Өлең, жыр, ақындар

Ату қаруы

Қазақ халқының ату қаруы жақ (садақ) деп аталған. Жақтар әр түрлі материалдар (ағаш, тарамыс, мүйіз, сүйек, тері, қайыңның тозы) пайдаланған бірнеше бөліктерден құралған. Жақтың жеке жасалып, атуға арналған бөлшегі — оқ. Қазақ оқтарының жебесі (оқтың басы) пішінімен, қызметімен ерекшеленген. Жебелер жалпақ келген «қозы жауырын», сауыттарды тесуге арналған үшкір «сауыт бұзар», «көбе бұзар» және аңды, адамды жараламай ұрып құлататын «доғал оқ» деген түрлерге бөлінген. Соғыс кезінде дыбыстық белгі беру үшін қолданылатын «ысқырғыш» жебелер де болған.

Оқтың арнаулы қабын «қылшан» немесе «қорамсақ», ал жақты салып алып жүретінді «садақ» деп атайды. Оқ салынған қорамсақ пен жағы бар садақтың белге тағатын садақбауымен қоса ортақ атауы да — «садақ».

Кейін бес қарудың құрамында ату қаруы ретінде жақты (садақты) мылтық ауыстырды. Қазақтарда «пілтелі мылтық», «шақпақты мылтық», «шиті мылтық» деп аталған мылтық түрлері болған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз