Октябрь таңы атқалы қырық жыл. Қырық жылда жасалған жаңалықтарға қарасам көз жетпейді, айтуға сөз жетпейді. Жерім, елім, ойым — бәрі өзгерген. Өзгермеген, жаңармаған не қалды? Бұған жауапты іздеп, тінтіп табуға ғана болады. Бұрынғының жүз жасаған кәриясы біз көргеннің жүзден бірін көрген жоқ. Ал, біз сонша көріп, білгенде Совет дәуірінің өзгешеліктерін тегіс көрдік, білдік дей алмаймыз. Ол өмірді көріп, білуден әдебиетке түсіру әлдеқайда қиын. Заманымыздың осы ұлылығын түсініп, әдебиеттің қиындығына төзген жазушы ғана нағыз жазушы бола алады.
Мен әлі күнге сол ұлылықты түсініп болдым ба? Болсам, төзіп болдым ба? — деп өзімді әмән қайраумен келемін. Адам темірден мықты емес. Қандай асыл темір болса да мұқайды. Олай болса жазушы өзін ылғи қайрап салып отыру керек.
1957
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі