Алматы облысында оқушы орны 300-ден жоғары мектептер онлайн оқиды.
Мектеп оқушылары 17 қаңтарға дейін демалыста. 17 қаңтардан кейін 300 орынға дейінгі мектептер штаттық режимде жұмыс істейді. Оқушы орны 300-ден жоғары мектептерде оқыту онлайн режимде жүргізіледі»,- делінген ведомствоның Фейсбук парақшасына жариялаған хабарламасында.
Балабақшалар 17 қаңтарға дейін жұмысын уақытша тоқтатты. 17 қаңтардан кейін ата-аналардың өтініші бойынша қызмет көрсетеді.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, төмендегі нысандар көрсетілген уақыт бойынша жұмыс істейді.
Талдықорған қаласында ірі және шағын сауда орындары мен базарлар, дәріханалар сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, халыққа қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткілікті.
««Жедел жәрдем» қызметі үздіксіз жұмыс істеп тұр.
Жанар-жағар май құю бекеттері ашық. Екінші деңгейлі банктер іске кірісті. Банкоматтарда қолма-қол ақша жеткілікті.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмысқа кірісті«,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, Алматы облысында коронавирус жұқтырғандардың саны өткен тәулікте күрт өсті. 257 адамнан аталған індет анықталды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі