Оқиға өте ертеде орын алған деседі. Лью Хай есімді жігіттің әкесі ерте көз жұмып, шешесі көз жанарынан айырылған болатын, тұрмысы нашар ол күнде тау бөктерінен ағаш шауып, оны базарға апарып тұз бен күрішке айырбастап күнелтеді.
Сол тау бөктерінде тоғыз апалысіңілі түлкі тектес қыздар тұрады. Олардың ішіндегі тоғызыншысы ақылына көркі сай сымбатты Ху Сью Ийң сұлу болады. Бес жүз жылдық перілік өмірден және жалғыздықтан іші пысқан ару адамдар арасына түсіп ерлізайыптылардың өмірін кешуді қалайды. Ол күнде таудан ағаш шабуға келетін Лью Хайді көріп, оның істеген ісіне тәнті болып, бірте бірте сезімге ұласып , ақыр аяғында сезімін жігітке жеткізуді шешеді. Оған тұрмысқа шығып, бірге қартаюды арман етеді.
Бір күні Лью Хай ағаш шауып жатқан кезінде Ху Сью Ийң оның артынан ұрланып келіп желдеткішімен желдеткені сол еді Лью Хайдың балтасы ерекше күшке ие болып, ол лезде көп отын шауып тастайды. Үйге қайтар жолда бағанағы арудың жол ортасында күтіп тұрғанын көрген жігіт оның киген киімінен ауқатты ортадан шыққанын бірден ұғады. Осылайша біраз кідіріп қалған жігіт үйінде күтіп отырған анасын есіне алып, аруды айнала өте шығады. Осы сәтте әлгі арудың тіл қатарын кім білген: «Ағатай, бері қараңызшы», — деп ізеттілік көрсеткен арудың сөзін жерге тастамаған жігіт те барынша ізет танытты. Бойжеткен: «Ағасы, сіз қайда тұрасыз, есіміңіз кім болады?», — дейді. Оған Лью Хай өзінің осы арада ағаш шабатынын айта келіп, қыздың өзінен кім және қайдан екенін сұрастырды.
Бойжеткен: «Мен таудан кейінгі ауылда тұрамын, әкемнің есімі Ху Дзью Вей, тоғыз апалысіңіліміз, есімім Ху Сью Йиң», — деп — «жақсы, мен өз жағдайымды айттым ендігі кезек өзіңізде», — дейді, Лью хайдан отбасының жағдайының бәрін де естіп біледі. «Тағы не білгің келеді, тездетіп сұра, әйтпесе үйде анам күтуде», дейді жігіт.
Бойжеткен сылдыраған сыңғыр күлкісімен Лью Хайға: «Менің жасым биыл 18ге келді, әзіргі келісіп сөз байласқан адамым да жоқ, әрі ауқатты отбасының балаларын көңілім қаламайды, сені бір көргеннен жүрегім қалап, ғашық болдым. Сондықтан егер қарсы болмасаң, екеуіміз отау тігіп, отбасын құрайық», — дейді.
Осы сөздерді естіген жігіт өз құлағына өзі сенбей Ху Сью Йиңнің жүзіне қарап іштей: «Үстіңдегі киіміне қарасаң байдың қызы, ал мен оңың үстіндегі маржан тастың бірін де алып бере алмаймын», — деп ойлады да аруға: «Сендей ауқатты отбасының баласы мендей кедейкепшікке қалайша тұрмысқа шықпақ, бос сөзді қой да, мені жолымнан қалдырма», — деп жүре бергені сол еді, бойжеткен біресе оңына түсіп, біресе солына түсіп жол бере қоймады.
Лью Хай егер оған сол жерде келісім бермесе құтылмайтынын түсініп: «Бикеш, сізге үйленуге сөз берем, тек үйіме барып анама айтайын», — дейді Оған да келіскен ару, жігітке: «Жігіттің екі сөйлегені өлгені», — деп оның қайта келеріне сөз алады.
Бірақ жігітке сене қоймаған бойжеткен ақ бұлтпен ұшып отырып, жігіттің артынан қуып жетеді де оның аяғын желдеткішімен сиқырлап қадам баса алмайтындай етеді. Басын көтеріп алдынан Ху Сью Йиңді көрген Лью Хай қатты таңданып: «Сен мұнда қалайша осынша тез жеттің, сен перімісің» деп сұрайды. Сұлу сыңғырлаған дауысымен: «Сен тура жолмен, ал мен төте жолмен жүріп келдім», — деп үн қатады.
Лью Хай біраз ойлана келіп Ху Сью Йиңге үш шарты бар екенін айтады. Олардың бірі кедейшілік өмірдің қиындығына көніп, тіршілікке қам жасау, екіншісі қартайған анасын бағып қағу және соңғысы өмірдің ащысы мен тұщысына көніп бірге күн кешу. Ху Сью Йиң бұл шарттардан қорықпай , бәріне келісім беріп екі жас тау бөктерінен ойнап күліп үйлеріне бірге қайтыпты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі