Өлең, жыр, ақындар

Қазіргі заманның жаңғырығы

Қазақ қоғамы - қашанда байырдан ұлттық құндылықтарды сақтап келе жатқан орта. Бірақ "Заманына қарай - адамы"деген мөз қалт айтылмаса керек. Неліктен қазақ жастары майдаланып, түткіл мәселенің орнына майда мәселелерді үлкен дауға айналдыруды күнделікті қалыпты жайт деп қабылдауда? Әлде қоғамдағы үлкен мәселелердің беті тек жанашыр, ұлтын ойлайтын адамдардың ғана көзіне көріне ме? Жалпы,бұл сұрақтар неліктен қойылып отыр деп ойлап отырған шығарсыз.

Қоғамдағы дау болып жатқан жайттардың майдалануы осындай сұрақты туындатты. Жалынды жастардың өздерінің құқықтарын біліп, саналы ұрпақ болып келе жатқанына қуанасын, бірақ сол құқықтар қажеті жоқ дауға әкеліп жатыр. Мысалы ЛГБТ мәселесін алайық. Қазіргі таңда дәл осы біржынстық қарым-қатынастағылардың жаңғырығы басқа мәселелерге қарағанда жаңғырып тұр. Сүю қылмыс емес, әрине. Бірақ нелікьен оларды қазіргі қоғамның үлкен проблемасы деп қарастырамыз? Неге олар өздерінің позицияларын сонша жаңғырықпен, үлкен даумен естіртеді? Бұл олардың өздерінің бар екендерін, таңдпуларын көрсету ме? Әлде үгіт-насихат жасау ма? Неге қазақтың жастары жемқорлық, зорлық-зомбылық, отбасы мәселелерін ысырып, осы мәселені үлкен дау қылып жүр? Сүйсін, өмір сүрсін, өздерінің позицияларымен жүрсін, бірақ оны бәріне жаңғырудың қажеті жоқ, қажет те емес. Бір жағынан қазіргі қоғамның жастары осы позицияны қолдап, көбейетін болса, әлемде дүниеге адам келу, көбею түсінігі жоғалып, үлкен катастрофаға алып келуі мүмкін. Ал олай болса, онда ертелі-кеш адамзаттың түбегейлі жер бетінен жойылып кетуіне өз қолымызбен қадамдар жасап жатырмыз. Европада бүгінде біржынысты некелерге рұқсат етіліп, ондай отбасыларды қалыпты жайт қылып енгізіп жатыр. Тіпті, оны насихаттайтын фильмдер мен мультфильмдерді барлық арналар болсын, әлеуметтіа желі болсын еркін түрде көрсетуге рұқсат берілді. Ондайды көріп өскен бала қалыпты жайт деп немесе солай болуы тиіс деп қабылдайтыны анық. Онымен қоса, "қыз","ұл" деген түсінікті алып тастап "ол" деген сөзбен алмастырмақшы. Мұндай мемлекеттер өздерінің болашақтарына, ұлттарына балта  шауып отыр. Ал арғы жақта ондай ұлттың болғаны жазыла ма, жоқ па ол бөлек әңгіме. Сол себепті Қазақстандағы біржынысты гомосексуалдардың саны 2 милионнан аспай тұрғанда, олар өздерінің насихаттарын жүргізбей тұрғанда назар аударуды қою керек.

Қазақтың қоғамында одан бөлек те өмір сүруге кедергі келтіретін түрлі пробдемалар жетерлік. Жастар нағыз патриот болып, қыршыннан зорлық көріп жатқан қыздарымызды ойлап, көк-ала қойдай болып күде киеулерінен таяқ жеп жатқан келіншектеріміз бен мемлекетіміздің ақшасын жымқырып жатқан адамдардың мәселклкрін қозғаса келешегіміздің жарқын болары сөзсіз.

Тұран Университетінің 3 курс студенті - Бектурова Фариза


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз