Өлең, жыр, ақындар

17 қараша - Студенттер күні

Әр адамның есінде ерекше естеліктерімен жатталып қалатын студенттік шақ ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол студенттік кезең әрдайым әсерлі де қызықты әңгіменің арқауы болары хақ. Бүгінгі күні студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген олардың өзіндік мейрамы бар. Ол — халықаралық студенттер күні. Бүгінгі мерекеде осы атаулы күнге қатысты деректер мен жоғары оқу орындарында оқып жүрген талантты, жан-жақты студенттер жайлы жазуды жөн көрдік.

Студенттер күнінің өзіндік тарихы бар. Бүгінде бұл күн көңілді жастық шақ пен романтиканың күні болғанымен мұның тарихында көңілсіз жайттар жатыр.

Тарихи деректерге сүйенсек, 1939 жылы 28 қазан күні фашистер басып алған Чехословакияның студенттері мен ұстаздары Чехословакия мемлекетінің құрылғанына жиырма бір жыл болғанын атап өту үшін шеруге шыққан. Басқыншы бөлімдер шеруді басып тастап, сонымен бірге медицина факультетінің студенті Ян Оплеталды атқан.1939 жылы 15 қарашада Яна Оплеталды жерлеу рәсімінде студенттер қайтадан наразылық танытқан. Шеруге шыққандардың көбі қамауға алынып, 17 қарашада таңертең студенттік жатақханаларды қоршаған. 1200-ден астам студент ұсталып, Заксенхаузендегі концлагерьлерге қамалған. Студенттік қозғалыстың тоғыз белсенді студенті Рузина атты прагалық ауданда түрме қабырғасында сотсыз дарға асылған.Арада біраз уақыт өткен соң 1946 жылы 17 қарашада Прагада өткен чехиялық студент-патриоттардың құрметіне болған Бүкіләлемдік студенттер конгресінде бұл күн Халықаралық студенттер күні болып белгіленген.Міне, қайратты мінез, жігерлік пен жастық шақтың мерекесі – Студенттер күнінің шығу тарихы осындай. Алайда бұл мереке жағымсыз оқиғалармен бастау алғанымен, бүгінгі күні жастар осы бір күнді ерекше сән-салтанатпен атап өтеді.Биыл дәстүрлі мерекені ақтөбелік студенттер де атап өтіп жатыр. Жоғары оқу орындарында концерттер, кездесу кештері, көңілді тапқырлар сайысы ұйымдастырылып, студенттер жас театрлардың қойылымдарын тамашалайды.

Қапар Ерентай

Бүгіндері бұл күн әлемнің көптеген елдерінде тойланады. Жастардың мерекесі болғандықтан, бұл күн студенттер қауымына өте танымал. Ендеше, студенттер, мереке құтты болсын! Әр күндеріңіз білім мен жарқын естеліктерге толы болсын! 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз