Арғыннан шыққан арлы азамат, елінің қамын ойлаған публицист - Ахмет Байтұрсынов. Оның өрелі биік тұлғасын «Қазақ» газетінен- ақ аңғарамыз. Публицистикалық жолында «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы арқылы оның тарихи миссиясын, рухани болмысын және қазақта сөз өнерінің маңызын түсіндіріп өткен.
«Қазақтың өкпесі» мақаласының мәні неде? Сол бір заманнан бері қазағымның қазынасы, сонымен қоса жер дауы және сол даудың шығуы, міне осылардың бәрі сол кездегі өзекті мәселе десек те болады. Халықтың өкпе-назын өз шешімімен талай жанға ой салып, қараңғылықтан жетелей шыққан.
Әкімшіл сайлау жүйесі орнығып, қазағымыздың қазынасы жер дауы, халық ішіндегі тұрмыс жағдайлары төмендеп, сауатсыздық о үшін атқарылатын іс-шаралардың халықты тұншықтырғаны мәлім. Мақалада: «... Дүниеде теңге теңдік, кемге кемдік, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді, елсізді елдігн теңгеретін, жоқты барға теңгеретін ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай жетсін?!»- деп, халқын өнер мен білімге, һәм асыл дүниелергне жетелейді. Ахметтің халық жанашыры екенін осы сынды мақалалары арқылы байқасақ болады. Халықтың мұң-мұқтажын жұртқа жария етіп отырған. Сөз соңын Серік Қирабаевтың пікірімен аяқтасам: «Ломоносовтың бойында екі түрлі қабілет бар- ақындық пен ғалымдық, оның соңғысы алғашқысына қарағанда күштірек”- деген еді В. Белинский. Осыған ұқсас жайды Ахмет бойынан да көреміз. Оның ақындығын ғалымдығы жеңіп кетті… Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, алғашқы ту ұстаушысы болып Ахмет қашан да тарих биігінде тұрады.»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі