Өлең, жыр, ақындар

Мәшһүр Жүсіп ислам дініне қандай еңбек сіңірді?

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашады. Мәшһүр Жүсіп одан соң ислам ғылымының нәрін шашқан «Көкiлташ» медресесінде білім алған («Көкiлташ» медресесі қазақдаласындағы көптеген азаматтардың діни сауат ашуына айтарлықтайүлес қосқан. Осы медресені аяқтағаннан кейін бірнеше жыл бала оқытумен айналысады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының артында қалдырған шығармалары13 томдық жинақ болып жарық көрді. Дін туралы Мәшһүр Жүсіп «Шайтанның саудасы», «Соқыр, саңырау және жалаңаш», «Жарты нан хикаясы», «Мәшһүрдің 46 жасында сөйлегені», т. с. с. үгіт өлеңдер жазды. Ислам дінінің мәні хақында осындай көркем туындылар жазумен бірге Мәшһүр Жүсіп діннің ақиқат екенін дәлелдеп, ғылыми еңбектер де жазған. Осы орайда «рух», «Нәпсі» ұғымдарын: «Адамның денесінде ішкен-жеген қоректің ғайыптылығынан, барып тұрған тазасынан жиылып бір арнаға топталып, жүректе бір рух жасалады. Мұның атын: «Рух хайуаны» - дейді. Сондай болатындығы үшін қазақ жұрты тамақ ішерде: «Жүрек жалғайық, жан шақырайық»дейді. Бұл сөздердің мәнісі тамақ күшінен жиылып болатұғын нәрсе екен. Құдайдан келген жан басқа, бұл басқа» деп түсіндіреді.

Ғұлама ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев ең алдымен ислам дінінің этикалық, моральдік, дидактикалық мәселелерін зор білгірлікпен жырлаған сөз зергері. Ақынның өлеңдеріндегі қозғалатын мәселелері адамгершілік, имандылық, жұмақ пен тозақ және рухани байлыққа негізделген. Өз жұртына рухани байлықтың жемісін, имандылық дәнін сеуіп, оны әрі қарай дамыту әр азаматтың парызы. Халықты өнербілімге үндеп, адамдықты, имандылықты ту етіп ұстауға шақырған Мәшһүр Жүсіп өлеңдері де әр қилы қырынан көрінеді.

Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің басты мәселесі имандылыққа, адамгершілікке, әділеттілікке, адалдық пен ақиқатқа, еңбекқорлыққа үндеген. Мәшһүр Жүсіп өзінің өлеңдерінде шығыс әдебиетінің мол мұрасын пайдалана білді. Ақын ортағасырлық араб, парсы тілін жетік білуі нәтижесінде сол кезде айтылған мәнді ойларды өзінше өрістетіп, қазақ әдебиетінде басқа ешкімге ұқсамайтын өзіндік арна қалыптастырды. Ол әдебиетке деген ислам әсерін кең түсініп, оны өз шығармаларында жан-жақты көрсете білді. Ақын Бұхарда, Қоқан, Самарқанд, Ташкентте барған сапарларында сол кездегі мұсылман әлемінің бай қазынасымен терең танысып, содан түйген ойларын қағаз бетіне түсірді
Мәшһүр Жүсіп мұраларынан ханаға құқық негіздері мен Матрудидің діни танымын, Иасауидың ар туралы іліміне терең меңгерген, қазақ мұсылмандық негіздерінің тарихи сабақтастығы жалғаушы дана екендігін тануға болады.

«Дін» ұғымын Мәшһүр Жүсіп халықтың рухани болмысымен, білік – танымымен сабақтас алып қарайды. Халықтың белгісі – сол елдің рухани танымдық, санасының ең жоғарғы мәдени тіріктеріне саналатын тіл, дін, ділден алыстауы. Ал ел-жұрттың сол уақытта айрықша рухани күйзеліс кезіңін бастап кешіргені еш талассыз шындық.

Дінді, оның ішінде ислам дінін саралаған Мәшһүр Жүсіп «Шайтанның саудасы", Соқыр, саңырау және жалаңаш", »Жарты нан хикаясы", »Мәшһүрдің 46 жасында сөйлегені тағы да сол сияқты туындылары бұл идеяны өзіндік бейнелеу құралдары көмегімен көркем, әсерлі жеткізеді қолға алу мен қатар Жақсы, түсінікті мағына да жеткізе білген бірден бір жазушы.

Мәшһүр Жүсіп кеңестік жүйе тұсында «ұлтшыл, "діншіл ақын"»  ретінде саналды. Оның кейін жыр-өлеңдерін насихаттау тармақ мүлдем оқуға тыйым салынды. Ұзақ уақыт бойы оның діни шығармалары мүлдем оқылуқалды. Ал қазіргі таңда қарап тұрсам, діни іліміне барынша тереңдетіп, қоғамының оң-терісін «көзінің ашықтығымен"түйсініп, өз заманының кем-кетігін жазу-сызумен толтыруға , келешекке із қалдырған, мұра қалдырған бар біліктілігін салған, керемет жақсы дүние қалдырған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазба деректерінің тарихи маңыздылығының зор екенін байқалған болады.

Омарбеков Дәулет Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Дінтану мамандығының студенті

Жетекшісі ҚазҰУ, аға оқытушысы Тунгатова Ұ. А.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз