Сәуле ауруы — бұл иондаушы сәуленің организмге әсер етуінен пайда болатын аурудың ерекше түрі. Сәуле ауруының адамда жедел (жоғары сәуле дозасын алған жағдайда) және созылмалы (егер төмен сәуле дозасын жиі алса) түрі болуы мүмкін. Сәуле ауруы негізінен қан жасаушы органды, нерв жүйесін және ішек-қарынды зақымдайды.
Алған сәуле дозасына байланысты сәуле ауруы үш дәрежеге бөледі:
— бірінші дәрежесі 100-200 «Р» дозасын алғанда пайда болады, аурудың бұл дәрежесінде білінбейтін кезеңі 2-3 аптаға созылады, содан кейін жалпы әлсіздік басталып, адамның зауқы болмайды, басы айналып, қанының құрамындағы ақ түйіршіктер азаяды, ауруды емдеуге болады;
— екінші дәрежелі сәуле ауруы 200-300 «Р» доза алғанда пайда болады, зақымдану белгілері тез білінеді әрі ауыр түрде өтеді, білінбейтін кезеңі бір аптаға дейін созылады, көп жағдайда адам толықтай әлсірейді, бірақ та белсенді түрде емдеген жағдайда 1,5-2 айда жазылады;
— үшінші дәрежелі сәуле ауруы - 300 «Р»-нен артық доза алғанда пайда болады, алғашқы белгілері әдетте сәуле алысымен-ақ тез білінеді, адамның басы қатты ауырып, жалпы жағдайы әлсірейді, лоқсып, көп құсады, емдеу мерзімі 6-8 айға дейін созылады, мұнда адам өлуі мүмкін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі