің кенежкама Андрей деп жазған екен. Содан бері мен Андрей болдым да кеттім.
— Кейіннен неге түзетпедің?
— Шынымды айтсам, полковник жолдас, ырым етіп едім.
— Е, ырымшыл әке-шешең емес, өзің болып шықтың ғой, — деп комдив қарқ-қарқ күлді де, — ал енді, ерім, бір кең отырып сөйлеселік, — деп старшинаға кетуге рұқсат берді.
— Вы знаете, капитан Ложкин, — деді қайтып келе жатып комдив адъютантына. — Этот старшина очень оригинальный и редчайший экземпляр в Великой Отечественной войне.
— Да, товарищ полковник, у него всего шестнадцать знаков ранения, из них шесть тяжелых. Это удивительно — Насколько живуч бывает человек.
А ведь он в строю шагает не хуже, чем другие.
— Просто диву даешься. Как это? У человека шестнадцать ранений и шесть тяжелых.
— Проверить надо сначала.
— Неужто думаете, что он?..
— Сегодня вечером приведите его ко мне. За ужином я с ним потолкую и выведу все на чистую воду.
— Разрешайте, тобарыщи болкоуник! — деп Әділгерей ымырт жабыла Бекболаттың блиндажына кіріп келді.
— Ал, жақсы кепсіз. Төрге шығыңыз, Әдеке! — деп комдив орнынан тұрып, Әділгерейге төрдегі орындықты көрсетті. Ол имене қопалаңдап барып көрсеткен орындыққа отыра бергенде, ол сықыр ете қалды. Оған комдив жымиып бір күлді де: — Капитан Ложкин, принесите для гостя крепкую табуретку, а то наши походные стулья не выдержат его столь грузное тело, — деп дауыстады. Оған түсінген старшина, астына жіберіп қойған жас балаша қысыла-қымтырыла орнынан түрегелді...
Дастарқан үстінде полковник пен старшина бір-бірінен аты-жөнін сұрасты. Әділгерей ататегін жақсы білетін қазақтардың бірі болып шықты.
Әділгерей Бекболаттан бір мүшел үлкен екен. Соғыстан бұрын әскерде болып көрмеген қазақтардың біреуі екен. Атақоныстары Ембінің мұнай шыққан жері. Әкесі ерте қайтыс болып, шешесі елгезер елеп, жасынан Ембінің наубайханасында істеп үйреніп, өзі тандыршылыққа қалыптанған екен...
Қазақстанда туып-өскен орыстардың көбіне қазақтың бір сөзі дарымағандығы толып жатқандай, Әділгерейге де орыс тілінен бір сөз дарымаған қазақ. Ол соғыс кезінде ғана долбарлап орыстың кейбір сөздерін үйрене бастаған көрінеді. Соғыс басталғаннан кейін, ол — көппен бірге әскер қатарына алынған Әділгерейлердің біреуі.
— Ал, Әдеке, аты-жөніңізді айттыңыз. Енді мына көкірегіңіздегі он алты белгілеріңізді айтып беріңіз.
— Ол, ұзақ әңгіме ғой, полковник жолдас.
— Мен сізді әдейі шақырдым. Ұялмаңыз. Қысылмаңыз. Тамақ алып, шай ішіп отырып, аспай-саспай, жайбарақат баяндаңыз.
— Шешем байғұстың жіңішке ауруы бар еді. Өзім кеш үйленгендердің біреуі едім. Қатыным бір жұмыскердің қызы еді. Мен әскерге кеткенде, аяғы ауырлап қалып еді...
— Аман-есен босанған шығар?
— Қайдам. Өзім шалоннан (эшелоннан) түскелі бері бір шасқа (частьқа) тұрақтай алмастан, қайта-қайта болобой (полевой) поштамыз өзгеріп, үйге хат та жаза алмадым... Кім білсін, бір нәресте туған шығар...
— Мәссаған, безгелдек! Демек, елден ешқандай хабары жоқ қазақтың бірі болып шықтыңыз ғой?
— Иә, солай.
— Сіз өзіңіз елден күдер үзгеннен саумысыз?
— Шынын айтсам, ауыр жарақаттанып, ес-түсімнен танып жатқанда да, еш уақытта күдер үзіп көргенім жоқ. Тілегім түзу, ниетім ақ болды.
— Бұныңыз өте дұрыс екен. Бірақ та неге осынша уақыт хабарсыз жүргеніңізге мен әлі түсіне алмай отырмын.
— Ә, шырағым полковник, — деп айтарын айтып сасқалақтап — Иә, шырағым командир, жолдас, тобарищи полковник... — деп қызарып старшина шып-шып терлеп жіберіп, — Беу, алла-ай, өзім не деп сандырақтап кеттім?.. Қай жерде, кімнің алдында отырғанымды ұмытып, — деп қалтасынан орамалын алып терін сыпыра сүртті.
Комдив қарқ-қарқ күліп:
— Оқасы жоқ, Әдеке. Бірақ та басқа адам есіте көрмесін мені, қарағым, шырағым, дегеніңізді, — деді.
— Иә, солдатпыз ғой. Әдеп сақтай білуіміз керек қой. Сізбен бүйтіп дәмдес болмақ түгіл, сіздің маңайыңызға жолай алмай жүргендер аз дейсіз бе? — деп Әділгерей тағы да қысыла терледі.
— Сіздің бірнеше ауыр халде жатып, өмірден, елден күдер үзбегендігіңіз туралы әңгіме бөлініп кетті. Жалғастырыңыз, Әдеке.
— Мені жолдан шығарған сіздің мені Әдеке дегеніңіз ғой. Ауылда мені қатыным ғана Әдеке деуші еді, болкоуник жолдас.
— Басқалары ше?
— Басқаларға өте қадірлі болған емеспін.
Комдив старшинаның бұл сөзіне тағы да күлді.
— Жеңгей есіңізге түсіп...
— Иә, ол кісі әрқашанда есімде ғой... Егер аман-есен босанса, әлде ұл тапты ма екен, әлде қыз тапты ма екен? — деп ойлаймын да жүремін. Білгім келеді, бірақ та...
— Несі бірақ та? Енді хабар алу оңай ғой. Сіз біздің дивизияда аманшылық болса, біраз кідірерсіз деп ойлаймын.
— Қайдам. Бір шастан-бір шасқа өте көп кідірмеуші едім...
— Капитан Ложкин! Устройте старшину в комендантском взводе, — деп адъютантына айтып: Ал, Әдеке, бүгін осы отырысымыз да жетер. Мен істейтін тағы бірнеше шаруалар бар еді. Жақсы жатып, жай тұрыңыз. Ертең сөйлесерміз тағы да, — деп комдив старшинамен қоштасты.
Ертеңіне комдивті әскери кеңес шақырды. Таң ата машинаға мінер алдында начсандивті шақырып алып:
— Пока я вернусь, разберитесь с этим старшиной, оригинальным и случайным экземпляром войны. Проверить документы, если нужно — переосвидетельствовать! — деп бұйырды комдив.
Кешке начсандив комдивке келіп старшина туралы толық баяндады:
— Диву даешься, товарищ полковник, — деп бастады ол, — насколько живуч человек. Старшинаның барлық документтерін тексердік, өзін ренгтгенге де салып көрдік. Денесінде бір оқ, бір осколок бар екен.
— Оларды алуға болмай ма?
— Алуға неге болмасын, бірақ ол үшін оның кон еттерін пышақты төрт-бес елі бойлата кесу керек... Әлдеқашан бітіп кеткен бітеу жараларға тиюдің керегі де болмас.
— Одан кейін ше?
— Балтыр сүйектері екі рет жарақаттанған екен. Оларды кезінде дұрыс операция істегенге ұқсайды... Бір бүйрегін алып тастаған екен.
— Бүйрексіз адам қалай...
— Бір бүйрегі бар адам кәдімгідей-ақ өмір сүре береді. Сыңар бүйрегі таза көрінеді, ол жағын да тексердік... Өкпесіне оқ тигенде, операция істеу үшін екі оң сүбе қабырғаларын алып тастаған екен... Ішінен оқ тигенде, ішектерін де кескілеген екен. Қалғандары жеңіл-желпі жаралар. Оларға анықтамалары бар.
— Оның негізгі дәлелі тыртықтары ғой, доктор.
— Иә, солай, бірақ формально әр тыртыққа айғақ ретінде госпиталдан анықтамалар керек қой, ол жағынан ұқыпты жігіт екен.
— Жарайды, доктор, рахмет сізге. Старшинаны ертең кешке маған жібергейсіз.
Кешкі дастархан үстіне Әділгерей имене кіріп келді.
— Маналы бері айтып отырған старшина осы кісі, Геннадий Фадеевич, — деп комдив старшинаны Шляпинге таныстырды.
— Қысылмаңыз, тамаққа отырыңыз, старшина жолдас, — деді күлімсіреп Шляпин оған қазақшалап.
— Отырыңыз. Тамақ ала отырып сөйлеселік, — деді комдив Шляпинніц сөзін мақұлдап.
Әділгерей алдымен қысыла-қымтылып отырғанымен, Шляпиннің жайдары түрі, мүдірмей сөйлеген қазақша тілі, орынды әзілдері оны көңілдендіре, жадырата бастады. Шай үстінде әңгіме құрылды.
— Ережептің түбінде абройнада тұрғанымызда, — деді бір жарақаттанған кезеңін айтып отырып старшина. Оған түсінбеген комдив пен Шляпин бір-біріне қарады.
— Ержеп дейтін қала ғой, — деп түсіндірді Әділгерей.
— Ржев екен ғой бұл кісінің Ережеп деп отырғаны, — деп Шляпин қарқ-қарқ күліп, — «Абройнадасы» «Оборона» шығар деп ол тағы да күліп комдивке қарады. Комдив те күліп:
— Оқасы жоқ, азаматым, біз түсіндік, әңгімеңізді айта беріңіз, — деді.
— Старшинаның әңгімелерінде одан кейін кездескен «Арпатка» (Артподготовка), "Корсимис" (Горючая смесь), "Биртанкыбай рожие" (Противотанковое ружье) "Мерген сопы" (Марганцовка, Регуляторды «Ұрдыбатыр», тағы басқа сөздеріне де комдив пен Шляпин кейде түсініп, кейде түсінбей отырысты. Әділгерей көрген-білгендеріне өзінше ат қойып алған. Мысалы, ол хирург пышағын «Кандауир», операция алдындағы наркозды — «жөпір жауып есіңнен тандырып ұйықтату» немесе — «Дәрі иіскетіп лиру» немесе укол салып мұздатуды — «Ине сұғып ұйытты», носилканы — «Зембил», хирургты — «қасап локтр», терапевті — «тамыршы», невропотологты — «Есалаң локтр» т.б. әңгімесінде кездесіп, тыңдаушыларды күлдіріп отырды. Әскери адамдар соғыс кезінде жараның қалай жанға батқанын «әңгіме етпейді, нәуетектенбейді, әңгіменің сабы қандай жағдайда, қай жерде, қай кезде жарақаттану болады. Әңгімелерінде Әділгерей де сол ережеден шыққан жоқ. Ол жағдай жағынан да терең соқпады. «Абройнада тұрғанымызда, жау үстімізге оқты нөсерлете жаудырды», «Артнатқасын бастап құйындата бықсытып ұйқы-тұйқымызды шығарды», «Жыланбауыр танкелері соңынан анталаған жаяуларын ертіп шабуыл жасады», «қалбалақтап жүгіріп бара жатқанда қалпақтай ұшып жығылғаным ғана есімде», «Басып қалғанымда неміс жалп етіп құлады», «Сүріне— жығыла омақаса түсті», «Немістер бытырай қашып барады. Біз ентелеп өкшелей қуып келеміз» деген сияқты сөздер мен әңгімелерінде жағдайдың етек-жеңі жиналды да отырды.
— Ал, өзіңіз қалайынша старшина атағын алдыңыз?
— Мен өзім тіл алғыш едім. Сәл айыға салысымен, қарай отыра алмастан жұмыс сұрайтынмын. Ең алдымен, қолыма сыпырғы ұстап қора сыпырып, аяқтанып келе жатқан жарақаттыларды сүйемелдеп далаға шығарысып, сестралармен жарақаттылар жатқан зембілдер тасысып, отын жарып, от жағысып — әйтеуір, әлім келсе қарап отырмайтынмын... Бір жолы Таржақтағы (Торжок) госпитальда үш айдан аса төсек тартып жаттым. Айыққан соң шамамның келгенінше жұмысқа айналыса бастадым. Күздің қарасуық кезі еді. Отынды орманнан барып алып келетінбіз. Ауыр нәрсеге мен жарамаймын. Бастығымыздың маған жаны ашыды ма, ол маған 17 айыққан жігітті қосып беріп, «Сен осыларға старшой боласың» деп бізді отынға жұмсады. Жігіттер мені сыйлайды, бәріміз бірге жатқанбыз. Жайбарақат барып, отын дайындап жүрдік... Кейіннен бәрімізді маржабай (маршевой) ротаға жібергенде де, оларды басқаруды маған тапсырды. Барлығы мені «тобарыш старшина» деп кетті. Содан бері старшинамын.
— Старшина деген атағыңызға бұйрық бар ма, жоқ па?
— Қайдан білейін, болса болған шығар.
— Значит, самозванец, — деді күбірлеп төмен қарап комдив орысшалап.
— Как же, товарищ полковник, — деді комдив ашулана ма деп қауіптеген Шляпин орысшалап, — он же как старшина возглавлял команду дровосеков, вел группу людей в маршевую роту как их старшина...
— Не как старшина, а как старший...
— Теперь придется произвести его в старшины вашим приказом, и этим самым узаконить его звание, товарищ полковник. Ей-ей, товарищ полковник, он этого заслуживает...
Екі полковниктің сөздеріне шала-шарпы түсініп отырған Әділгерейдің сұғы кете, қуыстана бастады.
— Он заслуживает, как воин, большего, но не воинского звания, как вы знаете, Геннадий Фадеевич...
— Простите, товарищ полковник, все-таки...
— Сіздің әскери атағыңыз, — деп Әділгерейге қарай қазақша сөйлеп комдив орынбасарының сөзін бөліп жіберіп, — заңсыз, бұйрықсыз атақ көрінеді, сіз ефрейтор болған жоқсыз, кіші сержант, сержант, аға сержант болған жоқсыз. Ешқандай бөлімшелерді басқармағансыз. Командирлік сатылардың бәрінен де өтпегенсіз...
— Қайдан білейін, өздері ғой мені старшина деген...
— Мына батыр полковник маған сіздің әскери атағыңызды бұйрық жазып заңды етіңіз деп отыр, оған мен не істерімді білмей қобалжып отырмын.
— Өздеріңіз біліңіздер.
— Да, Геннадий Фадеевич, придется отдать приказ.
— Өте дұрыс, комдив жолдас, — деп Шляпин қуана орнынан ұшып тұрып Әділгерейдің қолын алып, оны құттықтады...
— Ал, енді бұл жігітті қайтеміз? — деп сұрады Шляпиннен комдив Әділгерей шығып кеткен соң.
— Қайткені бар, өзі момын, адал, еңбекқор кісі көрінеді ғой, тылдағы он шақты арба айдаушыларды басқара алар, — деді Шляпин.
«...Сөйтіп, талаушыларға тыйым салдыру туралы қатал шара қолдану жөніндегі ережені біле тұрып, өзіне берілген правосын пайдаланып, әскери трибуналдың үкімін бұзғаны үшін №... гвардия атқыштар дивизиясының командирі полковник Талғаров Бекболатқа №... армиясының әскери кеңесі қатаң сөгіс жариялайды» деген қағазды Бекболат жалғыз өзі шам жарығында оқып отыр.
Бұдан бір ай бұрын, қатты соғыс үстінде Бекболат алдыңғы шептегі бақылау пунктінде үш-төрт күн ұдайы отырып қалды. Ол барарын барып, қиын жағдайды өз көзімен көріп, барлығының басы-қасында болуды қажет тауып, кейін шыға алмаған болатын. Штабтағы, тылдағы мәселелерді телефон не шабармандар арқылы шешіп отырған кезі еді.
Бір күні бақылау пунктіне дивизияның әскери прокуроры мен әскери трибуналдың председателі келді. Алда қырғын ұрыс жүріп жатыр. Жаудың екпінді қарсы шабуылын дивизия зорға тойтарып жатқан кезі.
— Екі солдат, бұдан жиырма шақты күн бұрын осындағы бір жергілікті шаруаның бір сиырын ұрлап алып сойған екен. Олар тұтқынға алынып, тексеріліп-тергеліп, жақында сотталды. Талаушыларға тыйым салу ережесіне сүйене отырып, әскери трибунал екеуін де ату жазасына үкім етті... Сол үкімді сап алдында орындау қажет болып
— Қиян-кескі ұрысқа қатысып жатқандарды мен қалайша сапқа тізбекпін? — деп прокурордың сөзін бөлді.
— Әр бөлімшелерден бір-бір уәкіл шақыртсаңыз, солардың алдарында үкім орындалса, олар айтып барады ғой..
— Шақыруға жіберген солдат мына борап тұрған оқта алғы шепке аман-есен жете ме, жетпей ме, егер жетсе, ол «уәкіл» екеуі қайтадан аман-есен шыға ма, шықпай ма, егер аман-есен шыға қойса, үкімнің орындалғанынан кейін ол «уәкіл» аман-есен алдыңғы шепке жете ме, жетпей ме, ал егер жетсе, ол үкімнің орындалғанын басқаларға хабарлаймын деп жүріп қандай қаңғыған оққа ұшарын кім білсін... — деп комдив ыңырана сөздерін қайталап созып сөйледі. — Дивизияда жүздеген бөлімшелер бар. Олардың барлықтары да белуардан қызу соғыста. Демек, екі-жүз, үш-жүз адам үкімнің орындалуын көру үшін ғана қимылдаулары керек. Екі адамның атылуын көрсету үшін мен жүз-жүз елу жауынгерді қатер қауіпке жұмсай алмаймын.
— Апырмай, комдив жолдас, кеш бата шақырылса....
— Біз күні-түні ұрыс жүргізіп жатырмыз.
— Еш болмаса, аз да болса... Үкімді орындау керек. Біз жоғарғы жерге ақпарлауымыз керек еді.
— Алдыңғы шептен бір адам да шақырта алмаймын.
— Олай болса, үкімді бекітіңіз, — деп әскери трибуналдың председателі комдивтің алдына қалың папкаға тігілген істі қойды. Комдив оны ашып қарап, үкімді асықпай оқыды.
Ол кезде дивизия командирлеріне үлкен праволар берілген. Олар Жоғарғы Кеңестің Президиумының атынан қатардағы солдаттардан капитан дәрежесіндегі офицерлерге дейін, медалдар мен "Қызыл Жұлдыз" орденімен наградтауға дейін; әскери трибуналдың ату үкімін бекітуге дейін.
— Қылмыстылар қайда? — деп сұрады комдив үкімді оқып болып.
— Осы араға айдатып алып келдік... Ал, енді ел алдында болмаса да, үкімді жай-ақ орындармыз. Бекітіңіз, комдив жолдас.
Комдив үн қатпастан бедірейіп біраз отырды.
— Вам ничего не будет, товарищ полковник. Все сделано по закону, — деді прокурор.
— Мы отвечаем, товарищ полковник. Ваше право утвердить приговор, — деп қостады әскери трибуналдың председатель
— Мое право... — деп күрсінді комдив.
— Да, да! Ваше право именем Президиума...
Комдив қызыл қаламды қолына алып біраз кідіріп отырып үкімнің үстіне жаза бастады... Қолын қойып, істі қайта ұсынды. «Именем Президиума Верховного Совета СССР приговор военного трибунала в отношении №... №... отменяю» дегенді оқып, прокурордың түрі бұзылып кетіп:
— Так, так нельзя, товарищ полковник, — деп қыр көрсеткісі келіп қоржаңдай бергенде, Бекболат орнынан тұрып:
— Верховный Совет меня уполномочил не только утверждать смертные приговоры, но и отменять их, если я нахожу приговор несправедливым, — деді тісін қайрап. — Я как комдив приказываю вам обоим замолчать! Я совершил акт, пользуясь полномочием Президиума Верховного
Совета. Осужденных освободить и немедленно пошлите их ко мне без конвоя.
— Как же!..
— Повторите приказание, товарищ прокурор!
— Есть! Приказано...
Бет-ауыздарын түк басқан, белбеусіз, үстерінде олпы-солпы шинельдері, көздері шүңірейіп кеткен, сүлбірейген екі солдат блиндажға кіріп келді.
— Капитан, принесите две винтовки с боеприпасами и два ремня, — деп комдив адъютантына бұйырды да: — А вы садитесь, — деп сотталғандарға бұрышты көрсетіп, алдыңғы шеппен бөлінген сөзін телефонмен жалғастыра берді...
— Ал, енді шынын айтқанда, сендерде де оңар қылық жоқ. Оны өздерің сотта мойындапсыңдар, — деді комдив сотталғандарға. Мына белдікпен белдеріңді мекем байлап, мына винтовканы мықты ұстап, алдағы соғысып жатқан топтарыңа барып қосылыңдар. Соғыста, ажалдарың болса, өліп кетерсіңдер, жоқ болса, аман шықсаңдар, бұдан былай бұндай есерсоқтық істемессіңдер. Барыңдар!
Кейінгі хабарларға қарағанда жаңағы сотталған екі солдат та ұрысқа аянбай қатысыпты. Біреуі екінші күні ерлікпен қаза тауыпты, екіншісі тірі қатарда қалыпты. Екеуін де комдив "Қызыл Жұлдыз" орденімен наградтады.
Бекболаттың оқып отырған қағазының қысқаша тарихы осылай еді.
Ал, старшина Әділгерейді не етпек?
«Осы уақытқа дейін отқа салсаң күймеген, суға салсаң батпаған азаматтың бірі екен», — деп еді ол туралы Шляпин бұдан бір сағат бұрын комдивпен қоштасып тұрып.
Комдив ешкімді соғыстан босата алмайды. Оған оның правосы жоқ...
Арада екі-үш күн өтті. Әділгерей өз ротасында жүр. Старшина деген шен алды, комдивке келіп екі рет қонақ болды. Қазірінше оның кейінгі кезде көрген жақсылығы сол-ақ. Жадыраған көктем күні. Жер беті қылтанақтана көгеріп, ағаштар күшіктей бастаған. Комдивтің машинасының артқы орынында адъютантпен қатар орта бойлы аққұба майор қолына портфель ұстап отыр. Майор дивизия штабының офицері, фамилиясы — Мазурин. Келе жатқан қара жол кеппесе де дегдіп, тапталған дымқыл кесек. Алаңның арғы шетінде шатырлана құрылған күркелер орман ішінде. Орманның жиегінде caп құрып тұрған батальон. Машина жақындағанда еңсесі түсіңкілеу ұзын бойлы қараторы подполковник Ужва сапқа команда беріп, комдивтің алдынан қарсы шығып рапорт берді. Комдив полк командирінің рапортын қабылдап, саппен сәлемдесіп, жайбарақат тұруға рұқсат етті.
— Гвардия старшинасы Әділгерей, ко мне! — дегенде саптың сол жақтағы қанатынан қоржаңдай жүгіріп келе жатқан Әділгерейге саптағылардың барлығы мойындарын бұрып қарап тұр.
Әділгерейдің орысша долбар, шала-шарпы рапортын қабылдап, комдив оған қазақшалап:
— Сәл ілгері, менімен қатар тұрыңыз, — деді.
Ол тұрды. Елдің екі көзі Әділгерей мен комдивте.
— Жолдастар, мен бүгін сіздердің полктарыңызға әдейі бір шаруамен келдім. Сол шаруамды сіздердің алдарыңызда, барлықтарыңызға көрсете, барлықтарыңызға естірте атқармақпын. Өйтетін себебім — каждому из вас, товарищи, присуще чувство товарищеской, чувство воинской солидарности. Мына біздердің алдымызда тұрған старшина Әділгерей — бәріміздің көрнекті жауынгер жолдасымыз. Бұның денесіне салған айғағы — мына көкірегіндегі он алты белгілердің тігістері. Бұл кісі біздің дивизияға жақында ғана келді. Кейінгі өткізген ұрыстарға қатысты... Біздің докторлар бұл кісінің қан майданда алған жарақаттарын тексерді. Барлығы да рас, барлығына да денесіндегі тыртықтары мен қолындағы госпитальдардан алған анықтамалары түгелінен айғақ. Бұл жауынгер — көп соғысқа қатысып, Отан үшін майданда көп қан төккендердің біреуі. Егер де әрбір рет жарақаттанғанда, орта есеппен бір жарым стакан қан төгілсе, бұл кісі жиырма төрт стакан қан төгіпті деуге болады, оның қанша литр екенін өздеріңіз есептей беріңіздер
Жеңіл жараның, ауыр жарақаттанудың азабын көргендер араларыңызда аз емес. Бұл — он алты жарақаттануды басынан өткізген жігіт. Құдайға шүкір, аман-есен, төрт мүшесі түгел, әлі де қатарынан қалар емес, борышын, жауынгерлік борышын аянбастан тағы да орындауға даяр азамат. Бұл кісі — қарапайым халықтың ұлы. Жанын, арын халық үшін аямайтынын майдан алаңында бұл кісі іс жүзінде көп дәлелдеді. Бұл кісі — өздеріңіз сияқты қатардағы жауынгер. Бұл кісіге жаудың көп оғы дарыған. Бұл кісіге аты шулы атақ, дабыл қаққан даңқ дарыған емес. Оларды бұл кісі керек етіп те тұрған жоқ. Бұл кісі -қатардағы адал азаматтардың бірі болғандығына шүкір етіп жүрген адам. Бұл кісі біздің гвардияның қатарында. Майор Мазурин, прикрепите к гимнастерке старшины гвардейский значок! — Майор значок тағып жатқанда, комдив полк командиріне қарап: «Это вы сами давным-давно должны были сделать!» — деп кейіді. Ужва төмен қарады. Батальон қол шапалақтады.
— За Ваши воинские заслуги, старшина Адильгерей, именем Президиума Верховного Совета СССР награждаю Вас медалью «За боевые заслуги». — Батальон қол шапалақтады. Майор Мазурин медальді тағып болған соң комдив: — За проявленную отвагу в боях, старшина Адильгерей, награждаю Вас медалью «За отвагу». (Қол шапалақтау). — Вы -настоящий солдат! Притом солдат стойкий и славный. Награждаю Вас орденом Славы! (Қол шапалақтау) — Мазурин награданы көкірегіне қадап жатыр.
— Вы, старшина, свои патриотические чувства и преданность родине выражали на поле боя своими боевыми делами. Именем Президиума Верховного Совета награждаю Вас орденом Красной Звезды. Вешайте, товарищ майор! (Ду қол шапалақтау...)
— Как воин поздравляю Вас, старшина, с правительственными наградами, — деп ду қол шапалақтаудың үстінде комдив Әділгерейдің қолын алды. Әділгерей тамсанып, қамығып келе жатыр еді: «Тәйт! Ұят болады!» — деп комдив зекіріп тастады.
— Қайтейін... Мен не дерімді білмей тұрмын.
— Даусыңды қаттырақ шығарып, «Служу Советскому Союзу» дегін.
— Исслюжиим Собетской Союзом! — деп дірілдеген даусымен старшина сапқа қарай айқайлады. Сап қол шапалақтады.
— Ал, жолдастар, менің келген шаруам осы еді, — деді комдив сапқа қарап. Сап қол шапалақтады.
Бүгін жора-жолдастарыңызбен қоштасып, кешке маған келіңіз, — деп бұйырды комдив старшинаға.
Кешке Шляпинніц көзінше комдив Әділгерейге былай деді:
— Сізді он жетінші жарақаттануға жіберуге болмайды, ал әскерден босатуға правом жоқ. Сіз дивизияның нан пісіретін наубайханасына барып, өз мамандығыңызбен істеуіңізді дұрыс көріп отырмын. Қанша айтқанмен, ол алдыңғы шептен қырық-елу километрдей жерде ғой. Дұшпанның самолеті бомбыламаса, оның ол жерге оқ снаряд тары жетпейді... Одан кейін айтайын дегенім, енді сіз еліңізге, үй ішіңізге толық хат жазып хабарласыңыз.
— Дұрыс, құп болады.
Майданда да сөз жерде жатып қалмайды. Тез тарап кетеді. Оны білетін Бекболат «Біреуі болмаса, біреуі ақпарлар» деген оймен Әділгерейге істеген істері туралы жоғарғы орындарға ешқандай ресми мәлімдеме еткен жоқ. Шляпиннің ұсынысына:
— Мен өз правомды пайдаландым. Әділгерей менің екі туып, бір қалғаным емес. Я руководствовался чувством воинской солидарности и гуманизмом, — деді комдив.
— Бірақ та, полковник жолдас...
— Бірақтаңды қойғын, сенен басқа да ақпарлайтын кісілер аз емес көрінеді ғой.
— Иә, солай екені рас-ау, — деп күлді Шляпин.
Екі-үш күннен кейін армиядан телефон соқты. Командашы комдивтен старшина туралы сұрақтар қойып:
— Конечно, ваше право кого как награждать, коль это право вам предоставлено, но надо было его представить к большому ордену. А вы ему сразу четыре награды...
— Сіз оған үлкен орден берсеңіз, о да көптік істемес, — деп комдив әзілдеді.
— Тапсырыңыз. Біз әскери кеңесте қарап көрелік.
— Бермейтін болсаңыздар, тапсырмаймын.
— Қызыл Туға тапсырыңыз.
— Құп. Дұрыс... Сол жігітті аулына жіберіп алсақ қайтер еді, командашы жолдас. Өзі кеткенде, әйелінің құрсағында...
— Как исключение разрешаю.
— Мына қазақ мүлдем олжалы қазақ болды-ау, комдив жолдас, — деп қуанды сөздің бас-аяғын тыңдап отырған Шляпин. — Ал, енді оны демалысқа жіберсек, жақсылап киіндіріп жіберелік.
— Ол жағын өзіңізге тапсырдым, Геннадий Фадеевич.
— Бой требует твердого и четкого управления войсками, быстрых и слаженных действий всех родов войск, смелости и инициативы командиров, готовности каждого командира взять на себя всю полноту ответственности за выполнение порученной задачи, а от подчиненных беспрекословного выполнения приказов.
— Командир облечен большими правами, он единоначальник. А единоначалие требует от каждого командира партийного и государственного подхода к порученному делу, — деп бастады сөзін бір жиналыста командашы. — Будьте достойны доверия нашей партии и правительства. Вы в своей работе должны опираться, прежде всего, на партийные и комсомольские организации. ЦК предоставил право командирам, опираясь на партийные организации, вместе с тем и направлять их деятельность на успешное выполнение боевых задач, на укрепление воинской дисциплины...
Бекболат — барлық праволарын қолына алған жеке бастықтардың бірі. Оның саяси орынбасары Иван Михайлович болса — жасы тоқтаған, тәжірибесі мол ірі партия қызметкері. Соғыстан бұрын ол кісі обкомның хатшысы болып қызмет істеген. Жасы кіші, тәжірибесі аз, мінезінде қызбалығы бар комдивке орынбасар болу Иван Михайловича оңай емес. Ол кісінің «Өйтсек қайтеді, бүйтсек қайтер еді?» деген ұсыныстарының көбін Бекболат қабылдайды, мына мәселені қалай шешеміз? — деп Иван Михайловичпен ақылдасады.
— Осы уақытқа дейін барлық жиналыстарда баяндамаларды тек саяси қызметкерлер істеп келеді. Баяндама істеуді тек солардың ғана міндеттері деген түсінік әр командирдің басында, — деді Иван Михайловичке бір жолы комдив енді бұдан былай командирлерді саяси қызметке шұғылдандыруды, жиналысқа даярлық ұйымдастыру мен сол жиналыста өзіне баяндама істетуден бастасақ қалай көресіз? — деп сұрады.
— Командирдің міндеті — билеу, саяси қызметкердің міндеті — сөйлеу деген пікірдің көптен бері ой түбіне орналасқаны рас. Ондай пікір жеңілдікпен көше қоймайды. Билеу мен сөйлеудің қайшыласқанын да көріп жүрміз. Әлгі құрғыр саяси ақпар жазу деген нәрсе саяси қызметкерлерге командирдің көңілін күмәндандырады да тұрады.
— Ол рас, Иван Михайлович....
— Командирлерді шамдандыратыны — кейбір саяси қызметкерлердің, сапты аяққа қарауыл болып, елтіріден бүрге іздеп, түймедей нәрсені түйедей етіп көрсетіп ақпарлар жазуы.
— Болар-болмас нәрсені қазбалап, тіміскілей беру де оңған қылыққа жатпайды ғой...
— Ондай жаман әдеттің бар екені рас. Онымен біз күрес жүргізудеміз. Принципті мәселені көтерсе, оған командир де қарсы болмас еді ғой. Барлық сезген, білген жағдайлар туралы алдымен командирге айтып, оның есіне салып, талқылап, ұсыныс істеңдер деген нұсқау берілген еді, бірақ та ол қазірінше оңаймен іске асып жатқан жоқ.
— Баяғыда мен полк командирі кезімде бір жорықта біздің полкқа жаңадан келген парторг Астахов мен оның ұсынысын қабылдамағаныма ренжіп, маған елдің көзінше: «Я же представитель партии!» — деп дүрсе қоя бергенінде, мен оған: «А я, по-вашему, представитель Японии, что ли?» — деген едім...
— Иә, — деп күліп, сөзімді бөліп. — Сол Астахов сияқты орынды-орынсыз көкірегін ұрғыштар бізде де аз емес. Жаңа бағытқа оларды түсіру оңайға соқпай жүр, ал командирлер болса, әлі де саяси басқаруды батылдары барып қолына ала алмай жүр.
— Кейбір командирлер ол жағынан өте тәжірибесіз ғой, Иван Михайлович, сондықтан батылы бармайды...
— Жасырмай айтқанда, қолдарынан келмейді де.
— Оныңыз рас, Иван Михайлович.
— Сіздің көтерген мәселеңіз менің де ойлап жүрген нәрсем еді. Тағы да кең ойланып көрелік. Бір үлкен жиналыста сол мәселені өзіңіз көтеріп, өзіңіз нұсқау бергеніңіз жөн болар еді, комдив жолдас. Ал, мысалға керекті материалдарды политотдел дайындап берер еді.
— Жарайды, мен де қарманып көрейін, — деді де біраз ойланып. — Егер де жоспарланып қойған полктардағы жиналыстарға өзіміз қатысудан бастасақ, қалай болар еді. Разумеется, мы не должны вмешиваться как в подготовку, так и в проведение собрания. А будем просто присутствовать, как будто бы прибыли в полк по другим делам. Посидим и послушаем.
— Бұл ойыңызды мен өте дұрыстаймын. Көзбен көріп, құлақпен естігенге жетсін. Бұл айтқаныңыз дұрыс екен.
— Демек, келістік, Иван Михайлович. Біздің қазақта: «Құлақпен естігеннен көзбен көрген анық, көзбен көргеннен бастан өткізген анық», — дейді. Құры әшейін «Единоначалие! Единоначалие!» деп командирлерді қолпаштай берместен, олардың бастарына саяси қызметтің біраз ауыртпалығын сала басталық, — деді комдив.
Штаб — командирдің оң қолы. «Низкая квалификация офицеров ни на чем так вредно не отражается, как на штабной службе», — дейді Ф.Энгельс.
Командир қарамағындағы әскерді штаб арқылы басқарады. Штаб бастығы ғана командирдің атынан бұйырып отыруға құқы бар. Командирдің жалпы нұсқауына, оның ой пікіріне, алға қойған мақсатына сүйене отырып, штаб бастығы оларды іске асыру жөнінде «командир приказал...» деп жалғастырып бұйыра береді. Демек, ол командирдің атынан бұйырып отыру үшін, командирдің ойының үстінен шығып отыруы керек, барлық істі, жағдайды толығынан біліп отыру керек. Командирге керекті мәлімдемелерді тап-тұйнақтай етіп, әрқашан да жинап, дап-дайын етіп отыру керек.
Дивизияның бастығы штаб, аласа бойлы, сирек шаш, қысыңқы жылтыр көк көз, сүйір мұрын, сопақ бет полковник Калугин дейтін кісі. Ол — соғыстан бұрын бас штабта істеген офицерлердің бірі. Оның қаламы жүйрік, академиялық сауаты бар адам. Калугин Бекболаттан бұрынғы төрт комдивтің кезінде де осы дивизияның штаб бастығы болатын. Әрине, әр командирдің мінез-құлқы әртүрлі болған. Төрт комдивті басынан өткізіп, аттандырған Калугин бесіншіге де шыдап жүр. «Бұл да бір күні кетер. Әйтеуір айтқанын істей берейінші» деген оймен ол шешіліп ойға, ой, ақылға, ақыл қосудан аулақтау ұстайды өзін. Қағаз бетінде бәрі тап-тұйнақтай. «Гладко было на бумаге, да забыли про овраги, а по ним ходить!» — дейді орыстар. Калугин — формалдық қағаздың адамы. Оның ойынша қағаз жазылды — іс бітті.
— Сіз, Михаил Тимофеевич, мына бұйрықты неге былай етіп жаздыңыз? Менің шешіміме бұныңыз сәйкес емес қой, — деп Калугин жазып алып келген бұйрыққа қол қоймады.
— Бұйрықтың барлық пункттері устав бойынша, комдив жолдас.
— Бірінші Петрдің мынандай бір нақыл сөзі бар: «Не держаться устава яко слепой стены, в нем писаны порядки, а времен и случаев нет!» Шешім нақты жағдайға байланысты қабылданған. Қайтадан жазыңыз! — деп бұйырды комдив.
Кейіннен қайта жазып алып келген бұйрығын, қызыл қаламмен көп түзеп, — Менің бұйрығымның ой құрылыстары, сөз құрылыстары осылай, — деп тағы да қол қоймастан қайтарды комдив.
— Құп! Машинкаға қайта басуға рұқсат етіңіз, — деп ішінен ызаланған Калугин шығып кетті.
Сол сияқты бірнеше кездесулерден комдивтің Калугинді сіресе қалыптасып қалған жолынан шығарудың мүмкін еместігіне көзі жетіп:
Тәртіп бойынша командир екі документке қол қояды: біреуі бұйрық, екіншісі боевое донесение. Сол екеуін де жазуды мен өз мойныма алайын, Михаил Тимофеевич. Оларға қосымша қағаздар да аз емес қой, соларды штабқа істете берерсіз, — деді комдив штаб бастығына.
«Бұрынғылар болса, начальник штаба, пишите приказ деп жазып алып келгенге қол қоя беруші еді, ал мынау болса, маған сенімсіздік білдірді ғой» деп ішінен көңіліне ауыр алса да, әскери тәртіп, әдеп сақтап:
— Өз еркіңіз, полковник жолдас, — деді Калугин. Калугин комдивке наразылығын Шляпинге де, Коньковке де айтты. Олар комдивтің мұнысын мақұлдамады. Өз пікірлерін комдивке бір сөз кезегінде айтты да.
— «Сіз көп нәрсеге араласа бересіз» дегенге дейін барды.
— 1904 жылы жапон армиясының бас командашысы адмирал Того түн жарым ауа Ляодан жарты аралында орыс әскеріне қарсы таң сәріде шабуыл басталсын деген бұйрыққа қол қойыпты. Соғыс басталған күні өзі қайыққа мініп, бір алыс шағанға барып балық аулап, ымырт жабыла қайтыпты. «Сіз күні бойы қайда жүрсіз? Император іздетіп жатыр. Соғыс қалай жүріп жатқанын білгісі келеді» дегенде Того: «Я как главнокомандующий подписал приказ — с рассвета начинать войну против России. На этом моя функция закончена», — депті деген лақап естуім бар, — деді оларға әзілдеп комдив. — Бізге, жолдастар, араласпасқа болмайды. Бұйрық — командирдің творчествосы. Мен формалдық бұйрықтарға қол қоя алмаймын. Мен басқа түгіл, өз көңіліме де билік бере алмаймын. «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе», — дейді қазақ.
«Үйдегі ойды базардағы нарық бұзар» деген де сөз бар. Мен бұйрықтың формасына — мүмкіншілікке сүйеніп бұйырамын. Жоба-жорамал өз алдына. Анықталған жағдай істі жөнге сілтейді, сондықтан мен кейбір бастапқы бұйрықтарымды өзгертіп те отырамын. «Доверяй, но обязательно проверяй» деген де сөз бар. Штаб на практике до сих пор недостаточно обеспечивал мне как организацию, так и управление боем. Это все из-за инертности полковника Калугина. Не командир для штаба, а штаб для командира, — деп комдив ашулы дауыспен екі орынбасарына көп сөздер айтып тастады да: — Я требую от каждого выполнения своих функциональных обязанностей и исполнения боевого приказа. Я буду отстранять тех, кто прямо или косвенно будет саботировать.
— Сізді біз тыңдадық, комдив жолдас. Айтқандарыңыздың көбін мақұлдаймыз. Бірақ та штаб ісіне біз килігіп, араласа алмаймыз. Калугинге біз жолдастық ретінде, кеңес ретінде ғана кейбір пікірлерімізді айтуымыз мүмкін. Ол сіздің бірінші орынбасарыңыз. Екеуіңіздің араларыңызда түсініспестік барлығы біздің жүрегімізді ауыртады, — деді Коньков.
— Ал, оны істету үшін комдив оны үйіне қой сойып шақырсын ба? Калугин — коммунист. Меніңше, штаб тарапында партия ұйымының жиналысын шақыру керек. Сонда Калугин штаб қызмет міндетін қалай атқарып жүр деген тақырыпта баяндама істеп, штабтың алдына нақты тілектер қойсын, — деді Шляпин. — Есітелік, Калугин не дер екен, басқалар не дер екен?
— Геннадий Фадеевичтің мына ойын мақұлдасаңыз, жиналыс өткізуге рұқсат етіңіз, комдив жолдас.
— Ондай жиналысты өткізуге болады. Оны алдымен жақсылап дайындау керек болар. Ол жиналыс Калугин үшін қоғам сотына айналып кетіп жүрмесін. Сол жағын ескеріңіздер.
***
Сырттан қарағанда, ұрыстың бәрі — ұрыс. Атқыласады. Бір жағы қорғанып, қарсыласады, бір жағы шабуыл жасап, атой салады. Әрине, ұрыс шығынсыз болмайды — біреулер жарақаттанады, біреулер қаза табады. Сырттан қарағанда, ұрыспен ұрыстың айырмасы жоқ, олар бір- біріне ұқсайды. ұрыстан ұрыстың айырмасы командирдің ой түкпірінде (замысел боя выработанный командиром), ой-түкпірінің атасы мақсат-міндет (боевые задачи). Алдағы қойылған міндетті қалай, қайтіп, кіммен орындауды кең ойлап, барлық жағынан қамтамасыз етіп шешу — командирдің басты міндеті.
***
Жайдан-жай соғыс-ұрыс болмайды. Бір жағының мақсаты — бермеу. Бермеймін деушілерді аламын дегендер өлтірмек, аламын дегендерді бермеймін дегендер өлтірмек. «Уничтожить противостоящего противника...» «Арадағы жауды қырып-жойып...»-тан басталады бұйрық. Одан кейін кім-кіммен қостасып, сүйемелдесіп, қайдан, қалай орындалу қойылады. Ұрыста әскердің барлығын жаппай қимылдататын мақсат -командирдің ой пікірін, бұйрығын жүзеге асыру. Қимыл соған бағынады, соған жобаланады. Демек, ұрыспен ұрыстың айырмасы сыртқы белгілерінде емес, оның ішкі сырында — ішкі сыры болса, командирдің ой пікірі. Ой пікірдің фоны жалпы сол кездегі анық жағдай. Командирді жағдай ойлатады. Ол жағдайға сәйкес алдына мақсаттар қойып, шешімге тоқтайды.
Армия — әскердің үлкен оперативтік құрамасы. Оның жүргізген соғыс қимылы әскери ғылымда операция деп атайды. Операцияда күрделі соғыс мәселелері шешіледі. Операция көп дайындықты керек етеді. Операцияға алпыс-жетпіс мың әскер, он мыңдаған зеңбіректер, мыңдаған танктер, самолеттер қатысады. Олардың қимылын бастан — аяқ азық-түлік, оқ пен снаряд, киім-кешек, мұнай-бензин, т.б. жол салу, жарақаттанғандарды алдыңғы шептен артқа кейін шығару, емдеу сияқты шаруалар көп ұйымдастыру қызметін керек етеді. Оларды жоспарлап, әр құраманы қамтамасыз етіп, өз тарап-бағытына орналастыруды әскер тілінде оперативное построение деп атайды. Ұлы Отан соғысы кезінде дивизияда 10000-12000 әскери адам ат-арбасымен, зеңбірек қару-жарақтарымен, жүздеген машиналарымен жүрді. Оларды бір бағыттан басқа тарапқа ауыстырып орналастыру оңай емес. Ал, армияда болса — тоғыз-он бес дивизиядан бар. Солардың барлығын дұшпанға сыр берместен жаңа беталыс-тарапына орналастыру керек. Аңдыған дұшпан алдында үлкен істі құпия сақтай білу, істей білу оңай емес. Сол себепті операцияға жүргізіліп жатқан дайындықтарды өте құпияда ұстап, «Ақмолда — батыр басы» дегендейін, тек басты-басты үлкен командирлер ғана біледі.
Командашы Бекболатты шақырып алып, оған жақында өткізілетін операцияның жобасын айтып, оның дивизиясы ол операцияға негізгі тарапта пайдаланылатынын айтып:
— Ал, енді дивизияны соған дайындық жағынан тұжырымдай беріңіз, — деп қайтарған болатын.
Бекболат армия штабынан түн ауа қайтып, Калугиннің блиндажына еніп, оған бірнеше тапсырмалар берді.
Ертеңіне дивизияда сыпсың-сыпсың сөздер шыға бастады. «Командашы маған айтып еді. Мен Калугинге тана айтып едім. Бұл сыпсың қайдан шықты екен?» — деп комдив аң-таң қалды.
Құлақтарын түріп жүрген майдандағылар арасында сөз тез тарайды.
Келесі түнде Бекболат Калугиннің блиндажына барып оған:
— Все то, что вчера я вам говорил, отменяются. Нам приказано готовить наступление в другом направлении, — деп ойына келген басқа тарапты сілтеп, толығырақ әңгіме құрды. Тапсырмалар берді.
Калугиннің блиндажы екі бөлмелі екен. Оны комдив бұрын байқамаған еді. Комдив шығып бара жатқанда қатар бөлмеден ұйқысырап ыңырсыған әйелдің даусы естілді. Комдивті шығарып салып келе жатқан Калугин жалт қарап, қызара төмен қарады.
Ертеңіне түнгі әңгіме туралы тағы сыпсың тарады.
— Михаил Тимофеевич, я не знал, что у вас есть ППЖ, — деді комдив Калугинге ол оған кезекті рет қызмет жөнін баяндап тұрғанда.
— Ол менің, комдив жолдас, ординар едім, — деді Калугин төмен қарап.
— Пусть будет так. Но, как вы знаете, обслуживание в постели в обязанности ординарца не входит. Коль ваш ординарец женщина — ее дело, с кем и как общаться. Также ваше дело быть верным своей жене или изменять ей. Но почему же ваш ординарец должна быть вторым начальником штаба дивизии?
— Как, то есть?..
— Почему она должна быть в курсе всех дел и разглашать военную тайну?
— Какую военную тайну?
— О подготовке к предстоящей операции в дивизии знает любой ездовой. Я не знал, что она живет в одном блиндаже с вами. При ней, оказывается, я информировал вас и давал задания.
— Черт побери, эти бабы...
— Чертыхайтесь не на баб, а на себя, товарищ полковник.
— Слушаюсь, товарищ полковник. Я учту ваше замечание.
— Напишите донесение на имя командующего о том, при каких обстоятельствах тайна о предстоящей операции нами разглашена. Попросите виновных наказать, а дивизии поставить другую боевую задачу на другом направлении.
Калугин қызара бөртіп, терлеп-тепшіп, рұқсат алып шығып кетті.
(Калугин өз үстінен өзі ақпар жазып болғанша, кейбір оқушыларға ППЖ-ның не екенін, кім екенін айтсақ па екен, айтпасақ па екен?) Екі сағаттан кейін Калугин донесениені жазып алып келіп, комдивтің алдына қойды.
— Что, значит, «случайно рядовой подслушал»? — деп сұрады комдив донесенияны оқып отырып. — Далее, в отношении ее будут приняты соответствующие меры.
— Какие меры вы имеете в виду?
— Видимо, придется ее наказать.
— Как наказать?
— Она же как военнослужащая давала присягу не разглашать военные тайны. Видимо, вы сами выберете меру наказания. Вы тоже давали присягу. Вы ответите за нее. Идите, я сам напишу донесение так, как на самом деле было.
Кеш бата бергенде, комдивті командашы телефонға шақырды.
— Я прочел ваше донесение. Нам придется кое-что менять. Завтра со специальным нарочным получите пакет. Калугина откомандируйте к нам со всем его хозяйством...
— Каким хозяйством?
— С его машиной, всякими пожитками личного порядка, — деді командашы.
Калугин ординарецін алып, машинасына мініп кетті. Пакет келді. Калугиннің кетуі штаб тарапындағы үлкен офицерлерге әртүрлі әсер етті. Ешқайсысы батылы барып Калугиннің орнын басудан іштерінен бас тартты. Комдив те ешкімге оның орнын басқын деп ұсыныс жасаған жоқ. Штабтың бөлім басқарушыларына өзі нұсқау беріп, олардың баяндамасын өзі тыңдаумен болды. Орынбасары Шляпинге болса бұрынғыдан жүктемелер көбейді.
— Штабты біраз шайлықтырып алдыңыз, — деді Коньков бір жолы комдивке. — Бірақ та кейіннен ойлап қарасам, ондай штаб бастығының барынан жоғы жақсы ма деп қалдым. Кеткеннен кейін ол кісінің соңынан тағы да бірнеше былық-шылықтары шыға бастады: әлгі құрғыр әйел Калугиннің атынан тылдан көп заттар алыпты, өздеріне ерекше асхана ұйымдастырған екен, күндіз штаб тарапындағы жастармен, түнде Калугинмен болып жүріпті. Калугинді мүлдем билеп-көктеп алған көрінеді. Екі-үш рет үйіне посылкаларды Калугин арқылы ұйымдастырыпты.
— Ол жағын кезінде қадағалап, көзге түсірмегеннен кейін, Иван Михайлович, енді кеткен кісінің соңынан қазбалаудың керегі болмас. Мәселені көтеріп жүргендерге солай деп ақыл айтып, тыйым салыңыз, — деді оған комдив.
***
Осы кезде елдің көбі жаманды-жақсылы шахмат ойнайды. «Мен бүйтсем — о бүйтер ме екен, әлде бүйтер ме екен?» деп көп ойланады жүру кезегіндегі ойыншы. «Ол бүйтсе, мен бүйтсем бе екен, жоқ, әлде, бүйтсем бе екен?» — деп ойланады жүріс кезегін күтіп отырған ойыншы. Ойынның ортасынан кейін екі-үш жүрісті алдымен ойлап: «Мен былай жүрсем, ол былай жүреді, мен былай жүргенде, ол не беріп, не алады, ал бүйткенде ала алмайды...» деп өз ойына қарсы алдыңғының ойынын арпалыстырып отырады. Жақсы ойыншылар бір-бірінің ой түйінін, істер қимылын мүмкіншіліктеріне қарай шешіп отырады, партнеріне күтпеген жерден қиын жағдай тудыруға тырысады. Оқушылардың көбі шахматистердің ойы мен қимылдарын менен жақсы біледі, көп ойынды бастарынан да өткізген болар. Үлкен ұрыс — операцияны жүргізу де командирлер үшін шахмат ойнаумен тең деп айтуға болады. Бірақ та шахмат тақтайы көз алдыңда, ал соғыста болса, дұшпан сырын дұшпан білу қиын, жатқан жұмбақ, тоқсан түйінді шатысқан торқа. «Шила в мешке не утаишь» дегендейін, көлемі үлкен операцияларда негізгі ірі күштердің қайда екенін аспанды шарықтаған авиоразведка мен тылдың әр бұрышын тіміскілеп жүрген агентурная разведкалар бақылап хабарлап тұрады.
Шахмат ойынында «рокировка» дейтін сөз бар. Рокировканы ойыншылар не түбін ойлап барып істейді, әйтпесе, қиын жағдайға қарап мұқтаж болып істейді. Қарсы ойнаушы болса, рокировканы істетпеуге тырысады, өйткені, рокировка бір қанаттан бір қанатқа күш салмағын ауыстыруға, бір беталыстағы күшті басқа беталысқа үйлестіріп босатуға мүмкіндік туғызады. «Рокировка» деген терминді біз әдейі алып отырмыз. Курляндияда немістердің соғыстың аяғына дейін жарты миллиондай әскері болды. Ол зекер шабуыл жасау үшін емес, біздің жақтың мол күштерін басқа майдан тарапына, оңтүстік бағытына ауыстырмай ұстап тұру үшін мықты бекіністе тұрды.
Оңтүстік тарапындағы майдандарда біздің шабуылдан дұшпанның іргесі бірінен соң бірі құлап жатты. Біздің күш ол тараптарда басым болды. Сол бағыттардағы біздің шабуылдарды тоқтатып, одан соң тойтару үшін дұшпан Курляндияда бізге қарсы қорғаныста тосқауыл боларлық күштерін ғана қалдырып, негізгі күштерін босатып, үлкен ұлы шайқас болып жатқан бағыттарға ауыстырмақ болды. Бұрынғы Курляндия өлкесіндегі майданға қатысып жүрген бірнеше дивизиялар қоныс ауыстырып, Германияның өз өлкелерінде жүріп жатқан ұрыстарға қатысып жүргендері анықталды.
«Благодаря пассивности наших войск пехотные, н... танковая дивизии были переброшены на юг, и теперь они успешно действуют против наших наступающих войск на направлении....» деп упрек жасап, «приказываю в дальнейшем не допускать переброски противником сил и средств из Курляндского полуострова на собственную территорию Германии, где наши войска ведут успешное наступление» деген приказ Курляндиядағы совет әскерлеріне «сенгендерім сендер болсаң...», «неге дұшпанның не жағасынан, не етегінен ұстап, орнынан қозғалтпаудың орнына жіберіп алдыңдар!» деген сияқты орынды «зекіру» ретінде қабылданды. «Біз жіберіп алмасақ, ол дивизиялар сендермен жағаласпас еді ғой» деген ұялған сезім біздің оңтүстік бағытындағы жауынгер жолдастарымыздың алдында бізді бет қаратпай ұялтты.
Демек, «противнику не произвести РОКИРОВКУ!» біздің курляндияшылдарға іс жүзіндегі маңдайалды мақсат болды. (Архивімнен Курляндия туралы жазбаларым табылсын, пайдаланылсын).
«...апреля, ... часов, авиацией было замечено движение колонны из района X... в направлении Т.»
«По агентурным данным, ночью через населенные пункты M.K.JI. проходили колонны танков и мотопехоты. Через М. колонны проходили в течении четырех часов с интервалами между прохождениями колонн в 15—20 минут».
«...западнее Таллина в ... милях наша подводная лодка потопила морской транспорт, груженный войсками... Юз. Либавы, ночью авиация бомбила караван судов противника, груженных войсками, техникой...» деген сияқты хабарлар жоғарыдағы барлаушы орындарға келіп жатты.
Алдыңғы шепті берік бөгетпен ұстап, мол күшін қауіп-қатер төнген бағытқа ауыстыра бастағаны айқын анықтала бастады.
— Сіздің дивизия шабуыл жасайтын тарапта дұшпанның қандай бекіністерінде қандай күштері бар? Оның қай жерде қандай резервтері бар? Соны толығынан баяндаңыз, — деді командашы Бекболатқа.
Жайылған үлкен топографиялық карта бойынша білетінін Бекболат баяндап берді.
— Сіздің мағлұматыңыз онша толықтау көрінбейді, — деді командашы тыңдап болып, Бекболатты өз алдындағы картаға шақырып, — мына бір полктің мына жерде тұрғанын сіз білмейді екенсіз. Мына жерде бір танктер полкы тұр. Мына орманның ішінде де бір топ әскер бөлімдері бар көрінеді... — деп көрсетіп болып, — ал, осыларды өз картаңызға көшіріп алыңыз, — деді де, өзі темекі тұтатып ары-бері жүре бастады.
— Көшіріп алдым, командашы жолдас, — деді Бекболат біраздан кейін.
— Ал, енді ойынды басталық.
— Қандай ойынды?
— Сіз сол жаңағы дұшпан дивизиясының командирісіз. Соның орнына ойланып, толғанып шешім қабылдап, бұйрық жазыңыз. Ол дивизияда не бар, не жоғы туралы мағлұматтар мына қағазда, — деп командашы Бекболатқа бес-алты парақ қағазды ұсынды да, — Мен бір жарым сағаттан кейін келіп сізді тыңдаймын, — деп шығып кетті.
Бекболат жападан-жалғыз қалды. Картасын үлкен үстелге жайып, бір шолып өтті де, ой-пікірін карта бетіне көк бояу қаламмен нақыштап сыза бастады. Графика жағынан Бекболат қаламы жүйріктердің бірі болып есептелетін. Командирдің ойы, болжамы, бұйрығы карта бетіне сырмаққа жапсырылған оюдай нақыштана түсіп жатыр.
Орнынан тұрып, темекі тартып біраз әрі-бері жүріп сағатына қараса — бір сағат уақыт өткен екен. Столға қайта оралып келіп отырды да, картаның сызықтардан бос жеріне қара қаламмен бұйрықтың жобасын рет-ретімен жаза бастады.
Бұйрықты бітіріп болып, картаның басқа бос бұрышына керекті естелік ретінде мәлімдемелердің цифрларын жазып, есеп шығарып біте бергенде, командашы келді.
— Үлгере алдыңыз ба? — деп сұрады ол.
— Үлгерген шығармын деп тұрмын, командашы жолдас.
— Тағы да бір шолып шығыңыз, — деді командашы Бекболаттың картасын үстірт бір қарап шығып.
«Бір нәрсем мына кісіге ұнамады ғой» деп ойлаған Бекболат картасына шұғыл қарап, қолына көк қаламды алып сыза бастады. Ол резервтерін орналастырғанмен, олардың қай тараптарға қарсы шабуылға дайын болуларын көрсету есінен шығып кеткен екен. Үш-төрт найза сүйір сызықтарды (стрелки) карта бетіне түсіріп болғанда, командашы:
— Вот теперь другое дело, — деді де. — А теперь докладывайте, — деп бұйырды.
Картаға қарап тұрып дәлелдермен баяндады Бекболат. Командашы бірнеше сұрақтар қойды. Жауабын тыңдап болған соң:
— Ну, теперь пойдемте обедать, — деп командашы Бекболатты өзіне шақырды.
Карта бетінде «соғысты» дайындап, ұйымдастырып, жүргізіп, басқарып машықтануды «игра» деп атайды. «Играда» соғыста болатын жағдайдың барлығы есеп-қисапталып, «осылай іс жүзінде болуы мүмкін» деген бірнеше варианттарды шешіп, командир үлкендердің алдында сыннан өтеді. Әдейі сынағалы ұстаз болып отырған кісі, түрлі-түрлі «жағдайлар» жасап, «дұшпанның қимылы мынандай, ал оған сен қалай қарсы қимыл жасамақсың?» деген «жұмбақтарды» әскер тілінде «вводная» — кіріспе хабар дейді. Кіріспе хабарды алғаннан кейін, жағдайды толығынан «таразыға» салып бағалап, соған сәйкес шешім қабылданып, бұйрықтар беріліп отырады. Түскі тамақтан ел жатқанға дейін командашының ұстаздығы бойынша Бекболат неміс комдивінің рөлінде «қызылдарға» қарсы ұрыс жүргізумен машықталу ойынын атқарды.
— Кім білсін, іс жүзінде қалай боларын, кімнің ішіне кім кіріп шығыпты, — деді командашы қорытынды сөзінде, — бірақ та, қолдағы бар мағлұматтарға қарағанда, дұшпанның осылай қарсыласуы мүмкін деген варианттарды сізбен біраз қарастырғандай болдық. Ал, енді сізге сіздің дивизияның болашақ операциядағы орны, оған жүктелетін міндеттері белгілі. Күні бойы болса, дұшпанның болашақ негізгі қимылдарын жорамалдаумен болдық. Іс жүзіндегі жағдай біздің барлық жорамал-жоспарларымызды қопара өзгертуі де мүмкін, бірақ та бүгінгі кездесуіміз біраз даярлыққа жарар деймін. Үш күннен кейін шабуылға шығамыз. Дивизияны дайындап, көршілеріңізбен іс басталатын жердің басында келісіп, бір-бірлеріңе көмектесу жағынан әңгімені пісіріп алғайсыздар, — деп командашы Бекболатқа жүруге рұқсат беріп қоштасты. Сөйтіп, дұшпанның күштерін басқа майданға ауыстыртпау үшін жүргізілген операцияға Бекболаттың дивизиясы да қатысты.
***
Бұл жолы Бекболаттың дивизиясына қосымша күш ретінде бір артиллерия дивизиясы, бір миномет бригадасы, бір танктер бригадасы, бір артиллерийский самоходный полктар берілген болатын. Әрқайсылары түн жамылып өз позицияларына орналасқан. Танктер бес-алты километр арттағы орман ішінде тұр.
Таң бозарып келеді. Бекболат сағатына қарап:
— Бес минуттен кейін басталсын, — деді де өзі бақылау пунктінің жертөлесінен далаға шықты.
Артиллерия конанадасының сарындарының тұншыға, булыға гүрілдеген үйі дүбірлей дабыл қағып күркіреді. Нажағай атқандай алда жарқ-жұрқ тарс-тұрс етіп жарылған снарядтар будақтата қою қара түтін шудаларын құйындата аспанға көтерді. Артиллерийская подготовка началась. Бекболат қарап тұр. Үдеу атыстардан аспан күңіреніп, жер солқылдап тұр.
— Так держать еще минут тридцать! — деді комдив қасында тұрған Шляпинге.
— Есть так держать еще минут тридцать! — деп комдивтің бұйрығын қайталап, Шляпин жалт бұрылып блиндаждан іргесіндегі орға ырғып түсті.
Атыс-конанада сарыны үдей бастады.
Бекболат сағатына тағы да қарап:
— Вам пора начинать выдвигаться, товарищ полковник! — деді қасында тұрған танк бригадасының командирше.
— Сейчас прикажу начать выдвижение, товарищ комдив, — деп о да жаңағы блиндаж іргесіндегі орға секіріп түсіп, жоқ боп кетті.
Алдағы шептің алдында жерді будақ-будақ өркештенген қара түтін қаптаған...
— Как только танки подойдут к боевым порядкам рот, огонь артиллерии перенести в глубину обороны противника, пехоту поднять в атаку! — деп бұйырды комдив. Бұл бұйрықты орындау үшін штаб офицерлері жан-жаққа жүгіріп кетісті.
Танктер гусеницаларымен кесек атқылап жер бетіне жыланбауыр ізін тастап, зымырап алға жеткенде, жаяу әскерлер олардың соңынан уралап айқай сала андалап ере жүгірді, артиллерия құлашын алысқа асыра сілтей атқылауын бастады. Шабуыл басталды. Беталыстары жаман емес. Дұшпанның алдыңғы шебіндегілер есін жинап алғанша мұршасын келтірмей жетіп, басып өтіп бара жатқандарын көріп тұрған Коньков:
— Славьте, значит, атака не захлебнулась, — деді. Самолеттер ұшып өтіп, дұшпанның резервтерін бомбылай бастағанда.
— Начинайте смену позиции! — деп бұйырды комдив артиллерия басқарушысына.
Артиллерия мен авиация бірінен соң бірі кезек соғып, танктер жүре атқылап, жанши басып, жаяу әскердің алға оншама көп кідірмей баса беруіне мол жәрдемдесті. Дұшпанның бірінші қорғаныс алаңынан түкпіріне дивизия көршілерімен иін тіресе, түс ауа бергенде өтті...
Комдив негізгі бағыт тарапындағы әскердің соңынан қалмай, бақылау пункттерін ауыстырып еріп отырды, жағдайға сәйкес күш ауыстырып, бір бағыттан бір бағытқа немесе артиллерия мен авиацияның құлаш сілтеулерімен маневрлеп (маневр траекториями) дем беріп отырды. Универсальных родов войск нет. Сущность взаимодействия заключается в восполнении недостатков одних достоинствами других. Бірімен бірін жалғастырып, бірін-біріне сүйемелдеткізіп, комдив қадағалап бақылап отырды.
Алдыңғы шепті бұзып, қорғаныстың бірінші алаңының түкпірінен өткенше, жеті-сегіз километр жерді қарсыласқан дұшпанмен жағаласып өткен алдыңғы қатардағы полктердің қатары сиректеп, күші азайып, дәрмені бітіп шаршағандықтан, алға жүріс шабандай бастады, бұрынғыдай қарсыласқан жауға жұмыла тиісіп, омырау қақпамен үстемдеп басып өту екпіні пәстей бастады. Алдағы кездескен үлкен селоны ат үстінен алып өтудің сәті түспестен, күн батқанша шабуыл бірнеше рет тойтарылып бөгеліп қалды. Бұған кінәлі — комдивтің жеке басы. Ол уақтылы екінші эшелондағы полкінің тып-тынық күшімен жауды өкшелей қумастан, оған уақыт ұтқызып есін жинап алып, көлемді қорғаныс ұйымдастыруға мүмкіншілік беріп алды. Оны уақтылы болжап, алдын ала шара қолданбаған комдивтің кейінгі қимылдары сәтке соқпады. Дивизия тоқтай қалды.
— Что ж это вы? Своевременно не ввели в бой свой второй эшелон для развития успеха, дали возможность противнику отойти и организовать оборону на новом рубеже... — деп командашы комдивке ренжи сөйлеп наразылығын білдірді.
Бекболат қатты қиналды. Бір жақсы жері, негізгі күш шаршағанмен, екінші эшелонмен резервтер түгелінен тың, қорамсақтағы қорларда сарқылмаған.
Комдив шешім қабылдау алдында полктарды аралап шықты. Көрші дивизияларға да барып қайтты. Олар да қатар бөгеліп тоқтап қалған екен. Демек, олардың алдындағы дұшпан да оңай болып шықпады. «Бүгін ұрыстың бірінші-ақ күні. Ұрыстың қанша күнге созыларын кім білсін. Бәрі жағдайға байланысты болар. Операцияның негізгі мақсаты неғұрлым дұшпанның көп күшін өзіне қарата тарту... Негізгі ауыртпалық әлі алда көрінеді. Сондықтан резерв пен екінші эшелонның мұртына да тимеу дұрыс болар. Оларды ең ауыр жағдайға тың сақтап отыру керек...» деген қорытындыға келді. «Решили рассвета, после короткой артиллерийской подготовки, в прежнем боевом порядке продолжать выполнение последующих задач дивизии. Второй эшелон вводить в бой лишь при столкновении с крупными силами противника, а резервы использовать по обстановке» деген шифровканы командашының атына телефонмен бергізді.
— Алдым шешіміңізді. Вы на своем настаиваете? — деп сұрады командашы.
— Я исхожу...
— Понятно, из чего вы исходите, — деп бөлді комдивтің сөзін командашы. — Но ваши полки первого эшелона имеют потери и изрядно устали.
— Противник тоже не находился на курорте. Он достаточно потрепан.
— Да, мне нравится ваша дерзость, молодой человек.
— Простите, товарищ коман...
— Цыплят по осени считают. Делайте все, как вы решили. Но только все ломать и разрушать основательно огнем артиллерии, лишь потом пускать танки и пехоту, а подходящие резервы противника мы попытаемся задержать авиацией. Имейте в виду, что он кое-что начал поворачивать в нашу сторону.
Командашының кейінгі сөзін естігенде комдив қуанып кетті. «Ә, мына кісінің маған онша ұрыспай тұрғанының себебі сол екен ғой», — деп ойлап қойды ішінен.
— По населенному пункту артиллерийскую подготовку не проводить, авиацией не бомбить!
— Онда оны қалайынша алмақпыз, комдив жолдас? — деп сұрады Шляпин.
— Обойти с двух сторон. Когда мы глубоко вклинимся во фланги, противник вынужден будет оставить село без серьезного боя.
— Если он не отойдет?
— Тогда придется его окружать.
— Но это же отвлечет много сил и средств.
— Если будем успешно продвигаться вперед на его флангах, он отойдет.
— Организуя отход, он обязательно предпримет частные контратаки.
— Это как раз нам и нужно...
Түні бойы комдивтің шешіміне сәйкес дайындықтар істелумен болды.
***
Таң сәріде күтпеген кезде жау артиллерия мен минометтан еселей-еселей дүркін үстіне дүркіндете атқылауын бастады.
— Мәссаған, безгелдек! — деді Шляпин сұрланған комдивтің түріне қарап. — Мынауы ойыншық емес, кәдімгі контрподготовканың өзі ғой.
— Шабуылға дайындалып жатқанды тұрғызбай орнынан баса, алдын ала істеп жатқан әрекеті екені рас, Геннадий Фадеевич. Далаға шығып көріп келіңізші, қай жағымыздың миын шығара илеп жатыр екен.
— Сарынына қарағанда...
— Сарынын мен де естіп отырмын. Көріп қайтыңыз.
— Жарайды, — деп Шляпин шығып кетті.
— Засечь позиции всех дивизионов, которые сейчас ведут огонь, деп бұйырды комдив артиллерия басқарушысына. — И как только прекратят огонь, немедленно приступить к подавлению их, не давая им возможность сменить позиции.
— А почему сейчас не подавлять?
— Возможно, он пойдет в атаку...
— Комдив жолдас, дұшпанның артиллериясы нақ орталықты топтана соғуда, — деп бөлді комдивтің сөзін Шляпин.
— Орталықта кімдер бар еді?
— Бір батальон тосқауыл ретінде орналастырылған болатын, полктардың негізгі күштері оң мен солда ғой. Олар әзірге аман.
— Онда соға берсін... Мына сарынға қарағанда, бұған түнде жаңа күш келіп қосылуы мүмкін.
— Әрине, ол да түні бойы қарап жатты дейсіз бе.
— Шабуылдар ма екен? Жоқ, әлде, ұмтылуға дайындалып тұрғанымызда, атқылап, шат-шәлекейімізді шығарып, өзімізді өз басымызбен әурелендіріп...
— Қайтсе де, мына атысы — мықты атыс. Әлі қояр емес қой.
— Иә, басталғалы он жеті минут болды, — деді сағатына қарап комдив.
Атыс кенеттен тоқтатылды. Кенеттен басталған дабыл күтпеген адамды қалай шошытса, кенет тыныштық, өшкен сарын Шляпинді сондай шошындырды.
— Двадцатиминутный мощный артиллерийский налет, — деді комдив сағатына қарап тұрып. Он нас упредил на десять минут. Как там? Он в атаку не идет? — деп сұрады бақылаушыдан.
— Көрінбейді, комдив жолдас.
— Көрінбесе, демек, түнде оған артиллериядан басқа тың, күш келіп қосылмаған да болар, — деп өзімен-өзі сөйлескендей ойын естіре айтып қолына телефонды алып, коммутаторға: — Всех на линию! — деп бұйырды да, трубканы текшеге қойып темекі тұтатып, екі-үш рет қатты сорды.
Телефон зумеры ызыңдады.
— Все на линии, товарищ комдив, — деген дауысты коммутатордан естіп: — Слушайте все! — деді комдив. — «Гром», начать артподготовку через пять минут, все остальное потом, как было намечено! Никаких вопросов не задавать!.. «Ч» (атака) 745 (7 ч. 45 мин. (7.05) менің сағатым жетіден бес минут кетті), всем записать, — деп шифрмен бұйрық етіп болып, темекісін қайта тұтатып, орындыққа барып отырды комдив.
— Еш нәрсені өзгертпегеніңіз дұрыс болды, комдив жолдас.
— Жаңағы батальонная не қалды екен? Соны біліңізші, Геннадий Фадеевич.
Артиллериялық дайындық кешегідей селоның екі босағасынан сәл аулақтау жерлерде жүргізіліп жатыр. Селоның үстіне бірде-бір снаряд, бірде-бір мина тасталған жоқ. Авиация дұшпанның тылына қарай көп ұшып барып, қайтып жатты. Лек-легімен майдан шебіне қарай колонналар келеді... деген хабарлар армия штабынан шифрланып келуде.
— Қараңыз, қараңыз, комдив жолдас, — деді дүрбімен алға қарап тұрған Шляпин. — Селодан немістер кете бастады. Шынында, селоның арғы шетінен шығып бара жатқан бірнеше танктер мен жаяу әскерлер топтары көрінді.
— Дать заградительный огонь силами двух дивизионов по той окраине села, — деп бұйырды комдив артиллерия басқарушысына. — А вы, Геннадий Фадеевич, организуйте атаку одним батальоном и танковой ротой. Задача — овладеть селом.
— Селоның алдыңғы батальоны әлі есін жинап үлгере алған жоқ, комдив жолдас. Дұшпанның контрподготовкасы соның басына жауды емес пе.
— Батальонды резервтен алыңыз. А пострадавший батальон вывести в резерв.
— Жарайды, — деп екі-үш офицерді ертіп Шляпин кетті.
Шляпин кеткеннен кейін артдайындық аяқталды. Алдағы полктер шабуылға көтерілді... Алға кетіп барады. Артиллерия құлашын соза атқылауда. Алдағылар селоның екі босағасын аттап өте бергенде, дұшпан бүйректен соға қарсы шабуылға шықты. Танктердің соңынан «люлюкайлап» жаяу әскерлер автоматтарын қарнына тіреп атқылай жүгіріп барады. Сол кезде селоға Шляпин жұмсаған батальон мен танктер шабуылға шықты. Оны көрген немістер дағдарып қалып, кейін бұрылып селоға қарай қайта жүгірісті. Олармен бірге селоға біздің танктерде соңына батальонды ертеді. Көшеде қоян-қолтық, опай-топай ұрыс басталды.
— Не обращать внимания на село. Двигаться вперед! — деп бұйырды полк командирлеріне комдив.
***
Дұшпан қаймыға қарсыласып шегінуде, бірақ та сағы сынып қашып бара жатқан ол жоқ. әр село, әр бекінуге ыңғайлы рубеждерді ол оңайлықпен беріп бара жатқан жоқ. Қармана-қамданып, қарсылықтар көрсетіп, біраз бөгеп, әурелеп, уақыт ұтып барып шегінеді...
Бұрын майданның, бұл тарапында жоқ жау дивизияларының солдаттары мен офицерлері қолға түсе бастады.
«... по данным авиации и по показаниям пленных, противник повернул с маршрутов Н...П... №№... дивизии и вынужден спешно вводить в бои отдельные подразделения и части... Наша авиация в течение дня бомбила колонны противника в районах Ж... Б... Т... Ю..., тем самим воспрепятствовала быстрому продвижению их к линию фронта. Командующий приказал: вводом в бой вторых эшелонов развить успех и наращивать темп наступления...» — деген шифрограмма келді.
— Не бұйырасыз, комдив жолдас? — деп сұрады шифровкасын алып келіп оқып беріп Шляпин.
— Біздің беталысымыз бұл жағдайда онша жаман емес. Кейде тоқтап, кейде кідіріп алға кетіп барамыз.
— Қимылды тездетсін деп бұйырыпты ғой. Екінші эшелонды ұрысқа қалай енгізбексіз деп сұрап тұрмын ғой.
— Считаю, что преждевременно вводить в бой второй эшелон.
— Бұйрық солай емес пе?
— Бұйрық солай екені рас. Вы сами хорошо знаете, что второй эшелон предназначается для наращивания ударов с целью развития успеха, для отражения контратак крупных сил противника, когда это не под силу первому эшелону; для закрепления захваченных важных рубежей. Впереди нас ждет и отражение контратак, и закрепление за собой всего завоеванного за эти дни.
— А резервы?
— Резервы предназначаются на всякие непредвиденные случаи, а ведь бой...
— Иә, қай қақпанға қашан түсіп қаларыңды қайдан білесің?
— Ал, енді мына жер жағдайына қаралық, — деді комдив картасын Шляпиннің алдына сырғытып, — көріңіз, будан бес-алты километрдей жерде мына өзен ағып жатыр. Өзеннің ені он-он бес-ақ қадам, арнасының тереңдігі мен кеңдігіне көз салыңыз. Бұл рубежде табан тірестің дәл өзі басталады. Сондықтан екінші эшелонды соған жақындай бергенде ұрысқа ендіреміз. Тың күш бір жұлқынмен ұмтылып барып өзеннің ар жағындағы мына қырқаларға жетіп, бекініп үлгерсе, бүгінгі ұрыс нәтижесі нағыздалмақ.
— Ол рубежді де жау жалаң ұстап отырған жоқ болар, ал артынан келе жатқан бір полк ол жерге бізден бұрын жетсе, бізді «Қуып кепсіздер» дей қоймас.
— Бес-алты километрді ұрыспен жағаласып өткен полктың діңкесі құрып, шаршап жетеді де, қимылы сылбыр тартады. Екінші эшелонды сол рубежге (белеске) бір жарым — бір километр қалғанда ғана ұрысқа кірістіреміз.
— Ондай болса, оған алдын ала дайындықтар да керек кой.
— Второму эшелону придать один артиллерийский полк, один танковый батальон, с вводом — в бой переподчинить ему еще два дивизиона... — деп комдив Шляпинге карта бойынша маршруттарды, қай уақытта, қай жерден, қалай ұрысқа екінші эшелонды кірістіруді сызып, есептеп көрсетті де: — Вы поезжайте в этот полк и организуйте все это, — деп бұйырды.
«...Решил: до рубежа С.., Е.., В... продолжать поставленные задачи в прежнем боевом порядке. С рубежа М.., Ф... ввести в бой свой второй эшелон, усилив его с.., с задачей с ходу овладеть рубежом реки Щ. Выйти на рубеж выс. 205,7, выс. 220,0, отм. 187,6, закрепиться на нем до подхода главных сил дивизии, в готовности отражать контратаки противника с направлений К., Г., Ш. Д., М.З.
Прошу авиацией воспрепятствовать продвижению подходящих резервов противника в этих направлениях», — деп комдив өз қолымен жазып, — Немедленно это зашифруйте и передайте в штаб армии, деп бұйырды штаб офицерше.
* * *
Өзенге бір километр жақындағанда, екінші эшелон алғы полктарды қуып жетті. Біздің авиацияның бомбылауына қарағанда, дұшпанның алғы легі өзенге үш-төрт километрдей жақындап келіп қалғанға ұқсайды. Комдив алдыңғы шеп қатарында жүр еді. Ол оны өз көзімен көріп тұр. Өзен алдындағы белестерде де жау орларының белгілері көрініп тұр. Оларды ат үстінен алудың оңайға түспесіне көзі жеткен комдив барлық артиллериямен он бес минуттей жау позициясын төмпештеуге бұйрық берді, өзі екінші эшелонға кетті.
Комдив Шляпинмен, полк командирімен жүре сөйлесіп келе жатып бірнеше нұсқаулар беріп, бір төбенің басына шығып, айналаны біраз шолып қарады да:
Осы төбе менің бақылау пунктіме лайықты көрінеді, мен осында қалайын, сіздер бара беріңіздер, — деп рұқсат беріп, кетіп бара жатқан Шляпиннің артынан: — Геннадий Фадеевич! Как только завершите ввод в бой второго эшелона, батальон первого эшелона с участка ввода выведите в мой резерв, деп дауыстады.
— Не много ли, товарищ комдив, в резерве иметь два батальона в такой обстановке? — деп сұрады Коньков.
— Наоборот, маловато, Иван Михайлович. Батальончики, а не батальоны. Видите, что впереди делается, — деді қолын нұсқап көрсетіп. — Главные силы авангарда противника совсем недалеко, авиация бомбит, а его передовой отряд с остатками отходящих частей, видимо, заняли оборону на этой стороне реки как плацдарм. Мы по ним ведем девятнадцатиминутный артиллерийский налет, чтобы обеспечить ввод в бой нашего второго эшелона.
— Знаю, товарищ комдив. Я присутствовал при постановке задачи Шляпиным. Я на ходу провел совешание политработников...
— Простите, Иван Михайлович, налет подходит к концу, — деді сағатына қарап комдив Коньковтің сөзін бөліп, штаб офицерше: — Передайте - огонь артиллерии перенести на тот берег реки, — деп бұйырды да Коньковқа қарап: — Боюсь, как бы на этом рубеже не произошел встречный бой. Сумеем ли до исхода дня преодолеть реку и занять на той стороне плацдарм.
— Да, это очень важно. Если он упредит нас...
— Это вполне возможно. Если нам и удастся занять плацдарм на той стороне, он обязательно контратаковать будет. Вот исходя из этого, резервными батальонами хочу занять оборону на этой стороне реки. Как только полк второго эшелона перейдет реку, эти два батальона надо подтянуть к берегу реки, занять оборону. Вы езжайте к ним и организуйте все это, Иван Михайлович.
Коньков екі штаб офицерін ертіп, бұйрықты орындауға кетті.
***
Артиллерияның соққысынан кейін тың полк танктері жер бауырлап тырмысып, жаяулар дұшпанның тосқауылын баса-жанша өзеннің арғы жағасына шығып, жабыла өрлеп барады. Артиллерия болса, олардың алдынан ілгерілеп бұрқылдата соғып, құйын толқыны соңына ілескендей андап.бара жатқан әскер толқыны арасында дұшпан снарядтары мен миналарының жарылған жалынды қара түтінді шоршыта аспанға атады...
Комдив машинаға мініп, соңғыларының қатарын баса өтіп, өзен жағасындағы Коньковпен біраз тілдесіп, тіке алға тартты.
Дөң басына шығып, дүрбімен алға қарағанда, ентелей ылдилап ілгерілеп бара жатқан әскерді көрді, қара түтін бұрқырап, күңгірт жалынға оранып жанып жатқан бірнеше танктерді көрді, дөңгелектері көтеріліп қирап жатқан зеңбіректерді көрді, бірді-екілі бірін-бірі сүйемелдеп қарсы келе жатқан жарақаттанғандарды көрді, шұбырылып солпиып айдалып келе жатқан тұтқындарды көрді, ажал жеткен жерде сулап жер қауып қулап жатқан өліктерді көрді. Ары қарап, бері қарап алдағы, алыстағы жер жағдайын шолды. Алдағы ойпаңнан ары шоқпырттанған қырқа-қырқа, қыртыстанған жер. Оның қай жылғасында не жатып, не қойғанын кім білсін, жақын арада дұшпан тобы көзге түспеді. Жер жағдайын бағалағанда алдыңғы қырқа бір белес (естественный рубеж) деген комдив: «Продолжать наступление до непосредственного соприкосновения с противником», — деп бұйырды. Коньковті шақырып алып: «Оборону этими двумя резервными батальонами организовать не на том берегу реки, как это намечалось раньше, а на этих высотах», — деп тапсырды да, өзі алға тартты.
Күн найза бойына жақындай бергенде, алдыңғы дөң белестеріне жетіп, ілгері басып бара жатқан әскер қатарына барды. Оның алдындағы жерлер де ойпаң-қырлы келеді екен. Алыстан дұшпан әскерлерінің топтары көзге ілінді. «Закрепиться на достигнутом рубеже, в готовности отразить контратаки противника. Подтянуть всю артиллерию и тылы. Эвакуировать раненых. Каждому полку иметь один батальон со средствами усиления во втором эшелоне. Надежно обеспечить фланги и стыки с соседями...» — деп бұйырып комдив ілгері басуды тоқтатты.
— С ходу он в атаку не пойдет. Ему надо привести себя в порядок после бомбежки нашей авиаций. Подтянуть отстающих, сосредоточиться и развернуться, а на это светлого времени дня не хватит...
— А ночными действиями? — деп бөлді комдивтің сөзін Шляпин.
— Он предпримет ночные действия с целью разведки. Так что надо смотреть в оба. С рассвета он будет наступать с целью сбросить нас с плацдарма. Глубина плацдарма пять-шесть, ширина семь-восемь километров. Было бы хорошо, если нашим соседям удалось бы расширить плацдарм на наших флангах. Вы, Геннадий Фадеевич, поезжайте к правому соседу, а вы, Иван Михайлович, к левому соседу. Уточните обстановку, организуйте надежное взаимодействие с ними. По пути заезжайте в полки, прикажите им, чтобы кроме тыла на той стороне реки никого не было всю артиллерию перевести на эту сторону, всю противотанковую и полковую артиллерию поставить на прямую наводку. Разумеется, впереди выставлять усиленное боевое охранение и вести непрерывную ночную разведку. А вы возвращайтесь не позже полуночи.
Олар кеткеннен кейін, комдив донесение жазып, командашыға шифрлап жіберді.
***
Таң бозарғаннан бастап барлықтарының екі көзі дұшпанның тарапында. Түнгі барлаушылардың хабарына қарағанда, дұшпан бекініс жасап, бөлімшелерін жиі орналастырып дайындалумен болыпты.
Бір жұмбақ екі ұшты: бекініс істеуі — біз шабуыл жасасақ, бетімізден оқ бүрке қарсы алып, қаймықтыра тоқтатып тастамақ; бөлімшелерін жиі-жиі орналастырғаны оқ боранынан қаймыққан жауына қарсы шабуылға шығып, өзенге дейін итермелеп тойтарып тастамақ. Ал, егерде біздің әскер шабуыл жасамаса, өзі дайындалып болып шабуылға шықпақ. Осы болжаулардың қайсысына бел байлағанын шеше алмай, командирлер дағдарып, комдивтің аузына қарап отыр.
Таң атты, күн шықты, дұшпан тарапынан ешқандай қимыл жоқ. Сағат он болды... Он бір болды... Тыпыршып отырған жоғарыдан да, төменнен де телефонға маза жок. «Неге отырсың? Чего же вы глазеете?» — деп қысады жоғарыдан, «Не істемексіз енді? Не бұйырасыз?» — деп сұрайды төменнен. Қарамағындағылармен сөйлесу оңай, жоғарыға жауап беру қиын. «Противник перед вами никаких активных действий не проявляет, а вы сидите, давая ему возможность закрепиться и подтянуть резервы... Кто вам разрешил перейти на позиционную оборону?..» — деген сияқты жекіру мен ұрсу сағат бірге дейін комдивтің құлағын жеп бітті. Оның «Ведь рука бьющего тоже устает...», «Бұл жағдайда орнынан кім бұрын тұрса, сол жеңіледі...» деген сөзіне: «Вы вечно философствуете! Ваша нерешительность объясняется тем, что вас охватило чувство тревоги и растерянности!..» — деп мазақтай кекетеді армия штабының бастығы. Комдив оған қатты қайырып жауап қатпайды. «Жарайды. Қазір анық-қанығын тағы бір рет байқап көрелік. Тырысып бағалық...» деген сияқты сөздеріне тағы да жекіру естіп, телефонды жерге қойып, мұңайып төмен қарап отырады.
— Не боп қалды, комдив жолдас?
— Не болушы еді, ұрсып жатыр, Геннадий Фадеевич. Неге дағдарысып, аңдысып отырсыңдар дейді. У нас все было расчитано на отражение контратаки, а он, проклятый, не идет.
— Как вы считаете, товарищ комдив, у противника сил больше, чем у нас? — деп сұрады Коньков.
— Көп болмағанмен, оның күші — тың күш...
— Комдив жолдас, сізді командашының өзі шақырады, — деп байланысшы телефонды ұсынды.
— Жағдай қалай?
— Мақтанарлық жаңалықтар жоқ.
— Қорғаныстарыңыз берік пе?
— Берік, — деп жауап қатып, «Бұл кісі де кекесін сұрақ қоя бастады той», — деп ойлады комдив.
— Қорғаныс шептері қанша қабат (эшелон)?
— Резервтердің позицияларын санағанда — үш қабат.
— Оныңыз дұрыс екен.
Командашының бұл сөзін де кекесін екен деп түсінген комдивтің түсі бұзылып кетті.
— Солай істеліп қойған еді, — деді кінәлі дауыспен.
— Мен үлкен кісінің (командующий фронтом) алдынан жаңа ғана келіп отырмын. Авиацияның хабары бойынша, дұшпан күштерін майдан шебіне қарата лектеп тартуда көрінеді. Бүгін түс қайта, әйтпесе, ертең азаннан бастап оның шабуылға шығуына ешқандай күмән жоқ. Сондықтан бекініс жұмысын нығайта беріңіздер.
— Жарайды. Құп болады, — деп шып-шып терлеп, көзі жыпылықтап, не қуанарын, не жыларын білмеген адамдай сасқалақтап, комдив телефонды байланысшы жауынгерге қайта ұсынды.
* * *
Аспандағы тырналардың тізбегіндей, бірінің соңынан бірі салып ілгері үш бұрыштана ұшқан алыстан дұшпан самолеттерінің тізбектері көрінді.
— Әне, мына жақтан біздің истребительдер келеді, — деді Шляпин. Артқа бұрылып қарағанша истребительдер зуылдап топ-топтарымен бақылау пунктінің үстінен өте бастады. Олар қазға қанатын түйіп тиген ителгідей бомбардировщиктердің үстінен құйыла шүйлігіп атқылап, пиктен шығып, өрлеп ұшып қайтадан бомбардировщиктерге түнере ылдилай құйылады. Бомбардировщиктер қалбалақтап бомбы-жүктерін құмалақтай тастап, кейбіреулері бұрыла қайта ұшады, кейбіреулері көкке қара түтін құйрықтарын шұбалта омағалай төмен құлдилап құлап барады.
— Жоғарғы орын бұлардың келе жатқанын бұрыннан сезген екен ғой. Егер де уақтылы истребитель қарсы алмағанда, олардың анау айдалаға тастаған бомбылары біздің басымызға түспек еді ғой, — деді Шляпин.
— Доложите в штаб армии, что наши истребители упредили бомбардировщиков противника. Воздушными боями наших истребителей бомбежка наших боевых порядков предотвращена, — деп бұйырды Шляпинге комдив.
Шабуыл алдында артиллериямен төмпештей соғып есеңгіретіп алып, атакаға шығуға үйреніп қалған әскер бомбы лаудан аман-есен құтылғанына мәз болып, бейғамдау жатқанда, күтпеген кезде дұшпан тарапынан жер бауырлап қыр астынан танктер шығып, атқыламастан зымырап, гусеницаларымен кесек атқылап келеді.
Танктер ылдилап ойға түскенде, біздің кейбір зеңбіректер ата бастады. Дөң басына шығып жаудың самоходкалары дәлдеп екі-үш снарядпен атқылай бастаған зеңбіректердің үнін өшіріп, өздері шегініп қыр астына жасырынып тұрып, тағы да біз жақтан зеңбіректің үні шықса, қыр басына тағы да шығып атқылап, қайтадан жоқ болып кетеді.
— Наших противотанковых на прямой наводке щелкает, как орешек. Метко стреляют подлецы.
— Дать заградительный огонь по позициям самоходных установок противника, чтобы они не влезали на гребень.
Жақындаған сайын танктердің өздері жүре атқылауды бастады. Атқылап өрлеп келеді. Қыр басынан тағы да танктер асып, соңына жаяу әскер ертіп, жүре атқылап ылдилай бастады.
— Значит, он начал атаку тихой сапой и в два эшелона.
— Идет уверенно. Значит, у него много танков. Броней хочет прошибить.
— По лощине тоже дать заградительный огонь, — деп бұйырды комдив Шляпин мен Коньковтің сөздерін бөліп.
Біздің артиллериямен қабаттаса дұшпанның артиллериясы да атқылай бастады. Нағыз артиллерия дуэлі (жекпе-жегі) басталды. Ауа ыңырана ұлып, дабыл жаңғырыға қағылып, жер күңіреніп, тітіркене қопарылып, топырағы қара түтін мен жалынға бөленіп, аспанға қарақұрымданып құйындай ыршып, будақтанып бұрқылдап жатыр. Жанып жатқан танктер, қалбалақтап аласұрып сүріне жығылып жүгіріп жүрген адамдар, жалын бүркіп атқылап жатқан зеңбіректер қарақұрым арасында мұнарланып (сағымданып) іле-шала көзге түседі.
— Неге қарап тұрмыз, комдив жолдас?
— Неге қарап тұрғанымызды көріп тұрған жоқсыз ба?
— Қандай шара қолдану керек мына апалаң-топалаңға?
— Қолданар шаралар қолданылып жатыр ғой. Лапылдаған өртті, тулай тасыған суды өз қарқындары басылмастан өшіре алмайсың да, тоқтата да алмайсың. Стихия боя в самом разгаре. В данный момент всякое приказание бесполезно, потому что оно не дойдет до исполнителей, а если и дойдет, то с опозданием, когда изменится обстановка...
— Надеемся на самотек...
— Не самотек, Геннадий Фадеевич, а организованный бой с определенным замыслом, — деп комдив орынбасарына жекіріп: — Вижу, вам не терпится. Ұрыншақ атша тықыршып дегбірленіп тұрсыз, — деді оған қазақшалап.
— Қайдам, бір нәрсе ойлап турсыз ба деп едім.
— Сіздіңше, ой іске асып жатқан жоқ па?
— Неге? Бұдан артық апай-топай айқасты тілеп те ала алмайсың.
— Тілеп алған аурудан құтылу қиын демекші, біздің күткеніміз осы еді. Бұл күн батпай сабырсымайтын айқасқа айналып барады. Сіз екінші позицияның дайындығын барып тексеріңіз. Дұшпан алдыңғы шепті бұзып өтсе, оны қарсы алуға даяр болып тұрсын. Армия штабына жағдайды баяндаңыз. Сіз, Иван Михайлович, эвакуация мен тылдың жұмысы қалай жүріп жатыр екен, соларды қадағалап, бақылау жағын ұйымдастырыңыз. Мен мына басталған істің аяғын күтіп, осы жерде тұра берейін.
Олар кетті, комдив бақылау пунктінде қалды.
...Ымырт жабыла ұрыс саябырси бастады. Қараңғы тез-ақ төңкерілді. Ойпаңның түбі мен қыр бауырлары жұлдыздай қалың сүйір тілді костерлер. (Зәулім білте шамның жалынындай костерлер).
Түннің аты түн, қараңғының аты қараңғы. Түс қайта ұрыс басталумен қабат түнере аспанды қаптаған қара бұлт күркіреп, жарқ-жұрқ етіп найзағай атып нөсерлете төгіп жіберді. Ұрыс шырақтары да, екпінді қимыл да өшті. Бұрын оқтан, оттан пана іздегендер енді сорғалап тұрған жауыннан ықтап, әркім өз қамын ойлай бастады.
«Подразделения и части привести в порядок. Немедленно организовать эвакуацию раненых. Подтянуть тылы. Уплотнить боевые порядки за счет резервов. Организовать питание и пополнение боеприпасами. Уточнить потери... Доложить» дегеннен басқа бұйрық берілген жоқ.
***
Түнімен жауған жаңбыр таң сәріде ғана тоқтады. Жауын соңынан батыстан ызғарлы жел соқты.
— Қатарымыз әжептеуір сиректеді. Жер болса, белуардан балшық. Малтығып жүріп істеген шабуылдың шығыннан басқа нәтижесі болмас. Бүгінше бекінуге рұқсат етіңіз. Бір тәулік ішінде жер беті дегдіп те қалар, — деп өтінді комдив командашыдан.
— Солай болсын, бірақ та қай уақыт та болса, шабуылға шығуға дайындықта болғайсыз.
Ызғарлы жел, суық лайлы ор, көн етіндегі киіміне дейін жауын өткен жауынгерлер қалшылдап-дірілдеп, тістеріне тістері тимей жүр. Қоректері құрғақ нан мен консерві
— Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес дегендейін, ыстық тамақтың қадірінде баға жоқ болады. Рота, батарея, батальон, дивизион, полктар, ақыры дивизиядан штаб офицерлері, саяси қызметкерлері ыстық тамақ жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастырып, тексерудің соңында жүр. Комдивтің өзі де жағдаймен іс басында танысу үшін полктарды аралап жүр.
Бір окоптың жағасынан өтіп бара жатып комдив тайғанақтап барып орға секіріп түсті. Үсті-бастары лайланған екі жауынгер окоп түбіндегі суды котелоктерімен сыртқа төгіп жүр екен. Олар комдивті көріп, ізет көрсетіп, қалт тұра қалды. Жауынгерлердің түрлері солғын, сынық, бет-ауыздары айғыз-айғыз түтіккен түк.
— Тамақтандыңыздар ма?
— Жаңа ғана жарты котелок сорпамен ішімізді жылыттық, — деп көзі шүңірейген, жақтары қусырылған жауынгер езуін жия күліп жауап берді.
— Темекі жағы қалай?
— Қалтамыздағы махорка да, қағаз да ботқаланып...
Кейбір қулар кисеттерін жалаңаш қолтықтарының астында ұстап, су тигізбепті, — деп жолдасының сөзін бөлді қасқасын маңдайынан көтере күліп екінші жауынгер.
— Олар өте ұқыпты азаматтар екен, — деді комдив те күліп. Комдив жауынгерлерге папирос ұсынды. Адъютант сіріңке жақты.
— Халдарымыз оншама мақтанарлық көрінбейді, жігіттер.
— Дұшпанның солдаттары да торқаға бөленіп, кең, жылы сарайда отырған жоқ болар, комдив жолдас. Табиғаттың ызғары екі жаққа бірдей ғой, — деді бірінші жауынгер, оның жолдасы мақұлдап басын изеді.
— Дұрыс айтасың, ерім, — деп комдив жүріп кетті.
Жауынгердің сөзі комдивті өте қуантты.
***
Түс ауа алдыңғы жау шебіндегі қырдың үстін будақтаған ақсу түтіндер қаптай бастады. Оларды жел айдап, сұрғылт қалың тұман қаптай басып келеді.
— Дымовую завесу он устраивает или с целью перейти в наступление под ее прикрытием, или с целью маскировать возведение оборонительного сооружения и ведения оборо-нительных работ, — деді таңдана қарап тұрған Шляпин.
— Как бы там ни было, прикажите дать пятиминутный артиллерийский налет, — деп комдив оны жұмсап жіберді.
Түтін тұман ойға шөккен жоқ, тез-ақ ыдырай бастағанда, біз жақтан артиллерия атқылай бастады.
— Ыдыраған түтін арасынан танктердің қарасы көріне бастады. Олар батпаққа күпшектей батып, соңына лай атқылап келеді. Шабан келеді. Кейбіреулері шұқырға кездесіп малтығып, алды-артына изеңдеп шығуға тырмысып, моторларын гүрілдетіп жатыр. Минут сайын түтін туманы ыдырап ашылып, танктар айқын көріне бастағанда, алдыңғы шептің зеңбіректері оларды үдей атыс астына алды. Танктер қара түтінденіп жана бастады. Кейбіреулері атқыласып өрлеп келеді, кейбіреулері шыркөбелек айналып, қара түтінденіп жанып орнында қалып, кейбіреулері бұрыла қайтып ылдилап барады. Дүркін атыс екі жақтан да тоқталар емес...
— Сіздің алдыңыздағы дөң қырқалы жердің кейінгі белес! көрінеді. Одан ары көз жеткенше жазық жер. Сол дөң көз алдыңдағы шел сияқты болады да турады. Оны алмастан, сіз дұшпанның қарсы шабуылдарынан құтыла қоймассыз. Сол белес алынса, оның артында дұшпанның тұрақтауына тірек болатын белес жақында жоқ. Соны ертеңгі сағат оннан қалдырмай алыңыз, — деп бұйырды командашы.
* * *
Жау өзіне керекті белесті оңайлықпен қалай берсін. Үйреніскен жау атыспаққа жақсы дегендейін, бірінің сыры, әдісі бір-біріне мәлімденген — анық құпия араларында шамалы, біріне-бірі алданар емес. Екі жақтың да қатарлары сиректеп әлсіреген жағдай. Жарып өтуге тың күш жоқ. Дағдарыстың соңынан күмәндану қостасып жүреді.
Командирдің көмескіленіп, тиянақты шешімге келмегені қарамағындағыларға өте ауыр тиеді. Жақын жәрдемшілері де бір жағынан әдеп сақтап, бір жағынан жауапкершіліктен аулақтау тұрғысы келіп, кесіп еш нәрсе айта алмайды — «бүйтсек қайтеді...» деп ойындағыларын күмілжіп, шала-шарпы айтып, «қайдам өзіңіз біліңіз»бен сөзін екі ұшты етіп қояды.
Комдив дағдарып, күмәнданып көп отырды. Артиллерия басқарушысы полковник Шеметевті шақыртты; Шеметев — ұзын бойлы, ат жақты, үрпиген қалың қасты, тұнық ) жасыл" көзді егде тартқан ескі офицер. Оның мінезі өте сабырлы, әр қадымы есептеулі, қызметін аспай-саспай істейді. Комдив пен Шляпиннің кейбір қызба мінездерін ол ішінен жақтырмайды, бірақ олар оның бастық екенін ұмытпайды, олардың алдында әдеп сақтайды. Комдивтің артиллерия мамандығы жағынан толық хабары барлығына ол ішінен қуанады, түсінісіп істеуді. дұрыс көреді. Комдив те онымен қатты санасады. Шеметев таза киініп, салтанатты ұстай білетін ауылдың "баласы, армияның сыпа интеллигент!.
Шығынымыз артиллерияның үштен бірі, комдив жолдас. Үш күн жиырма бес километр ілгеріледік. Әр километр қымбатқа түсіп отыр.
— Дұшпанға да арзанға түскен жоқ шығар, Павел Николаевич.
— Жойылған танктердің саны отыздан аса болуы керек. Біз жақтан да он шақты танктер жойылды.
— Тағы да бір ышқынуға бұйрық болып отыр, — деп комдив Шеметевке жағдайды айтып болып, — Ал, артиллерия жағынан қандай мүмкіншілігіміз бар? — деп сұрады.
— Ол сіздің тиянақты шешіміңізге байланысты ғой, комдив жолдас. Белсенді қимылдың ені (ширина) қанша болса, соған қарай есептеп көруге болады.
— Біздің дивизияның фронтының кеңдік ені бес-алты километрдей. Жаппай шабуылға шығуға, әрине, толық мүмкіншілік жоқ. Екі километр участоктан соғып бұрып шығып, кейіннен жан-жаққа қарай кеңітсек деген ой келіп отыр.
— Екі километрді бұзып шығуды артиллерия қамтамасыз ете алмас, комдив жолдас. Оған дәлелдер мыналар, — деп Шеметев барлық мүмкіншіліктерін есептеп баяндады.
— Дорбаның түбін қаққандай, мен бұл учаскеге соңғы шептердегі төрт батальонды салмақпын. Екі батальон алда, екеуі олардың соңынан флангтарды кеңіту үшін. қалған он шақты танктер де солармен бірге қатыспақ.
— Екі батальонға екі километр көптеу болар, комдив жолдас. Павел Николаевич те ондай участокты қамтамасыз ете алмаспыз деп отыр ғой. Правда глубина задачи всего лишь километр, полтора километра, но тем не менее для успешного действия необходимо создать наибольшую плотность как в артиллерии, так и в пехоте, — деді Коньков".
— Для этого надо действовать на более узком участке, не больше чем полтора километра, — деді Шляпин.
— Мына алдағы белестің ортасындағы өркештеніп жатқан биік жонның басына бір шығып алсақ, басқасы табан астында болар еді, — деп алға ұмтылып картадан көрсетті Коньков.
— Бұл төбенің оңды-солды бауырларына шықсақ, ол бізді төбемізден атқылайды да тұрады, — деді Шляпин картаға үңіліп қарап.
— Бұл төбенің екі жағындағы жылғалар кімге болса да қақпан (мышеловка) сияқты. Екі етектен қапсыра ұстап, ілгері жіберткізбес, — деді Шеметев.
— Төбенің ені бір километрге жақын екен, — деді комдив карта бетін қарыстап өлшеп. Бір километр, — деп қайталады ол енді не айтуға сөз таба алмай тұрған кісіше. Үш полковник алдымен комдивке, одан кейін бір-біріне қарады.
Картадан басын көтермей тұрған комдив:
— Отыз минуттың ішінде қанша снаряд атуға болады? — деп сұрады.
Шеметев қаламмен есептеп отырып:
— Егер де артиллерияның жартысының күшін осы участокке салсақ, — бір мың екі жүз, біржарым мың снаряд пен миналар жіберуге болар, — деді.
— Бір километр кеңдігі, екі жүз — үш жүз метр түкпір ені делік, сонда барлығы қанша шаршы метр болып шықпақ? Үш полковник те қағазға жазып есептей бастады.
— Екі жүз мың, үш жүз мың шаршы метр, — деді Шляпин.
— Әр жүз шаршы метрге қанша снарядтан тимек?
— 0,6 - 0,75 - 0,5. Разлет осколков среднего калибра 15-20 метров. Неплохая плотность огня.
— Онда, осы шешімге тоқталық, жолдастар. Бұйрық осылай.
Үш полковник қастарына керекті офицерлерді ертіп, түні бойы дайындық, ұйымдастыру жұмысымен жүрді.
Таң сәріден басталған ұрыс негізінде ойдағыдай азанғы сағат он бірде сәтті аяқталды. Шегінген жау топтары қудаланылған жоқ. — Олар ылдидағы өзеншенің батыс жағасына орналасты.
* * *
Комдив есеп (отчет) ретінде донесение жазып жіберді. Дивизия көршілерімен шынтақтаса қорғану орындарын бекемдеуге кірісті. Бір атқыштар полкі екінші эшелонға шығарылды. Дивизияға операция басталарда берілген қосымша күштердің барлығы командашының бұйыруы бойынша алдыңғы шептен шығарылып, кейін қайтарылды.
Екінші күні азанда армияның штаб бастығы комдивті телефонға шақырды.
— По вашим данным, ваша дивизия перебила всех немцев.
— Не всех, но...
— У вас чрезмерная склонность к преувеличению.
— Я доложил проверенные, точные данные.
— Проверенные, точные данные, — деп кекете күліп.
— Мы знаем, какие это точные данные.
— Тогда проверьте сами.
— Не беспокойтесь. Уже проверено. Вчера у вас был полковник Терешин.
— Он у меня не был.
— Он был в вашем штабе, проверил на месте и привез точные данные. Ваши данные в два раза больше фактического. Но я понимаю, в пылу страсти преувеличить на десять, ну пятнадцать процентов, а преувеличивать на сто процентов это уж, извините, выше всякого чувства меры. Ваше донесение и наши данные будут доложены командующему.
Бұл сөз комдивке өте ауыр тиді. Сенбеген үлкен кісіге қарғанып сендіруге қиын. «...Врут на охоте, но на войне еще больше, выходит...» деген сөзі комдивтің сүйегінен өтті.
— Нас обвиняют в очковтирательстве, Иван Михайлович, — деді сұрланып қанын ішіне тартқан комдив. — Кеше бір полковник штабқа келіп тексеріп кетіпті... — деп әңгімені бастан-аяқ политотделдің начальнигіне айтып берді.
— Штаб сізге айтпапты, ол полковниктің өзі де сізге жолықпай кеткені...
— Штаб находится в десяти километрах отсюда и без начальника. Своим аппаратом займитесь, пожалуйста, уточнениями данных. Насколько помню, я писал «по предварительным данным». Если проверка покажет, что они не соответствуют действительности, то придется принять мне всю тяжесть этого позора лично на себя.
— И нас по головке не погладят, товарищ комдив, — деп түсі бұзылып шығып кетті.
— Қалайынша бізге сенбейді... Біз де ұят та, ар да жоқ дегені ме?.. Рұқсат етіңіз, комдив жолдас. Мен топографты қасыма ертіп, бастан-аяқ аралап шығып, дұшпанның жойылған танктерінің белгілерін жазып, тұрған орындарын картаға қондырып келейін... — деп Шляпин қызараңдап ызаға тұншығып, біресе тұрып, біресе отырып, шыдамын ұстай алмай, шыркөбелектеніп жүр.
— Сүйтсеңіз, сүйтіңіз, Геннадий Фадеевич. Бұл жанжалдың шешімі сіз не алып келсеңіз, сонда болмақ. Күні бойы телефонмен жоғарыдан соққыны комдив те, политотделдің бастығы да жеумен болды. Олардың «Уточню, доложу» деген жауаптарына ар жақтан кекесін күлкілер естіліп жатты.
— Когда вы перестанете терроризировать! К чему это ваш злопыхательское похихикивание? Одно ясно, что дивизия с большим трудом выполнила поставленную задачу. Люди дошли до изнеможения. Наконец-то, дайте мне возможность заняться своими делами, — деп бір сөйлескенде айқайлап-айқайлап комдив телефонды лақтырып тастады.
— Сорвался. До конца выдержки не хватило, — деп Коньков басын шайқап шығып кетті.
Армия штабы тарапындағылар сөз үстіне сөз қосып, телефон арқылы жанжалды шиеленістірумен болды.
Кеш бата шаршап-шалдығып келіп:
— Міне, комдив жолдас, — деп картасын жайып, — барлық қираған танктердің қасында болып, олардың белгілерінің көріп тұрған жерін картаға түсірдік... Жанған танктердің ішінде экипаждары шыға алмастан табаға қуырғандай күйіп, бүрісіп күйген томардай қап-қара көмірленіп қапты. Иістері кәдімгі күйген еттің иісі сияқты болады екен... Өлімнің бірнеше түрлерін көрдік. Өліктерді бүгін кештен қалдырмай жинап, жерлеу жағын мен полк командирлеріне сіздің атыңыздан бұйырдым... Бірін де қалдырғанымыз жоқ, бәрінің қасында болдық. Барлығы 47 танк пен самоходка...
Комдив пен Коньков ентелеп үңіліп, Шляпиннің картасын шолып қарап жатқанда, ол көрген-білгендерін созып айта берді.
— Мен елуден аса деп жазып едім, — деді комдив күліп, — қайтсе де үш танкке өтірік айтқан екенмін.
— До шестидесяти — это значит, что может быть пятьдесят пять, пятьдесят шесть, — деп күлді Коньков.
— Мына картаны үлкейтіп алып келіңіз, — деп комдив топографты жұмсады. Барлықтарының ойы орнына түсіп, көңілдері көтеріліп, арақ ішіп, тамақтанып, дуылдасып әңгімелесіп отырды.
Топограф жақсы істелген схеманы алып келіп, комдивтің алдына жайды.
— Біз қарап шыққанша, тамақтаныңыз, — деп комдив офицерге орындық көрсетіп, оның алдына бір стакан арақ қойдырды.
— Жазған полковник Терешин алға келуге қауіптеніп, соңғы жиырма-отызын ғана көріп қайтқан екен ғой. Енді не дер екен ол байғұс? — деді Шляпин.
Схеманың үстіңгі ақ шетіне: «Моим заместителем, Героем Советского Союза, полковником товарищем Шляпином Г. Ф., начальником разведотделения дивизии майором товарищем Коржиневским М. У. и дивизионным топографом капитаном товарищем Талыповым П. Н. лично проверены на местах результаты боев, проведенных дивизией... Места расположения подбитых и подожженных вражеских танков и самоходок указаны в данной схеме», — деп қызыл қаламмен ірі жазып болып комдив қол қойды да оқып беріп, адъютантына:
— Мына схеманы тездеп армия штабына апарып, командашыға қолма-қол тапсырыңыз, — деп бұйырды.
— Мен өзім барсам қайтеді, комдив жолдас.
— Сіз барсаңыз, жаңағы екі-үш рюмкадан кейін барлық штабты басыңызға көтеріп, шатақ саласыз ғой, Геннадий Фадеевич, — деп әзілдей күлді Коньков. — Мана комдивтің телефонмен салған шатағы да бүгінше біз тарапынан жетер.
— Жан қиналғанда кім ойбайламайды, Иван Михайлович?
— Мына схема бәрімізден де сабырлы түрде бәрін айтып, бәрін көрсетеді. Сіз енді демалыңыз, Геннадий Фадеевич, — деді комдив схеманы адъютантына ұсынып.
***
Түн ортасы ауа комдивтің блиндажына орта бойлы, талпақ мұрын, жалпақ бет, қой көз кісі кіріп келіп:
— Полковник Терешин. Из штаба армии, — деп өзін өзі таныстырды.
— Отырыңыз, полковник жолдас.
— Мені қайтадан тексергін деп жіберді.
— Тексеріңіз.
— Маған бір-екі офицер қоссаңыз.
— Қол астымда бос офицерлер жоқ. Екі-үш жер жағдайын жақсы білетін разведчиктерді қосып беруге болады... Сіз таң атқанша демалыңыз, қараңғыда не көресіз?
— Алдағы полктардың біреуіне жетіп, демалсам сонда демалып, таңды сонда күтейін.
— Өзіңіз біліңіз.
***
Кеш алдында Терешин қайта орала соқты.
Бір жетіден кейін дивизия алдыңғы шептен кейінге шығарылды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі