Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Міне биыл қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогына 180 жыл толып отыр.Бұл біз үшін үлкен мерейтой болып табылады. Өйткені жазушының балалар үшін жасаған және Қазақ еліне сіңірген еңбегі орасан зор.Тіпті оны айтып отырудың өзі мүмкін емес.
Ыбырай Алтынсарин өзінің бар ғұмыры мен күш-қуатын қазақ халқын рухани ағартуға арнады. Әсіресе, жастарға заманауи білім беріп, мәдениет пен өркениет көшіне ілесуге шақырды және сол жолда қыруар жұмыс атқарды. Ыбырайдың жазушылық қызметінің оқу және өнер-білім саласымен тікелей сабақтасуы да осында болса керек. Оның ақындық шабытына дем беріп, жазушылық қиялына қанат бітірген басты нысана – қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту, ұлтымызды озық мәдениетті елдердің қатарына қосу болды. Ыбырай Алтынсарин халық ағарту саласында қандай елеулі орын алса, әдебиет пен мәдениетіміздің тарихында да сондай биік дәрежеде тұр. Ақынды қазақтың жазба әдебиеті мен тілінің негізін қалаушылардың бірі ретінде де танимыз. Қазақ әдебиетіне тың серпіліс әкеліп, жаңа жанрлар енгізді. Оның терең ойлы шығармалары, мағыналы да тағылымды өлеңдері, қысқа да нұсқа әсерлі әңгімелері қай дәуірдің жастарына да нәр беріп, сусын болары анық.
Ыбырай Алтынсарин – қазақтың әдеби-мәдени дүниесін жаңғыртып, жаңа сатыға көтерген алыптардың бірі. Қазақ даласында алғаш мектеп ашып, қаншама баланың көкірек көзін ашып, санасына рухани сілкініс әкелді. Олардың қатарында Алаш зиялылары да бар. Оларды ұлы мақсат-міндеттер жолына итермеледі әрі ұлтшыл-елшіл көзқарастарының қалыптасуына оң әсерін де тигізді. Нақтылай айтқанда, С.Көбеев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Омаров сынды басқа да көптеген Алаш арыстары осы Ыбырай негізін қалаған мектепте білім алған екен.
Ұлт ұстазы – Ыбырай жасөспірімдерге:
- Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ, табылар,
немесе
- Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды,
деп озық елдерді жастарға үлгі етті. Өз кезегінде Ыбырай мектебін оқығандар да халықтың білім алуы жолында үгіт-насихат жүргізіп, ұлт алдында ұлан-ғайыр қызмет қылды. Мәселен, «ұлт ұраншысы» атанған М.Дулатұлы: «Оқушыларға жәрдем жамиғаты» атты мақаласында: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман», – деп, оқу-білімнің маңыздылығын айтты.
Ы.Алтынсариннің:
Бар айыбым - баласын оқытқаным,
Орыстың біліміне тоқытқаным,
«Орыссыз кеңеймейді өрісің» деп,
Айтқанымнан атандым «кәпір, залым», деген әйгілі өлеңін барлығымыз білеміз. Соған қарағанда ұлт ұстазын «отарлаушы елдің идеологиясын жүргізуші» деп айыптағандар да болған ғой...
Ыбырай атамыздың тікелей қарым-қатынас жасаған ортасы мен қызметіне байланысты әр жылдары әртүрлі ой-пікірлер айтылып, жазылғаны белгілі. Мұндай жаңсақ пікірдің пайда болуына әртүрлі жағдайлар себеп. Соның бірі – Ресей империясының отарлау саясатын іске асырушы миссионер-педагогтар В.В.Григорьев, Н.И.Ильминский сынды орыс оқымыстыларымен тікелей қарым-қатынаста болуы. Бірақ, олар Ыбырай Алтынсариннің ғылыми-педагогикалық өрісінің кеңеюіне, игі істерінің алға басуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті. Ал Алтынсариннің олармен шығармашылық байланыста болуының басты себебі – өзінің ағартушылық жолындағы ұлы істерін орындау мақсатындағы әрекеті десек болады. Әрине жаза берсек сөз көп-ау.Тіпті ұлы педагогтың қазақ үшін жасаған әркеттері,сіңірген еңбегін айтып,жазып үлгеру мүмкін емес.Міне сондықтанда әрбір Қазақ азаматы біздің осындай керемет дана,ағартушы-педагог,ұлы тұлғамыздың барына қуануымыз және мақтан тұтуымыз қажет.Сонымен қатар ұлы тұлғаны ешқашан жүрегімізден шығармауымыз керек.
Гилымов Айдынбек
М.Т. Жұмаділ. т.ғ.к
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі