Оба — адамдар мен жануарлардың өте тез жұғатын күшті жұқпалы ауруы. Әдетте оба жалпы әлсіздікпен басталып қалтырауға, бас ауыруына, естен тануға алып келеді, температурасы тез көтеріледі. Обаны таратудың ең қауіпті кездері — аурулар, әсіресе өкпе обамен ауырғандар; олар түкірікпен бірге ауаға көп микробтар бөліп шығарады. Адамның өкпе обамен ауруының белгілері: адамның денесінің жалпы ауырлануымен бірге кеудесі ауырады, алғашқыда аздап пайда болған жөтел біртіндеп көп мөлшерде қақырық бөліп шығаратын азапты, үздіксіз жөтелге айналады. Ауырған адам тез әлсіреп, есінен танады және жүрегінің әлсіреу нәтижесінде өлімге ұшырайды. Емдеу: вакцинация жасау, антибиотиктердің ішінде стрептомицин, биомицин және т. б. тиімді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Мағжан Жұмабаев
- Мағжан Жұмабаев
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі