Өлең, жыр, ақындар

Қыбымыз қанды

Өзіне-өзі ғана емес-ау, бүкіл әлемге өлім, апат әзірлеушілер де адам ба? Адам деген ұлы аттан садаға кетсін олар. Зәуеде соғыс бола қалса, бұрынғы соғыстар мұның қасында әншейін төбелестағы. Америка ойлы, өнерлі жұрт. Бәріне түсінеді. Түсіне тұра сол елдің билеушілері жерді, айды айналған ракетаға самолетті қарсы жіберуі таңғаларлық іс — Ажалды қарғаның бүркітпен ойнағаны сияқты. Самолет жеті қабат көктің үстіне шықса да ракетаның бір мытқуынан қалмады. Сонда жер бетінде одан не құтылмақ?! Еңбекші атаулының ұлы қуанышы үстінде — дәл 1 Май күні совет күзетшілері қолға түсірген осы атышулы аспан қандыбалағын Америка үкіметі қолдан аттандырса масқара ғой. Егер аттандырмаса, білмей қалса, тіпті масқара. Қандыбалақ соғыс өртін тұтатқалы жүр. Тұтанып кетсе дүние не болмақ?! Бұл оқиға біздің халқымызды қатты жирентті, сақтандырды, ойлантты. Өйткені, біз тарихта теңдесі, ұқсасы жоқ, еңбекші адамзат арман еткен — коммунизм атты жаңа дүние жасап жатқан елміз. Ол дүниені бүлдірмек түгілі кіршік келтірген қол кесіледі. Жоғарғы Совет үй, кешегі V сессиясында қабылданған — жұмыс уақытын қысқарту, салықтарды жою, жеңілдету, ақша өзгерісін жасау заңдары жеті жылдық жоспарды орындау жолындағы алып адым. Осы сессияда айтылған депутаттардың, ақылды, кейде тіпті ашулы сөздерінің өзі бүкіл совет халқының, оның ішінде қазақтың да қыбын қандырды. Халқымен бірге өсіп, біте қайнаған жазушы мұндайда тыныш қала алмайды. Сондықтан мен үн қостым.

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз