Шыңғыс Уәлихановтың ұлы Мұхаммед Қанафияны, яғни, әжесінің Шоқанын көбінесе шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы ретінде танып келдік. Алайда Уәлиханов Шоқан сонымен қатар публицист болғанын да ұмытпау керек. Шығарған мақалаларының ішінен менің хошыма кеткен, яғни «Сахарадағы мұсылманшылық туралы» мақаласы хақында сөз қозғамақпын.
Неліктен бұл мақаланы талдағым келгендігі туралы айта кетсем. Гуманист-публицист бұл мақалада әйел теңдігі мәселесіне баса көңіл аударған. Сол заманда қыз баласының алатын орнының қандай екенінен бәріміз хабардармыз. Әрине, қазақ халқы ежелден әйел затын қадір тұтқан, сыйлаған, аялаған, еркелігін көтерген. Бірақ, арада бір мәселе бар. Ол қыздарының жасы жетпесе де басқамен атастырып жіберетіні, қалың малға саудалап қоятыны, тіпті өзінен үлкен еркекке ұзатқан кездері де аз емес. Сосын, қазақта «бесік құда» деген де болған. Яғни, балалары өмірге келе сала бір- бірімен атастырып қоятын. Қанша жерден бабаларымыз ұстанған салт болса да, өткеніміз деп дұрыс көзқараста қарау керек болса да, айтайын, миға қонымсыз, надан салттың бірі, ең азында, мен үшін. Бұл қозғалған тақырыптың бірі. Енді екіншісі ретінде, жесірді марқұмның жақынына/ бауырына әмеңгерлік салтымен зорлап қосатын. Бұл қаншалықты дұрыс? Жоқ, әрине, егер әйелдің қарсылығы болмаса, я балалары жетім қалмасын деп өз келісімімен болса, онда онымен ісім жоқ, шынымен. Бірақ, әйел қарсы болған күнде де оларды атастырған жағдайлар болғанын жоққа шығара алмаймыз. Екі жағдайда да олар әйелдің ойын сұрамаған. Өздері шешім қабылдап, осылайша бейкүнә адамның тағдырын құртқан. Сондай біртүрлі, кертартпа салттар қоғам үшін норма болған кезеңде тумағаныма расымен шүкіршілік етемін. Мен Шоқан Уәлихановтың «Сахарадағы мұсылманшылық туралы» мақаласында қозғаған тақырыптарының басын шалып өттім. Осы аталмыш салттың барлығын ол адам өміріне жасаған қастық деп білді. «Қазақтар қыздарын кәмелетке толмай күйеуге бермейтін болсын, ата-аналары өздерінің балаларын тұрмысқа шығуға, үйленуге күштемейтін болсын» деп ұсыныс енгізген болатын. Менің эссем осымен тәмәм.
Зейнуллаева Алуа
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі