Сәбіз сабағының биіктігі 1 метрге дейін жететін, екі жылдық, шөп тектес өсімдік. Бірінші жылы жуан, етті тамырынан бірнеше жапырақтар шығады. Екінші жылы сабағы өсіп гүлдеп, жеміс береді. Сабағы тік, жайыла өскен, қырлы, өн бойын қолға қатқылдау тиетін түк басқан. Жапырақтары сопақша, қауырсын тәрізді тілімделген, сағақтары ұзын, кезектесіп орналасқан, гүлдері ақ, майда шоғыр болып тұрады. Сәбіз көпшілікке белгілі мәдени өсімдік. Дәрілік мақсат үшін сәбіздің түбір түйнегі мен тұқымы пайдаланылады.
Құрамында В тобындағы витаминдер, А витамині, крахмал, қант, каротин бар. Халық сәбізді несеп жүргізеді, қуықтағы тас пен құмды ерітеді деп есептейді. Сәбіздің тұқымынан жасалған тұнбаны ас қорыту жұмысы бұзылғанда, іш желденгенде, бүйрекке тас байланғанда қолданады.
Халық медицинасында сәбіздің түбір түйінін күйікті, үсігенді және іріңді жараларды емдеу үшін пайдаланады. Рак ауруы кезінде сәбіздің сөлін ішеді. Ғылыми медицинада сәбіздің тұқымынан алынған даукарин деген дәрі қолданылады. Бұл дәрі жүректің қан тамырларын кеңейтіп, ондағы қан айналысын жақсартады. Сәбіздің сөлін қан азайғанда, науқас адамның күш-қуаты кемігенде және жұқпалы аурулардан кейін әлсіреген организмді әлдендіру үшін қолданады. Тіс түбінің еттері және тамақ бездері қабынғанда, ауыз уылғанда да сәбіздің сөлін пайдаланады.
Сәбіз тұқымының 1 ас қасығын 1 стакан қайнаған суға салып, түнге қарай жылы пештің ішіне қояды. Осылайша бірнеше стакан дәрі даяр болғаннан кейін оның 3 стаканын бір күн ішінде ыстық күйінде ішеді. Бұл әсіресе, бүйрекке тас байланғанда өте жақсы нәтиже береді.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі