Кирилл әліпбиі (кириллица) — славян ағартушысы Кириллдің атымен аталған әліпби. Кирилл 827 жыл шамасында Фессалоники (Солунь) қаласында туылған. Кирилл славян елдеріне христиан дінін уағыздау үшін славян әліпбиін жасайды. Грек жазуының 25 әрпіне славян тілінің дыбыстарын белгілеу үшін қосымша 18 әріп қосып, 43 әріптен тұратын әліпби құрастырады. Ресейге кириллица X ғасырда енген. Кейін орыс әліпбиінен кириллицаның 12 әрпі шығарылып, екі жаңа әріп (й, е) қосылған.
1940 жылы Кеңес Одағы халықтары біртекті әліпбиді қолдануы қажет деген саясатпен КСРО құрамындағы халықтардың жазуы жаппай кириллицаға көшірілді. Оның ішінде қазақ жазуы да кирилл әліпбиіне көшіріліп, бүгінге дейін қолданылып келеді. Орыс тілінде жоқ қазақ тілі дыбыстарының таңбалары кирилл таңбаларына ұқсастырылып (қ-к, ғ-г, о-ө, ң-н), қазіргі қазақ әліпбиі қабылданды. Бұл әліпбидің қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін толық таңбалай алмауына байланысты кейінгі жылдары қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі көбірек көтерілуде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі