Өлең, жыр, ақындар

Шырмауық

Шырмауық (вьюнок полевой) — сабағы шырмалып өсетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағының ұзындығы 80 см-ге дейін барады. Жапырақтарының шеттері бүтін, сағақтары ұзын. Гүлдері ақ немесе қызғылт түсті, гүл жапырақшалары бесеу, жаз айларында гүлдейді.

Егістік жерлерде, шабындықтарда арамшөп ретінде өсе береді. Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін жас күйінде пайдаланады, себебі өсімдік кепкеннен кейін дәрілік қасиетінен айрылады. Құрамында алкалоидтер, глюкозидтер, шайырлар бар. Шырмауық — улы, сондықтан тек қана сыртқы жараларға жағу үшін қолданылады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

Сыртқы жараларға жағу үшін өсімдіктің жас кезінде сөлін сығып алу керек. Немесе спиртті тұнба жасауға да болады. Ол үшін өсімдіктің 200 грамын 400 мл спиртке араластырады да 15 күн тұндырып қояды. Онан кейін сүзіп алып, даяр болған дәрінің 10 миллилитріне 100 миллилитр су қосып, жараның сыртына жағу үшін пайдаланады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер