Журналист мамандығы қызықты әрі күтпеген кездесулермен, саяхатпен, ақпараттар теңізімен тығыз байланысты және бұл мамандықтың иесі бәрінен де бірінші хабардар болуы керек. Журналист болу – мақсаткер, талапшыл әрі бір уақытта тез тіл табысқыш, ықыласты, бауырмал болу деген сөз. Қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзіңнің күшің мен уақытыңды аямайтын дәрежеге жеткенде, өзіңнің шын талантыңмен оқырманды баурап алатын шабытың шыңдалғанда ғана жақсы журналист бола аласың. Қаламың мен қағазың арқылы қорғансызға пана болып, әділеттік тапқанда, біреуге үміт ұялатқан сәтте осы мамандықтың құдіретін сезінуге болады. Журналистиканың нақты анықтамасы жоқ. Әркім оған өзінше анықтама беруге тырысады.
Журналист — бұл жаза алатын адам. Айтпағымыз аспаздыққа арналған кітапқа мәзір немесе туыстарына әдемі құттықтау жазуға икемі барлар емес. Ол әлемде болып жатқан алуан құбылысты зерттеп, саралай алатын, оны жазбаша әдемі жеткзіе алатын болуы керек. Құпия толы күнделіктерін, жазбаларын жазу үстелінде сақтап, өзін "қалам шеберімін" деп атайтындар журналист емес. Аталған мамандық иегерлері бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет басылымдарға жаңалықтар, фотоесептер, мақалалар дайындайды.
Мақалада мәселе де нақты қойылған, оның туындау себептері мен шешу жолдары да жазылған, дәлелді фактілер де жеткілікті. Оқып отырып, нағыз публицистикалық мақаланың үлгісін көреміз.
«Оқырмандар арасында билікке қарсы мақала жазған, белгілі бір шенеунікті 'сойып салған ' оппозициялық көзқарастағы журналистерді мықты, мінезді деп бағалап, көтермелейтін әдет қалыптасқан. Меніңше, кез келген тақырыпты жер жеріне жеткізіп, ақтың ақ, қараны қара екенін дәлелдеп, бастаған ісін аяқсыз қалдырмай, түпкі нәтижеге жеткен журналист- мінезді журналист!»
Сонымен қатар, журналистика жолында өз орнын қалыптастырған мамандар қазақ тілін дұрыс қолдана алмайды. “Қазір жастар бірінен бірі “неше рет екі қабат болдың?” деп сұрайды. Қазақтың “қанша құрсақ көтердің?” деген сөздері ойларына кіріп шықпайды.”
Қорытындылай келе,әрине, бәріне бірдей топырақ шашпаймын. Айтылған барлық сөздерді жас, қанаттары қатаймаған журналистер , ағасының айтқан ақылындай қабылдайды. Журналистерге бастысы шындықты жаза білу, нақтылық пен көркемдік. Жазу өнері екенін тілге тиек еткен болатынбыз. Ендеше сол өнерге барша журналистер шыңдалып, бойындағы талантын одан әрі дамытса, нұр үстіне нұр болғай. Нағыз журналист – жаза алатын алам. Жазып отырған тақырыбының әлеміне еніп кете алатын адам. Ол қасиетті бойда дамыту үшін көп кітап оқу керек, тек қана ізденіс үстінде болу керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі